Бастауыш мектептің математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 15:32, курсовая работа

Описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай іс-әрекеттің бір саласы—ойын әрекеті.
Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттарымен құбылыстарын танып біледі.

Работа состоит из  1 файл

Ахметжанова.doc

— 305.00 Кб (Скачать документ)


КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай іс-әрекеттің бір саласы—ойын әрекеті.

Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттарымен құбылыстарын танып біледі.

Жоғары сатыда дамып жетілген сана-сезім мен ақыл-ой иесі-адам баласының ойын әрекеті бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірибесінің нәтижесі болып саналады. Міне, осы тұрғыдан алғанда, адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезінде кеңінен дамып, баланың өсіп жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.

Ойынды психологиялық дамудың әр жағдайында коррекциялық бағытта қолдану мәселесінің теориялық және  әдістемелік негіздері Фрейд А., Роджерс К.., Леви Д., Торф Д. және т. б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады.

Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатынын ертеден-ақ дәлелдеген. Тіпті,   18-ғасырда Ж.Ж.Руссо былай деп жазған: "Баланы жақсы тану және түсіну үшін, оны ойын кезінде бақылау керек" деген.

Тәрбиелік үрдістегі ойынның маңызы туралы кеңес педагогтары А.С.Макаренко, Н.К.Крупская және т.б. арнайы зерттеу еңбектерінде терең де жан-жақты айқын талдау жасаған.

А.С.Макаренконың айтуынша: "Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды роль атқарады. Ойында бала қандай болса, өскенде жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекте адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады".

Ал Қазақстан зерттеушілерінің ішінде дидактикалық ойынды зерттеген ғалымдар Н.К.Ахметов, Ж.С Хайдаров. Көрнекі педагог Мағжан Жұмабаев: "Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сыныпта отырғанда балалардың тез шаршауы оның ақылының жұмыссыз қалуынан, әсіресе тек отыруда, ауаның бұзылуынан. Сондықтан сабақ уақытында сабақты дидактикалық жарыс-ойын түрінде өткізсе, балалар сергіп өздерін еркін ұстайды", - деп ойынның, қызғылықты жаттығудың балалардың оқу әрекетін жандандырып оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал екенін атап көрсетеді.

"Ойын арқылы бала дүниені таниды." - дейді Т.Тәжібаев. Шынында да, бала үшін ойын өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рольдер атқарады.

Бүгінгі таңда қоғамның әлеуметтік объективтік сұранысын орындауда бастауыш мектепте оқушылардың танымдық, адамгершілік және сабаққа қызығушылығын, белсенділігін дамыту педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттігін, дамытудың бір саласы дидактикалық ойындарды пайдалану өз деңгейінде болмағандығы арасында қайшылықтар бар екендігі орын алып отыр. Бастауыш мектепке жасындағы балалар еліктегіш, жаңалыққа жаны құмар келеді. Сондықтан әр сабақтың мазмұны мен мақсатына, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойын элементтерін пайдаланса балалардың сабаққа деген ынтасы артып, танымдық қызығуы, ізденімпаздық дағдылары жетіледі.

Сонда ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа  білімді меңгертіп, танымдық белсенділігін арттыру болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін тиімді пайдалану арқылы балаларды өздігінен ойлай білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге, әртүрлі танымдық дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу болып табылады, яғни оқу үрдісінде “ойын” элементтерін пайдалану біріншіден, балаларға берілген білім берік меңгерту құралы болса, екіншіден балаларға берілген білім сапасын көтеріп, танымдық қызығушылығын арттыру болып табылады. Деседе, бүгінгі таңда қоғамның әлеуметтік объективтік сұранысын орындауда балалардың танымдық қызығушылығын, сабаққа белсенділігін дамыту мәселелері педагогикалық тұрғыдан толық шешімін таппағандығы арасында қайшылық бар екенін байқадық.

Демек, осы айтылған қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыру біздің зерттеуіміздің көкейтестілігі болып табылады. Осыған орай бұл зерттеудің тақырыбы: "Бастауыш мектептің математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану маңызы." - деп аталады.

Зерттеу мақсаты - бастауыш мектеп оқушыларына дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалануды практикалық  тұрғысында  негіздеу.

Зерттеу объектісі -     Бастауыш сыныптың оқыту процесі.

Зерттеу пәні - Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндерде  пайдаланылатын  дидактикалық ойындар жүйесі.

Зерттеу міндеті:

-бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздерін айқындау:

-         бастауыш сынып оқушыларына арналған дидактикалық ойындардың мазмұнын саралау;

-         «дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемесін құру.

Зерттеу болжамы: бастауыш сыныпта математиканы оқытуда дидактикалық ойындарды падалану тиімді болар еді егер, математика сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемелік жүйесі жасалынса; дидактикалық ойындарды математика сабағы мазмұны мен мақсатына сәйкес пайдалана білсе.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

1. ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері

 

Балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруды және оны басқаруды мұғалім іске асырады. Сонда қолданған әдістеме орынды, тиімді болса, балалар білімді ғана меңгермейді, оны қолдануға қатысты тәжірибе де жинақтайды.

Пәнді оқыту әдістемесін осындай деңгейде көтерудің тиімді жолдарының бірі, біздің пікірімізше, дидактикалық ойынды үйлестіре пайдалану.

Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда ойындар маңызды орын алады, ең алдымен олар дидактикалық, яғни мазмұндары балаларды жеке ойлау операцияларының дамуына немесе есептеу тәсілдерін меңгеруіне, санау, тез есептеу дағдыларын қалыптастыруға, т.б. ықпал жасайтын ойындар. Оқу жұмысының белгілі бір түріне мақсатты жүзеге асыруға бағыттып енгізу балалардын осы жұмысқа деген қызығушылығын арттырады, оқытудың тиімділігін күшейтеді. Ойын жағдайында балалар ойнай отырып аса күш-жігер жібермей, белгілі бір білім, білік дағдыларға ие болады.

Бастауыш сынып оқушыларына ойынның қажеттілігі әлі күшті болғандықтан,     басқа    да     математикалық     ойындармен     қатар дидактикалық ойындарды енгізу керек. Себебі:

- Кейбір дидактикалық ойындарда математикадан оқу материалы, яғни жаңа білім, білік, дағды беретін танымдық мағлұматтар, сол сияқты математика сабактарында алған білім, білік, дағдыларды бекітуге, кеңейтуге, тереңдетуге, дамытуға бағытталған материал бар. Мысалы. «Санамақ», «Ондық» ойындар тақырыбын оқыту барысында натурал сандар қатарының бастапқы сандарының қасиеттері мен таныстыру материалы ретінде пайдалану.

Дидактикалық ойындарды дамытушылық яғни балаларды бақылау, салыстыруды үйретуге ықпал жасайтын зейін, ой, ес, т.б. психикалық сапаларды. тапқырлық зеректік, т.б. математикалық қабілеттерін дамытатын материал бар. Мысалы. «Сиқырлы квадрат» ойынында үшінші ретті квадваттарды қарастырғанда, балалар олардың диагональдарының қиылысуында тұрған сан  (немесе өрнек)  «Сиқырлы» қосындының    1/3 (үштен біріне) тең екендігін байқау керек (оны дәлелдеу қажет).

- Дидактикалық  ойындардың мазмұны  мен  жүргізу тәсілдері балалардың   жас   ерекшеліктерін   ескеруге,   олардың   пәнге эмоционалдық, танымдық қызығушылығын тудыруға мүмкіндік береді,  білімдік-танымдық,  тәрбиелік,  жалпы  дамытушылық функциялары бар.

Демек, дидактикалық ойындарды сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарда пайдаланудын әдістемелік ерекшелігі:

- олардың мазмұнының, жүргізілу тәсілдерінің пәнді оқытудың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатында сәйкестігі деп тажырымдауға болады.

Сондықтан да дидактикалық ойындарды математика сабақтарында пайдалануға сәйкестендіре, әдістемелі құрал ретінде қолдануға болады деп ойлаймыз. Ол үшін математикалық мазмұнды дидактикалық ойындар  ұйымдастыруда әлістеменің мынандай мәселелерін ескеру қажет:

1. Ойын    мақсаты.  Ойын   процесінде оқушылар қандай математикалық   білім   дағдыларды   меңгереді,   ойынның   қай кезеңінде ерекше назар аудару керек.  Ойынды жүргізгенде қандай басқа да тәрбиелік мақсаттар қойылады.

2.  Ойыншылар саны.  Әр ойында ойыншылардың белгілі бір ең аз немесе ең көп саны болады.  Дидактикалық ойын ұйымдастырығанда оны ескеру қажет.

3.  Ойын   ұйымдастыруға   қажет   материалдар мен құралдар жиынын белгілеу.

4.  Балаларды аз уақыт ішінде қалай ойын тәртібімен таныстыру.

5.  Оқушыларды ойынға қайта оралу ықыласын есептей отырып, ойын қанша уақыт созылатындығын анықтау.

6.  Ойынға балалардың барлығын дерлік қатынастыруды қамтамасыз ету.

7.  Балалардың ойынға қызығушылығын анықтау үшін, бақылауды ұйымдастыру.

8.  Ойынның соңында, қорытындыда балалар қанлай нәтижелер айту керек.

Сонда ойын сипаты бойынша, сапасы. мазмұны бойынша математикалық ойын болалы, яғни ондай ойынлар дидактикалық ойындар болады.

Сондықтан дидактикалық ойындарды оқытуды ұйымдастыру тәсіл ретінде пайдаланудың бірінші әдістемелік ерекшелігі - математиканы оқытуда сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда кез-келген кіші жастағы балаларға пайдалануға болатындығы, - деп тұжырымдаймыз. Мысалы, «Бәйге», «Баспалдақ», «Ақ сүйек», «Жамбы ату», т.б. ойындарының математикалық мазмұнын оқылатын тақырыптарға сәйкестендіріп пайдалануға болады.

Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдегімен дәлелденген халықтық педагогика үлгілері тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Қаншама заман өтсе де маңызын жоймаған халықтың педагогикалық мұрасын тәлім тәрбиенің түп қазығына айналдыру ата ананың да, мектеп мұғалімдерінің де асыл борышы. Баланың ақыл ой, зердесін тәрбиелеуде атам заманнан жиналған мол тәжірбиесі ғасырлар бойы сараланып, ұлттық тәлім тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста дамып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыр.

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, шығармашылық оятып, логикасын жетілдіріп, бүкіл өміріне ұштаса береді, фольклор қазынасы баланың білімділік қабілетін дамытуға көмектеседі.

Халық педагогикасының ішіндегі қазақтың ұлт ойындары: "Алтын сақа", "Бәйге", "Көкпар", "Сақина салмақ", "Бес тас", "Тоғыз құмалақ", "Күміс алу", Ақсүйек" тағы басқалары ата бабамыздан бізге жеткен байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.

Ұлт ойындарының халық педагогикасының қүрамды бір бөлігі деп тегін айтпаймыз, себебі адам баласы жасаған "жеті кереметтің" сегізіншісі болып осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес. Біздің оқушыларымыз өзіміздің ұлттық ойындарымызды үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата бабаларының психологикалық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне ұлт ойындарын жеткілікті білулері көп септігін тигізеді. Оқушылар ойын арқылы бір бірімен тіл табысып, тез ұғынысады, бір бірімен тіл табысып, тез ұғынысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты, білімділікті үйренеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы болуды армандайтын оқушы жоқ. Демек, ойынның өзі балаға білімнің, тәрбиенің қайнар көзі сияқты ықпал етіп, танымын жетілдіреді.

Бала бойындағы білімділікті, қабілетті дер кезінде танып, оның өз мүмкіндігіне сенімін арттыруда математика сабағындағы ойын есептерінің маңызы ерекше. Сондықтан да ұлттық ойындарды мән мағынасына қарай жеткіншектерге жан жақты терең білім беруде орынды қолдана білу артық емес. Халқымыздың тұрмысы жан жануарлармен тығыз байланыста болғандықтан төрт түлік малды халқымыздың сүйіп, қалай өсіргендігін мына санамақ ойын есебінен көруге болады:

"Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнаққұлақ бес ешкі,

Төрт қозылы екі қой".

(он жеті)

Ұлттық ойындарда балалар жиындарда, үзіліс арасында, бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді қабілетті оқушылардың жетекшілік ролін пайдаланған жөн. Тәрбиешілер ұйымы осы оқушы белсенділер көмегімен, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындарды ойнауды жалғастырады. Оған бақылау, басшылық жасайды. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойын барысында

 

тынығады

Оқушы                                                        өмір танымын кеңейтеді

бірлеседі

ұжымшылдыққа үйренеді

 

Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Мысалы, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ойнауға мынадай қазақтң ұлттық ойындарын ұсынуға болады. «Айгөлек», «Арқан тарту», «Белбеу тастау», «Соқыр теке», «Қойыңа қасқыр шапты», «Ат қума», «Жаяу көкпар», «Түйе-түйе», «Омпы», «Жалау алу», «Қасқыр мен ешкі», «Алшы», «Хан», «Хан жақсы ма?», «Күзетшілер», «Ұшты-ұшты», «Көрші-көрші», «сақина жинау», т.б.

Ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрімен әдет ғұрыпын жоғалтпай, оны ары қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулап, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін артырады, денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Бұл ақыл-ойдың, мидың қабылдау процесіне әсер етеді. Дене шынықтыру пәнінде және сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындар өткізу мынандай кезеңдерден тұрады: 1.Ойын               өткізілетін орынды таңдау; 2. Ойынды ұжымдастыру, басқару; 3. Жаңа ойынды ойнау, өткізу; 4. Ойынды қорыту.

Информация о работе Бастауыш мектептің математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану маңызы