Дидактикалық ойындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 22:03, курсовая работа

Описание

Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым – қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой – пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт – бағдар беру, істің дұрыс – бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт.

Работа состоит из  1 файл

дидактикалык ойындар.doc

— 180.00 Кб (Скачать документ)

-     Ұшты, ұшты, тұлпар ұшты!  (Қол көтерілмейді)

-     Ұшты, ұшты, қарға ұшты!    (Қол көтеріледі)

-     Ұшты, ұшты, арба ұшты!      (Қол көтерілмейді)

-     Ұшты, ұшты, үйрек ұшты!  (Қол көтеріледі)

-     Ұшты, ұшты, бүйрек ұшты!      (Қол көтерілмейді)

-     Ұшты, ұшты, қыран ұшты!      (Қол көтерілмейді)

-     Ұшты, ұшты, жылан ұшты!      (Қол көтерілмейді)

         Осылайша жүргізілген ойында жаңылыспаған ойыншы жеңеді.

         Ойынның аты: “Жануарлар қалай дыбыстайды?”

         Ойынның мақсаты: Балалардың тілін ұстарту.

         Ойынның шарты: Ойынға қатысушылар өздері білгенінше жануарлардың қайсысы қалай дыбыстайтынын айтады. Кім көп білсе, сол “дәрігер” болып саналады да, қалғандарына “ем” белгілейді. Ем дегеніміз айыпрі. Мысалы: Айгүл - өлең, Болат – жаңылтпаш айтсын, Таубай – жұмбақ шешсін, т.с.с.

         Жануарлардың дыбыстауын ең көп білетін бала, былай түсіндіреді:

Жылқы – кісінейді, шұрқырайды, азынайды.

Сиыр – мөңірейді, өкіреді.

Қой, ешкі – маңырайды.

Түйе – боздайды, сарнайды.

Шошқа – шыңғырады, қорсылдайды.

Ит – үреді, ырылдайды, арсылдайды, қыңсылайды.

Мысық – мияулайды.

Тышқан – шиқылдайды.

Қаз – қаңқылдайды.

әтеш – шақырады.

Торғай – шырылдайды.

Бұлбұл – сайрайды.

Қарға – қарқылдайды.

Сауысқан – шықылықтайды.

Шыбын – ызыңдайды.

Жылан – ысылдайды, суылдайды.

Бақа – бақылдайды.

Аю – ақырады, өкіреді

         Ойынның аты: “Ұйқасын тап!”

         Ойынның мақсаты: Балаларды өлең құрастыруға баулу.

         Ойынның шарты: Өлең жолдарында айтылуға тиісті ұйқас сөздерді табу.

                        Қайсы күні қандай сабақ,

                        Қалай менің үлгерімім?

                        Еш жаңылып қалмай, санап

                        Жүреді ылғи ... .                      (күнделігім)

                        Ой маржанын тере білген

                        Әр жазушың, әр ақының.

                        Әр сөзіңді емемін мен,

                        Ана сүті -  ... .                      (“Ана тілім”)

                        Достастырып әріптермен,

                        Білімге жол салып берген,

                        Алдымнан шам жағып берген

                        Айналайын   ... .                      (“Әліппемнен”)

                        Мекендеген портфелімді,

                        Беттер аппақ, ақ көңілді.

                        Қызаратын қатем үшін

                        Кірлетпеймін   ... .                      (дәптерімді)

         Ойынның аты: “Сөз ойыны”

         Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын арттыру.

         Ойынның шарты: Өлеңдегі қарамен жазылған сөздердегі әріптерді пайдаланып, басқа мағынадағы сөздер құрастыру. Мысалы: балмұздақ – мұз, бұл, бала т.с.с.

                        Балаға да,

                        Ағаға да -

                        Пайдасы мол аңдағанға.

                        Қызықты бұл ойын түрі,

                        Қызықтайық біз де мұны.

                        Бұрын ойнап көріп пе едің?

                        Жеке бір сөз әріптерін

                        Алды – артына таратамыз,

                        Жаңа сөзге жаратамыз

                        “Балмұздақтан” пәлен сөзді,

                        “Тоқылдақтан” түген сөзді,

                        “Оспақшылдан” он бес сөзді,                                                           

                        “Жүзтаныстан” жүз бес сөзді,

                        Құрастырып, тіл ұштаймыз,

                        Сөз ойынын қызықтаймыз.

