Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 10:51, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстандағы әлеуметтік-саяси және экономикалық даму білім беру мәселелеріне аса мән беруді, қазіргі білім беру жүйесін жаңартуды талап етуде. Оның маңызды қырларының бірі – білім беруді кәсібилендіру, яғни оның барлық деңгейлерінде тұлғаны даярлауға құзыреттілік тұрғысынан келіп, білім берудің сапасын арттыруға бағыттау болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселе – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Ол үшін оқу орындарында білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігінің тәжірибелерін игеру, білім берудегі жалпы және кәсіби мәдениетті әлемдік деңгейге жеткізу қажет.
Кіріспе
1. Баланың ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің педагогикалық-психоогиялық мәселелері
Кіріктіру ұғымының теориялық негіздері
Ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің педагогикалық негіздері
2. Баланың ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің жолдары (эксперименттік ұйымдастырылуы)
Баланың ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің жүйесі (әдіс тәсілдері)
Баланыңң ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің эксперименттік нәтижесі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Қазіргі талап бойынша қоғам, табиғат, адам арасын пәнаралық байланыста оқытуды мақсат етіп оқытсақ, ізденсек педагог, ақындарымыздың еңбектерін пайдалануға болады. Философ М.Орынбеков Абай филисофиясының негізгі адам проблемасы екенін ашып көрсетті. Сондықтан , мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық тұлғасын пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыруда философия, педагогика, психология және жеке пән әдістемелерінің де бір-бірімен байланыстылығын философтар да ерекше атап көрсетті. В.Скакуннің пәнаралық байланыстарының түрі бойынша мұғалім мен бала тарапынан орындалатын іс-әрекеттер сипаты төмендегідей:
Мұғалімнің көздейтін мақсаты – балаларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтап отыру. Пәнаралық байланыс кезінде балалардың ойының тиянақталуына, қиялдауына, ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады. Мектепке дейінгі жастағы баланың шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда білім мазмұнының тиімділігі, оқытудың тиімді әдістерін іздестіру жолдары пәнаралық байланысты күшейтуге себебін тигізеді. Пәнаралық байланыс –түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Пәнаралық байланыстың қажеттігі дүниенің бірлігін бейнелейтін ғылыми білімдер мен сенімдер жүйесін қалыптастыру міндеттерінен туындайды. Ол оқу пәндерінің топтары деңгейінде табиғаттың, қоғамның, адамдардың өзара әрекеті жөніндегі жетекші және жалпылама қағидаларды қамтиды. Пәнаралық байланыс негізінде білімдер жүйеге келтіріледі, олардың беріктігі қамтамасыз етіледі. Пәнаралық байланыс бірқатар оқу пәндеріне ортақ негізгі қағидалар, ұғымдар, деректер, ғылыми таным-әдістері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында оқу материалының қайталанбауы, тиімді орналасуы, мұғалімдердің бірлесе жұмыс істеуі сияқты бірқатар педагогикалық мәселелері шешіледі. Пәнаралық байланыс білім, білік және дағдының тұтас жүйесінің дұрыс қалыптасуына ықпал етеді, оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімін орынды қолдана білуіне көмектеседі. Тіл дамыту пәнінің басқа пәндермен байланысын сөз еткенде, ең алдымен тапқырыптық байланыстарға мән беріледі. Пәнаралық байланысты анықтау психологиялық, физилогиялық заңдылықтарға негізделген. Пәнаралық байланыстың психологиялық негізі академик И.П.Павловтың динамикалық стереотип және екінші сигналдық жүйе туралы ілімінде қаланған. Уақытша байланыстың түзілуі кезінде ми қыртысында тітіркенуді тудыру орталығы пайда болады. Психологтар балалардың пәнаралық байланыс арқылы әр түрлі пәндердегі қабылдауды олардың білімдерін бір жүйеге түсіріп, ақыл-ойына серпіліс туғызып, таным қызметіне шығармашылық сипат деп тұжырымдайды. Сондықтан, пәнаралық байланыс ақыл-ой әрекетінің психологиялық және физиологиялық негізін, ми қыртысының жүйелік принципін ескергенде ғана жүзеге асады. Пәнаралық байланыстың психологиялық негізін ашып көрсетуде Ю.А.Самариннің «Ақыл-ой психологиясының очерктері» деген еңбегінің маңызы ерекше. Ақыл-ой әрекетінің бұл деңгейінде балаларда арнайы іскерлік дағдылар қалыптасып, ақыл-ой әрекеті терең сипат алады, ол бір пәнде білімнің бір жақтылығымен шектеледі. Сонымен жүйеаралық және пәнаралық байланыстар адам ойының қалыптасуында ерекше рөл атқарады. Психолог Б.Г.Ананьев адамды таным мен тәрбиенің пәні және адам тану саласындағы ғылыми пәндер интеграциясын пәнаралық байланыстың дамуы ретінде қарастырады. Сондықтан пәнаралық байланыс тұрғысынан педагогикамен басқа ғылымдар үйретудің табиғатын, оның құрылыс механизмін, факторларын қарастыратындығын анықтады. Сабақтағы қайталау, яғни пәнаралық байланыстар арқылы қайтадан еске түсіру тәсіліне педагогтар назар аудырып келеді. Мысалы ,К.Д. Ушинскийдің пікірінге, «Мұғалім әр тұста қайталаған сайын балалардың бапсындағы қалыптасқан іздер торына қандайда бір жаңа түйінді, өріп енгізеді. Әр сабақта бұрынғы сабақта үйретілген нәрсе қайталанады, әр сыныпта бұрынғы сыныпта үйретілген нәрселер қайтадапн еске түсіріледі, ал нәтижесінде баланың ойымен сөзі дамып ғаны қоймайды, сол секілді нақтылы мәліметтердің молшылығы пайда болады.» Пәеаралық байланыстың филомофиялық негізіне дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған білімдерде болатынын өмір көрсетіп отыр. Негізіне оөу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен олар бір-бірінен өз алдына оңашаланып, бөлектенбейді. Пәнаралық байланыс кезінде материалдың өзара байланысын, бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік экономикалық рухани ортақ белгілерін бір-бірімен сабақтастыру, ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс. Балалардың меңгерген білімдері сайып келгенде әрбір жеке тұлғаның көзқарасына, сеніміне, өмірлік бағдарына, мінез-құлқының қағидасына айналуы керек. Сондықтанда мектепке дейінгі балалардың шығармашылық тұлғасын пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыруда философияда, педагогика, психология және жеке пән әдістемелерінің де бір бірімен байланысы бар. Балаларға тиянақты білім берудегі сол бұрынғы білімнің бір-бірімен байланыстылығын философтарда ерекше атап көрсетті. Мұғалімнің көздейтін мақсаты – оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтап отыру. Пәнаралық байланыс кезінде балалардың ойының тиянақталуына, қиялдауына ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады.
Пәнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады:
Мектеп
жасына дейінгі балалардың
Қазіргі кезде көп айтылып жүрген интеграция яғни салалас пәндердің өзара ықпалдасуы олардың мазмұндық, құрылымдық, ғылыми-теориялық, лингво-семантикалық және жалпыпедагогикалық аспектілерінің кірігуімен ерекшеленеді. Кіріктірілген пәндердің өзара байланысын төмендегідей белгілеріне қарай сипаттауға болады:
– ықпалдасу негізділігінің пәндік мазмұнға, оқыту нысаны мен әдістеріне сәйкестігі;
– білім мазмұнын сұрыптауда білім, білік дағдыларының құндылықты бағдарлы мәнділігін сақтау ұстанымының ескерілуі;
– оқушылардың компетенттілігін, тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің жиынтығы болуы қажет.
Пәнаралық ықпалдасудың қазіргі оқыту үдерісінде толық, жартылай және блоктік деп аталатын үш түрі ұсынылады. Салалас пәндер мазмұнындағы оқу материалдарының бір курс төңірегінде топтасуы толық ықпалдасу деп аталады. Оқу материалдарының бір тақырып аясындағы ең өзекті мәселеге топтасуы жартылай ықпалдасуды білдіреді. Ал блоктік ықпалдасу дегеніміз жалпы білім беру бағдарламаларының жеке пәндік бағдарламалармен ұштастырылуы.
Қай пән болмасын кіріктірілген сипатта қызмет ете алатындықтан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын өзге пәндермен ықпалдастыруда пәнаралық, пәнішілік байланыстар мен оқушының іс-әрекеттік қызметін арттыруға баса назар аударылады.
Бұл
ретте әдебиет пен өзін-өзі
танудың өзара ықпалдасуында
мәдени-танымдық, тәрбиелік ұстанымдар
тірек болады. Біртектес гуманитарлық
білім аяларын құруға негіз болатын дидактикалық
құрылым ретінде бұл пәндердің адамгершілік
қағидалары негізге алынады. Рухани-адамгершілік
білім беру бағдарламасының мазмұндық
құрылымы ана тілі, әдебиет, тарих, философия,
психология, педагогика, мәдениеттану,
валеология, әлеуметтану, әдеп, эстетика
ғылымдарының іштей кірігуімен ерекшеленіп,
тақырыптық жүйе оқушылардың өзін-өзі
жетілдіруіне ықпал ететін жалпыадамзаттық
және ұлттық құндылықтарға бағытталады.
Аталған пәндердің мазмұндық құрылымына
әдеби көркем шығармалар негіз болатындықтан
білім мазмұнын құрастыруда жалпыадамзаттық
құндылықтар туралы ұғымдар жүйесі мен
олардың адам өміріндегі көрінісін ескеру
қажет.
Бастауыш білім мазмұнындағы жүйеаралық интеграция
Мемлекетіміздің қазіргі даму жағдайынның ерекшеліктері, әлеуметтік қарым-қатынас болып жатқан қарама- қайшылықтар, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мен даму мәселелеріне ересектер тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбеуі барлық әлеуметтік институттардан балалармен қарым-қатынас және олардың тұрмыс тіршілігі үшін барлық қажетті жағдайларды жете ойланып түсінулерін талап етеді.
Жүйеаралық
кіріктіру білім беру жәе дамытушылық
қызметтермен қатар тәрбиелеушілік
қызметті де орындайды, солай болғанмен,
қазіргі кезге дейін
Әр түрлі оқу пәндерінің өзара байланысы негізінде алынған пәнаралық білім, білік, дағды сабақтан тыс іс-әрекеттерде де қолданылуы тиіс. Осы білімдерді игеру, біліктіліктерді қалыптастыру, дағдыларды дамыту барысында тәрбие үрдісі де іске асады.
Кіші мектеп жасындағы балалардың қызығушылығы әлі де тұрақсыз болатындығын ескеріп, оларға сыныптан тыс жұмыстар кезінде қызығушылық тудыратын істерді баса ұйымдастыру қажет.
Жүйеаралық интеграция – оқу мен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланысы, мектепке дейінгі жастағы жалпы оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігінің маңызды да қажетті шарты болып табылады, оқушылардың білім сапасы мен көлемін ұлғайтудың қосымша мүмкіндіктерін тудырады.
Соныме, білім беру үрдісіндегі интеграция
әр түрлі пәндер арасындағы тұрақты байланыстарды
нығайту және мектептен тыс іс-шараларды
бұрын алған білімдерін байланыстыру
мақсатымен жүйелі түрде жүзеге асырылатын
үрдіс.
Пәнаралық байланыстар
М.Скатин жалпы білім беретін пәндерге қатысты өзара байланысты білімнің түрлерін: негізгі ұғымдар мен терминдер; әр түрлі нысандар мен болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды және қатынастарды ашатын күнделікті болмыстық және ғылыми фактілер; берілген пәндік саланың құбвылыстарын түсіндіру жіне болжау нысандары мен әдістерінің жиынтығын анықтау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теориялар; ғылыми және білімді лау тарихы, ғылым тарихы жөніндегі білімдер; қоғамдағы белгіленген өмірлік әр түрлі құбылыстарға қатысты нормалар жөніндегі білімдер деп қарастырады.
Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интелектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарасты қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланыстырудағы құралдардың бірі – пәнаралық байланыстар. Пәнаралық байланыстар өткен ғасырдың 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде де қарастырылады. Зерттеулердің нәтижесіне сәйкес пәнаралық байланыстар оқытудың қағмдасы және білім берудегі міндетті элемент ретінде де айқындалады (В. Краевский, И.Лернер, А.Бейсенбаева, И.Зверьев, В.Максимова және т.б)
И.Зверьев пәнаралық байланыстарды толықтай көлемде жүзеге асыру тәсілдерінің сипатынсыз олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу функциясының өзара байланыстарын ашпайынша бұл мәселесін елестету мүмкін еместігін айтады. Пәнаралық байланыстардың жалпы білім беретін функциялары баларда материя қозғалысының әр түрлі формаларының өзара байланысын көрсететін әлем жөніндегі жалпы білімдер жүйесін қалыптастыруды қарастырады. Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы балаларда диалектикалық-материалистік дүниетанымды, өнегелік-эстетикалық идеяларды, жеке тұлғаның эмоциональдық-еріктік қасиеттерін қалыптастыруды көрсетуді. Пәнаралық байланыстардың дамытушылық функциясы салалас пәндерді зерделеу кезінде жалпы жаратылыстану-ғылыми жіне политехникалық ұғымдарды дамытуда, талдап қорытындыланған іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жүзеге асырылады.
В.Скакун
өз жұмысында пәнаралық
Скакуннің
пәнаралық байланыстарының түрі
бойынша педагог пен бала тарапынан
орындалатын іс-әрекеттер
Пәнаралық
байланыстарды жүзеге асырудың негізі
бағыттарында:пән бойынша
Пайдаланылған
әдебиеттер: