Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 17:22, курсовая работа
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ең басты мақсат ретінде «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде болашақ маманның дамуы және кәсіби өсуі» алға қойылған. Маманның дамуы, өз кәсібін терең түсінуі белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік пен дағдыны жаңаша түрде меңгеруді қажет етеді. Білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны жүзеге асыратын басты тұлға мұғалім болса, оқыту теориясы мен тәжірибесі көрсетіп тұрғандай болашақ мұғалімдердің кәсіптік және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы меңгеру нәтижесі болып келеді
Кіріспе 3
1 Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері 5
1.1 Инновациялық оқыту түсінігі 5
1.2 Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері 10
2 Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында
қолдану 13
2.1 Сын тұрғысынан ойлау әдістемесі 13
2.2 Ойын технологиясын пайдалану 17
2.3 Ынтымақтастық жаңашыл педагогика тәсілдері 23
3 Инновациялық оқытуды сабақ барысында қолдану
(Монаховтың педагогикалық технологиясы негізінде) 25
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері 5
1.1 Инновациялық оқыту түсінігі 5
1.2 Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері 10
2 Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында
қолдану 13
2.1 Сын тұрғысынан ойлау әдістемесі 13
2.2 Ойын технологиясын пайдалану 17
2.3 Ынтымақтастық жаңашыл педагогика тәсілдері 23
3 Инновациялық
оқытуды сабақ барысында
(Монаховтың педагогикалық
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31
Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ең басты мақсат ретінде «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде болашақ маманның дамуы және кәсіби өсуі» алға қойылған. Маманның дамуы, өз кәсібін терең түсінуі белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік пен дағдыны жаңаша түрде меңгеруді қажет етеді. Білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны жүзеге асыратын басты тұлға мұғалім болса, оқыту теориясы мен тәжірибесі көрсетіп тұрғандай болашақ мұғалімдердің кәсіптік және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы меңгеру нәтижесі болып келеді
Бұл бүгінгі
мектептегі білім беру мазмұнына
қатысты іс-шараларды
Қоғам талаптарына сай білім беру мазмұнын өзгерту мәселелері В.П. Есипов, Н.К. Гончаров, Т.А. Ильина, И.Т. Огородников, В.С. Леднев, В.В. Краевский, И.Я. Лернер, В.С. Безрукова, И.П., И.П. Подласый, В.А. Сластенин, И.Ф. Харламов, Қоянбаев Ж.Б., С.С. Тілеуова және т.б. еңбектерде орындалған
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы.Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау
Педагогикалық қызметтің инновациялық багыттылыгы. Білім берудегі инновациялар
Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәрінс де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Ииновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Хүтвс педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа — жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы сала-ларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болған-дықтан мүғалімнен арнайы психологиялық - педагогикалық дайыңцық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.
Курстық жұмыстың мақсаты оқытудың инновациялық әдістерін оқу бағдарламасында қолдану ерекшеліктерін зерттеу
Міндеттері:
1 Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері
1.1 Инновациялық оқыту түсінігі
Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.
Инновациялық
процессіз мектептің дамуы
70-80 жылдары
Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова,
В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық
Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:
Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды
Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.
Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:
Инновациялық әрекет технологиясы–оқу-танымдық әрекет тұрғысынан алғанда, жаңаны меңгеру және пайдалану, жаңашылдықты ендіру білім беру мазмұнының белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік және дағдыны дамыту мақсатына, күтілетін нәтижелерге бағытталады.
Сондықтан зерттеу жұмысымызда Ш.Т. Таубаеваның «Инновация - білім берудің жаңа технологияларын зерттеп, жаңа білімді қолданысқа ендіретін ғылым, ал жаңа білімді алып келуші - бұл технология. Технологияның өзгеріске ұшырайтын себебі-білім, білім беруді реформалаудың нәтижесінен инновациялық технологиялар туындап, білім беру мазмұнын құрайды»;
Д.Қ. Пошаевтың – «технология - ол өнім алу барысында шикізат пен материалдың күйін, қасиеттері мен формасын өзгерту үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы, технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті-практикадағы ең тиімді өндірістік үдерісті анықтау және оны пайдалану мақсатында әртүрлі ғылым (физика, химия т.б.) заңдылықтарын анықтау» - деген пікірлеріне сүйенуді жөн көрдік.
Осыған орай инновациялық технологиялар білім беру мазмұнын дамытуға мүмкіндік беретін әртүрлі ғылым салаларындағы (пән аралық байланыс нәтижесінде) заңдылықтарды оқып-үйренуді алға тартады. Себебі, оқу технологиясы білім беру мазмұнын ұйымдастырушы құрылымға ие. Білімдер жиынтығы білім беру мазмұнын дамытуға сәйкес шарттарды жүзеге асыруға қажетті қабылданған шешімдердің шынайылығына және олардың тепе - теңдігіне бағытталған үйлесімділік көздерін іздеуді қажет етеді
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Сондықтан да қазіргі қоғамымызға әр мұғалім өз іс - әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс – тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу – тәрбие жүйесі, мұғалім – оқушы арасындағы қарым – қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі.
Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын былай көрсетуге болады:
- жалпы инноватикадағы инновациялық процесс идеялары;
- педагогикалық
инноватиканың пайда болуы,
- оқу процесі
кезінде теориялық талдау
Инновациялық
процесс оқу аймағында
Инноватиканың басталуы: инновациялық процесс – инновациялық іс-әрекет – инновациялық потенциал – инновациялық процестерді басқару.
Жаңалық ғылыми – зерттеу құралы болып көріну үшін, олар ұйымдасқан, көпшілік қолдану, қарама – қайшылық болып қоғам өміріне өзінің қажеттілігін көрсету.
«Жаңа» деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және практикаға қатысты, жаңалық әртүрлі түрде қолдануы. Практикалық идея, лабораториялық іс–тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске асыру. Соңғы кезде жаңалық «новация» ұғымы ретінде кездеседі.
Новация дегеніміз – бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да, практикада негізделген. Жаңалық енгізу – мекемеге, ұйымға және жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған.