Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 15:45, реферат

Описание

«Тіл біліміне кіріспе» курсы бастапқы, пропедевтикалық курс болып саналады. Бұл лингвистикалық курс гуманитарлық мамандық студенттеріне тіл білімінің ғылым ретіндегі статусы, оның басқа ғылымдармен байланысы және тілдің табиғаты мен құрылымдық ерекшеліктері туралы алғашқы мағлұмат/ ақпарат береді. Курстың мақсаты – бірінші курс студенттерін негізгі тілдік терминдер және ұғымдармен таныстыру, оларды лингвистиканың күрделі мәселелерін талқылауға дайындау.

Работа состоит из  1 файл

ТБН китап.docx

— 235.42 Кб (Скачать документ)

Түсіндірме сөздікте сөздер семантикалық, грамматикалық және стилистикалық тұрғыдан түсіндіріледі.

Сөздікке еңгізіліп, мағынасы түсіндірілетін сөз реестр сөз деп аталады. Әрбір реестр сөзден кейін ол сөздің қай сөз табына қатысты екенін көрсететін белгілер қойылады. Егер сөз белгілі бір стильге тән болса, оған стилистикалық мінездеме беріліп, тиісті белгі қойылады. М., зат. (зат есім), сын. (сын есім), үс. (үстеу) және т. б., одан кейін ол сөзге анықтама беріледі, анықталғаннан кейін сол сөздің мағынасын ашатындай әдебиеттен мысалдар, цитаталар беріледі, оны сөздік мақала (словарная статья) дейді.

“Қазақ тілінде түсіндірме сөздіктің” І томы 1959 жылы, ал ІІ томы 1961 жылы жарыққа шықты. Сөздіктің  жалпы редакциясын басқарған  І. Кеңесбаев “Кіріспе” мақаласында  былай дейді: “Сөздік қазіргі  қазақ әдеби тілінің сөздігі  қорындағы барлық сөзді, сөздік құрамындағы  жиі қолданылатын сөздің денін қамтып, жеке сөздердің мәнін, сырын, сипатын  ашу, мағынасына түсініктеме беруді мақсат етеді. ”

Бұл сөздер қазақ тілінде  түсіндірме сөздікті жасаудың ең алғашқы  тәжірибесі болғандықтан, кемшіліксіз  де емес. Полисемантизм, омоним сөздерді шатастырушылық, сөздердің стильдік - мінездерін аңғартарлық белгілердің  аз болуы, басқа тілден кірген сөздердің  қай тілден алынғаны көрсетілмеуі сияқты кемшін жақтары бар.

 

11.2 Диалектологиялық  сөздік

Диалектологиялық сөздік әдеби тілдің лексикасынан тыс жатқан, бірақ ұлттық тілдің жергілікті тармақтары болып табылатын диалектілер  немесе говорларға тән сөздер мен  сөз тіркестерін қамтиды. Белгілі  бір диалектілерге тән сөздерді жинап, олардың сөздігін құрастырудың және оларды жете білудің тілдің тарихи даму жолдарын, оған тән заңдылықтарды  айқындауда үлкен мәні бар. Ұлт тілінің  ішіндегі жергілікті диалектілерге  тән әр түрлі ерекшеліктерді салыстыру  тілдің тарихи дамуын танып білуге көмектеседі.

Қазақ тілінде «Қазақ тілінің  жергілікті ерекшеліктері (лексика)»  деген атпен 1965 жылы жергілікті диалект  сөздердің жинағы шықты.

Ж. Досқараевтің диалектологиялық сөздік түрінде жазылған жоғарыда аталған  еңбегінен бінеше мысал:

«Далан. Сенек, ауыз үй, кіре берістегі бөлме: балалар даланда отыр (балалар сенекте отыр). Далан кішкене болғандықтан кейбір нәрсе үйде тұрады (Кег. АЛОМ). Далан сөзі кейбір түркі тілдерінде де бар: қырғызша далан ауыз үй, алдыңғы бөлме (Киргизско - русский словарь, 1940); түрікменше далан - үй алды (веранда, баллон) (Туркменско - русский словарь, 1940) және т. б.»

«Мият. Болысу, біреудің сөзін сөйлеу, жақтау; сен оған мият болма; миятшылық істеме. «Мият, мияттың түбі ұят» (Шу ШҚОМ). Мият  сөзі қырғыз тілінде де көрсетілген мағынада қолданылады (Киргизско - русский словарь, 1940). Бұл сөз (мият) оңтүстіктегі халықтың сөйлеу тілінде бірнеше сөз тіркесінде қолданылады: мият болу, мият болып бірігу, миятка шақыру т. б.»

Сөздіктегі шартты түрде  қысқартылып алынған сөздерге түсінік:

Кег. АЛОМ. - Кеген, Алматы отрядінің материалы.

Шу. ШҚОМ. - Шу, Шу - Қараал отрядінің материалы.

 

11.3 Этимологиялық  сөздік

Этимологиялық сөздік белгілі  бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы мағыналары мен  дыбысталу түрін айқыдап көрсетуді  мақсат етеді. Этимологиялық сөздік тілдің даму барысында ондағы сөздердің  семантикалық жақтан қандай өзгеріске  түскендігін айқындайды.

Этимологиялық сөздік жасау - өте - мөте күрделі және қиын жұмыс. Оны жасау туыстас тілдердің  лексикасына тарихи тұрғыдан келіп  терең бойлауды және салыстыра зерттеуді  қажет етеді.

Тілдің лексикасының тарихы сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен, ол халықтың кәсібі, күн көрісі, шаруашылығымен тығыз байланыста болады. Мұның өзі  этимологиялық сөздікті жасаушылардан  халықтардың ежелгі тарихын, олардың  күллі материалдық - рухани мәдениетінің тарихын жете білуді талап етеді. Демек, этимологиялық сөздік жасау  жұмысы - білім салаларының өз ара  ұштасуын қажет ететін өте күрделі  жұмыс.

Қазақ тілінің қысқаша  этимологиялық сөздігі тұңғыш рет 1966 жылы жарық көрді. Қазақ тілінің  қысқаша этимологиялық сөздігі  орыс тілінің сөздігіндей сөздердің  шығу тегі, алғашқы мағынасы қандай болды деген түрде келмей, әдеби  тілде жиі қолданылатын, бірақ  мағынасы күңгірттеніп кеткен жеке сөздер, қос сөздер, біріккен сөздер, реестрге алынып, одан кейін іле - шала көркем әдебиеттен немесе ауыз әдебиеті шығармаларынан мысалдар келтіріліп, көпшілікке түсініксіз болғанда ғана немесе оның тарихын  алуға қажет болған жағдайда ғана сол сөздердің түсіндірмесі берілген.

 

11.4 Фразеологиялық  сөздіктер

Фразеологиялық сөздік белгілі  бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды қамтиды, олардың мағыналарын  түсіндіреді.

«Орыс тілінің фразеологиялық сөздігі» (ред. бас. А. И. Молотков) 1967жылы жарық көрді. Бұл сөздікте орыс тіліндегі  төрт мыңнан астам фразеологиялық  оралымдар қамтылып, олардың мағыналары талданған және айқындайтындай әдебиеттен мысал берілген. Мақала былайша құрастырылған:

Воспрянуть (восстать) ото сна. Выйти из состояния апатии, подавленности, застоя, оживиться, пробудиться. Товарищ, верь: взайдет она, Звезда пленительного счастья; Россия вспрянет ото сна, И на обломках самовластья Напишут наши имена. Пушкин, К. Чаадаеву.

Фразеологиялық сөздік бір  тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма сөздік түрінде  де жасалады.

Фразеологиялық сөз тіркестері белгілі дәрежеде түсіндірме сөздіктерде  де қамтылады. Фразеологиялық сөз тіркестерін, мақал мен мәтелдерді өте - мөте қамтыған сөздік - В. И. Даль құрастырған орыс тілінің түсіндірме сөздігі.

Орыс тілі мен қазақ  тілінде және т. б. Тілдерде қанатты  сөздердің жинақтары бар. «Қазақтың  қанатты сөздерді» атты жинақта (авторы - Н. Төреқұлов) фразеологиялық оралымдарды бір түрі - қанатты  сөздерге талдау жасалып,  төмендегі  түрде түсіндіріледі:

«Шықбермес  Шығайбай.

Қазақ ертерек, аңыздарында Шықбермес  Шығайтай аты аталады. Бұл - өз құлқынынан басқаны ойламайтын, ешкімге еш нәрсесін бермейтін, ауысып - түйіспейтін нағыз  барып тұрған сараңдардың бейнесін көрсететін жинақты ат.

Ел  арасында кездесетін осы сияқты сараңдарды қазақ «нағыз Шықбермес екен»  деп Шығайбай атына байланыстыра айтады.»

Сонымен, әр түрлі фразеологиялық сөздіктер мен жинақтарда фразеологиялық оралымдар мен олардың түрлері  талданып түсіндіріледі.

 

11.5 Терминологиялық  сөздіктер

Терминологиялық сөздіктер  ғылым мен техниканың т. б. Сан  алуан салаларына қетысты терминдерді  қамтып, олардың білдіретін ұғымдарын  түсіндіріп беруді мақсат етеді.

Кеңес дәуірінде түркі  тілдерінің барлығында да ғылым мен  техниканың түрлі салаларынан көптеген терминологиялық сөздіктер жасалды.

Қазақ тілінде қоғамдық ғылымдардың, физика, математика, биология, медицина, география, геология және ауыл шаруашылығы  ғылымдарының әрқайсысының терминдерін  қамтыған өз алдына бөлек - бөлек бірнеше  терминологиялық сөздіктер жасалды.

Терминологиялық сөздіктер  бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде  де, екі тілдік аударма сөздік түрінде  де жасалады. Бір тілде жасалған терминологиялық сөздіктерде терминнің  білдіретін ұғымына талдау жасалып, түсінік беріледі. Осындай сөздіктің  бірі - О. С. Ахманованың «Лингвистикалық  терминдер сөздігі» (М., 1966) деп аталатын еңбегі.

Түркі тілдеріндегі терминологиялық  сөздіктердің көпшілігі екі тілді  аударма терминологиялық сөздік түрінде жасалып жүр. Оларда орыс тілінде қолданылып жүрген терминдердің аударылып отырған тілде баламасы барлары аударылып берілген де, баламасы жоқтары және интернационалдық терминдер  орыс тіліндегі қалпына аударылмай берілген.

 

    1. Энциклопедиялық сөздіктер

Энциклопедия лингвистикалық сөздіктер тобына жатпайды. Тілімізде, мәдени өмірімізде, энциклопедиялық  сөздіктің шығуы халқымыздың  білімінің, мәдениетінің өскендігін көрсетеді.

Қазақ халқының тұңғыш энциклопедиялық  сөздігінің 1972 жылдан бастап шыға бастады.

Қазақ Совет Энциклопедиясы - барлық өмір салаларынан білім  беретін сан алуан ғылымның анықтама жиынтығы. Онда республикамыздың халық  шаруашылығы, ғылымы, мәдениеті т. б. саладағы бүгінгі табыстары, ертеңгі  келешегі, сонымен бірге республиканың  табиғат байлығынан, ұлттық ерекшеліктерінен, халықаралық жетістіктерінен мағлұмат береді.

Лексикографиялық жұмыстар жүргізу үшін лексикографияның теориясы мен практикасын жете білу қажет. Мұнымен бірге, лексикографиялық жұмыс  лексикографтардан лексикологияны, оның семасиология, фразеология, этимология атты салаларын жете білуді қажет  етеді. Лексикографиялық жұмыс жүргізу  үшін стилистика мен грамматика мәселелерін  де жете меңгере білу қажет.

