Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 22:03, курсовая работа
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым – қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой – пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт – бағдар беру, істің дұрыс – бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт.
Ойынның шарты: Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал – мәтелдермен дұрыс әрі жылдам – жылдам жауап берулері керек.
Әзіл аралас сұрақтар:
1. Қар жана ма?
2. Келіннің сөзі қандай, баланың сөзі қандай?
3. Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?
4. Ананың сүті мен баланың тілі бірдей дейді. Сонда қалай?
5. Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?
6. Адамның қай жеріне нан піседі?
7. Сиырдың сүті қай жерінде?
8. Қандай бала сүйкімді?
9. Қандай кілт аспанда болады?
10. Тауық түс көре ме екен?
Ойынның аты: “Сөйлем қуаласпақ”
Ойынның мақсаты: Берілген сурет мазмұны бойынша бірте – бірте жүйелі ойды білдіретін сөйлемдер құрастыру арқылы жазуға үйрету.
Ойынның шарты: Оқушылардың бірі сурет мазмұны бойынша бірінші сөйлемді ойлап табады. Одан кейін екінші, үшінші, т.б. сөйлемдерді әңгіме реті бойынша келесі оқушылар ойлап, толықтырады. Сөйтіп, балалар сурет мазмұнын әңгіме түрінде толық жазып шығады.
Ойынның аты: “Сөйлем құра”
Ойынның шарты: Оқушыларға екі заттың суретін көрсету арқылы сөйлем құрату.
Мысалы: алма мен аю
1. Аю алманы көрді.
2. Аю орманда жүріп келе жатып, алманы көрді.
3. Алма ағашын көрген аю тез жинап алғысы келді.
Ойынның аты: “Бізде”
Ойынның шарты: Мұғалім балаларға бір әңгімені бастап айтады. Әр сөйлемнен кейін балалар “бізде” деп отырады. Егер олардың біреуі “бізде” деп қате айтса, ойыннан шығып отырады.
1. Мен өзенге бардым.
2. Онда үйрек ұстап алдым. Бізде
3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. Бізде.
Ойынның аты: “Ертегіні аяқта”
Ойынның шарты: Ертегі сәтсіз болса, сәтті аяқтау.
Мысалы: Ешкі апан ішінде қалып қояды. Ешкі апаннан қалай шығар екен? (ары қарай оқушы ойы)
Ойынның аты: “Ұқсату”
Ойынның шарты: Бір – біріне ұқсамайтын, байланыс пайтын суреттерді беріп әңгіме жаздыру.
Мысалы: күн, кітап, қасқыр, кесе, тамақ, сабын, т.б.
Ойынның аты: “Жұмбақ құрастыр”
Ойынның шарты: Етістігі берілген немесе соңғы сөзі берілген сөйлем беріледі. Соған сай жұмбақ құрастырады.
Мысалы: .... .... тынығады,
.... .... зымырайды. (шана)
Ойынның аты: “Режиссер”
Ойынның шарты: Берілген тақырып бойынша диафильм жасайды. Ол үшін дәптердің бетін алдымен екіге, сосын тағы екіге бүктейді. Оларға нөмірлер қойып, әр бөлікке тақырыпқа сай бейнелер салады. Оларды әңгімелеп береді.
Мысалы, «Алтын күз» тақырыбына диафильм жасау.
Ойынның аты: “Жаңылмаймын жаңылтпаштан”
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сөйлеуге, дұрыс оқуға тәрбиелеу.
Мысалы:
Жаңылтпаштарымнан жаңылысыңқырағандарың
Жаңылысыңқырамағандарыңды
Жаңылыстырмасаңдарсайшы.
Ойынның аты: “Мақал–мәтелдер айтудан жарысайық”
Ойынның мақсаты: Оқушыларға тәрбиелік мәні жоғары, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді үйрететін мақал – мәтелдердің мағынасын өздеріне тапқызып, тәрбиелік мәнін өз пікірлерімен айтып беру қабілеттері тәрбиеленеді.
Ойынның шарты: Бұл ойында мұғалім әрбір топтың алдына келіп, бір сөз айтады. Оқушылар осы сөз мағынасына қарай мақал – мәтелдерді көптеп табуға жарысады.
Мысалы, мұғалім бірінші топтың алдына келіп, өтірік сөз деді, оқушылар өтірік сөздің жолы қысқа екендігін айтып, мынадай мақалдар табады:
1. Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді жан табар.
2. Өтпес пышақ қынға қас,
Өтірік сөз жанға қас.
3. Өтірікшінің шын сөзі зая кетер
4. Өтірік деген дұшпан бар,
Отқа сүйреп салады, т.б.
Мұғалім екінші топтың алдына келіп, ұрлық деді. Оқушылар ұрлық туралы бірнеше мақалдар айтуға тиіс.
1. Көп жортқан түлкі терісін алдырар
2. Ұрлық түбі – қорлық
3. Жаман ұры жанындағысын қармайды, т.б.
Ойынның аты: “Жалғасын тап”
Ойынның мақсаты: Оқушылар үлкенді сыйлауға, мінез – құлықтарын жас кезден бастап қадағалауға, адамгершілік іс - әрекеттерді орындауға тәрбиеленеді.
