Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 08:07, научная работа

Описание

Мақсаты: Қостанай облысының топонимиялық кеңістігінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу және географиялық атаулардың қалыптасуын анықтау. Жер-су атауларының пайда болу ерекшеліктеріне тоқталу.

Содержание

Кіріспе................................................................................................3

1. Топонимжасамдағы географиялық принц..............................................5
1.1. Аймақтарға тән географиялық терминдер............................................10

2. Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су
аттарының ерекшеліктері......................................................................12 2.2. Қостанай облысындағы ойконимдер мен атаулардың
ерекшеліктері............................................................................................18

2.3. Қостанай облысының топонимдерінің даму болашағы.......................24

Қорытынды...........................................................................................….26

Пайдаланған әдебиеттер.................................................................……..28

Работа состоит из  1 файл

жако тате гылыми жумыс.docx

— 88.01 Кб (Скачать документ)

      Арқа –  батысы Торғай ойпатынан басталып, шығысы Тарбағатайдың батыс сілеміне  дейін жалғасқан, солтүстігі Батыс  Сібір жазығына, оңтүстігі Балқаш  көліне ұласқан кең дала. Мұны  «Сарыарқа»деп те атайды. Бұл  тұралы әңгіме кейінірек болмақ. Ал қазір Арқа атауының бұрын  қандай түсінік бергендігіне  тоқталамын.

 «Арқа» сөзінің бізге  мәлім мағынасынан басқа да  көптеген мағыналары бар.

     Қазақ тіліне  бір табан жақын қырғыздарда  «арка» тұлғасы «солтүстік», одан  әрі якут тілінде «арғғаа-батыс,  батыс жақ», туваларда «арга» - бірде  «таулы», екінші жерді «қылқан  жапырақты ағаш», тунгус-маньчжур  тобындағы тілдердің кейбіреуінде  «аргаа» - «батыс» ол монғолдарда:  ара + сөзі «солтүстік» сияқты  ұғымдарды меншіктенеді. Осы мағыналардың  ішінде мына жер атауы –  «Арқаға» сәйкес келетіні «батыс»  немесе солтүстік ұғымдары. Тарих  шыңына бой ұрсам, түркі халықтарының  көбірек шоғырланған қоныстанған  мекені монғол даласы мен Алтай  төңірегі деп танысам, мына  сөз болып отырған жер, дұрысында  да, олардың батыс, солтүстік жағында  болғандығын аңғару қиын емес. Осымен байланысты бұл жерді  сол кезде – ақ «Арқа» деп  атаса керек. [17;]

     Арқалық –  Торғай облысының орталығы. Қала-орналасқан  жерінің атауын меншіктенген. Бір  зерттеушілердін пікірінше, жер  атауы, мен жоғарыда көрсеткен  «солтустік», «батыс», мағыналарын  беретін «арқа»сөзімен байланысты  пайда болған. Мен бұған басқаша  қарап, өзімше топшылау жасауды  ұйғардым. Башқұрт тілінде «арғышы»  сөзі «таулы», ар «арғышы урын»  тіркесі «таулы жер» деген  мағына береді. Мұны хақас тілі  дерегі қуаттай түседі. Оларда  «арғалығ» дыбыстық құрамдағы  сөздің екі түрлі ұғымы бар: 1) жоталы, 2) биік (жер туралы). Расында  да, Арқалық қаласы мен Арқалық  ауданының орналасқан жері үстіртті, шоқылы болып келеді: сол жерлерден  боксит, қоңыр көмір кеңдері қазылып  алынады. Шығыстан батысқа қарай  аласара түсетін бұл қадірлі  жерлердің теңіз бетінен биіктігі 250-300 метрдей болып келеді. Келтірілген  тіл деректері мен жер бедеріне  сүйене отырып, Арқалық өз атауын  орналасқан жердің бедеріне байланысты  иеленген. Дәлірек айтқанда, түркі  тілдерінде ертеректе жоталы, үстіртті  жерлер «арқалық» сөзімен аталған  деуге болады.

     Бүйрек –  Торғай облысы, Жангельдин ауданында  кездесетін жер атауы. Бұл өңірде  «Бүйректал» деген де атау  ұшырасады. Осы атаулар туралы  пікір айтушылар «бүйрек» сөзін ертедегі түркі руларының бірі – бүйрекпен байланысты. Пікір иесінің бұл жорамалды қандай дерекке сүйеніп жазғаны беймәлім.

     Менің шамалауымша,  «Бүйректал», «Бүйрек» деген атаулар  жер бедеріне байланысты шықса  керек. Қырғыз тіліндегі «бөйрек»  сөзінің бір мағынасы – тау  бөктеріндегі ойпан, еңіс жер.  Егер мұны негізге алсам, «Бүйректал»  - ойпақ жерге өскен тал, ал  «Бүйрек» - тек қана «ойпақ, ойпат,  еңіс» деген мағынаны аңғартады. [18;]

     Қабырға –  Торғай облысы, Жангельдин ауданы  және Аманкелді аудандарының  көлеміндегі өзен. Бірі – Жангельді  ауданының оңтүстігі, екіншісі  солтүстік жағында ағып жатады. Өзеннің бұл атауы жөнінде  бірнеше жорамалға жол беруге  болады. Біздің тілімізде «қабырға»  - «адам қабырғасы», «үй қабырғасы»  деген мағына берсе, басқа түркі  тілдерінде, әрігірек барсақ, тунгус-маньчжур  тілдерінде өзгеше мағыналарға  тап болады. Якут тілінде «хабырға»  - жұтқыншақ, тамақ, алқым; ноғайларда  «кабырға» - шет, шекара; татар-башқұрттарда  «кабыра» - тау баурайы, қия қабақ;  хакасша «хабырға» - шек, шет  және тау баурайы іспеттес  мағыналарда қолданылады. Тунгус-маньчжур  тілдерінің кейбіреулерінде «капурға»  тұлғалы сөз, біздің түсінігіміздегі  «сыну, бүліну, тозығы жету» дегендерге  нұсқайды. Осы деректерді сарайлай  келіп, ой  елегінен өткізгенде  «Қабырға» өзенінің атауын татар,  башқұрт, хақас тілдеріндегі «Қия  қабақ, тау баурайы» сияқты  мағыналарымен байланыста қараған  қолайлы көрінеді. Өйткені, қандай  өзен болмасын бастамасын биік, үстірт жерден шығатын бұлақ,  су көздерінен алатыны мәлім.  Демек, өзен атауы - өзі бас  алып жатқан тау баурайының  көптеген түркі тілдеріндегі  ежелгі атауы – «қабырға»-мен  байланысты туса керек. [19;]

     Қорасан –  Қостанай облысындағы Тобыл өзенінің  бір саласы. Бұдан басқа мұндай  атауды «Батырлар жыры» және  ел аузындағы аңыз әңгемелерден  ұшырастырамыз. Бұларда көбіне  «Қарасан тауы» тіркесінде айтылады. Аты естер құлақтарға таныс,  үйреншікті болғанымен, жеме-жемге  келгенде, «қорасан» сөзінің дәл  мағынасын әркім біле бермейді. Сөз төркініне түркі тілдерінен  дерек кездестіре алмадық. Бірақ  араб тілінде осы тұлғаға жақын,  «хорошун» дыбыс құрамындағы  сөз, қазақ тіліндегі – «шың»,  «биік тау» екенін білеміз.  Ал Тобыл өзенінің саласы Орал  тауының бір биік шыңынан бас  алғандықтан «Қорасан» аталуы  ғажап емес.

     Қызбел –  Торғай облысы, Жангельді ауданы  жеріндегі қырқа атауы. 

     Ел аузындағы  аңыз бойынша, қыратты жерге  алыстан қарағанда жатқан қыздың  бейнесін елестетіп, орта шенінде  жота жіңішкере келіп, қыз белін  ұқсатудан «Қызбел» атауына ие  болған. «Қазақ совет энциклопедиясында» - «Қызбелтау» болып аталған. Биіктігі 200 метрден астам ғана дөңес.  Мұнда сарқырап ағып жатқан  бұлақ суы да тапшы. 

     Осы сипатын  еске ала және тілдік деректерге  сүйене отырып, «Қызбел» атауының  пайда болуына мынадай болжам  айтамын.

     Ертедегі түркі  жазба ескерткіштерінде «қыз»  сөзінің бірнеше мағынасы бар.  Соның бірі – «сараң, сығырдаң».  Бізше «Қызбел» біріккен сөзінің  біріншісіне осы мағына сәйкес  көрінеді. Өйткені мұнда бұлақ  көзі тапшы. Ал «бел» сөзіне  келсем, ол «қырат, төбе» мағынасында  тек бізде ғана емес, сарай,  қойбол сияқты түркі тілдерінде  де «пел» қалпында айтылып,  «төбе, төмпешік» ұғымын иеленеді. Осыларға сүйене отырып, «Қызбелді»  қазіргі түсінігімізге сәйкестесек,  «Сараң төбе» болмақ. Жорамалым  аталған жер табиғатына жуықтай  түсер деген ойдамын. 

     Обаған –  Қостанай облысындағы өзен, Тобылға  құяды. Өзен атауының пайда  болғандығы жөнінде пікір айту  үшін мына бір тіл деректерін  негізге алуға тура келеді. Түркі  тілдері ішінде шор, сағай,  қайбол тілдерінде «оба» тұлғалы  сөз біздегі сияқты «төбе, үйінді»  мағыналарында кездеседі. [20;]

     Монғол тобына  жататын тілдерде: қалмақта «ова»  - «тас үйіндісі», монғол тілінде  «овоолох» - ою мағынасын білдіреді.  Ал тунгус-маньчжур тобындағы  маньчжурларда «оба» «тау төбесіндегі  шоқы», ал эвен тілінде «оова»  «ойпат, ойпаң жер», осы топтағы  тілдің екінші біреуінде «убгэн»  дыбыстық құрамындағы сөз –  «өзен табанында кездесетін тас»  мағыналарында ұшырасады. Обаған  өзені ағып жатқан жерлерден  тас үйіндісін немесе өзен табанынан тас кездестіру қиын. Осы ерекшелікті ескере отырып, өзен ағып жатқан жердің ойпаңдығын жорамалыма негіз етпекпін. Бұл ретте «Обаған өзені» дегеніміз «Ойпат өзені» болып түсіндірілмек.

     Орсақ –  Торғай облысы, Жангельді ауданының  орталағынан оңтүстік бағытта  150 шақырым шамасында орналасқан  жер аты. Қазіргі тілімізде  бұл тұлғалас сөз кездеспейді.  Алайда, басқа түркі тілдері туралы  деректерден осы аттас жер,  ру атауына тән сөздерді табамын.  Хақастар мекендейтін төңіректе  Арчақ сияқты жер атауы болса,  қазіргі кезде «тофалар» деп  аталатын халық ішінде «Кида  орчжак» руы бар. Бірақ Торғай  оңіріндегі жер атауын «Орчжак»  руымен байланысты деуді жөн  көрмедім. Сондықтан басқа деректерге  бой ұрмадым. Түркі,монғол тобындағы  тілдердің бір қатарында «орсақ»  тұлғалас сөздер әр түрлі мағыналарға  ұқсайды. Соларды көлденен тарта  отырып, жер бедеріне негіз болатынын  ғана іріктеп алдым. Түркі тілдері  ішінде телеуіттерде «орсок»  сөзі «тістің сыртқа қарай  шығып тұруы, солдақ» деген  мағына берсе, соғай тілінде  «орсах» «тіссіз» ұғымына меңзейді. Монғол тобына жатын бурят  тілінің жергілікті ерекшеліктерінің  бірінде – «орсохо» ал монғол  тілінде «урсах» дыбыстық құрамындағы  сөздер «ағу, ағып өту» сияқты  ұғымдарда қолданылады. Бұлардың  қай-қайсысы болса да, мен әңгіме  етіп отырған жер бедеріне  дерек етіп алуға жарамсыз. Сондықтан  ізденісті жалғастыра түссем, мына  тәрізді деректерге кездесуге  болады. Сағай тілінде «арсак, пел»  сөздері тіркесе келіп, «арсакпел»  қалпында біздің түсінігіміздегі  – «кішкене төбе, төмпешік» ұғымын  білдіреді, ал хақас тілінде  «арсах» тұлғасы «ойылы-қырлы»  мағынасын береді. Енді монғол  тілі дерегіне жол берсем, оларда  «орсоих» дыбыстық құрамындағы  сөз хақас тіліндегіндей «ойлы-қырлы»  мағынасына жолығады. Осы соңғы  сағай тілінен монғол тіліндегі  сөздер тек дыбыстық жағынан  ғана емес, мағынасымен де мен  сөз етіп отырған Торғай көлеміндегі  жер бедерінің сипатына тіпті  де алшақ емес. Осыған қарағанда  орсақ атауы жер бедеріне байланысты  туған деуге толық мүмкіндік  бар. 

     Саға – Торғай  облысы, Жангельді ауданындағы елді  мекен атауы.

     «Саға» сөзінің  жер-су атауларына байланысты  қазіргі кезде екі түрлі анықтамасы  бар. Бірінші «Қазақ совет энциклопедиясында» - Өзеннің басқа өзенге, көлге,  бөгенге құяр жері». Екіншісі  «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»  - «Өзен, я болмаса тау сілемінің  қабысып-түйіскен жері» сөз тіркесінде  «сағаны» - «тау» сөзімен байланыстыру, кейін бейнелеуден пайда болған  туынды деп қаралады. Шындығына  келсем, «саға» өзенмен ұштасып  жатады. Тілімізде кейде «саға»  сөзінің болмасы ретінде «қолтық»  тұлғасы да қолданылады. Әрине,  бұл ұқсату нәтижесінде келіп  шыққан. Қазақ тілінде «қолтық»-тың  нақты мағынасы – иықтың астынғы  жағы екені белгілі. Біздегі  осы «қотық» мағынасын монғол  тілінде «суга» дыбыстық құрамындағы  сөз меншіктенеді. Бұған қарағанда,  біздегі «саға» монғолдардағы  «суга» бір ғана дыбыстық өзгеріске  ұшыраған (а – у) төркіндес  сөздер. Бұл – «саға» сөзінің  алғашқы мағынасы еместігіне  тағы да бір тілдік дерек  куә болғандай. Ежелден түркі  тілдерімен туыстас монғол тілінде  «цуг» тұлғасы біздің тіліміздегі  «қосу, қосылу» сияқты түсініктерге  меңзейді. Сол тілдегі «қолтық»  мағынасындағы «суга»-ның түп-тамыры  осы «цуг» болуы да мүмкін. Бұған адам денесіне қолдың  қосылған жері – «қолтық» (бізде), «суга» (монғолдарда) аталуы айғақ  болғандай. Шынында да, белгілі  бір өзеннің теңіз, көлдерге  келіп қосылуы денеге қолдың  келіп бірігуіне сәйкес, ұқсас.  Осы бейнелеу арқылы тіліміздегі  «саға», «қолтық» іспеттес жер-су  қалпын бейнелейтін атаулар шыққан. Қорыта айтқанда, «саға» сөзінің  ең алғашқы мағынасы – «қосу», «қосылу» етістіктері болған  да, одан бері келе, ұқсатудан  «қолтық» мағынасына ие болған. Сөйтіп өзеннің басқа бір су  қорына келіп қосылуы – ертедегі  айтылуы «саға» осы күнге дейін  сақталған әрі жер атауын иеленген. [21;]

     Тобыл –  Қазақстанда Қостанай облысы  және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары  жеріндегі өзен. Осымен аттас  Түмен облысында қала, Қостанай  облысында поселке және темір  жол станциясы бар. «Тобыл»  сөзінің алғашқы мағынасы, тек  – төркіні туралы ауыз толтырып  айтарлықтай зерттеу жұмысы бұған  дейін болған жоқ. 

     В.В. Радловтың  айтуынша, телеуіт тілінде: «тобыл»  тұлғасы – «биік», айбынды мағыналарында  көрінсе, якутша – «тобул»,  қазақ тіліндегі «тазарту, жарып  өту, бұзып өту» ұғымында жұмсалады.  Бұл өзенге құятын салалар  да баршылық. Тасыған кезде суы  мол, сондықтан да жолындағы  кедергіні бұзып өте берерліктей  күші бар. Міне осындай қасиеті  үшін «Тобыл» атауы берілген  болса керек. 

     Тоғызақ –  Қостанай облысы жеріндегі өзен. Сөз төркіні қайдан, қалай пайда  болғандығы жөнінде зерттеу кездестірілмеді. 

Сырт қарағанда, сан есім – «тоғызбен» байланысы бар тәрізді. Онымен байланыстыруға тиянақты тілдік дерек ұшыраспады. Алайда, түркі  халықтары үшін «тоғыз» саны  киелі сан екенін салтымыздағы «бас тоғыз», үш тоғыз т.б. «тоғыз құмалақ» ойыны аңғартады. Бұл ойын қырғыз, қарақалпақ, қазақ, тува, алтай халықтарында жиі кездеседі. Қырғыз тілі дерегінен  «тогузак» сөзінің мынадай мағынасына тап боламын: «өз баласын ата  – аналары түрлі пәлелерден, бұзылудан  сатып алатын дәстүр бар. Төлеміне тоғыз  түрлі зат береді де, баланың атын Тогузак немесе Сатыбалды қояды». Осы дәстүр ерте кездерде түркі халықтарында, онда ішінде қазақтарда да болуы ғажап  емес. Өте көне кезде осындай дәстүрмен  есім алған адам белгілі бір өзен бойында не басқа жерде өмір өткізіп, оның аты жер – суға көшуі де ықтимал. Ерте заманда мұндай жағдайдың  болғандығы тек аңыз ғана емес, тарих  мәліметтерінен де белгілі. «Тоғызақ»  атауының төркінін тек осылайша жорамалдауға мүмкіндік болып отыр.

     Тосын –  Торғай облысы Жангельді ауданының  батыс жағындағы дала. Даланың  біраз жерін шағыл басқан. «Тосын»  сөзінің алғашқы мағынасын, дыбыстық  құрамын анықтау үшін, алдымен  ертедегі түркі жазба ескерткіштеріне  ден қояйын. Ондағы «тоз» сөзі  «шақ топырақ» деген мағына  береді. Сөздің түбірі «тоз» екендігіне  кәміл сенемін. Сеніміме тірек  боларлық тілдік деректер мол.  Өз тіліміздегі «шаң-тозаң» қос  сөзіндегі екінші сыңардың түбірі  – «тоз» екендігі мәлім. [22;]

     Қазіргі түркі  тілдерінің деректері де осы  ойма куә болғандай. Тува –  киджи тілдерінде – «тоос», коман  тілінде – «тос» тұлғалары  біздегі «шаң, топырақ» түсінігін  береді. Бұдан әрі монғол тобындағы  тілдер дерегіне жүгінсем де  осыларға ұқсас тұлғалар мен  мағыналарға ие. Монғол тіліндегі  «тоос», қалмақ тіліндегі «тоосын», бурят тілі жергілікті ерекшеліктерінің  бірінен ұшырасатын «тогусун»  дыбыстық құрамындағы сөздер  де «шаң» ұғымында қолданылады.  Енді осы деректерді жинақтай  келіп, ой елегінен өткізсем, шаң,  топырақ жинала келіп құмға  айналатыны айтпасам да айқын.  Ежелден түркі, монғол тобындағы  тілдерге ортақ «шаң» мағынасын  беретін «тос» түбіріне бізде   «–ын» қосымшасы жалғануы арқылы  құмды жерге атау болып, қалыптасқан  десек, шындықтан онша алшақ  кетпесем керек. Тіпті кейбір  тілде біздегі «тосын» тұлғалас  сөздің өзі де қосымша қабылдамай-ақ  «шаң» мағынасын ұғындырады.

Информация о работе Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарының ерекшеліктері