 

 

 

 

Он екінші дәріс  Қазақстан Республикасындағы Тіл  саясаты

 

Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы заң» баспасөзде 1997 ж., 11-шілдеде жарияланды. Бұл Тіл туралы 2-ші заң, ал алғашқысы 1989 ж. ҚазССР халық депутаттары Жоғарғы Кеңесінде қабылданған болатын.

Жаңа Заң Қазақстан  Республикасында тілдердің қолданылуының  құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін  белгілейді, республикамызда қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды  қамтамасыз етеді. Осы Заң 6 тарау, 27 баптан тұрады. Әрбір баптың негізгі  қағидасы оның тақырыбында берілген.

 

1-тарау.  Жалпы ережелер

 

1-бапта осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар берілген

Диаспора - өзінің тарихи Отанынан, тегінен шығу, тысқары елде тұратын этникалық қауымдастық;

Ономастика – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін бөлімі (собственные имена);

Орфография – дұрыс жазу ережесі, сөйлеген сөздің жазбаша бірізділігін белгілейтін ережелер жүйесін зерттейді (передача речи на письме);

Топонимика – ономастиканың географиялық объектілерінің, нысандарының атауларын зерттейтін бөлімі;

Транслитерация  – бір графикалық жүйедегі мәтіндер мен сөздерді басқа графикалық жүйенің құралдарымен әріппе - әріп арқылы беру (побуквенная передача);

2-бап. Осы Заңның реттейтін мәселесі, тақырыбы

Мемлекеттік, мемлекеттік  емес ұйымдар мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар- осы заң реттейтін мәселесі.

3-бап. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар

Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының  Конституциясына негізделеді, осы  заңнан және де осы мәселеге байланысты өзге нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің  бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың  барлық саласында қолданылатын тіл.

5-бап. Орыс тілін қолдану

Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде (официально) қазақ тілімен тең қолданылады.

6-бап. Мемлекеттің  тіл жөніндегі қамқорлығы

Мемлекет республика халқының тілдерін оқып – үйрену, қолдану  мен дамыту үшін тиісті жағдай және қамқорлық жасайды.

7-бап. Тілдердің қолданылуына кедергі келтіруге жол бермеу

Қазақстан Республикасында  тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарын кемсітуге жол берілмейді (не допускается ущемление прав граждан  по языковому признаку).

 

2-тарау.  Тіл - мемлекеттік және мемлекеттік  емес ұйымдар мен 

жергілікті  өзін - өзі басқару органдарында

 

8-бап. Тілдердің қолданылуы

Осы тарауда көрсетілген  ұйымдар мен органдардың жұмыс  және іс – қағаздарын (делопроизводство) жүргізу тілі – мемлекеттік тіл  – қазақ тілі. Орыс тілі (ресми  түрде) қазақ тілімен тең қолданылады.

Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және басқа да тілдер қолданылады.

9-14 баптар

Бұл баптарда мемлекеттік  тіл мен орыс тілі қолданылатын қоғамдық қатынастар салалары көрсетілген:

  1. Мемлекеттік органдар актілерінің тілі;
  2. Құжаттама жүргізу тілі;
  3. Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі;
  4. Қарулы күштер мен құқық қорғау органдарындағы тіл;
  5. Сот – ісін жүргізу тілі;
  6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу тілі;

15-бап. Мәмілелер (сделки) тілі

Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың (физические и юридические лица) жазбаша мәмілелері қазақ және орыс тілдерінде беріледі (қажет болғанда басқа тілдердегі аудармасымен қоса). Шетел мәмілелерінде мемлекеттік тілде және тараптар (стороны) таңдаған бір шетел тілінде.

 

 

3-тарау.  Тіл – елді-мекен атауларында,  жалқы есімдерде, көрнекі 

Информация о работе Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары