Бастауыш мектептің математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 15:32, курсовая работа

Описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай іс-әрекеттің бір саласы—ойын әрекеті.
Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттарымен құбылыстарын танып біледі.

Работа состоит из  1 файл

Ахметжанова.doc

— 305.00 Кб (Скачать документ)

Бұлақ

Оқушылар екі топқа бөлінеді де, өздері таңдаған алаңқайға қаз –қатар екі сызық сызады. Аралығы онша алшақ болмауы керек. Бұл “Бұлақ” деп аталады. Әр оптан бір –бірлеп бала шығады да, бұлақтыңбасына барып, қарғып өте бастайды. Қарғып өткен бойынша өз тобына қайта қосылады. Ал қарғи алмаған ойышы келесі топқа қосылуға тиіс.

Ойынның соңында, яғни  ойынға қатысушылар түгел бұлқтан қарғып өтіп біткен кезде, қай топтың ойыншысы көп болса, жеңіске сол топ жетеді.

Жер, су, от, ауа.

              Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Бастаушы ортаға шығады. Ол ойынға қатысушылардың кез –келгеніне допты лақтырып жібереді де, “жер”, “су”, “от”, “ауа” деген сөздің біреуін айтады.

              Егер бастаушы “жер” десе, допты қағып алған бала бір үй жауарлардың немесе жабайы аңның атын тез атауы керек. Ал “су” сөзі айтылса, өзен –көл мен теңіз –мұхитта кездеетін балықтың аты аталады. “Ауа” дегенде, бір құс айтылуға тиіс. Ал “от” аталған кезде, ойынға қатысушылардың бәрі қолдарын бұлғап, орындарын айнала бірнеше дүркін тез –тез секіруі керек.

Ойынның түрі –түрі аяқталған сайын доп тастаушы қайта аралап отырады.

Жайбасар, сасқалақ балалар ойын шартын бұзған заматта-ақ ойыннан

шығарылады.

Санамақ

Санамақты көбінесе шағын доп құрып ойнауға болады. Ол оқушының диалог түрінде сөйлесе білуге, өзіне қойылатын сұраққа жауап беріге жаттықтыру ісіенд басты рөл атқарады. Төменде осы үлгідегі 6 ойынды ұсынып отырмыз.

1. –Қоян қашқын,                                                         -Ізімді бастың.

Қайда қаштың?                                                                       –Ендеше қашпа.

-Тоғайға қаштым.                                                         –Мылтығынды таста.

Неге қаштың                                                                       –Ауызынды аш та!

Сенен састым.                                                                       Он сөз зыт, тез!

-Неге састың?

(Ойынша сөз келген бала саптан шығып, өз алдына топ құрайтын орынға барып тұрады).

Қимыл- қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасындағы балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты балаларды өзіне тартатын әрекет саласын туғызады — осылардың бәрі қимыл -қозғалыс ойындарын балалардың күнделікті өмірінің ажырағысыз бағалы серігі ретінде айқындайды. «Түйе-түйе», «Жануарлар қалай үндейді», «Қой бағу», «Қоян» сюжетті қимыл- қозғалыс ойындарына жатады. Жоғарыда аты аталған ойындар болашақ ұрпақ тәрбиесінде қанат жайып келеді. Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына енгізу мүмкіндіктері өте зор.

Ұлттық қимыл-қозғалыс және спорттық ойындарды үзілістердегі, ұзартылған күн топтарындағы ертеңгілік, кештердегі ұжымында еркін сезіну, саналы тәртіп, еңбексүйгіштік, мақсатқа Жетудегі табандылық атмосферасын қалыптастыруға ұмтылу қажет. Осыдан халық ойындарын сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайдалану шарттары, өдістері мен түрлерін қарастыру қажеттігі туады.Тек осындай жағдайда ғана халық ойындары жай ермекке Кетпей, оқу-торбие мақсаттарына бағындырылып, пайдасын тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

              Ойын бала іс -әрекетінің  негізгі түрі.  Баланың өсіп өнуінде  ойынның мәні зор. Әсіресе  бала өмірінде  ойынның атқаратын  қызметі айрықша.

Ойындар баланың  дамуына   септігін  тигізеді.  Балалар жаманнан жиреніп,   жақсыға  еліктеп, бойына  жақсы  қасиеттерді сіңіреді. Әрине мұның барлығы мұғалімнің іскерлігі мен шеберлігінің нәтижесінде жүзене асады.

              Мектепте ойындарды пайдалану барысында балалар арасында сұрақ –жауап, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, тапсырмаларды талау, ойын, ойлау әдістеелерімен өткіздім. Балалармен жұмыс істей отырып. Олардың ойындарға деген қызығушылығы оқуға, білуге, сабаққа деген ынтасының артатыңына көзім жетті.

              Сонымен қатар балалардың шығармашылық қабілеттері, ақыл –ойы дамуына зердесін, қиялын дамытатынына көзім жетті.

              Сабақта ойындарды қолданған кезде балалар өздерін еркін сезініп, өз ойларын қысылмай жеткізіп бір –бірімен тіл табысып, тез ұсынысты. Демек, ойындардың өзі балаға білім берудің, тәрбиелеудің қайнар көзі дер едім.

              Қорыта айтқанда, баланың дамуына ойынның  атқаратын қызметі айрықша. Ойындар арқылы баланың бойына ойлау, сөйлеу, қабілдау, иесте сақтау үрдістерін дамытып, сонымен қатар баланың ақыл –ойы дамиды, елестетуін бекітеміз, кеңейтеміз, белсенді сөздік қорын дамытамыз.

Ал бала үшін ойын –іс -әрекет, қимыл құралы болуымен қатар олардың танымын, түсінігін және білімін жетілдірудің негізгі жолы. Ойын баланың жеке басының дамуына игі ықпал тигізетін жетекші, басты құбылыстың бірі деп санаймын.

Ойын бос ермек емес, ол баланың күшін, оның белсенділігін, тапқырлығын, зеректігін дамытып, әр түрлі сезім әрекеттеріне нәр береді. Ойын –балаларға да, үлкендерге де ауадай қажет.

              Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.

              Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан –ойға жетелейтін, адамның қиялына қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл –ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпін.

              Кейде балалар ойынында өлең –тақпақтар, санамақтар, жұмбақтар жиі кездеседі. Негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат бітіріп, ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған кезде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез –келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы балалардың бойында өнердің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.

              Жалпы ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға, ұрпақтан –ұрпақа ауысып отырады. Тапқыр, алғыр, шымыр, епті, қайратты, қажырлы бала өсіруді армандамайтын ата –ана жоқ. Сондықтан ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Менің ойымша сабақта ойындарды қолдану, сабаққа өзгеше нәр беріп, жаңартып тұрады.  Ал балалар ойнай да білсін, ойлай да білсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.      Аманжолов А.С. Қазақ жұмбақтары //Ана тілі, 1993.

2.      Ахметов С. Қуыр-қуыр қуырмаш. – Алматы, 1993.

3.      Баймуханов Б. Математика есептерін шығаруға үйрету. – Алматы, 1983.

4.      Жикалина Т.К. 2-сыныпқа арналған математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар. –Алматы, 1992. 3-15 б.

5.      Жолтаева Г.Н. Бастауыш   сыныптарда   математиканы   оқытуда этнопедагогика элементін пайдалану. - Талдықорған. 2000. 13-25 б., 39-49 б.

6.      Құрманалин Ш.Х., Сәрсенова С.Ш., Өміртаева Р.Қ. Математикадан       дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар 1-сынып. -Алматы, 1997, 3б.

7.      Перельман В.И. Занимательные   задачи   и   опыты. -Москва, 1972.

8.      Пидкасистый П.И., Арыстанов М.Ж., Хайдаров Ж.С. Проблемно-модельное обучение. Вопросы, теории и технологии. - Алма-ата, 1980. 204 с.

9.      Сағындыков Е. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы, 1991.

10. Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған қызықты математикалық тапсырмалар. - Алматы, 1991.

11. Толымбаев Г. Кел ойнайық.- Алматы,1990.

12. Ысқақов М.,    Назаров С.Н.   Математика    мен    математиктер жайындағы әңгімелер. -Алматы, 1991.

13. Эрдниев П.Н. Укрепление дидактических единиц как технология. Москва, 1992.

14. Эльконин Д.Б. Педагогика игры. - Москва, 1976. -304 с.

15. Аубакирова Ж. Ойынның бала психологиясына әсері //Ізденіс. 2000. №4-5, 203-208 б.

16. Елубаева С. Дидактикалық ойын  оқыту әдістерінің бірі //Бастауыш мектеп 1988. №2, 7-12 б.

17. Жузбаева Б. Ойын сабақ өрнегі. //Бастауыш мектеп 1990.

18. Қаратаева Ғ. Ойын адам психологиясын дамыту факторы. //Қазақстан мектебі 2000. №5, 20-26 б.

19. Қойшиев Қ., Ыскакова Б. Балаларды қуыршақтармен ойнату арқылы ізгі сезімдерге тәрбиелеу. //Ізденіс, 1997. №2, 153-157 б.

20. Нұрғаева Ғ. Ойын сабақ. // Бастауыш мектеп, 2001. №7, 40-42 б.

21. Оразбекова К. Дидактикалық  ойындардың маңызы. //Бастауыш мектеп, 1988. №10.

22. Сағымбекова Т. Ойыннан оқуға ауысу.//Бастауыш мектеп, 1991, №7, 33-34 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28

 



Информация о работе Бастауыш мектептің математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану маңызы