         Ойынның аты: “Мағынасы қандай?”

         Ойынның мақсаты: Оқушыларды сөздердің мағыналарын ажырата білуге үйрету.

         Ойынның шарты: Өлең жолдарына сүйеніп, қарамен жазылған сөздердің мағыналарын түсіндіру.

                        Қайыпбайдың, қарашы,

                        Қандай ерке баласы.

                        Нан жемейді нансаңыз,

                        Тек қант пен бал – асы.

                                  * * *

                        Тұр уылжып жемістер,

                        Еңбек қызды егісте.

                        Күз – береке,

                        Күз – ырыс,

                        Тер сіңіріп,

                        Жеміс тер!

                                  * * *

                        - Үй бола ма ауласыз?

                        Қоршап таста бау – бақты, -

                        Деп ем,

                        Інім:

                        - Аула сыз

                        Тартады, - деп зар қақты.

         Ойынның аты: “Қос буыны да бір сөз,

                                       таба алады кім тез?”

         Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын арттыру, тілдерін ұстарту.

         Ойынның шарты: Өлеңнің ұйқасына орай қос буыны да бір сөзден тұратын тіркестерді атау.

                        “Тықыр тері” демейді,

                        “Елтірі” – ол да келмейді.

                        Марқа қозы терісін,

                        Білсең айтшы, не дейді?

                        - ?

                        - Егер сөзге сенсең,

                        Дейді оны ... .   .                      (Сеңсең)

                                  * * *

                         - Өте ұқсас бұл сырттай

                        Күнбағысқа құп – құрттай.

                        Сарғыш гүлі біртіндеп,

                        Шарланады үлпілдеп.

                        Бақта өседі ол қаптап,

                        Бұл не?

                        Ойлан, бол, тап, тап!

                        - ?

                        - Бұл кәдімгі ... .                      (Бақбақ)

         Ойынның аты: “Жұмбақ зат”

         Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін  арттыру, тілдерін ұстарту.

         Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді. Мұғалім не бір оқушы сол заттың ерекшелік терін жұмбақ етіп жеткізеді. Қалған оқушылар ыдыстың ішінде не жасырылғанын табулары тиіс.

         Ойынның аты: “Сұрақ - жауап”

         Ойынның мақсаты: Оқушыларды мақал – мәтелдерді тез есте сақтап, оны дәл уақытында еске түсіре білуге үйрету

         Ойынның шарты: Оқушыға белгілі бір мақалдың негізіне құрылған сұрақтар ұсынылады. Ал оқушы сұраққа тиісті мақалмен жауап беруі керек.

Мысалы:

                         - Елдің атын кім шығарады?

                        - Елдің атын ер шығарады.

                        - Әдепті бала қандай бала?

                        - Әдепті бала – арлы бала.

                        - Әдепсіз бала қандай бала?

                        - Әдепсіз бала – сорлы бала

         Ойынның аты: “Диалог - ертегі”

         Ойынның шарты: Мұғалім не бір оқушы ойдан шығарып кез келген бір әңгіме немесе ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар бір – бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, мұғалім былай бастайды: “Ертеде бір байдың еркетотай ұлы болыпты...”. Бірінші оқушы: “Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп адасып кетіпті...” – десе, екінші оқушы одан ары жалғастырады: “Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса,алдынан бір ешкі кезігіпті...”. Міне, ертегі осылай жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтауы тиіс. Кімде – кім ертегі ішіне қызғылықты оқиға кірістіре алса, соның еңбегі жоғары бағаланады.

         Ойынның аты: “Лимерик”

         Бұл ойынды Эдвард Лир деген ағылшын ойлап тапқан.

         Ойынның шарты: Белгілі бір құрылымға бағынатын мазақтама, күлдіргі өлең шығару. Ол құрылым бойынша өлең бес тармақтан тұруы шарт. Сонымен бірге әр тармаққа сілтеме беріледі. Айталық, бірінші тармақ – кейіпкер, екінші тармақ – кейіпкерге мінездеме, үшінші, төртінші тармақ – қимыл - әрекет, оқиға, бесінші тармақ – оқиғаға автордың көзқарасы, кейіпкердің іс - әрекетіне  бағасы.

 

 

  Мысалы:

         Болыпты бір пенде            кейіпкер

         Өзі аңғал, әпенде               мінездеме

         Түбі тесік шелекпен          қимыл - әрекет, оқиға

         Су тасыпты күн ұзақ  

         Әй, жарымес әпенде         автордың көзқарасы.    

         Ойынның аты: “Сұрақ – жауапқа құрылған хат”

         Бұл ойынды итальян жазушысы Дж. Родари ойлап тапқан.

 

         Ойынның шарты: Алты оқушыға алты түрлі сұрақ беріледі. Сол сұрақтарға оқушылар жазбаша түрде жауап береді. Бірақ бұлар кез келген сұрақтар емес. Белгілі бір қалыпқа түскен сұрақтар.

         Бірінші сұрақ: “Кім? Не?” (яғни бір оқушы зат есімнен болған кез келген сөзді қағазға жазады.)

         Екінші сұрақ: “Қай жерде?” (яғни жатыс септігіндегі тұрған кез келген зат есімді екінші оқушы жазады.)

         Үшінші сұрақ: “Не істеді?” (оны үшінші оқушы жазады)

         Төртінші сұрақ: “Ол не айтты?” (бұл сөйлем төл сөз түрінде берілуі қажет. Оны төртінші оқушы орындайды.)

         Бесінші сұрақ: “Адамдар не деді?” (бұл сөйлем де төл сөз түрінде берілуі шарт. Ол – бесінші оқушының міндеті.)

         Алтыншы сұрақ: “Оқиға немен тынды?” (бастауышы жоқ бір – ақ сөйлем. Оны алтыншы оқушы орындайды.)

         Бір қызығы әр оқушы қандай сұрақ берілгенін білсе де, олардың қандай жауап жазғанын білмеуі тиіс. Әйтпесе ойын шарты бұзылады. Ойын аяқталғаннан кейін, мұғалім әр оқушының жауабын біріктіріп, тұтас мәтін құрайды да, балаларға оқып береді. Сол кезде әрі қызғылқты, әрі күлкілі шығуы мүмкін. 

         Мысалы:

         а) Құмырсқа

         Қонақта

         Топырақ жеді

         Ол айтты: “Мен бақыттымын”

         Адамдар: “Ғұмырың ұзақ болсын”, - деді.

         Құмырсқа жарылып өлді.

         ә) Шегіртке

         Мектепте

         Доп тепті.

         Ол айтты: “Мен кетемін”      

         Адамдар: “Біз де кетеміз”, - деді.

         Шегіртке сылқ – сылқ күлді.   

         Осы екі мысалдағы соңғы сөйлемге назар аударыңыздар. Оқушылар соңғы сұраққа бастауышсыз сөйлем құрайды: “жарылып өлді” немесе “сылқ – сылқ күлді” т.с.с. Бастауышын мұғалім мәтін құрағанда өзі қосып айтады: “ҚҰмырсқа жарылып өлді” немесе “Шегіртке сылқ – сылқ күлді”. Әрине, жауап барлық уақытта ұтқыр шыға бермеуі мүмкін. Дегенмен, бұл - өте тартымды ойын. Әсіресе сабақ үстінде жүргізсе, оқушылар сергіп қалады, сабаққа зейіні арта түседі.

         Ескерту. Бұл ойынды ойнатарда мұғалім сыныптағы оқушы лардың дайындық  деңгейін ескеруі тиіс.

         2 – сыныпта ойынның алғашқы үш сұрағымен шектелуге болады. Осылайша бірте – бірте күрделену арқылы оқушылар мәтін құрастыруды үйренеді.     

                   

         Ойынның аты: “Жалғасын тап”

         Ойынның шарты: Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөздер жазылады. Олардың қалған сөздерін оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.

1.Ұяда ... ...                                      3. Ата көрген ... ...

   Ұшқанда ... ...                                   Ана көрген ... ...

2. Көп ...                                           4. Істі ... ...

    Терең ...                                             Икемді ... ... т.б.

         Ойынның аты: “Жылдам жауап”

Информация о работе Дидактикалық ойындар