Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 08:07, научная работа

Описание

Мақсаты: Қостанай облысының топонимиялық кеңістігінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу және географиялық атаулардың қалыптасуын анықтау. Жер-су атауларының пайда болу ерекшеліктеріне тоқталу.

Содержание

Кіріспе................................................................................................3

1. Топонимжасамдағы географиялық принц..............................................5
1.1. Аймақтарға тән географиялық терминдер............................................10

2. Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су
аттарының ерекшеліктері......................................................................12 2.2. Қостанай облысындағы ойконимдер мен атаулардың
ерекшеліктері............................................................................................18

2.3. Қостанай облысының топонимдерінің даму болашағы.......................24

Қорытынды...........................................................................................….26

Пайдаланған әдебиеттер.................................................................……..28

Работа состоит из  1 файл

жако тате гылыми жумыс.docx

— 88.01 Кб (Скачать документ)

Адамдар дүниеге келіп, ат қойылады, жаңа заттар жасалып, оларға атау беріледі, бірақ енді жер өспейді, ашылмаған жаңа жер қалған жоқ. Адамзатқа  мәлім құрлықтағы барлық топоним  ойдағыдай қойылды деп айту қиын. Мәселен, ағылшынның атақты теңіз саяхатшысы капитан Джеймс Кук жолында кездескен  аралдардың кейбіріне дәл атау беріп  отырса, кейбіреуіне кездейсоқ атау бере салатын болған. Ол өз күнделігінде «бір мүйіске тұлғасына қарап  Тейбол-Кейп («Үстел мүйіс»), - деп, енді бір аралға «пиязға ұқсас жартасына  қарап, Боу-Айленд (боу-«пияз», айленд-«арал»)», - деген атау бердім» дейді. Ал «Ульета, Отаха, Балабола аралдарының атын аборигендер  қойған екен, басқа ат беруге болмайды деп шештім», - деп жазады. Бұлар  теңізшінің өте дұрыс шешімдері  еді. Енді бір мүйісті «Хикстің мүйісі деп атадым, өйткені оны бірінші  болып лейтенант Хикс байқап қалған болатын» десе, тағы бір мүйісті  «түтін шығып жатқан соң, Смоки-кейп («Түтінді мүйіс») деп ат қойдым», - дейді [9; 36].

Азияны, Сібірді аралаған алғашқы саяхатшылар, геологтар  қаншама топонимді «қалтасынан  суырып қоя салғаны» карта беттерінде сайрап тұр. Мысалы, Сібірді зерттеп  жүрген орыс геологтары экспедиция құрамындағы  әйел адамның екі жасар қызының  туған күніне тұтас бір тауды  «сыйлап»,  Татьяна атын бере салады. Ол жер қазір ресми түрде Татьянинское деп аталады [9; 45-46]. Таудың жергілікті халық қойған аты бар екені экспедиция мүшелерінің ойларына да келмеген.

Мұндай «кездейсоқ атаулар» Қазақстанда да толып жатыр. Кірме, кездейсоқ, саяси, кісі есімінен қойылған жер-су аттарын ауыстыру барысында  қаншама қателіктерге кездесіп отырмыз. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының  Үржар ауданындағы Южный ауылын Жаңатілекдеген атауға ауыстырды. Уәж: 1930-шы жылдары осы жерде «Жаңатілек» колхозы болған. Жарма ауданының орталығы Георгиевка кентінҚалбатау деп атауға шешім шығарылды. Оның тарихи атауы –Былқылдақ “сазды, былқылдақ жер” көпшілікке ұнамайды-мыс. Жарма ауданындағы Новореченск ауылын Жаңаөзен деп жолма-жол аудара салу, Ұлан ауданындағы Завидное аулына жанындағы Айыртау тауының атын қоя салу, әрине, жергілікті әкімшіліктерге басты қатырмайтын ең оңай жол болып табылады.

Біз ұсынып отырған  «геогра-фиялық принцип» осындай келеңсіз, сауатсыз атауларды болдырмауды  көздейді. Оның негізгі талабы – топоним жасау барысында географиялық нысанның табиғи жағдайын, жер бедерін толық зерттеп алу. Ол мақаланың басында айтылып өткен «атау затқа қарай беріледі» принципімен үндесіп жатыр, өйткені біз затты атауға қарай икемдей алмаймыз.

Жер бедерінің әртүрлі  болып келуі, әрине Қазақстан  топонимикасының құрамына да әсер етеді. Қазақстанның геотопонимдік жағдайын көрнекті ғалым Ғ. Қоңқашпаев кезінде  дәл сипаттап берген еді: «Қазақстанның  алуан түрлі табиғаты: солтүстіктегі  орманды далаларынан бастап оңтүстіктегі шөл далаларына дейін, оңтүстік-шығыстағы  тік ауқымды биік таулары, барлығы  шаруашылық жүргізудің, сондай-ақ көшпелі  мал шаруашылығы тәсіліне әсер етті... Сондықтан да Қазақстанның алуан  түрлі табиғатымен, ең алдымен шөл  дала және таулы ландшафтармен байланысты қазақ терминологиясы өте бай, алуан  түрлі болып келеді» [10; 7-8].

Соған қарамастан көптеген ғалымдар Қазақстан топожүйесінің  біршама біртектес болып келетінін  мойындайды. Мәселен, В.А. Жучкевич республиканың  кең аумақты қамтып жатқанын айта келіп: «Алайда, Қазақстанның барлық аймағына тән бір ортақтық бар. Ол ортақтық барлық аймақта қазақ топонимдерінің бар болуы», - дейді [11; 234]. Расында  да, Қазақстанның барлық аудандарында қазақ атаулары кездескенімен, олардың  үлес салмағы, ареалы, тығыздығы әртүрлі  болып келеді. Атау жасауға қатысатын  географиялық терминдер біркелкі болмайды. Біздің мақсатымыз еліміздің географиясын түгел қайталап шығу емес, дәл осы географиялық терминдердің таралуына көңіл бөлу. Топоним жасау барысында әр ландшафты айқындап тұратын жергілікті географиялық терминдерді ескермесе болмайды.

«Географиялық термин (қысқаша  ГТ) – белгілі бір географиялық объектіні және географиялық ұғымдарды  білдіретін сөз. Мысалы, қаз. өзен, көл, тау, саз, қала, ауыл т.б. Географиялық терминдер көбінесе топонимдер құрамына кіреді немесе топоним функциясында дербес қолданылады. Мысалы: Алатау, Ақөзен» [12; 76]. «Географиялық термин» ұғымы тіліміздегі жалпы есім, апеллятив, номен, номенклатура, топонимикалық термин ұғымдарымен барабар қолданыла береді. Бұлардың барлығы жалқы есімдерге қарсы қойылады. Жалқы есім нақты затқа, нысанға берілетін атау (оним) болса, жалпы есім нақты затты емес, сол зат кіретін класты жалпы атайды. Мысалы, тау – бүкіл тауларды атап тұр, яғни жалпы есім, ал Алатау – жеке таудың аты, яғни жалқы есім. Екеуі тығыз байланысты және біріне-бірі айнала алады. Жалпы есімдер жиі және кең қолданысқа еніп немесе нақтыланып барып жалқы есімге айналады (онимденеді). Мысалы: тақыр – «өсімдігі аз, жазық жерлер». Тақыр – Шығыс Қазақстандағы елді мекеннің аты. Керісінше жалқы есімдер нақты бір нысанды атау функциясын кеңейтіп барып, жалпы есімге өтіп кетеді (деонимденеді). Мысалы: Қарасу – нақты өзеннің аты, қарасу – қыста қатпайтын жерасты суларының жалпы аты.

Атаулар жасау барысында  онимдену, деонимдену құбылыстарын орынды пайдаланып отыру керек. Мұнда жалпы  есімдердің жалқы есімдерге айналуы  сирек кездеседі. Егер жазық жердегі  жалғыз тауды Тау деп атауға болатын болса, таулы жерде Тау оронимі жеке қолданылмайды. Оны басқа таулардан ажырату үшін, ерекше белгісін көрсету қажет болады. Мысалы: Айыртау, Үшкіртау т.б. Ал  жалқы есімнің географиялық терминге айналуы ұзақ уақытты талап етеді.

«Географиялық терминдер  ландшафтың ерекшеліктерін біл-діретіндіктен, географиялық орта, әсіресе, топонимдерде айқын көрінеді», - дейді А.В. Суперанская [8; 39]. Барлық тілдердегі сияқты қазақ  тілінде де өзіне тән, өз қажетін  өтеуге жетерлік географиялық терминдері бар. Ғ. Қоңқашпаев, Е. Керімбаев, Ш. Дәулетқұлов, Ғ. Ермекбаевтардың ғылыми еңбектерінде 150-200 шамасындағы апеллятив қолданылса, 2002 жылы жарық көрген «Инструкция  по русской передаче казахских и  казахской передаче русских географических названий Республики Казахстан» атты кітапшада 730-ға жуық географиялық терминдер  мен жалпы есімдер берілген [13; 26-63]. Бұл апеллятивтер қазақ тілді  топонимдерді жасауға белсене қатыса отырып, лексикамыздың біршама тұрақты  бөлігін құрайды. Олардың тұрақты  болатын себебі де сол – өздері белгілеп тұрған болмыс, табиғи нысан  салыстырмалы түрде тұрақты болып  келеді. «Сондықтан географиялық апеллятивтерді зерттеу халық пен оның тілінің  тарихын қарастыруда үлкен мәнге  ие болады», - дейді Л.В. Дмитриева [14; 130]. Осындай өзіндік ерекшеліктеріне  байланысты оларды «халықтық геогра-фиялық терминдер» деп атау қалыптасқан.

 

      1. Аймақтарға тән географиялық терминдер

 

Географиялық терминдер  табиғи реалийді білдіре отырып, ландшафтар бойынша шоғырланған сипатта  болады. Кез келген аумақтың жер бедері бірдей болмайтындықтан, терминдер де өзіндік ареалдар құрайды. Осы ерекшелік географиялық атаулардың алуан түрлілігін туғызады. Біз ендігі кезекте Қазақстанның қай аймағында қандай апеллятивтер жиі кездесетінін саралап өтеміз, өйткені топоним жасау барысында географиялық терминдерді пайдалануға ыңғайлы болады:

1) Алдымен Қазақстанның биік, орташа, аласа таулы үстірті орналасқан аймақтарына тән географиялық терминдерді қарастырамыз. Таулы ареал Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Алатау (Тянь-Шань), Қаратау, Ұлытау, Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл, Шыңғыстау өңірлерін қамтиды. Таулы зонаға мынадай географиялық терминдерді (олардың көбі орографиялық терминдер болып келеді) жатқызуға болады: ағаш, айғыр, айдар, айналма (тау жолы), айыр, айрық, алаң, аңғар, арт (көне түркі. асу), арна, асқар, асу, асы, ауыз, аша, бас, бауыр, бел, бет, беткей, биік, бөктер, бөрік, бура, даба, дабан (моңғол. «асу», «кезең»), дара, дарбаза, дөң, дулыға, дің (Қарадің), егіз, емел (моңғ. эмээл «ер»), емшек, есік, етек, ешкі, жайлау, жайпақ, жал, жалпақ, жамбас, жартас, жарық, жоғарғы, жон, жота, жуан, жылға, жыра, жырық, заңғар, ирек, кезең, кемер, кереге, күнгей, қабақ, қабырға, қайқаң(кейкең), қалқа, қапшағай(моңғ. хавцгай «шатқал»), қара(тау, төбе), қаратау, қия, қобы, қожыр, қойнау, қойын, қолат, қолтық, қорым, мұзарт, мұздық, мұзтау, мұрын, мүйіс, найза, науа, оба, ой, ола (моңғ. уул «тау»), орай (моңғ. орой «тау басы»), орқаш, орман, өр, өркеш, сай, сала, сан (парсы. сэнг «тас»), сандық, сантас (сынтас), сарқырама, сарымсақ, саты, сауыр, сеңгір, сораң, суыр, сүмбе (моңғ. сумбэр «биік шың»), сырт, таған, тазтау, тар, тарбаған (моңғ. «суыр»), тас, тау, таулы қырат, теке, тепе (түркім., өзб. «төбе»), теріскей, толағай (моңғ. толгой «бас»), томпақ, төбе, төбешік, төр, төс, төскей, тұйық, тұмсық, тұран, түйе, түйемойнақ, түрген (моңғ. түрген «ағынды»), тік, үкек (моңғ. ухэг «кебеже»), үйдене (моңғ. уудуд «су ағып шығатын жартас»), үлкен, үңгір, хамар/хамир (моңғ. «мұрын», «мүйіс», «тұмсық»), шағыл, шажа («тау басы» диалект.), шақпақ, шаңырақ, шат, шатқал, шатыр, шоқы, шымылдық, шың, ық, ылди, ірге т. б  [13; 26-66 ].

Тізімдегі географиялық терминдер  көбінесе анықтауыш + ГТ моделі бойынша атау жасауға қатысып, соңғы позицияда тұрады: Сарыалқа, Ақбауыр, Мұзбел, Қарабөрік, Алтынемел, Қарасенгір, Қызылтас, Сұлутөр т.б. Сонымен бірге тау аттарын білдіруге анықтауыш ретінде қатысатын терминдер мен жалпы есімдер болады. Олар әдетте алдыңғы позицияда келеді: Айыртау, Айғыржал, Егізқара, Жалпақтас,Жуантөбе т.б. Кейде бір термин екі позицияда да тұра береді: Төрқуыс, Сұлутөр, Таскезең, Керегетас т.б.

Терминдер қосымшалы топонимдер жасауға да қатысады: Қаратастың биігі, Қайрақты, Қалқалы, Томпақша, Қыраш, Арқалық, Тастақ т.б. Бұл мысалдар географиялық терминдердің атау құрамындағы орны мен қызметін көрсету үшін ғана беріліп отыр, ал толық жасалым жолдары келесі тарауларда баяндалады.

2) Дала және орманды дала зонасына Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының солтүстігі, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан  облыстары, Павлодар және Семей қалаларының маңы жатады. Бұл аймаққа тән жер бедерін білдіретін мынандай географиялық терминдер мен жалпы есім сөздер бар: ағаш, ақбайтал («боран» диалект.), ақсай, аңғар, арна, ашық, ащы, әупілдек, байтақ, байыр («жатаған төбелер» диалект.), бақа, бақанас, балқаш, балық, бастау, батпақ, бидайық, боз, бор (орыс. «орман»), боралдай (моңғол. «жусан»), боран, бұйрат, бұта, былқылдақ, дала, дауыл, дешт (парсы. «дала»), диқан, диірмен, домбақ, доңғал, дөң, дөңгелек, егін, егіндік, еспе, жаға, жазық, жайдақ, жайқын, жайма, жайық, жайылма, жал, жалаңаш, жалтыр, жар, жарма, жасылкөл, жел, жер жиде, жиек, жоса, жусан, жылға, жылым, жыңғыл, жыра, изен, иірім, кебір, кемер, кендір, кең, кешу, кит (моңғол. «монастрь, пұтхана»), киік, көгал, көкпек, көл, көлтабан, көмей, көтерме, күп, қағыл, қайың, қайыр, қақ, қайрақ, қамыс, қаңбақ, қараша, қараағаш, карағай, қараған, қарасу, қарасуық, қоға, қопа, қорыс, қотан, құба, құлан, құрақ, қырқа, қырман, майдан, мола, мұқыр, нұра, ой, ойпаң, ойпат, ойыл, ойыс, ор, орман, өзен, өлең, өңір, өткел, сабыр, саға, саз, сайын дала, саралжын, сары, сарыарқа,  сарыдала, сарысу, сахара, сор, сораң, сортаң, суат, тақыр, тал, там, тарам, татыр, тегіс, тегістік, тоғай, томар, томпақ, төбешік, тұз, тыңжер, ұсақшоқы, үйік, үстірт, худзыр/қожыр (моңғол. «қақ»), шабарты, шағыр, шалғын, шалқар, шалшық, шаң, шет, ши, шоқ, шоқалақ, шоқат, шортан, шұбар, шұқанақ, шым т.б.

3) Шөлейт және шөлді зона. Шөлейт зонасы Зайсан ойпатынан бастап, Сарыарқаны (Орталық Қазақстан) қоса отырып, Ақтөбе, Орал облыстарының оңтүстігін қамтиды. Аталған аймақтардан оңтүстікке қарай жылжыған сайын шөл зонасына ауыса береді. Атап айтқанда, Алакөл, Балқаш бассейндері, Талдықорған, Алматы қалаларына дейінгі далалы аймақтар, Шу, Сырдария аңғарлары мен Арал теңізін айналып, Маңғыстау түбегі енеді. Шөлейт және шөлді табиғат зоналарына, көбінесе мынадай географиялық терминдер мен жалпы есімдер тән болып келеді: айтақыр, аққұм, апан, арна, арық, ауыт (әуіт «кішкене тоған», диалект.), ащы, барқан, бөген, бұйрат (құм), дауыл, еспе (құм), жазық, жайдақ, жалаңаш, жел, жыңғыл, кебір, келте, көтерме («дамба»), қайыр, қақ, қарақұм, қауға, қобы, қу, құба, құдық, құлақ, құлан, құм, құмайт, құмақ, құмдақ, құмдауыт, құмдасын, құмқайыр, құры, құрық, құю («құдық» диалект. ), қызылқұм, лай, мақта, орпа, сахара, сексеуіл, соқыр, сор, сораң, сортаң, суат, сүтті құдық, тақыр, татыр, татырау, тоған,  тұз, үрме (көшпелі құм төбелер), шағыл (құм), шағыр, шақат, шалшық, шаң, шеген, шеңгел, ши, шоқат, шөл, шөлейт, шұрат, шығыр, шыңырау (құдық), ыстық т.б.

Қазақстанның жер бедерін  үлкен үш типке бөліп қарағанымызбен, географиялық терминдер қатаң үш топқа бөліне қоймайды. Жоғарғы топтастыруда да шарттылық бар. Өйткені бір  табиғи зонаның ішінде басқа зонаның  да белгілері кездесіп отырады. Мәселен, Шығыс Қазақстанда құмды, сортаң, далалы, шоқылы, таулы рельефтер  кездеседі. Осы мәселеге байланысты Б.А. Будагов өзінің зерттеулерінде топонимдерді таралу ауқымына қарай 3 категорияға ажыратады:

А) локальды (жергілікті) топонимдер, олар ландшафтың бір тұрпатына (типіне) ғана сәйкес келеді;

Ә) тұрпатаралық топонимдер: олар ландшафт тұрпаттарының аралық зоналарында таралады;

Б) ортақ топонимдер: олар ландшафтардың көптеген тұрпаттарына тән болады [15; 7].

Алайда географиялық терминдердің басым көпшілігі жер бедеріне қарай шоғырланатыны айқын байқалады. Мәселен, В.А. Жучкевич ол туралы былай  дейді: «Орта Азия мен Қазақстан  суға кедей. Қай жерде су болса, сол  жерде өмір және елді мекен бар. Керісінше  сулы Балтық бойында су мол. Бірақ  дәл Орта Азия мен Қазақстанда  көптеген жер-су аттары сумен байланысты болып келеді; Балтық бойында мұндай атаулар аз. Бұл Орта Азияда су –  ерекше белгі екендігімен түсіндіріледі» [15; 20-21 ].

Қорыта келгенде, жалпы  есімдер географиялық атаулар жасауда  аса маңызды рөл атқаратындықтан, оларды әр аймаққа тән ерекшеліктерін ескере отырып, атауларды реттеуге, ауыстыруға, жаңғыртуға, жаңадан жасауға  орынды пайдалана білу қажет демекпіз.

 

2.        Қостанай  облысындағы табиғат  жағдайларын сипаттайтын жер-су

аттарының ерекшеліктері

 

     Бұрын да  және қазір де Қостанай облысының  жер – суының атауы әр кезде  де сөз болып, оның шығу төркінін  білсек деген ниет қойылып  отыр. Қазақ халқының атам заманынан  орнығып, өмір сүріп жатқан  жерінің аумағы қандай көлемді  де, кең екені бәрімізге мәлім.  Қостанай облысындағы өзен, кол  жер бедеріне меншіктелген атаулардың  мыңдап саналатыны белгілі. Ертеде  өткен ата-бабаларымыз солардың  әр - қайсысына ат қойылып, айдар  тағу жағынан жай ұқыпты ғана  емес, шебер де тапқыр болғандығын  байқаймыз. 

     Алға қойып  отырған мақсатым - ғылыми ізденіс  арқылы Қостанай аумағындағы  бірқатар жер-су атауының сырын  ашып. алғашқы мағыналарын ашу. 

     Аманқарағай  – бұл Қостанай облысындағы  Әулиекөл ауданының теміржол  станциясы. Кейбір зерттеушілер  мұны көне түрікше «емен –  қарағай мәніндегі атау» - деп  санайды. Ол Әулиекөл поселкісінен 5-6 шақырым жердегі қалың қарағайлы  жер. Атаудың - «аман» және «қарағай»  деген екі сөзден пайда болғандығы  белгілі. Алғашқы «аман» сөзі  біздің тілімізде де жиі қолданылады.  Алайда оның төркіні – араб  тілі. Онда «аман» сөзінің екі  түрлі мағынасы бар: біріншісі  – қауіпсіздік; тынжитық; екеншісі- рақымдылық, мейірімділік. Біріккен  сөздің екіншісі – «қарағай».  Бұл – емен, қайың терек сияқты, ағаштың бір түрінің аты. «Қарағай»  сөзінің өзінде екі сөздің  қосындысы деп қарауға мүмкіндік  мол. Алғашқысы – «Қара» (түске  байланысты айтылатын сөз,) екіншісі - «ағаш». Қосып айтсақ «Қараағаш»  болып шығады. Қазіргі ұғымға  сәйкес қазақшаласақ – «қауіпсіздік  қара ағаш» немесе «тыныштық  қара ағашы» болып шығады. [16;].

Информация о работе Қостанай облысындағы табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарының ерекшеліктері