Ойынның шарты: Жасырылған мақал – мәтелдердің екінші сыңарын табу. Тәлім – тәрбиелік маңызы жоғары мақал – мәтелдер алдын ала іріктеліп, кеспе қағаздарға жазылады. Мұғалім алғашқы қатарлары жазылған мақал – мәтелдері бар кеспе қағаздарды оқушыларға таратып береді. Мысалы,
1. Адам болар баланың,
Кісіменен ісі бар.
Адам болмас баланың,
...
2. Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без,
...
3. Көп оқыған білмейді,
...
4. Әдептілік – адамдықтың белгісі,
...
Санамақтар
Мқсаты: Оқушылардың тілін ұстарту әрі санауға үйрету
Бес саусақ
Бас бармағым,
Бақташы бол!
Қырағы көз,
Сақ малшы бол!
Сұқ саусағым,
Сауыншы бол!
Өнеріңе
Табынсын ел!
Ортан қолым,
Орманшы бол!
Күллі орманға,
Қорғаншы бол!
Аты жоғым,
Аспазшы бол!
Өз қолыңнан
Дәм татсын ел!
Шынашағым,
Бақшашы бол!
Жемісіңді
Мақтасын ел!
Мұндай ойындар оқушының ой жалғастыру, сөйлемді дұрыс
құрау дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық ойлау қабілеттерін тәрбиелейді.
Қазақ тілі сабағында көп қолданылатын шаралар мен анаграммалар дидактикалық ойындары оқушылардың байқампаздығын, ізденімпаздығын, продуктивті ойлау қабілеттерін тәрбиелейді.
Оқушылар ойынына үнемі дұрыс басшылық етіп отыру – ой - өрісінің, өмір тәжірибесінің жан – жақты қалыптасуына байланысты жүргізілетін жұмыстардың басты бір бөлігі.
Бастауыш мектеп мұғалімдері баланың ойындарына дұрыс жетекшілік көрсету және мақсатқа лайықталып алынған ойындарды қолдану арқылы оның өзін ғана дамытып қоймайды, онда жақсы психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Қорытынды
Дидактикалық ойынның ролі ерекше. Дидактикалық ойындар тіл меңгерудің құралдарының бірі болып табылады. Ойын үстінде бала ешнәрсеге тәуелсіз, өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз – барлық дамудың баспалдағы. Олай болса, тәрбиенің баға жетпес құралы ретінде де ойынның айтарлықтай
ролі бар. Ойын үстінде бала тілдің ішкі иірімдерін, ойлау жүйелерін, сөз қолдану әдістерін, сөйлеу дәстүрлерін, тілдік психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, еркін білуге мүмкіндік алады.
Дидактикалық ойындар – оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыратын, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын ойын әдісінің бір тәсілі. Дидактикалық ойындар арқылы қазақ тілін меңгерту барысында оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, тілдік қарым – қатынасқа еркін түсуін дамытуға басты назар аударылады. Мұның себебі, оқушыларға қазақ тілінің бай мұраларын игерту және әдеби шығармалардың түрлерін меңгерту мақсатында туындап отыр. Сондықтан,қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгеру барысында мынадай негізгі талаптар ескерілуі қажет:
1. Оқу жоспарына сай оқыту процесінде дидактикалық ойындарды қолдану жолдары;
2. Дидактикалық ойындардың оқушыларға дамытушылық әсерінің себептері;
3. Оқушылардың мұғаліммен және өзара қарым – қатынасқа түсу формалары;
4. Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға тілдік материалдарды игерту әдіс – тәсілдері;
5. Дидактикалық ойындарды оқушылардың танымдық, білімдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру дәрежесіне қарай дұрыс таңдай білу жолдары;
6. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолдары;
7. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын туғызу жолдары;
8. Қазақ тілі заңдылықтары мен ерекшеліктерін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту оқушылардың білімін тереңдетуге, тіл мәдениетін жетілдіруге септігін тигізетіндігі.
Бастауыш сыныптың оқу процесінде, қазақ тілі сабағында ойын түрлерін пайдалану – бағдарламада анықталған білім, білік, дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай – ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптағы ана тілі сабағында ойын түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады, үшіншіден оқушылардың танымдық процестерінің одан әрі дамуына көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Әбиев Ж. Ә., Бабаев С. Б.,Құдиярова А. М. Педагогика.
2. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. Алматы, 2002 ж
3. Бабанский Ю.К. Организация учебно-воспитательного процесса.
4. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі Алматы, 2003 ж
5. Майғаранова Ш. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері
6. Т. С. Сабыров. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары.
7. Ильина Т. Педагогика.
8. Педагогика және психология қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі
9. А. С. Макаренко Балалардағы тәрбиелеу туралы лекциялары Алматы, 1952 ж
10. Педагогикалық энциклопедия
11. Жаңа буын бастауыш сыныптарға арналған “Қазақ тілі” оқулықтары
12. Жаңа буын бастауыш сыныптарға арналған “Қазақ тілі” оқулықтарын оқыту әдістемесі
13. Жаңа буын бастауыш сыныптарға арналған “Қазақ тілі” оқулықтарына арналған дидактикалық материалдар
14. Т. С. Сабыров Оқыту теориясының негіздері Алматы, 1992 ж
15. Бастауыш мектеп журналы 2005 № 9
16. Бастауыш мектеп журналы 2006 № 3