Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 10:51, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстандағы әлеуметтік-саяси және экономикалық даму білім беру мәселелеріне аса мән беруді, қазіргі білім беру жүйесін жаңартуды талап етуде. Оның маңызды қырларының бірі – білім беруді кәсібилендіру, яғни оның барлық деңгейлерінде тұлғаны даярлауға құзыреттілік тұрғысынан келіп, білім берудің сапасын арттыруға бағыттау болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселе – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Ол үшін оқу орындарында білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігінің тәжірибелерін игеру, білім берудегі жалпы және кәсіби мәдениетті әлемдік деңгейге жеткізу қажет.
Кіріспе
1. Баланың ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің педагогикалық-психоогиялық мәселелері
Кіріктіру ұғымының теориялық негіздері
Ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің педагогикалық негіздері
2. Баланың ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің жолдары (эксперименттік ұйымдастырылуы)
Баланың ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің жүйесі (әдіс тәсілдері)
Баланыңң ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің эксперименттік нәтижесі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Баланың
ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің
педагогикалық ерекшеліктері (2-3жас)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің теориялық негіздері
1.1 Мектепке дейінгі білім берудегі интеграция мәселесінің теориясы мен практикасы
1.2 Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің құрылымдық үлгісі мен педагогикалық шарттары
2 Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің жолдары
2.1 Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктіру мазмұны
2.2 Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктірудің интеграциялаудың әдістемесі
2.3 Баланың ойын пәндік әрекетін кіріктіруге арналған тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстандағы әлеуметтік-саяси және экономикалық даму білім беру мәселелеріне аса мән беруді, қазіргі білім беру жүйесін жаңартуды талап етуде. Оның маңызды қырларының бірі – білім беруді кәсібилендіру, яғни оның барлық деңгейлерінде тұлғаны даярлауға құзыреттілік тұрғысынан келіп, білім берудің сапасын арттыруға бағыттау болып табылады[1].
Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселе – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Ол үшін оқу орындарында білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігінің тәжірибелерін игеру, білім берудегі жалпы және кәсіби мәдениетті әлемдік деңгейге жеткізу қажет[2].
Білім берудің әр кезеңіне сәйкес бөлінетін уақыттың шектелуі мен игеруге қажетті ақпарат көлемінің артуы, сондай-ақ кәсіби даярлау бағыттарының көптүрлігі мен кәсіби білім беру орындарының түлектерінің даярлығына қойылатын талаптардың үнемі артып отыруы, дәстүрлі оқытудың басымдығы мен ақпаратты игерудің ғылыми-техникалық жетістігінің деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы оған қол жеткізуге тура келеді.
Ғылым
мен білім берудегі интеграциялық
үрдістердің әлеуметтік-
Қазіргі уақытта білімді интеграциялау мәселесін педагогикалық, психологиялық, әдістемелік тұрғыдан зерттеуге ерекше маңыз берілуде. Интеграция теориясы бойынша көптеген ресейлік ғалымдар Г.Г. Авзалова[6], А.Я.Данилюк[7], Н.А.Лошкарева[8], В.Н. Максимова[9], М.А.Данилов[10], В.В.Давыдов[11], В.Н.Монахов[12] т.б., сол сияқты елімізде бұл мәселемен А.А.Бейсенбаева[13], Ә.М.Мұханбетжанова[14], С.К.Ерімбетова[15], Г.К.Шолпанқұлова[16] т.б. айналысады. Ғалымдар интеграцияның философиялық, психологиялық, педагогикалық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде қарастырған. Сонымен қатар, негізгі түсініктерін, заңдылықтарын, категориялары мен идеяларын ашып, білім берудің мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін ғылымдар жүйелігі мен байланыстылығы негізінде талдайды.
Қазіргі жаһандану жағдайында жедел өзгеріп отырған әлем және ақпарат легінің артуы, оның одан әрі шектеусіз өсуі адамзат жинақтаған білімді жай игеріп қою нәтижесіз мақсат екендігін көрсетіп отыр. Ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады.
Бірақ, өте үлкен көлемдегі оқу және ғылыми мәліметтерді меңгеру қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда болашақ мамандардың кәсіби және өмірлік қалыптасуы үшін жеткілікті бола бермейді. Сондықтан ақпаратты сұрыптаудың жаңа тәсілдері мен жаңа ақпараттық технологияларды игеру нарық жағдайында бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін міндетті талапқа айналуда. Бұл жағдайда білім беру үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды қолдану білімнің жаңа сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Елімізде қазіргі заман талабына сай кәсіби білім берудегі ақпараттандырудың алатын орны мен маңызын Б. Әбдікәрімов[17], Қ. Бектаев[18], Е.Бишімов[19], Б.М. Момынбаев[20], Ш.Х.Құрманалина[21], М.Х.Қаламғалиев[22], және т.б., сол сияқты әртүрлі ғылымдар бойынша білім беруде компьютерді қолдану мәселесімен Е.Ы.Бидайбеков[23], Д.М.Жүсібалиева[24], Г.К.Нұрғалиева[25], Ж.А.Қараев[26], Н.Ғ.Даумов[27], Б.Д.Сыдықов[28], Ж.И.Сардарова[29], Ж.Ж.Нұржанова[30], А.Б. Медешова[31] т. б. еңбектерінен көреміз.
Бүгінгі
күні білім беру мақсаттарының жиынтығы
негізгі құзыреттіліктерді
Түлектердің
құзыреттіліктерін
Зерттеудің нысаны:
Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың білімдерін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы интеграциялаудың педагогикалық ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың білімдерін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы интеграциялауды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін практика жүзінде дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер мектепке дейінгі мекемелердің білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялар тиімді пайдаланылса, онда балалардың білімі интеграцияланған жаңа сапалық нәтижеге жетеді, өйткені жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерінің дамуына ықпал етеді.
Зерттеудің міндеттері:
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:
Зерттеу әдістері:
Зерттеудің негізгі кезеңдері: алғашқы кезеңде (2008-2009 жж.)
Екінші кезеңде (2009-2010 жж.) ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолдану бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысы жүргізілді және оны колледж оқушылары білімін интеграциялауда қолданудың педагогикалық шарттары анықталды, құрылымдық моделі жасалып, тиімділігі тексерілді. Интеграцияланған оқу бағдарламалары, жобалар жасалып, оны колледждің білім беру үрдісінде қолдану әдістемесі сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.
Үшінші кезеңде (2006-2007 жж.) тәжірибелік-эксперимент жұмысы негізінде нақты қорытындылар жасалды. Жұмыстың әдістемелік тиімділігі тексеріліп, нәтижелері практикаға енгізілді, ұсыныстар берілді. Зерттеу қорытындылары негізінде әдістемелік құралдар мен арнайы курс бағдарламалары жасалды, диссертацияның рәсімделуі аяқталды.
Диплом жұмысының құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, тұжырымдар мен қорытындыдан, пайдаланылған ғылыми әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, обьектісі, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, дерек көздері, зерттеудің әдістері мен негізгі кезеңдері, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні және қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.
Қорытындыда диссертациялық жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
Қосымшада
зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың
үлгілері көрсетілді.
Негізгі бөлім
1.2
Ойын және пәндік әрекетін
кіріктірудің педагогикалық
Пәнаралық байланыстан – интеграцияланған білімге
Әлемді шарлаған экономикалық дағдарыс барлық мемлекеттердің бұл проблеманы кеңесе отырып, бірлесе шешу қажеттігін алға қойып отыр. Соңғы жылдардағы Қазақстанның экономикалық дамуы білім беру саласына да жаңа көзқарас тарапынан қарауды ұсынады. Отанымыздың білім беру саласы еліміздің ақыл-ой білімдік әлеуетін қалыптастыра отырып, экономикамыздың бәсекелестігін қамтамасыз ететін сапалы жаңа деңгейдегі кадрлар дайындауға үлес косады. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу ел қатарына кіруі үшін әуелі осы межедегі білім бәсекелестігіне қол жеткізуіміз керек.
Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы білім беруді өркениеттің кілті, ұлттық құндылық, ұлттың гүлденуінің негізі деп қарап, адамның даралық және әлеуметтік табысының кепілі ретінде «білімді баршаға және әркімге өмір бойы» деген бағытта дамытады, сонымен қатар білімнің бейбітшілік және келісімшілік рөлін орнықтыруды басты ұстанымдардың бірі санайды. Сондықтан еліміз білім саласына инвестиция салуды басты назарда ұстауда.
Біздің қоғамымыздың негізгі байлығы адам. Қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы адам үшін, адамның өмірінің жаңа, биік сапаға жетуі үшін жасалады. Әлеуметтік жағдайлар өзгеріп жатқан уақытта білім беру қоғамның негізгі іргетасы болып отыр. Өзгермелі қоғамда әрбір жеті жыл сайын мамандықтар тізімінің жартысына жуығы жаңарады өмірлік мақсатына жетуі үшін әр адамға үш-бес рет мамандығын қайта өзгертіп, қайта мамандануға тура келеді. Елімізде бастау алған «Жол картасы» бағдарламасы да әр қазақстандық азаматты жұмыспен қамтамасыз ету үшін қайта даярлауды, кәсіптік мамандығын жетілдіруді және ауыстыруды қажет етеді. Бүгінгі заманда көпвариативті, көптүрлі қосалқы мамандықтар алу үшін білімді интеграциялау қажет.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2009 жылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдаудауында «Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлеет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы мияқты құндылықтар мәңгі қалады» деген еді. Елбасымыздың бұл сөздері ұрпақ болашағын ең киелі, ең қасиетті орынға қойып отырғанын көрсетеді. Халқымыздың басына түскен экономикалық дағдарыстың сынағына қарамастан, Елбасының «100 мектеп салу» жобасы жоспарға сай орындалып жатыр. Жолдауда айтылғандай, «біз жиырма жыл бойы жаңа елді, ашық та өркенді елді құрып жатырмыз». Ендеше еліміздің білімі саясаты да өркениетке бет бұрып, халықаралық білім стандарттарына сай болуы керек.
Байқап
отырғанымыздай, халықаралық мектептердің
оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық
стандарттармен үйлесе жасалып, пәндер
интеграцияланып, әлемдік білім
бағдарламасымен
Еліміздің білім беру жүйесі 1988 жылы Болоньянда құрылған Еуропалық жоғары білім беретін университеттер партиясына, 1998 жылғы Еуропа министрлері қабылдаған «Сорбонна» декларациясына қосылды. Қабылданған құжаттар ұлттық білім жүйесін еуропалық стандарттарға сәйкес интеграциялауды ұсынады.
Осыған байланысты ұлттық