Білім беру технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:39, курсовая работа

Описание

Білім - әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі".
Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек. Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жыйнаған тәжірибесі.Бағдарламаның бөліктері: 1) пәнді оқудағы мақсат, оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары және әдістері туралы жазылған түсінік хат; 2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны; 3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт; 4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі; 5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар; 6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі; 7) ұсынылатын әдебиеттер.
Білім көзіне орай топтастырудың жəне бір реті - бұл көрнекілік əдістер. Көрнекі əдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тəуелді. Бұлардың бəрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік жəне практикалық əдістермен бірге пайдаланылады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………............... .3
1 Шағын мектептің тарихы мен қазіргі жайы көрнекі құралдардың пайдалануы………………………………………….......... .................... 7
1.1 Көрнекілікпен оқыту принципі жəне оларға байланысты оқу ережелері..................................................................................................10
2 Оқыту құралдары ....................................................................21
2.1 Оқу əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні…………………23
2.2 Оқу əдістерін топтастыру ………………….……………………..25
3 Тараудың атауы .…………………………………………55
3.1****………………………………………………………55
3.2****………………………………………………………60
Қорытынды …………………………………………………65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....………………………68
Қосымша (лар) ……………………………………………..70

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.docx

— 57.93 Кб (Скачать документ)

- мектеп  пен өндіріс орындарының байланысын  пайдалану, оқушылардың өндіріс  өкілдерімен қатынастарын оқу-тəрбие  жұмыстарының жалғасына айналдыру,  бұл үшін «оқу пəні -өндіріс»  байланысын ептілікпен бағдарлап,  қадағалап бару;

- оқушылармен  бірге «тұрмыстық қажет» сипатындағы  мəселелер мен жаттығулар түзіп,  оларды сабақ материалымен байланыстыра  шешуге дағдыландыру. Оқулықты балалар  өмірімен ажыралмас бірліктегі  қоршаған болмыс деректерімен  толықтырып баруды ұмытпау. 

- оқуды ауыл, қала, облыс, республиканың нақты  болашақ даму жағдаяттарымен  ұштастыру, аймақтың келешек дамуына  орай кəсіби бағдарлау жұмыстарын  өткізіп бару;

- проблемді  ізденіс жəне зерттеу тапсырыстары  теорияны практикамен байланыстырудың  таптырмас құралы. Оларды əрқилы  жолдармен пайдалануға тырысу;

- балаларды  еңбекке, қоғамдық жəне жеке  меншікке саналы да ұнамды  қатынас жасауға баули отырып, мұндай қатынас үлгісін мұғалімнің  өз бойынан көрсетуі.

Қорытындылай  келе, айтарымыз: принциптер əрқашан  белгілі жүйеде, бір уақытта, тығыз  байланысқан күйде іс-əрекетте комплексті, параллель жүзеге асып барады, оларды кезекпен немесе бірінің орындалуымен екіншісіне тізбекті өте, пайдалану  мүмкін емес. Принциптер арасында басты  не екінші дəрежелісі болмайды, əңгіме тек олардан туындайтын талаптардың  ауқымдылығы мен жалқылық дəрежесі жөнінде болуы мүмкін. Барша принциптер өзара кіріге ұштасқан, сондықтан  бірінің талаптары, екінші бір принцип  талаптарымен мəндік жақындыққа түсіп  жатады. Олардың бəрінің де қызметі - бағыттау, оқудың сапалы нəтижелеріне жетудің жолдарын көрсету. Білімдендіру ісін гуманизациялаудың мəні –оқушының тəн-дене жəне ақыл-ес мүмкіндіктерін сақтау жəне дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің нəтижесі оған жұмсалған оқушы күш-қуатының деңгейімен салыстырылып, бағаланады. Принциптер баланың табиғи жəне əлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салулары мен еңбек нəтижелерін қалыпты мөлшерлеп отырады, егер қандай да себептермен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің (баланс) сақталғаны.

Оқыту құралдары

Оқыту құралдары  – оқытудың біртұтас әдістемелік  жүйесінің бір компоненті (оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, әдістері, принциптері сияқты). Оқыту  құралдары заттар мен құбылыстардың  жиынтығы (В.Е.Гмурман, Ф.Ф.Королев), белгілер (модельдер), амалдар (П.Р.Атутов, И.С.Якиманская), сондай-ақ тікелей оқу-тәрбие үдерісіне  қатысушы, жаңа білімді меңгеруді  қамтамасыз етуші және ойлау қабілеттерін дамытушы (Г.С.Костюк, А.Р.Лурия, М.Н.Скаткин) сөз деп түсінеміз.  Оқыту құралдары  – бұл ақпарат алу тіреккөздері, бұл әр түрлі модельдердің жиынтығы деуге болады.

Оқыту құралдарын табиғаты әр түрлі модельдердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады, ал әрбір  модель, біріншіден, оқытылатын ұғымдарды  толығымен немесе ішінара ауыстырады; екіншіден, оқытылатын ұғым жөнінде  жаңа мәліметтер бередіОқытылатын материалдардың берілуіне байланысты модельдер  заттай-материалдық (иллюстрациялық) және идеалдық (ойлау) болып бөлінеді.Заттай-материалдық (иллюстрациялық) өз ретінде физикалық, заттай-математикалық (тура және тура емес үйлесімділік) және кеңістіктік, уақыттық т.б. болып бөлінеді. Ал идеалдық модель образдық және логикалық-заттай (баяндау моделі, аналогия моделі) болады.Заттай-материалдық (иллюстрациялық) моделін біріктірген  оқыту құралдарына приборларды, кестелерді, диапозитивтер, диафильмдер  т.б. жатқызуға болады. Ал идеалдық модельден  тұратын оқыту құралдарына бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу құралдары, әдістемелік мақалалар, мұғалімге арналған көмекші құралдар т.б. жатқызуға болады.

Оқыту үдерісінің екі жақты үдеріс екенін ескере отырып, А.П.Усова педагог пен баланың  әрекетін бөле көрсетіп, оқыту құралдарын жіктемелеудің өзіндік нұсқасын ұсынады. Осыған орай, ол дидактикалық құралдарды екі топқа бөледі. Құралдардың  бірінші тобы педагогтың іс-әрекетін қамтамасыз етеді және ересек адамның  оқытуды негізінен сөздің көмегімен жүзеге асыратынын сипаттайды. Оқытудың екінші тобында оқытуға әсере ететін құралдар етіліп, дидактикалық материалдар мен дидактикалық ойында ерекшеленеді, олар өз кезегінде білім беру міндеттерін, яғни көрнекілік пен баланың ондағы практикалық әрекетін ескере отырып құрылады.

       Шағын жинақты бастауыш мектептерді  көрнекі құралдармен жабдықтау  ісінде үлкен табыстарға қол  жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер  – Ы.Құсайынов пен Б.Құсайыновалар  болды. Олардың мектепті көрнекі  құралдармен және оқушыларға  таратып беретін дидактикалық  материалдармен жабдықтау жөніндегі  іс-тәжірибелері аудандық, облыстық, республикалық және сол кездегі  Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда  жарияланып тұрды. Құсайыновтардың  іс-тәжрибелерін таныстыратын кең  ауқымды экспозиция Мәскеудегі  ХШЖ-нің (ВДНХ) «Халық ағарту»  павильонына көрмеге жіберілді.  Осындай табыстары үшін кезінде  Ы.Құсайынов алтын медальмен,  Б.Құсайынова қола медальмен марапатталған  болатын. Кейін олардың озық  іс-тәжірибесі жеке кітапша болып  1970 жылы «Аз комплектілі қазақ  мектебі» деген атпен басылып  шықты. Бұл еңбек – мұғалімдер  үшін өте қажетті және таптырмас  көмекші құрал. Шағын жинақты  бастауыш мектеп мұғалімдері  Құсайыновтар ойлап тапқан жиналмалы  тақтаны (универсальная доска), сондай-ақ  сызба-кестелерді, дидактикалық карточкаларды,  лотолар мен грамматикалық ойындарды  өз жұмыстарына еркін пайдалана  алады. 

А.П.Усова  ұсынған дидактикалық құралдардың  жіктемесі М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиннің құралдарына сәйкес келеді. Бұл ғалымдар оқыту құралдары ақпаратты беру ненің – сөздің, көрнекіліктің, практикалық  әрекеттің көмегімен қамтамасыз ету деп түсінеді.

 

 

 

 

 

Оқу əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні

 

Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне тəуелді.

Оқу əдісі  – білім игеру мақсаттарына қол  жеткізуге бағытталған оқытушы  мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік  қимыл - тəсілдері. Оқу мақсаты жолындағы  ұстаздың оқыту жұмысы мен шəкірттің  оқып- үйрену əрекеттерінің өзара  байланыстылығы жəне анайылығы осы  оқу əдісінен көрінеді.

Дидактикада кең қолданым тауып жүрген жəне бір  түсініктер легі –бұл “оқу тəсілі”  жəне “оқу ережелері”.

Оқу тəсілдері- оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы “əдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі  ұғымды өз алдына шектеп болмайды, олардың  ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей  жағдайларда əдіс педагогикалық  міндетті шешудің дербес жолы есептелсе  жəне бір ықшам оқу-тəрбие мəселесіне орай- тəсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша əдіспен (түсіндіру, əңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі  құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік –тəсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің  негізгі құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік - əдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-əрекеттерінің бəрі тəсіл болып есептеледі.

Сонымен, əдіс көптеген тəсілдерден құралады, бірақ олардың жəй жиынтығын  білдірмейді. Тəсілдер арқылы оқытушы  мен оқушының оқу жұмыстарын орындаудағы  өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу  субъекттері іс-əрекеттеріне даралық  сипат береді.

Оқу ережелері (дидиактикалық ережелер) – оқу  процесінің қалыпты педагогикалық  жағдайларында қандай жəне қайтіп əрекет жасау қажеттігін көрсететін нақты  ұсыныс.

Ереже əрқандай тəсілдің сипаттамасы, норматив моделі есебінде қолданылады. Нақты міндет шешіміне пайдаланатын ережелер жүйесі - əдістің норматив-сипаттама моделін  құрайды.

Оқу əдістері – тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің  мақсаттарына, мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен  оқу əдістері де өзгеріске келеді.

Қоғамдық  дамудың алғашқы кезеңдерінде өскелең  əулетке тəжірибе өткізу ересектер  мен балалардың бірлікті іс-əркеттік процесінде орындалып жатты. Бұл  дəуірлердегі басты оқу əдісі  еліктіру, еліктеу жолымен іске асты. Ересектер қалай əрекетке келсе, балалар соны қайталап, қорек табу, от жағу, киім-кешек дайындау ж.т.б. үйренді. Негізгі оқуды өзгертпей, қайта  жасау (репроедуктив), (“мендей етіп істе”) əдісі алынды. Кейінгі замандардағы барша əдістер осы қайталай жасау  əдісінен өз бастауларын алды.

Мектептердің  ресми формаларының ұйымдастырылуы заманынан оқудың сөздік (ауызша) əдістері пайда болды. Мұғалім дайын ақпаратты  сөзбен жеткізіп отырды, оқушылар оны  есіте отырып, игерумен болады. Қоғамға  жазудың келуі, кітап баспасының өркендеуі, білімді жария етуде, жинақтауда жəне əулеттен əулетке жеткізуде (код) таңбаны пайдалануға мүмкіндік  берді. Енді сөз негізгі ақпарат  ұсыну құралына айналып, ал кітап  бойынша оқыту мұғалім мен  оқушының ең көп тараған өзара  ықпал жасау əдісі болды.

Кітап əрқилы қолданылды. Ортағасыр мектебінде оқушылар негізінен діни мазмұндағы мəтіндерді қарадүрсін жаттаумен шектелді. Осыдан жалаң, жаттанды оқу (догматикалық) əдісі  үрдіске айналды. Бұл əдістің  сəл жетілген түрі сұрақ қою, дайын  жауаптар берумен (софистика) байланыстырылды.

Ұлы жаңалықтар ашу жəне ойлап табу дəуірінде  бұрын оқытудың жалғыз- ақ жолы болған сөздік əдіс өз маңызын жоғалта бастады. Өркендеудегі қоғам қажетіне орай оқу  процесіне бақылау, эксперимент, өзіндік  жұмыс, жаттығу, яғни оқушыда белсенділік, саналылық, ынталылық оятуға бағытталған  əдістер ене бастады. Көрнекі  оқу əдісі де кең тарады.

