Инновациялық оқыту әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 17:22, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ең басты мақсат ретінде «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде болашақ маманның дамуы және кәсіби өсуі» алға қойылған. Маманның дамуы, өз кәсібін терең түсінуі белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік пен дағдыны жаңаша түрде меңгеруді қажет етеді. Білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны жүзеге асыратын басты тұлға мұғалім болса, оқыту теориясы мен тәжірибесі көрсетіп тұрғандай болашақ мұғалімдердің кәсіптік және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы меңгеру нәтижесі болып келеді

Содержание

Кіріспе 3
1 Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері 5
1.1 Инновациялық оқыту түсінігі 5
1.2 Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері 10
2 Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында
қолдану 13
2.1 Сын тұрғысынан ойлау әдістемесі 13
2.2 Ойын технологиясын пайдалану 17
2.3 Ынтымақтастық жаңашыл педагогика тәсілдері 23
3 Инновациялық оқытуды сабақ барысында қолдану
(Монаховтың педагогикалық технологиясы негізінде) 25
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Работа состоит из  1 файл

инновациялык окыту адистери.doc

— 310.00 Кб (Скачать документ)

Инновацияда, жаңалық  енгізу, новация бір – бірімен тікелей пән ретінде байланысты. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.

Лапиннің инновациялық процеске байланысты екі ілімі қолданылады:

1) қарапайым  түрде қолдану, ол яғни ашылу  – жаңалық енгізу (новация) –  қолданушылардың арасындағы бөлінуі  – көпшіліктің қолдануы;

2) кеңейтілген  түрде қолдану – ашылу –  новация – таралуы – меңгеруі  және модификация – рутинизация,  яғни дәстүрге айналуы.

Инновациялық  процесті зерттеу барысында жүйенің  бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне  басшылық жасау мәселелерін зерттеу  маңыздылығын Н.В. Горбунова, М.В. Кларин, А.В. Лоренсов, М.М. Поташник, П.И. Пидкасистый, Л.И. Романова, В.И. Загвязинский, А.Я. Найн, Т.И. Шамова, О.Г. Хомерики, Н.Р. Юсуфбекова және тағы басқа зерттеулерінде қарастырылған.

Лапин басқа  қазіргі зерттеушілер сияқты жаңалық  айтқандардың (Мор, Роджерс, Сазанов, Шумпотер) осылардың барлығы да негізгі  ерекшеліктері болып саналатын жылдамдық, барлық инновациялық процестердің сапасы басқа ортаның спецификасымен анықталып, инновация көмегімен қолданылады.

Осы кезде бейімделу  процесінде жаңа бейімделу ұйым этаптары бірігіп, жаңалықты қабылдау, оған бейімделу, келесі рутинизация немесе жоққа шығару.

Жаңалықты қабылдап, танып зерттеу, оны қолдану, қабылдау, жаңалықты қалыптастыру, жүзеге асыру, яғни мазмұны психологиялық түсінікке  жақын, қабылдау – қабылдау және қорытындысы  ретінде жаңалықты қолдану.

Инноватика үш ғылыми пәннен тұрады: социология, психология және басқару теориясы. Жалпы инноватика инновациялық процеске белгілі бір бағытта жаңалықтардың ашылуын тексеру ғана емес, сонымен қатар кеңейтілуі және бағыт пайда болады, яғни спецификалық әлеуметтік бағытта болуы.

Оқу процесін ақпараттандыруды жаппай қолға алу, оның ғылыми - әдістемелік  ұйымдастырушылық себептеріне үнемі  талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп  білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білім беру технологияларын игеру арқылы білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу; оқу процесін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.

Сондықтан инновациялық әдіс–тәсілдерді  оқу процесіне енгізу барысы, белгілі  деңгейде белсенділігін көздейді.

Сонымен қатар, біз Н.В. Горбунова  еңбектеріне сүйене отырып, инновациялық іс-әрекетті инновациялық процестің  белгілі кезеңдеріне байланыстылығын  анықтадық. Инновациялық процестің  кезеңдерін мына суреттен көруге болады.

Сурет 2- Инновациялық процесс кезеңдері

 

Инновациялық процестің  осы кезеңдеріне байланысты инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге  болады.

Бірінші кезеңде мұғалім  жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды.

Содан кейін, мұғалім инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде мұғалім оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді.

Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады.

Инновациялық процесті болжау барысында қолданылатын инновациялық іс-әрекеттер тереңдетіліп, кеңейтіледі. Сонымен қатар, оқыту мен тәрбиелеу қорытындылары талданады. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибені ғылыми талдау негізінде оқып үйренуге, қазіргі кезеңдегі педагогикалық зерттеулер жетістіктерімен танысуға болады. Жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық іс–әрекеттің негізгі заңдылықтары мен қағидаларын дұрыс қолдана білуге, шығармашылық ойлауға, кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің құндылық қарым–қатынасын қалыптастыруға, ұстаз шеберлігіне жету жолдары мен шараларын жете түсінуге үйренеді. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер жөніндегі ағымдағы газет–журнал материалдар арқылы танысып педагогтар – новатордың әдістемелерін ғылыми тұрғыдан талдай білуге, инновациялық іс-әрекет ерекшеліктерін айқындап, өз беттерімен сурет, кесте құруға, хабарлама, реферат, аннотация, рецензия жазып, оқу–тәрбие қызметіне педагогикалық талдау жасауға үйренулері қажет. Оқытудың жаңашыл әдістері мен тәсілдерін сөз еткенде, оқылып отырған материалдың ерекшелігі мен құрамының нақты ерекшелігіне сәйкес әдістемелік құралдарды шығармашылықпен пайдалану қажет екеніне назар аударту көзделді. Сонымен қатар, оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасу керек.

 

 

1.2 Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері

 

Жаңа формация мұғалімі –  бұл пәндік  білім жүйесінің, іскелік  пен дағдының , кез-келген ғылыми  білім сапасын меңгерген  маман  ғана емес ,  оқыту технологиясының  жүйесімен , оқушылардың  өмірге дағдыландыру  құзырлығын айқындау  бағытындағы  әдіс –тәсілдерімен  қаруланған тұлға.

Жанпейісованың модульдік  технологиясы, бұл оқушылардың оқу  қанығын (мотивациясын) күшейтіп, шығармашылық ізденістерге жетелейді, бұл технологияның  басты жетістігі – жеке оқушының білім сапасын анықтау

Бұл технологияның басты  жетістігі – жеке оқушының білім  сапасын анықтау. Себебі, әр модульден  кейін нәтиже сабақ, тест бар, оқушы  өз бетімен жұмыс жасайды. Осыған байланысты мен төмендегідей тесттер, бақылау жұмыстарын жасадым, бұлар  ІІ нұсқадан тұрады:

- бағдарламаға байланысты  жеке тақырыптар 

 грамматикалық тесттер

 лексика-грамматикалық  тесттер

 лексика- грамматикалық  бақылау жұмыстары 

Жобалау технологиясы, бұл оқушының пәнге, ғылымға деген  қызығушылығын қалыптастыра отырып, ғылым негіздерін үйрету.

Волковтың технологиясы шығармашылық қажеттілікке негізделген  яғни оқушылардың өз бетімен жұмыс  істеу қабілетін арттырып, білімді  өңдеу амалын игертеді.

Ивановтың технологиясы әлеуметтік түйсікке негізделген, бұл  технология бойынша оқушылардың  ойлау, ойлану, ой сезімдері қалыптасады.

Ақпараттық  технологиясы кез – келген техникалық құралдарды жатқызуға болады (ЭЕМ, аудио, видео таспалары, кино)

Сарыбаевтің натуралды  әдісі оқушыларға сөйлеу тілін үйренудегі алғашқы баспалдақ 

Оқытудың инновциялық  технологиялары

Білім беруді ізгілендіру

Компьютерлік  оқыту

Дамыта оқыту

Өздігінен даму

Модульдік оқыту

Жаңа ақпараттық технлологиялық

Оза оқыту

Деңгейлеп саралау  оқыту

Тірек сигналдары арқылы оқыту

Ойын арқылы оқыту

Проблемалық оқыту

Ынтымақтастық оқыту

Қоғам өмірінің барлық салаларында яғни экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе. Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім. Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрекеттердің басқа салаларымен де қатарлас алға басуы керек.

Ғылым мен халыққа  білім берудің дамуы еліміздің  техникалық прогресске жеткізері мәлім. Ал техникалық прогресс қоғамдық және жеке бастың өмір сүру деңгейін көтеруші еңбек өнімділігінің жоғарлауына әкеледі. Сонымен, білім беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да негізі деп білуіміз керек.

Инновациялық  педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.

Шынында бұл  мәселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік  шынайы іске асыруға тән сол бір ішкі объективті қайшылықты анықтаумен байланысты.

Ю.Н. Кулюткин кәсіпкер ұстаздың іс-әрекетіндегі “мөлшерлік шығармашылық белсенділіктің” ара  қатынасы мазмұны мен мәнінен  бөлек, абстрактылы түрде қарастырылмайды  дейді. Егер “іс-әрекеттің немқұрайлы іс-әрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе, жаңа педагогикалық ойлар және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі.

Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар  ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.

Дәстүрлі оқу  пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен  міндеттер қойылмайды, пәнді меңгерудің басты міндеті болып, ғылыми міндеттерді фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту деңгейінде (кей кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) ғана қалады. Мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерін зерттеу, когнитивті ауқымдағы (Б. Блум) білім беру мақсатының технологиясымен сәйкес, мұғалімнің зейіні мен меңгерілген материалды “Білімділігіне” және “Түсініктілігіне” шоғырланады, ал талдау-жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына, мұғалім іс-әрекетіне аз деңгейде назар аударылатынын көрсетіледі.

Педагогтың  кәсіби даярылығындағы технологиялық принцип болашақ мамандығына бағдар беретін оқытудың мақсат, мазмұн, оқыту әдістерінің бірілігі болып табылады.

Оқыту технологиялары теориялық негізде құрылады: егер, Л.В. Занков әдістемесі Л.С. Выготскийдің дамыту теориясына негізделсе, ол өзінің принципін содан іздеп табады. Оқушылардың теориялық ойлауын дамыту, оқу материалының теориялық күрделілігінің жоғары деңгейі, оқу жұмысының жоғары темпі оқушылардағы жеке тұрғыдағы бағдар.

Оқыту технологиясының  генетикалық дерекнамасы педагогикалық эвристикадан алынған дейді Д. Пойа. С.Л. Рубинштейннің, А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориялары қазіргі оқытудың инновациялық технологияларының әдіснамалық негізі.

Педагогикалық технология үш аспектіде қаралады:

  • ғылыми;
  • процессуалды-сипаттамалы;
  • процессуалды-әрекеттік.

Осындай жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жолдарын зерттеуші ғылым  ретінде қызмет етеді, сонымен қатар  тәсілдер жүйесі ретінде, принциптер мен  оқытуды зерттеуші қызметін атқарады.

Кез-келген педагогикалық  технология философиялық негізде қаралады. Философия жалпы реттеуші білім беру технологияларын әдіснамалық қамтамасыз етеді. Философиялық тұрғы білім беру мазмұнында, пән мазмұнында басшылыққа алынады. Бірақ, идеологиялық бағдарда бірізіділік жоқ, сондықтан мектептегі білім мазмұны әлемнің бүтіндей картинасын бере алмайды. Әдістер мен тәсілдердің философиялық негізін байқау қиын, ал технология бөлігі бір философиялық негізді ұстанушы ретінде қызмет ете алады.

Көптеген педагогикалық  технологияларда кездесетін философиялық бағыттар:

  • материализм және идеализм;
  • диалектика және метафизика;
  • гуманизм және антигуманизм;
  • антропософия және теософия;
  • прагматизм және экзистенциализм.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Инновациялық  оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында  қолдану

 

 

2.1 Сын  тұрғысынан ойлау әдістемесі

 

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында « Білім  беру жүйесінің басты міндеті  ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім  алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу;білім  беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерітерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабылеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.

Оқыту барысында  өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар  ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы»  стратегиялары география пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқумен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым:

-мұғалімге тәуелділіктен  арылып, өзінің білім беру қызметін  өздері басқаруға;

-білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;

-жеке ерекшелігі  мен қыбылетіне сай тапсырмаларды  өзі таңдап, іздеп тауып, белсене  орындауға;

Информация о работе Инновациялық оқыту әдістері