Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 22:03, курсовая работа
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым – қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой – пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт – бағдар беру, істің дұрыс – бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт.
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым – қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой – пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт – бағдар беру, істің дұрыс – бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт.
Ұлы Абайдың “Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?” деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев.
Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Пестолоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В. А. Сухомлинский, С. П. Шацкий және Н. К. Крупская өз пікірін білдірген.
Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс - әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану – болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.
Я. А. Коменский “Ұлы дидактика” деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден – бір құралы ретінде ойынды айтуға болады.
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар айналысқан. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Адам іс - әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс - әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді, Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс - әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс - әрекеттер бала үшін қажетті. Балаларға ақыл – ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат – мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп, бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа ынтасын арттыру, ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту, ауызша және жазбаша тілін жетілдіру, сауатты жазуға, ойлылыққа, тапқырлыққа баулу мақсатын жүзеге асыруда ойынның алатын орны ерекше. Оқушылар ойын кезінде өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Бұл туралы А. Н. Леонтьев: “Ойын – іс - әрекеттің ерекше түрі, онда негізгі желі іс - әрекеттің мазмұнында жатыр” деп айтқан. Ойын – баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс - әрекеттің мақсат – бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыру ға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екіншіден – баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл – ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі. Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті ХҮІІІ ғасырда Руссо былай деп жазған: “Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек”.
Үлкендер үшін қарым – қатынас құралы тіл болса, ал балалар үшін ойын және әр түрлі іс - әрекет болып табылады.
“Ойын” ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:
- ойын – сауық;
- коммуникативтік немесе қарым – қатынастық;
- диагностикалық (ойын барасында өзін - өзі тану);
- коррекциялық (өзін - өзі түзету);
- әлеуметтендіру.
Әлі де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол ұжымдық әрекет болып табылады. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір – біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір – біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның ерекшелігі
Құрылыс ойындары. Оқытушы мақсат көздеген, үйретуші және бағыттаушы басшылығы балалардың өнерпаздығымен, белсенділігімен дұрыс ұштасқанда ғана құрылыс ойындары ықпал жасай алады. Бұл тұрғыда мұғалім мына міндеттерді жүзеге асырады:
- Балалардың ұғымын кеңейту және олардың назарын құрылысшылардың еңбегіне, олар пайдаланатын техникаға тәрбиелеу;
- Құрылыс тәсілдеріне үйрету, ойнау дербестігі мен белсенділігін, конструкциялық қабілетін тәрбиелеу және дамыту;
- Баланың еңбексүйгіштігін қалыптастыру, өзара дұрыс қарым – қатынасын дамыту, оларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Қимылдық ойындар. Қимылдық ойындар кезінде баланың қозғалу ритміндегі, қимыл шапшаңдығына байланысты қозғалыс сымбатындағы жарасымдық пен әсемдік олардың эстетикалық сезімін де тәрбиелейді. Жүгіріп ойнауда бала бәрінен де бұрын оңға, солға, алға, кейін деген сияқты бағдарлау істерін тәжірибе жүзінде игереді. Қимыл қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдік пен қалыптылықтан, ептіліктен, ерекше мәнерлілікпен көрінеді. Қимылдық ойындар мазмұны жағынан 2 топқа бөлінеді:
1. Сюжетті ойындар
2. Сюжетсіз ойындар
Сюжетті қимыл – қозғалыс ойындары шартты формада өмірлік немесе ертегі оқиғасын бейнелейді. Балаларды ойында шығармашылықпен көрінетін ойын бейнелері қызықтырады. Мысалы, “Мысық пен тышқан”, “Қарақұлақ”, “Қасқыр қақпан”, “Қоян”, т.б.Сюжетті қимыл – қозғалыс ойындары балаларды өздерінің түсінікті мақсатқа жетуге жетелейтін, балалар үшін қызықты қимыл тапсырмаларынан тұрады. Олар өз кезегінде ойындардың тоқтап жүгіру, ұстап алу және осы сияқты үлгілеріне бөлінеді: “Кімнің тобы тез сапқа тұрады?”, “Кім өз жолаушысына тез жетеді”, “Кім шертті?”, “Икемді тал”, т.б.
Ұлттық ойындар.
Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан тәлім – тәрбиелік маңызы зор мұралараның бірі. Бұл ойындардың мақсаты – елін, жерін, халқын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу жолында халықтың бар өнерін, құндылықтарын қолдану. Ұлт ойындары тақырыбына, мазмұнына, көздеген мақсатына байланысты, негізінен, үш салаға бөлінеді. Атап айтқанда: ойын – сауық, тұрмыс – салт ойындары және оймен келетін ойындар. Шындап келгенде ұлт ойындары ауыз әдебиетінің бір саласы. Олай болса, ұлан – байтақ қазақ даласына ауызекі тарай келіп, ол түрленіп, өзгеріп отырған. Ұлт ойындарының басым көпшілігі тұрмыс – салтты, соған орай жануарлар әлемін: аңшылықты бейнелейді. Ұлт ойындары адам баласының ұжымдық шығармашылығы және орындалуы да көбіне ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым – қатынасқа әрекеттенуге, тәрбиеленуге мүмкіндік мол.
Дидактикалық ойындар – оның аты айқындап тұрғандай, баланың ақыл – ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі.
Дидактикалық ойындар дегеніміз оқыту мақсатын жүзеге асыруға арналған ойындар. Дидактикалық ойындар оқушының байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады.
______________________________
Дидактикалық ойын баланы қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі. Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып, оқушылардың сөздік қорын арттырады, ақыл – ой қызметін қалыптастырады. Дидактикалық ойын баланың пікірін сөзбен жеткізуді талап етеді
Дидактикалық ойындар педагогика ғылымының дидактика тарауында қарастырылады. Себебі, дидактика – бұл оқу, және білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым. “Дидактика” термині грек тілінен енген, аудармасы “үйретуші” дегенді білдіреді.
1.1. Дидактикалық ойындар және олардың түрлері
Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ойын – дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта – ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дидактикалық ойындарға қойылатын бірінше талап – оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар:
а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
б) ойын барасында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету;
в) баланың ойын барысында жеткен оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор.
Дидактикалық ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.
С.А.Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
- еркін дамытушы іс - әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты;
- әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы;
- ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.
Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай – ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.
Дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажет.
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс - әрекет сиаптына, ойн құрылымына сәйкес жіктемелері бар. (Л. А. Ленгер, О. М. Дьяченко, Т. К. Жикалкина, т.б.)
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын – саяхаттар
Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық – оңай жолмен; қажеттілер – қызық жолмен беріледі.
2. Ойын – тапсырмалар
Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын – болжамдар
Бұл ойындар “Не болар еді ...?”, “Мен не істер едім, егер ...” деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен әрекет ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
4. Ойын – жұмбақтар
Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.