Интеграциялап оқытудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 10:51, курсовая работа

Описание

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстандағы әлеуметтік-саяси және экономикалық даму білім беру мәселелеріне аса мән беруді, қазіргі білім беру жүйесін жаңартуды талап етуде. Оның маңызды қырларының бірі – білім беруді кәсібилендіру, яғни оның барлық деңгейлерінде тұлғаны даярлауға құзыреттілік тұрғысынан келіп, білім берудің сапасын арттыруға бағыттау болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселе – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Ол үшін оқу орындарында білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігінің тәжірибелерін игеру, білім берудегі жалпы және кәсіби мәдениетті әлемдік деңгейге жеткізу қажет.

Содержание

Кіріспе
1. Баланың ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің педагогикалық-психоогиялық мәселелері
Кіріктіру ұғымының теориялық негіздері
Ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің педагогикалық негіздері
2. Баланың ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің жолдары (эксперименттік ұйымдастырылуы)
Баланың ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің жүйесі (әдіс тәсілдері)
Баланыңң ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің эксперименттік нәтижесі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

курстык.doc

— 185.00 Кб (Скачать документ)

   Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру әр пәндік мазмұнды қосып біріктіріп жіберу немесе бірнеше пәнді бір пәнмен алмастыру емес, әрі пәндік құрылымды жоққа шығармайды, керісінше, оған қондырғы ретінде қызмет етеді. Бастауыш білім кеңістігінде барлық пәндер өз дағдыларын және қалыптасқан оқу үрдісінің ұйымдастыру формасын сақтайды. Интеграциялық оқыту пән мазмұнының айқын анықталуына мүмкіндік береді.

     М. Берулова өз еңбектерінде  оқу пәндері интеграциясының  бірнеше деңгейі бар екендігін  атап көрсеткен. Интеграцияның  алғашқы жоғары деңгейінде пәндерді  кіріктіру негізінде кешенді ғылым пайда болады. Интеграцияның екінші деңгейі – дидактикалық біріктіру деңгейі. Бұл деңгейдңгі оқу  пәндерінің интеграциясы үнемі жүзеге асырылып, өзара бірлесіп әрекет етуші пәндер өз мәртебесін өз тұжырымдамасы негізінде сақтайды. Интеграцияның  үшінші деңгейі – пәндердің өзара байланысының ең төменгі деңгейі. Пәндердің өзара байланысы деңгейі оқушылардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі.

   Біз педагогикалық-психологиялық, әдістемелік  әдебиеттерге талдау жасау негізінде және мектептегі іс-тәжірибелерді бақылау нәтижесінде қазіргі таңда интеграциялық оқытудың төмендегідей жолдары бар екендігін айқындадық: біріншіден, толық интеграцияны жасаудың жолы. Ол – пәндердің бір курсқа толық бірігуі, синтезделген курстарды оқыту; екіншіден, жеке интеграция – өзектік бағдарламалары бойынша жеке пәндердің бірігуі (дүниетану – тіл дамыту, тіл дамыту –еңбек, тіл дамыту –бейнелеу өнері және т.б); үшіншіден,блок арқылы жасалған интеграция. Ол – әр пәннен бағдарламалар бойынша блок құру, мысалы, табиғат негізіндегі синхронды сабақтар, сабақ күндерін өткізу.

   Мұғалімдердің тәжірибесінде жиі кездесетін интеграцияны жүзеге асырудың бір жолы –сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккен сабақтар білімнің жинақталуы, яғни, әр түрлі пәндерден  алған білімдерін синтездеу. Бірақ, жоғарыда көрсетілген интеграциялық оқытудың жолдары, біздің ойымызша, ең біріншіден, жас мамандарды даярлау жүйесімен байланысты болатындығын көрсетеді. Алайда, осы айтылған интеграциялық оқытудың жолдары тәжірибеде болғанымен, эмпирикалық түрде қолданылуда. Интеграциялық оқыту болашақ педагогтың арнайы кәсіби даярлығын қажет етеді.  
 
 
 

    Бастауыш  сынып пәндерін интеграциялау арқылы оқушылардың білім сапасын арттырудың педагогикалық негізі 

     Мектеп жасына дейінгі оқыту  мен тәрбиелеудегі пәнаралық  байланыс проблемасын және білім  берудегі интеграцияны әртүрлі  негізде зерттеуге: И.Д.Звереьев, М.Р.Львов, Р.Г.Лемберг, Ю.М.Колягин,  Н.Н.Светловская,Т.Оспанов, Т.Сабиров,  С.И.Волкова, Н.Я.Виленкин, А.А.Бейсенбаева, К.Жүнісова және т.б үлес қосқан.

   Мектепке  дейінгі білім беруде интеграция процестерінің психологиялық негіздерінің бірі ретінде психолог Ю.А.Самариннің ассоциацивтік ойлау туралы идеяларын  пайдалануға болады деп есептейміз.

   Соңғы жылдары білім беруде оқытудың дамытушылық  жағына, шығармашылық әрекетке, мектепке дейінгі мекеменің білім мазмұнын байытудың жаңа жолдарын іздестіруге (көп деңгейлі оқыту, интегративті оқыту, ауқымды білім беру және т.б) ерекше мән берілуде.

   Жекелеген мектептерде оқытушылар эмпирикалық  деңгейде интеграцияны оқу процесінде жүзеге асыра бастады. Дегенмен, педагогтардың  аталған жұмыстары көбіне ашық сабақтарда ғана жүзеге асырылады.

     Бүгінгі күні оқу процесінде  пәнаралық байланыс өзінің терең тамырын жайды. Педагогиканың дамуының қазіргі кезеңінде  бұл идея дамып бекіді, жаңарды және өзінің жаңа интеграция түрінде көрініп отыр. Бұл енді пәндер арасындағы жай байланыс ғана емес, бір сабақта бірнеше оқу пәндерінің мақсатының бірігуі. Интеграция – шығармашылықпен жұмыс істейтін бірде-бір мұғалімнің назарын аудармай қоймағандығын байқау қиын емес. Бұл оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге жаңаша көзқарас ретінде мойындалып отыр.

     Мектепке дейінгі мекемелерде   интеграция мәселесін барынша  терең зерттеуді ұсынған Н.Н.Светловская болып есептеледі. Ол өзінің мақалаларында  оқытуда интеграцияны әдістемелік құбылыс деп танып, оның мүмкіндігі туралы мәселені көтерді және білім берудің алғашқы кезеңіндегі интеграция терминіне мұғалімдер мен ғылымдардың көңілін аударды.

     Интеграция –мектепке дейінгі мекемелерде білім берумен байланыстырып алғанда – бұл пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру.

     «Интеграция – іс-әрекеттің кезектесуі, балалар меңгерген қарапайым  білім немесе іс-әрекеттің бір пәннен екінші пәнге ауысуы. Балалардың білімдерін бекіту үшін оқыту процесін шапшаңдау» деп есептейді.

   В.И.Яковлева «қазіргі мектептегі әр пәннің бағдарламасы бастауыш мектепке арналған, сондықтан  оның тұтастығын бұзуға болмайды, мектептану, дидактика, жеке пәндер әдістемелері толық интеграцияға дайын емес» деп тұжырым жасайды.

     Ал, Н.Ф.Виноградова алты жастан  бастап оқытатын бастауыш мектептің  жаңа моделін жасай отырып  «оқу іс-әрекетін жетілдіру процесін  аяқтау, әр түрлі мұғалімдер стилі  мен пәндік оқытуға біртіндеп бейімдеу, интеграцияланған курстар есебінен білім беруді жалғастыру қажет деп» түсінік береді.

     Мектепке дейінгі мекемелерде жаңа бағдарламаға сәйкес оқу мен жазу «Айналамен танысу» интеграцияланған курстары енгізіліп, тәжірибе жүзінде жүзеге асырылуды.

     Мектепке дейінгі мекеме тәжірибесіне интеграция курстарының нашар енгізілуінің екінші себебі: интеграцияланған курс бөлімдері мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері ескерілмеген.  
 
 
 
 
 
 

   Бүгінгі күні кіріккен білім жүйесінің жаңа даму принциптерінің бірі, ол саралау приципімен тығыз байланысты деуге болады.

   Сабақты осындай формамен өткізудің тиімділігі төмендегідей:

  • кіріктірілген сабақтар оқушылардың оқуға қызығушылығын көтереді;
  • қоршаған әлемге көзқарасы, дүниетанымы жеке-жеке бөліктерден емес, біртұтас жүйе негізінде қалыптасады;
  • пәнаралық байланыс нығайып, уақытты үнемдеу арқылы практикалық білім алуға көп көңіл бөлінеді;
  • оқушының шығармашылық қабілеті, эксперименттік іскерлігі дамиды.

