Инновациялық оқыту әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 17:22, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ең басты мақсат ретінде «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде болашақ маманның дамуы және кәсіби өсуі» алға қойылған. Маманның дамуы, өз кәсібін терең түсінуі белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік пен дағдыны жаңаша түрде меңгеруді қажет етеді. Білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны жүзеге асыратын басты тұлға мұғалім болса, оқыту теориясы мен тәжірибесі көрсетіп тұрғандай болашақ мұғалімдердің кәсіптік және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы меңгеру нәтижесі болып келеді

Содержание

Кіріспе 3
1 Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері 5
1.1 Инновациялық оқыту түсінігі 5
1.2 Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері 10
2 Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында
қолдану 13
2.1 Сын тұрғысынан ойлау әдістемесі 13
2.2 Ойын технологиясын пайдалану 17
2.3 Ынтымақтастық жаңашыл педагогика тәсілдері 23
3 Инновациялық оқытуды сабақ барысында қолдану
(Монаховтың педагогикалық технологиясы негізінде) 25
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Работа состоит из  1 файл

инновациялык окыту адистери.doc

— 310.00 Кб (Скачать документ)

-білім мен  мәдени құндылықтарды игеру ісін  топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы;

-құр мәлімет  алумен шектелмей, сабақ барысында  өз пікірін ашық айтып, сұхбат  жүргізуге;

-ой-өрісі ғана  емес,  рухани және әлеуметтік  жағынан өздерін- өздері дамытып,  тәрбиелеуге. 

Сын тұрғысынан  ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, «Т» кестесі, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы,  кубизм , дискуссиялық өрнек,  кластер, ішіне сыртына , синквин,  т.б.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында  төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

1.Сабақты белсенді  өткізіп, әр баладан еркін жауап  алуға жағдай жасау.

2.Сенімділікке  тәрбиелеу.

3.Қиялын дамыту  « менің ойымша» деген жауапқа  алуға жағдай жасау.

4. Әр түрлі  жауапты соңына дейін тыңдау.

5. Жауап беруге  тілек білдірмеген баланы өз  еркінсіз, қинап сұрамау.

6. Баланың дүниетанымының  кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.

7.Жеке тұлға  ретінде « мен» деген рөлін  көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

« Сын тұрғысынан ойлау» сабақтарының  алғашқы бөлігі міндетті түрде қызығушылықты оятуға арналады / сұрақ қою/, екінші  «мағынаны  тану» кезеңінде / жауаптар іздеу, мәселені зерттеу /мәтінді жан- жақты  және әр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.

Үшінші, білім  «ой толғаныс» арқылы жалпылама  жүйеленеді/ ойлау  үрдісінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау/. Яғни, мұғалім оқушыларын ойлауға  тұрақты түрде үйретеді.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын,ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін,құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді. Ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не жазаланбау үшін, не мадақтау үшін, не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып келсе, енді қызықты ақпараттарды  өз бетінше іздеп тауып, өзгерлермен ой бөлісуге асығатын  болды. Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің  арқасында болып жатқан өзгерістер. Оқушылар жүргізілген сауалнамаларға берген өз жауаптарымда жұмысты жоспарлау, жағдайға бейімделу, нәтижені нақты бағалау сияқты қабылеттерді,  табандылық, сынға төзімділік сияқты қасиеттерді жиі көрсете бастады.

СТО бағдарламасын  география сабығында қолдана  бастағаныма көп уақыт болсада,мынандай пікірге келдім. Тек осы жүйемен  өтілген  сабақтарда ғана оқушылардың  жазған, айтқан сөздерінде табиғатқа , елге,айналаға, өзгеге, өзіне деген азаматтық жауапкершілік үні айқын сезіліп, оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, көсбасшылық қабылеттері қалыптаса бастады.Алғашқыда дайын білімді алуға тырысатын оқушылар  енді жаңалық ашуға, өз қолымен өнім жасауға, сұлулықты  сезінуге ұмтылыс байқатты. « Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң, үйреніп алармын»,- деген шығыс нақылын сабақ жоспарлау кезіңде есте ұстаған жөн. Осы технологиямен  өткізілген сабақ үлгілерін  ұсынып отырмын.

Қазіргі оқытудың талабына сай компьютерлі технологияны пайдаланып

«Оңтүстік Американың халқы мен елдері» Әдеттегі сабақтардан айырмашылығы жаңа тақырып визуалдық лекциямен, мұғалімінің презентация  слайдтары арқылы баяндауынан басталады.

Негізгі мақсатым- оқушыларға Оңтүстік Американың халқы мен елдері, олардың санымен елдегі халықтарының тұрмыс-тіршілігі, шаруашылықтары туралы кең мағлұмат бере отырып, халықтар мен елдердің дамуы мен таралуы ерекшеліктерін, тілдік және ұлттық атаулары арасындағы себеп-салдар байланыстарды анықтай білуге үйрету.

Көрнекіліктер: дүние жүзі физикалық картасы, дүние  жүзі саяси картасы, атлас, кеспе  қағаздар, суреттер, слайдтар

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы ассоциация, түртіп алу, «Иә» «Бейтарап»

«Жоқ» кестесі, эссе

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. /1-2 минут/

І. Қызығушылықты  ояту.

Оқушылардың оқитын тақырыбына деген қызығушылығын  туғызу. Оқушылардан сұрақтар жиналады. Нені білгісі келетіні туралы себептер айтылады. Немесе белгілі бір алынып отырған тақырып, мәселе төңірегінде не білгенінде жинақтап тізім  жасау. Сосын топпен ой алмасу. Оқушылардың өздері таңдап алған белгілердің түріне қарай оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.

Ассоциация  құрастыру.

Оңтүстік Америка: пампа, сельвас, гилея, ломас, льянос, пуна, кебрачо, кампос

Оқушылар жауабы:

1.Ылғалды экваторлық  орман.

Сельвас-ит тұмсығы  батпайтын қалың орман

Льянос-Ориноко  саваннасы

Кампос-Бразилиа саваннасы

Пампа-құнарлы  шымды қызғылт « жазық дала»

Гилея-ылғалды  экваторлық орман

Ломас-түйнекті өсімдіктердің  ерекше тобы.

Кебрачо-тері илеуге қажетті шикізат алынатын ағаш.

Пуна-биік таудағы  шөптесін өсімдіктерден тұратын  белдеу.

 

Оқушы

Мұғалім

Әр оқушы  өз білетіндерін еркін айтады.

Өз лидерін  анықтайды.

Әр оқушы  жеке-жеке белгілеп, лидерге ұсынады.

Өздерін-өздері бағалайды.

Оқушылардың топқа  дұрыс бөлінуін қадағалайды.

Бағалау парағын  таратады.

Еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар береді.


 

ІІ. Мағынаны ашу. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпараттармен, пікірлермен таныса бастайды. Бұл қадамда әр топ өздеріне берілген мәтінді оқиды. Тақырыптқа байланысты кино көру, лекция тыңдау, тәжірибе немесе эксперимент жасауға болады. Оқушы өз бетімен осы тақырып бойынша жұмыс жасау керек.

  Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт.

Тақырыбы: «Оңтүстік Америка  халқы мен елдері». Мәтіннің жоспары:

1.Оңтүстік Америка халқының  құрамы.

2. «Инктер өркениеті»

3.Байырғы және  келімсек халықтары.

4. Елдері.

Мәтінді оқи  отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен  таныса отырып, өзіне күдікті дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек  білгісі келетін белгілерді қояды. Осыдан кейін әр топ өздерінің  ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Бұл кездегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.

 

Оқушы

Мұғалім

Мәтінді оқиды. Топқа жеке, бәрі бірігіп шарты  белгілер қойып, талдау жасайды.

Әр топтан біреуі жауап береді. Негізгі жауапты  таңдауға үйренеді. Бір-бірін тыңдауға үйренеді.

Мәтінді оқуға 10 минут уақыт береді. Ойлауға, пікір  айтуға уақыт береді. Әр топтың тапсырмасын  мұқият орындауын қадағалайды. Жолдастарының  жауаптарын тыңдауын, толықтыруын, дұрыс  жауап беруін қадағалайды.


 

ІІІ. Ой- толғаныс. Соңғы маңызды бөлім. Алған білімдерін қорытындылайтын кезең. Бұрын не білетінін, қазір не білгенін салыстырады.Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды. Алған білімдерінің ұнағанын ортаға салады. Пікір таластырады.

 

Х. Колумбтың Американы ашуы жақсы болды ма? 3 дәлелмен жауап береді.

 

Иә

        Бейтарап

              Жоқ

Жаңа дүниедегі  жаңа ашуларға негіз салды.

2.Батыс жарты  шарды алып Америка дүние бөлігі  ашылды.

3.Жаңа жерлердің  табиғаты, халқы,шаруашылығы жөніндегі  деректер белгілі болды, т.б.

1. Жақсы себебі-Американың  ашылуы жаңа ашылуларға жол  салды.

2. Жақсы блмағаны-үндістердің  едәуір дамыған өркениеті мен  мәдениетінің дамуына нұқсан  келтірілді.

1.Еуропалықтар  келгеннен кейін жергілікті халықты  аяусыз тқұлдыққа салып,олардың өркениеті мен мәдениетін жойды.

2.Бағынбаған  үндістердің көпшілігі қырғынға  ұшырады.

3. Байырғы халықтар  тіршілкке қолайсыз аудандарға  көшірілді, т.б.


 

Бұл кездегі  оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.

 

Оқушы

               Мұғалім

Өзі  белгіні  қояды.

Еркін сөйлейді.

3 дәлел келтіріп, сөзін дәлелдеп береді.

Уақыт береді.

Нақты жауаппен дәлелдеуін талап етеді.


Үйге тапсырма: 1.« Егер мен саяхатшы болсам »   эссе.

Елдерге визитка жасау.

Тест құрастыру, елдердің территориясын кескін картаға  белгілеу.

Мұғалімнің қол жеткен жетістіктері:

-Оқушы қызығушылығы артты.

-Бей-жай отырған оқушы  жоқ, бәрі топтық, ұжымдық  іс-әрекетте.

-Тіл байлығы артып,  ойлау қабылеті дамиды.

-Дүниетанымдық  көзқарасты  қалыптастырады.

-Бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге  үйренеді.

-Топ алдына шығып, еркні өз ойын айтуға дағдыландырады.

Осы орайда, Қ. И. Сатпаевтың « Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірибелерімен нығайтып, байытып  отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын хылықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өрісенде болады»,- дегендей, білім беру саласында оқытудың жаңа, озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру мүмкін емес.

 

 

2.2 Ойын технологиясын  пайдалану

 

Еліміз егемендік алған  алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.

Елбасы Н.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиясында болашақ қоғам мүшелері - жастар туралы айта келіп, "Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары және спортшылар болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады" дегені бүгінгі мектепке үлкен жауапкершілік жүктелгенін көрсетіп отыр. Елбасының осы сөздері бүгінгі әлемдік ғаламдастыру жағдайына болашақ ұрпағымыздың қандай дайындықпен бару керектігін айтады.

Сонымен қазіргі  мектептің оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындау білім мен тәрбие және дамыту қатар жүргізілгенде ғана ғаламдық ойлауға бейімдеу өз дәрежесінде жүзеге асады. Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, қоғамда, яғни бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Бұл өсіп келе жатқан жастарымыздың бойында жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруды тек Қазақстандық білім көлемінде ғана емес, әлемдік өркениетті елдермен тәжірибе алмасу арқылы іске асыруды ғаламдық деңгейде ойлауды қажет етеді. Сондықтан оқушылардың ғаламдастыруға дайындығы, өмірге көзқарасын бейімдеу зор маңызды міндет болып табылады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білім, тәрбиеге ықпалы әр түрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оны дүниежүзілік деңгейге котеруге мән беріп отыр. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені дәріптейтін жәнс ғаламдық деңгейде ойлай білетін жеке тұлға болып өсіп жетілуі оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді.

Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. Білімнің әрбір бөлігі оқушының ғаламдық ойлауға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Сондықтан орта білім стандартында "Мектептің әрбір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету" талабы қойылып отыр. Оқушының ғаламдық тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға, ойлау әрекетін дамытуға алған жалпы білімдері тірек бола алады.

Ғылым мен техниканың дамуымен әлеуметтік өмір деңгейі де өзгеріп отырады. Осының бәрі табиғат байлығына адам миы мен күшінің жұмысынан туады. Әр адамның ойы мен білімі әр қоғамға қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондайлық керек. Мұның өзі дүние бір бірімен байланыста дамитынын ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да қадағалай білген жөн.

"Қазақстан  Республикасының 2015 жылға дейінгі  білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының" басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр.

Тұжырымдаманың  басты ерекшелігі мен артықшылығы  білім берудің ұлттық жүйесін қайта құрудың принципті жаңа идеяларын ұсынуында болып отыр.

Бүгінгі қоғамда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орнында оқып білім алып жатқан жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасында көрсетілген "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы" сияқты ұзақ мерзімдік асыру стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерді сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.

Білім берудің  мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:

Мақсат  —> мазмұн —> форма —> әдіс —> оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену —> меңгеру —> өмірге ендіру —> дамыту болып өзгерген.

Егемен  еліміздің экономикасы мен саясатының, білім мен ғылымның тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек. Оның негізі бүгін қалануы тиіс. Бұл міндетті шешетін - болашақ қазақ мектебі. Құрғақ қиялдан болашаққа нақты ұсыныс керек.

Ақын  қоғам қайраткері М.Жұмабаев "Қазақтың ұлттық мектебі қандай болуы туралы терең пайымдау қажет, қазақтың тағдыры, келешегі, мектептің қандай негізде құрылуына барып тіреледі.

Информация о работе Инновациялық оқыту әдістері