Білім беру технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:39, курсовая работа

Описание

Білім - әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі".
Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек. Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жыйнаған тәжірибесі.Бағдарламаның бөліктері: 1) пәнді оқудағы мақсат, оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары және әдістері туралы жазылған түсінік хат; 2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны; 3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт; 4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі; 5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар; 6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі; 7) ұсынылатын әдебиеттер.
Білім көзіне орай топтастырудың жəне бір реті - бұл көрнекілік əдістер. Көрнекі əдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тəуелді. Бұлардың бəрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік жəне практикалық əдістермен бірге пайдаланылады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………............... .3
1 Шағын мектептің тарихы мен қазіргі жайы көрнекі құралдардың пайдалануы………………………………………….......... .................... 7
1.1 Көрнекілікпен оқыту принципі жəне оларға байланысты оқу ережелері..................................................................................................10
2 Оқыту құралдары ....................................................................21
2.1 Оқу əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні…………………23
2.2 Оқу əдістерін топтастыру ………………….……………………..25
3 Тараудың атауы .…………………………………………55
3.1****………………………………………………………55
3.2****………………………………………………………60
Қорытынды …………………………………………………65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....………………………68
Қосымша (лар) ……………………………………………..70

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.docx

— 57.93 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

 

                                                                                                           

 

 

 

КО және БӘД кафедрасы

 

 

 

 

 

«Педагогика» пәні бойынша 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Оқушылардың білім сапасына

көрнекі құралдардың тигізетін  әсері»

 

5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы

 

 

 

Комиссия мүшелері:

 

_____________________

 

_____________________

Тексерген:

п.ғ.к., доцент Мухаметжанова А.О.

 

___________          _________

       (күні)                   (қолы)

 

 

 

___________          _________

       (күні)                   (қолы)

Орындаған: ПО-10-2 топ студенті

                      Рымханова А.Ж

 

___________          _________

       (шифр)                   (қолы)


 

 

 

 

Қарағанды 2011

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе………………………………………………………............... .3

1 Шағын мектептің тарихы мен қазіргі жайы көрнекі құралдардың          пайдалануы………………………………………….......... .................... 7

1.1 Көрнекілікпен оқыту принципі  жəне оларға байланысты оқу     ережелері..................................................................................................10

2  Оқыту құралдары ....................................................................21

2.1 Оқу əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні…………………23

2.2 Оқу əдістерін топтастыру ………………….……………………..25

3 Тараудың  атауы .…………………………………………55

3.1****………………………………………………………55

3.2****………………………………………………………60

Қорытынды …………………………………………………65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....………………………68

Қосымша (лар) ……………………………………………..70

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

   

     Білім - әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі". 
Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек. Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жыйнаған тәжірибесі.Бағдарламаның бөліктері: 1) пәнді оқудағы мақсат, оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары және әдістері туралы жазылған түсінік хат; 2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны; 3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт; 4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі; 5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар; 6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі; 7) ұсынылатын әдебиеттер. 
        Білім көзіне орай топтастырудың жəне бір реті - бұл көрнекілік əдістер. Көрнекі əдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тəуелді. Бұлардың бəрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік жəне практикалық əдістермен бірге пайдаланылады.

     Оқудың практикалық əдістері - оқушының іс-əрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті –тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық жəне тəжірибелік əдістері бірігеді.

Жаттығулар  – материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқу əрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мəрте қайталаумен  орындау.

Жаттығулар  ауызша, жазба, графикалық жəне оқу-еңбектік болып ажыралады.

   Ауызша жаттығулар оқушылардың сөйлеу мəдениетінің, қисынды ойлау, ес, зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды. Жазба жаттығулардың басты міндеті игерілген білімді бекіту жəне олар бойынша қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, қолдануға бейімдеу. Оқу-еңбектік жаттығулар ерекше əдістер тобын құрайды. Бұларды пайдалану нəтижесінде оқушылар теориялық біліктерін еңбек іс-əрекеттерінде қолдануға үйреніп, еңбек құрал-саймандарымен, лабораториялық жабдықтармен қатынас жасауға дағдыланады, құрастырушылық-техникалық ептіліктерін дамытады. Оқушылардың өзіндік əрекеті мен дербес жұмыс істеуіне байланысты қалаған жаттығу қайта жасау, дағдылану, шығармашылдық сипатына ие. Оқу процесінің белсенділігін көтеру, оқу тапсырмаларының сапалы орындалуына түсіндірмелі жаттығулардың тиімділігі орасан. Бұлардың мəні – оқушы орындап жатқан əрекетіне сипаттама береді, осыдан жаттығу ісі мен білімі көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі. Лабораториялық жұмыстар əдіс ретінде оқушылардың өз бетінше арнайы приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тəжірибе не эксперимент жүргізуіне негізделген. Жұмыс дара не топта жүргізіледі. Бұл əдісті қолдану барысында оқушылар жоғары белсенділік жəне дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене араласуға мүмкіндік алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шағын мектептің тарихы мен қазіргі  жайы көрнекі құралдардың          пайдалануы.

    Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі мектептердің атқаратын ролі орасан зор. Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан  пайда болған құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің  есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер өмір сүруде.Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі. Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар. 2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде 1014 – бастауыш, 979 – негізгі және 2413 – орта мектептер жұмыс жасайды. 2004 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім беретін мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6 мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі және 364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады.

       Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық  мектептердің қазақстандық үлгі  жүйесі пайда болды. Ол басшыларға  жазған баяндама хаттарында «қазақтардың  тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің  көшпелі болуы қажет, жазда  ауылдармен бірге жайлауда, ал  қыста қыстауда болғаны жөн»  − деп, дәлелдеген. Ол 1986 жылы 5 болыстық  мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай  мектебі), Николаевскіде (Убалан  мектебі) және жетіқара мектебі,  Илецкіде (Буртин мектебі). Ал ХХ  ғасырдың басында ауылдық жерлерде  білім алудың жинақталған мектептер  жүйесінің негізі қаланды. Сол  кезде ауылдағы алғашқы қазақ  мектептерінің көбі шағын жинақты  бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны – 727, ондағы  оқушы саны –22414 болды. 1920-1921 жылдары  шағын жинақты мектептердің саны  екі есе өсті. ХІХ ғ. ІІ-жартысында  Қазақстанда әр түрлі типтегі  орыс-қазақ мектептері көптеп  ашыла бастады (басым көпшілігі  - шағын комплектілі мектептер). Ақмола  мен Семей облыстарында - мектеп-интернаттар  мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық, облыстық (1-кластық, 2-кластық – оқу мерзімі – 6 жылдық) орыс-қазақ училищелері, Жетісу мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі Ордада – старшындық және бөлімшелік училищелер ашылды.

ХХғ. бас  кезінде «Бұратана халықтарға арналған бастауыш училищелер туралы» (1906) ережеге  сай Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы және Ішкі Ордадағы барлық қазақ мектептері 1-кластық орыс-қазақ училищелеріне  айналдырылды. ХХ ғ. бас кезінде Қазақстандағы  мектептердің жанынан 32 кәсіптік бөлімше  және 270 қол еңбегін оқытатын кластар  ашылды. Түркі тілдес ұлттық мектептердің оқу бағдарламаларына қатысты алғашқы  ескертпелер 1906 жылғы «Россияның шығысында  тұратын бұратана халықтар үшін ашылған  бастауыш училищелер» туралы ережелерде берілген. «Ережеде» оқу жоспарлары ғана емес, оқу бағдарламалары, әдістемелік  нұсқаулар да берілген (арифметика бойынша да қосымшалар бар). Бірдей ортақ типтік бағдарламалар болған жоқ, жер ерекшеліктеріне қарай  мектеп директорлары бағдарламаларды  не қысқартып, не кеңейтіп, өз жағдайларына қарай үнемі өзгертіп отырды.Сонымен  бірге, бірдей оқулық та болған жоқ. Орыс, орыс-татар, кейінірек башқұрт, латыш, украин, өзбек, татар, чуваш халықтарына  арналған кітаптар пайдаланылды.Жалпы  осы уақытқа дейін шағын жинақты  мектептерде оқу-тәрбие жұмысының  мамзмұнын жақсарту, оқушылардың  білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің  назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік  ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың мазмұны  мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың  тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы  үлгідегі мектептер үшін болашақ  мұғалімдерді дайындау мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады. Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене  араласқандардың бірі – Ғ.Сүлейменов. Оның 1963 жылы «Қазақстан мектебі журналында «Аз комплектілі бастауыш кластарда  сабақ кестесін қалай жасау керек ?», 1965 жылы «Екі комплектілі мектепте оқу процесіне басшылық ету туралы», 1968 жылы Р.Мұраталиевпен бірлесе  отырып жазған «Аз комплектілі мектептерде  оқу процесін ұйымдастыру туралы» мақалалары басылды. Ғалым алғашқы мақаласында аталған мектептер үшін сабақ кестесін құрудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Ал келесі мақаласы 1 және 2, 2 және 4-сыныптарды қатар оқытудың әдістері мен тәсілдерін көрсетуге арналды. Мұнда автор алдымен шағын жинақталған мектептерде жұпталған сабақтардың, негізінен, 3 түрі болатындығын айтады: 1) екі сыныпта да жаңа материал өтілетін сабақ; 2) бір сыныпта жаңа материал, ал екіншісінде пысықтау не қайталау (немесе оқушылардың білімін тексеру) жұмысы жүргізілетін сабақ; 3) екі сыныпта да бұрынғы өтілген материал пысықталатын не қайталанатын (немесе бір сыныпта бақылау жұмысы алынатын) сабақ. Одан әрі қарай әрбір түрге байланысты сабақты жоспарлаудың және өткізудің үлгісін мысалдармен түсіндіреді. Р.Мұраталиевпен бірлесіп жазған мақаласында көрнекі құралдар, әсіресе, шағын жинақты мектептер үшін өте қажет деп есептеп, оларды қолдану жолдары туралы пайдалы ұсыныстар білдіреді.

1870 жылғы  26 наурызда жарияланған «Россияда  тұратын басқа ұлттарға білім  беру шаралары туралы заң»  мен «Басқа ұлттарға арналған  бастауыш училищелер туралы»  ереже (1906, 1907, 1913) Қазақстан мен  Орта Азиядағы ұлттық бастауыш  мектептерде бастауыш оқуды ана  тілінде оқытуға рұқсат берді.  ХІХ ғ. 70-жылынан бастап орыс-қазақ  мектептеріндегі бастауыш оқу  қазақ тілінде  жүргізілетін  болды.Орыс-қазақ мектептерінде  арифметиканы оқыту бір орынға  қарайтын оқу мекемелері басшыларының  пікірі бойынша ауызша және  жазбаша санауға, арифметикалық  амалдарды орындауға үйрету міндеттерін  шешуге тиіс болды. Арифметика  ғылым ретінде қажет деген  пікірге ерекше көңіл бөлінді.  ХІХғ. екінші жартысы мен ХХғ.  бас кезінде Ресейдің бастауыш  мектептерінде оқытылатын арифметика  бойынша 200-ден астам әр түрлі  оқулықтар, оқу құралдары, есеп  жинақтары басылды. Қазан төңкерісіне  дейінгі Қазақстанда аса кең  тараған К.П.Арженниковтың, В.А.Евтушевскийдің, Г.М.Вишневскийдің, А.И.Гольденбергтің, К.П.Бурениннің, А.Ф.Малиннің, Н.И.Паульсонның,  С.И.Шохор-Троцкийдің кітаптары еді.  Бұдан басқа орыс-қазақ училищелеріндегі  ұлт мектептеріне арналған Н.А.Бобровниковтың, С.М.Граменицкийдің, Т.Г.Лубенцтің, И.С.Михеевтің  т.б. кітаптары пайдаланылды.Қазақ  ССР Оқу министрлігінің 1987 жылы 10 маусымда «Республикадағы шағын  комплектілі мектептердің қазіргі  жайы және олардың жұмысын  жақсарту шаралары жайында» қарары  қабылданды. Ал 1975 жылғы 9 желтоқсанда  Қазақ ССР Оқу министрлігі  Коллегиясының шешімі бойынша  ШЖМ үшін орыс, ана тілі, табиғаттану  мен математикадан әдістемелік  құралдар дайындау Ы.Алтынсарин  атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Осы тапсырманы орындау үшін Бастауыш білім беру әдістемесі 1974-78 жж. «ШКМ-тегі оқыту мазмұны мен әдістемесін жетілдіру» атты зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Шағын жинақты  бастауыш мектепте математиканы оқыту  әдістемесі де кез-келген ғылым саласы сияқты екі жағдайда дамиды. Оның біріншсі - әдіскер, психолог, педагог сияқты ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асса, екіншісі – кейбір мұғалімдердің шығармашылық тәжірибелерін оқып үйренудің, оларды ғылыми түрде негіздеу, жалпылау арқылы жүзеге асады.