    Кіріктірілген сабақты информатика пәнінен алған ыңғайлы. Елбасының ақпараттық саясатты дамыту бағдарының бірі – келешек ұрпақтың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамытудың негізгі субъектісі – педагог десек, білім беру жүйесін ақпараттандыру мен барлық пәндерге компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану процестерін жүзеге асыратын көптеген мүмкіндіктер жүктеледі. Сондықтан осы процестерді жүзеге асыру педагогтің шығармашылық ізденіс және шеберлік талап етіледі. Қазіргі заман талабы – ақпараттандыру. Сондықтан сабақта ақпараттық немесе компьютерлік технологияны қолдану өте тиімді. Олай болса, осы бағытты жүзеге асырушы тұлға – жаңа технологияны жетік меңгерген білікті педагог.

    Кіріктірілген сабақтарда баланың танымдылық қабілеті артады, қоршаған ортаның ақиқаттылығын сезінеді, логикалық ойлау қабілеттері, коммуникативтік қабілеттері және компьютермен жұмыс жасау біліктіліктері артады.

      Кіріктірілген сабақ баланың  жаңа қоғамдағы кіріккен ақпараттық  кеңістікте бәсекеге қабілетті  маман болып шығуына көп ықпал етеді. 
 
 
 
 
 
 

   Елбасы  Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің  болашақ дамуына арналған «Қазақстан2030» бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адам сүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі. Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастылығында балалардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті қазіргі кезде алдымызға қойылған мәселелердің бірі болып табылады.

   Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру балалардың танымдық қызығуы мен білім сапасын арттырумен қатар, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының  бірігуіне мүмкіндік береді.  Бұл әр пәндік мазмұнды қосып біріктіріп жіберу немесе бірнеше пәнді бір пәнмен алмастыру емес, әрі пәндік құрылымды жоққа шығармайды, керісінше, оған қондырғы ретінде қызмет етеді.

   Жалпы қарастыратын болсақ Интеграция дегеніміз-пәндердің  өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы  түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу  мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді. Пәндердің өзара байланыс деңгейі оқушылардың блімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі. Мұғалімдердің тәжірибесінде жиі кездесетін интеграцияны жүзеге асырудың жолы- сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша  біріккен сабақтар білімнің жинақталуы яғни әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу.

   Демек, бүгінгі мектепке дейінгі мекеменің мақсат-міндеті әр баланың жеке тұлғалық қадамына жол ашу болып отыр. Мұндағы бар салмақ балабақша айнасы болып есептелетін тәрбиеші иығына түспек. Балабақша, білім беру саласындағы мақсат, міндеттер мұғалім санасынан, тәрбиеші жүрегінен шықпайынша, белгілі бір нәтиже береді деп айту артық болады.

   Баланы  дарынды, бойында күш-қуаты жеткілікті екендігіне сендіру педагог бойындағы құдіретті күш. Өйткені, сенім үлкен жеңіске жетелейді. Терең біліммен қоса сапалы тәрбие беру- әрбір педагогтің абыройлы борышы.  
 
 
 

    Интеграциялық сабақ беру әдістері 

    Пәнаралық байланыстың интеграциядан айырмашылығы  ол мұғалімнен біртұтас педагогикалық  педагогикалық стратегияның болуын қажет етпейді. Ал интеграциялы сабақта екі немесе бірнеше мұғалімнің қатысуы немесе бір сабақта бірнеше мұғалімнің қатысуы немесе бір сабақта бірнеше пәннің материалы қарастырылуы қажет. Интеграцияланған курс мұғалімдердің әр түрлі уақыта жүргізетін сабақтарының бір уақытқа жомпарлануын талап етеді. Мектепке дейінгі мекеме бағдарламаларында да интеграциялауды қажет ететін тақырыптар аз емес. Кез келген пәннен өткізілітін сабақ, мұғалімнің түрлі әдіскерлік тәсілдерді қолдануын талап етеді. Қай мұғалім болсын тәжірибе барысында түрлі қиындықтарға кездесетіні анық. Бір бала зерек болса, екіншісіне түсіндіру үшін мұғалімнің әр түрлі әдістерді қолдануына, бірнеше рет қайталауына тура келеді. Бірінің есте сақтау қабілеті жақсы болса, екіншісі жақсы ұғу үшін тәптіштеп дәптеріне жазып алуы қажет. Жай сабақтарда осы қиындықтың бәрін бір мұғалімнің көтеруіне тура келеді. Ал интеграциялық сабақта мұғалімдер осы әдістерді бөліп алып, бір-бірін толықтырып ғана қоймайды, сонымен бірге балаларға өздеріне лайықты түсінікті әдістерді табуға, жаңа дағдылар алуға көмектеседі. Бірнеше мұғалімнің қатысуы арқылы өтетін дәстүрден тыс сабақ өткізу мұғалімдерге оңай емес. Ол үшін мұғалімдер арасында түсіністік болып ғана қоймай, сабақтың барлық кезеңдері ойластырылуы қажет.

    Сондай-ақ, бұл әдісті қолдану оқу пәндерін интеграциялау принциптерінің орындалуын, яғни интеграцияланатын оқу пәндерінің бірдей объектілерді зерттеуін, бірыңғай зерттеу әдістерінің қолданылуын  және осы интеграцияланатын оқу пәндерінің ортақ жалпы заңдылықтары бірдей теориялық концепциялар негізінде құрылуын талап етеді. 
 

    Пәнаралық байланыста оқушы тұлғасын дамыту мәселелері 

    Мектепке  дейінгі балалардың жеке тұлғасын дамытуда пәнаралық байланыс өте маңызды  болып табылады.

    Пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық, психологиялық жағынан зерттеумен қатар, философиялық тұрғыдын да көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы, тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады. Пәнаралық байланыстың физиологиялық, психологиялық негізінің нәтижесі білімдер жүйесінің мида орналасуы адамның үнемі алға ұмтылушылығына жағдай туғызады да, оның шығармашылық әс-әрекетіне дайын бола алатындығын дәлелдейді. Оқушының  өз болмысын тануға көмектесіпғ қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Оқушының  білім сапасының жоғары деңгейде болуы отбасындағы тұрмыс жағдайындағы ата-анасының білімділік деңгейіне байланысты. Әр баланың бойындағы ерекшеліктерді дәл танып, оны әрі қарай дамыту үшін ата-анамен байланыс жасау, олардың отбасылық жағдайын зерттеу, ата-ананың өзінің қабілет дарыны қандай, арғы тегінде өнері дарыған адамдар бар болған ба, осылардың барлығын баланың балабақшаға қабылдаған күннен бастап зерттеу қажеттілігі туындайды.

    Мұғалімнің  көздейтін мақсаты – балаларға  берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтап отыру. Пәнаралық  байланыс кезінде оқушылардың ойының тиянақталуына, қиялдауына ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке тұлғасын қалыптастыруда білім мазмұнының тиімділігі, оқытудың тиімді әдістерін іздестіру жолдары пәнаралық байланысты күшейтуге себебін тигізеді.

    Пәнаралық оқытудың қазіргі оқыту тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың  дүние танымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға  көмектесуі  ғылыми педагогикалық  дәлелдеме ретінде танылады. Оқушылардың  әртүрлі пәндер бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді. Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейіп, дамып отырады. Пәнаралық байланыс бастауыш сыныптарда білім және тәрбие беру міндеттерін шешуде ерекше әрі маңызды рөл атқарады.  Мектепке дейінгі мекемедегі білімдердің жүйесі мазмұны жағынан өте күрделі әрі комплексті болып келеді. Сондықтан, олардың мәні мен меңгерілуі пәнаралық байланыс деңгейінде жүзеге асырылуы қажет. Білім беру жүйесі бастауыш мектеп оқушыларында өмір туралы дұрыс ой қалыптастырып, қоршаған дүниеге көзқарасын біртұтас жүйеге бағыттайды. Пәнаралық байланыстың мәні мен маңыздылығына, оның ең қажетті педагогикалық іс-әрекеттің бірі екендігін айта келе мынадай қорытынды жасауға болады: пәнаралық байланыс бастауыш мектепте жан-жақты тәрбие беруді комплексті түрде жүзеге асыра отырып, педагогикалық іс-әрекеттің, еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Мектепке дейінгі мекемеде пәндер арасындағы өзара бай ланысты әрдайым ұйымдастырып, жүргізіп отыру – оқушыларға ғылымдар негізін игерудің, сонымен  бірге білім беруді дамытудың қажетті әрі келелі шарты. Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған білімдерде болатындығын өмір көрсетіде. Негізінде оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-бірінен өз алдына оңашаланып,бөлектенбейді. Ең бастысы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, оқытудың өзекті мақсаты пәнаралық байланыстағы ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыру. Пәнаралық байланысын, бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік, экономикалық рухани ортақ белгілерін бір – бірімен сабақтастыру ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс.

Информация о работе Интеграциялап оқытудың ерекшеліктері