XІХ-ХХ  ғ.ғ. шектерінде сөздік əдіске  балама ретінде бала қажеттері  мен қызығуларын біршама толық  ескеретін, оның өзіндік əрекеттерінің  дамуына жол ашатын эвристикалық (шығармашылдық) əдіс маңызды  орын иелей бастады. “Кітаби”  əдістердің орнына “табиғи ”  əдістер келді. Яғни оқу шынайы болмыс, қоршаған дүниемен байланыстырылатын болды. Ұстаз бен оқушыны енді оқудың практикалық əдістерін қажет ететін “іс-əрекет арқылы оқып- үйрену” əдісі қызықтыра бастады. Мұндай оқуда қол еңбегіне, еңбекпен байланысты іс-əрекеттерге, сонымен бірге оқушылардың кітаппен жұмыс істеуіне көп мəн беріліп, балалардың өз тəжірибесі негізінде дербестік қабілетін дамыту басты назарға алынды. Шамалап ізденіс, зерттеу əдістері қалыптасты.

Дегенмен, білім дамуының əр кезеңдерінде қолданымға келген əдістердің қай-қайсысы да өз бетінше жеке қажетті педагогикалық  нəтижені қамтамасыз ете алмайды. Оқу  əдістерінің əрбірі өз алдына əмбебап  қызмет атқармайды. Оқу барысында  əрқилы əдістерді өзара байланыстыра қолдану, пайдалану ғана тиімді өнімін береді.

2. Оқу əдістерін топтастыру 

Осы заманғы  педагогикалық процесте қолданылатын əдістер саны, түрі орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі  туындайды. Бұл оқу əдістеріндегі  жалпылық пен жалқылықты мəнділік пен  кездейсоқтықты анықтауға жəрдемдеседі, оларды мақсатқа орай əрі тиімді пайдалануға  себін тигізеді.

Қазіргі күнде педагогикада əдістерді топтастырудың  үш жолы кең танылған.

1. Оқу  əдістерін дидактикалық мақсаттарға  орай топтастыру.

Мұндай  топтастыруға байланысты əдістерді  бөлу ең алдымен оқу мақсатын назарға  алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына  қол жеткізуге бағытталған мұғалім  əрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген əдістер тобына енетіндер:

- білім  жинақтау əдісі; 

- ептілік  жəне дағды қалыптастыру əдісі; 

- білімді  қолдану, пайдалану əдісі; 

- білім,  ептілік, дағдыларды бекіту мен  тексеру (бақылау) əдістері.

2. Оқу  əдістерін білім көзі бойынша  топтастыру.

Тəжірибеде  негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік, іс-əрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба  сөз қызмет етеді); көрнекі əдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) жəне іс-əрекеттік əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).

Оқу əдістері жүйесінде басты орын сөздік əдістерге  беріледі. Олар-əңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дəрісбаян (лекция), кітаппен жұмыс.

Əңгімелеу – оқу материалын тыңдарманға  сипаттама не баян формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.

Түсіндіру – бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мəнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен  дəлелдеп, оқушы санасына енгізу. Сұхбат – оқудың диалогтық əдісі: педагог  бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны  жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді.

Дəрісбаян (лекция) - көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Дəрісбаянның басқа  сөздік əдістерден өзгешелігі – қатаң  құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы  қисынды, білім мəнін ашу жүйелікке  негізделеді.

Дəрісбаян ғылыми-көпшілік жəне академиялық болып  ажыралады. Өткен материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дəрісбаяндары қолданылады.

Қазіргі кезеңде дəрісбаян əдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен  жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок) тəсілін пайдалану  қажетттігінен туындап отыр.

Оқу сөз-жарысы (дискуссия) əдіс ретінде нақты проблема бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы оқушының ой-пікірі өзінің меншікті шешімі не басқа  тұлғалардың ғылыми –теориялық ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз –жарысының басты қызметі –шəкірттердің  танымдық ұмтылыстарына дем беру.

Информация о работе Білім беру технологиялары