Қазақстанда қазақ бастауыш мектептері төл оқулықтармен қамтамасыз ету  мәселесі әріден келе жатқан, нақтырақ айтсақ, бастауыш қазақ халқының ұлы  ағартушысы Ы.Алтынсариннің өзінен алатыны, бір жарым ғасырға жуық уақыт бойы күн тәртібінен түспеген мәселелердің бірі.

«Ы.Алтынсарин орыс - қазақ  мектептері үшін математика оқулықтарын  таңдап алуға зор маңыз беріп, сол кездегі орыс бастауыш мектебінде қолданылып жүрген оқу-құралдардың  ең жақсыларын енгізуге тырысты»-дейді  Б.М.Қосанов. ХХ-ғасырдың басында М.Әуезов, А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ оқымыстылары бұл істі жаңа сатыға көтереді. Басқа  салалардың мамандары бола тұра, олар мектепті оқу құралдарымен қамтамасыз етудің зор маңызын түсініп, осы  іске бел шеше кірісті. Соның нәтижесінде  Қазан төңкерісіне дейін-ақ математика пәндерінен төл оқулықтар қазақ  балаларының қолына түсе бастады. 1920-1930 жылдары математика пәнінен оқулықтар  мен оқу-әдістемелік құралдар дайындауға М.Дулатұлы, С.Қожанұлы, К.Жәленұлы, Қ.Сәтбаев  т.б атсалысты. Сөйтіп, сол заман  тұрғысынан қарағанда, қандай да деңгейде болмасын білім дәрежесі көтеріліп, жүйеленіп бір ізге түсе бастады.

1930 жылы жеткіншек ұрпақтың  санасын өз қажетінше қалыптастыруға  бағытталған Мәскеу шенеуніктерінің  қаулылары Қазақстандағы қауырт  дамып келе жатқан бұл істі  пышақ кескендей тыйды. Яғни, математика  құралдары тек қана орталыққа  дайындалып, жергілікті жерлерде  олардың аудармаларын ғана пайдалануды  міндеттеді. Мұндай әрекетке ғалым-педагогтар  тарапынан қарсылық болды. 

       1970-1980 жылдары шағын жинақты бастауыш  сыныптағы оқыту әдістемесін  зерттеуге белсене кіріскен ғалымдарымыздың  бірі – Б.Құлмағанбетова. Ол мақалаларында  мұғалімге көмек ретінде әдістемелік  нұсқаулар беруді мақсат ете  отырып, қазақ тілі сабақтарында  өздігінен орындалатын жұмыстардың  түрлері мен оны ұйымдастыру  жолдарын көрсетуге баса мән  береді.

       1974 жылы Б.Құлмағанбетованың «Аз  комплектілі мектепте сабақты  ұйымдастыру» деген еңбегі жарық  көрді. Бұл еңбекте мынандай  мәселелер қарастырылды: 1) аз комплектілі  мектептердің қазіргі жайы; 2) аз  комплектілі мектептерде жұмыс  түрлерін ұйымдастыру; 3) аз комплектілі  мектептерде сабақты ұйымдастырудың  әдіс-тәсілдері; 4) аз комплектілі  мектептерде тіл дамыту жұмыстарын  ұйымдастыру. Автор алдымен шағын  жинақты бастауыш сыныпта сабақ  беретін мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне  шолу жасай келіп, әрбір сыныпта  оқылатын тақырыптарды, оларға қатысты  материалдарды, көрнекі құралдар мен әдістемелік жаттығуларды орынды пайдаланып, жұптасқан сабақтардың құрылысын, өздік жұмыстардың түрлерін, көлемін, оған кететін уақытты т.с.с дұрыс белгілеп алса, мұндай мектептердегі оқу-тәрбие жұмысы нәтижелі болады деген қорытынды жасайды.

Информация о работе Білім беру технологиялары