Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 17:22, курсовая работа
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ең басты мақсат ретінде «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде болашақ маманның дамуы және кәсіби өсуі» алға қойылған. Маманның дамуы, өз кәсібін терең түсінуі белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік пен дағдыны жаңаша түрде меңгеруді қажет етеді. Білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны жүзеге асыратын басты тұлға мұғалім болса, оқыту теориясы мен тәжірибесі көрсетіп тұрғандай болашақ мұғалімдердің кәсіптік және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы меңгеру нәтижесі болып келеді
Кіріспе 3
1 Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері 5
1.1 Инновациялық оқыту түсінігі 5
1.2 Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері 10
2 Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында
қолдану 13
2.1 Сын тұрғысынан ойлау әдістемесі 13
2.2 Ойын технологиясын пайдалану 17
2.3 Ынтымақтастық жаңашыл педагогика тәсілдері 23
3 Инновациялық оқытуды сабақ барысында қолдану
(Монаховтың педагогикалық технологиясы негізінде) 25
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31
3.Оқушылардың сабақтан тыс бетімен орындайтын тапсырмаларын мөлшерлеу бөлігі. Бұл бөліктің практикалық мақсаты – оқушылардың болжау тапсырмаларына дайындығы.
Адамгершілік мақсаты – оқушыға бірінші рет «білім туралы» Заңға сәйкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беріледі, яғни қойылатын баға деңгейіндегі тапсырмалар жиынтығын таңдау.
Негізгі мақсат – артық тапсырмадан арылу.
Мұнда да қойылған мақсаттар санына байланысты, әрбір мақсатқа үш деңгей бойынша тапсырмалар жиынтығы беріледі. Технологиялық жобаның авторы – сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмаларды мөлшерлеу бөлігінде оқушыға тексеру жұмысы кезінде өзінің таңдаған деңгейіндегі бағаны алуға кепілдік беретін тапсырма көлемін орындап дайындалуды ұсыну керек. Технология бойынша оқыту үрдісі кезінде де әдеттегі үйге берілетін тапсырмадан бас тартуға болмайды. Үй тапсырмасының әрқайсысының деңгей бойынша анықтап, оның қай деңгейін орындауды таңдауын оқушылардың өз еріктеріне беру қажет. Технологияның үш элементі: мақсат қою, болжау, үй тапсырмасын мөлшерлеу өзара тығыз байланыста, олардың әрқайсысы екіншісінің мазмұнын толықтырып отырады. Мақсаттың саны мен мазмұны, онда анықталған оқушыларды дамыту міндеттері тақырыпты оқытудың логикалық құрылымын құрайды. Мұнда әрбір мақсатқа жетудің уақытша ұзақтығы беріліп, сабақтың негізгі және көмекші құралдары анықталады, оқушыларды дамыту бағдарламасы құрастырылады.
Уақытпен есептелген ұзақтық қойылған мақсатқа жетуге жеткілікті болатын тақырыпқа берілетін сағат санымен анықталады. Әдеттегі күнтізбелік жоспарлаудан айырмашылығы, мұғалім оқу үрдісінің субъективті жағдайларға байланысты болатын сабақтың үйлесімді үдемелілігін кәсіпкерлік шеберлігі, сыныптың білім деңгейі және көмекші құралдарын қарастыру өзара байланыста болатын жаңа білім элементтерінің тізбесін және негізгі тақырыпты өту барысында қажет болатын қосымша ұғымдардың тізбесін анықтауды қажет етеді. Біздің жұмысымызда көмекші құрал ретінде қайталау тақырыптары алынған. Қайталау тақырыптары жаңа ұғымды енгізу барысында, оның түсінікті болуы үшін және жаңа ұғымды ілгеріде өткен ұғымдармен байланыстыру үшін қажет. Сыныптағы оқушылардың жекеше ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалық құрылымына оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту енгізіледі.
Технологиялық ең соңғы «Түзету» (коррекция) бөлігін қарастырайық. Бұл бөлік сынақтан өтпеген, яғни білім дәрежесі мемлекеттік стандарт деңгейінен төмен оқушыларға арналған. Бұл бөлікте негізі үш жағдай қамтылады.
Бірінші – қойылған мақсатқа қатысты оқу материалын меңгеру барысындағы мүмкін болатын қиындықтар.
Екінші - өтілетін тақырып бойынша оқушыларда жіберілетін негізгі қателіктер.
Үшінші – оқушы білімін стандарт деңгейіне көтеру үшін педагогикалық және әдістемелік түрдегі іс-шаралар.
Технологиялық картада неше мақсат болса сонша түзету жұмысы болады, яғни осы аталған үш жағдай әр мақсат үшін жеке-жеке жазылады.
Осы айтылғандарды
қорыта келіп, технологиялық картаның
жалпы құрылымын төмендегі
Сызбада технологиялық картаны толтыру реті рим цифрымен көрсетілген.
Технология негізінде жобалаудың келесі кезеңін, жобаның негізгі ойын жүзеге асыратын сабақтың ақпараттық картасын (САК) дайындау.САК- технологиялық картадағы көрсетілген шағын мақсаттарды, ондағы сағат санына байланысты жіктеп жазуға арналған.САК-те оқу материалының толық мазмұны, сабақтың мақсаты мен міндеттері, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас нәтижесі оқыту құралдарын қолдану кезеңдері қарастырылады
Қорытынды
Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.
Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мүғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі