Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 10:51, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстандағы әлеуметтік-саяси және экономикалық даму білім беру мәселелеріне аса мән беруді, қазіргі білім беру жүйесін жаңартуды талап етуде. Оның маңызды қырларының бірі – білім беруді кәсібилендіру, яғни оның барлық деңгейлерінде тұлғаны даярлауға құзыреттілік тұрғысынан келіп, білім берудің сапасын арттыруға бағыттау болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселе – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Ол үшін оқу орындарында білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігінің тәжірибелерін игеру, білім берудегі жалпы және кәсіби мәдениетті әлемдік деңгейге жеткізу қажет.
Кіріспе
1. Баланың ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің педагогикалық-психоогиялық мәселелері
Кіріктіру ұғымының теориялық негіздері
Ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің педагогикалық негіздері
2. Баланың ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің жолдары (эксперименттік ұйымдастырылуы)
Баланың ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің жүйесі (әдіс тәсілдері)
Баланыңң ойын және пәндік әрекетін кіріктірудің эксперименттік нәтижесі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Біз әлемдік білім қауымдастығына ұлттық білім жүйеміздің ерекшелігін сақтап баруымыз керек. Оқу мен тәрбиенің, негізгі және қосымша білімнің, сынып және сыныптан тыс жұмыстардың, инвариативті және варииативті білімнің, білім, білік, дағдының, сабақтың білім беру, тәрбие беру, дамытушылық мақсаттарының сабақтастығын ешкімде жоққа шығара алмайды. Яғни, интеграцияға баратын жол осы салалардың бірігуінен басталады.
Интеграциялық білім баланың ақпараттық, когнитивті және коммуникативті құзыреттілігін қалыптастырады. Ресей ғалымдары білімнің танымдық мақсаттарын ашу, білім көлемі, сапасы мен көптүрлілігін қамтамасыз ету, баланың өсіп келе жатқан жас ерекшелігіне және оқытудың басты мақсаттарына сай жаңа технологияларды пайдалануды кешенді жоспарлауды білім берудің эволюциялық жолы ретінде қарастырады. Осы бағыттағы мақсаттардың орындалуына соңғы жылдар ішінде пайда болған: оқытудың интегралды технологиясы; жаһандану дәуіріндегі ақпараттық білім беру технологиясы; когнитивті технлогия; оқытудың проблемалық-бағдарлы технологиясы арқылы өнертапқыштық міндеттерді ашу технологиясы; интеллект карт әдісі негізіндегі оқыту технологиясы үлес қосады.
Бұл
технологияларды оқыту
Оқытудың интегралды технологиясы міндет қоя отырып, балалардың осы міндетті шешудегі мақсаттарын айқындайды, мақсаттар көпдеңгейлі диагностикалық жүйеде болып келеді. Міндеттер қою арқылы мақсаттарды айқындау бейінді оқытудың нақты жүзеге асырады. Интегралды технологияның құрылымын анықтайтын дидактикалық бірлігі блок-сабақтар болып табылады, блок-сабақтар білім мазмұнындағы ұғым бірліктерін ірілендіреді. Блок-сабақтар мемлекеттік білім стандартындағы талаптарды орындап қана қоймай, оқу жоспарының инваритивті және вариативті бөлімдерін біріктіре отырып жоғары деңгейдегі білім бере алады.
Жаһандану дәуіріндегі ақпараттық білім беру технологиясы да интегралды білім беру технологиясын жетілдіріп, ақпатрат көздерінің қолжетімдігі, көптігі, алуан түрлілігі арқылы жеке тұлғаны дамытып, мұғалімнің ақпарат тасушы ретіндегі еңбегін жеңілдетеді. Яғни, мұғалім – ақпарат көзі, оны жеткізуші трансфлятор емес, оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамытушы фасилитаторға айналады.
Когнитивті технология когнитивті психология жетістіктеріне сүйенеді. Ол білім мазмұнындағы қиындықтарды жою үшін ойлау операцияларын жетілдіру, оқушылардың қиын материалды түсінуіне жол ашу, оқыту үрдісінің әдіс-тәсілдерін оқушылардың танымдық қызығуын арттыруға бағыттау, жалпы пәндер бойынша оқушылардың интеллектуалдық қабілетін, сыни ойлау дәрежесінің даму динамикасын бақылау, жалпы оқу үрдісінің көп дәрежелі мониторингін құру, сабақтар барысында оқушыларға қолайлы психологиялық жағдай туғызу мақсаттарын қамтиды.
Оқытудың проблемалық-бағдарлы технологиясы ойлау дәрежесінің жоғары сапалық белгіліерін қалыптастырудан пайда болатын өнертапқыштық қасиетті дамытады. Осы екі міндетті байланыстырып кешенді дамытатын педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балалар зерттеу, ізденіс жұмыстарына бейім болып шығады. Бұл қай пәннің болсын алдына қойған мақсаты әрі жетістігі болып табылады.
Қазіргі ғаламдық ақпараттар тасқынында әрбір баланың немесе топтың ақпараттық ізденіс жұмыстарын бақылау, сараптау, түзеу, конспектілеу және аннотация жазу мақсатында интеллект-карт технологиясы енгізіледі. Бұл жұмыс жүйелі жүргізілсе, баланың аналитикалық ойлау, ақпаратты қабылдау, ұйымдастырушылық қабілеттері артады.
Жоғарыда аталған технологиялар білім беруде пәндердің ішкі тоғысуы(пәнаралық байланыс), оларды жаңаша жүйелеу, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, таным мәселесін сабақ мақсатының алдыңғы қатарына шығару, көп-салалы мәдени білім беру, білімді өмірімен байланыстыру салаларында қолданылады. Яғни, интегралды оқыту технологиясы басқа технологиялармен кешенді байланысқанда ғана оң нәтиже береді.
Пәнаралық байланыс арқылы бір ғылым саласының заңдылығын айқын, дәл білу үшін басқа ғылым саласындағы ұқсас құбылыспен байланыстырып, салыстыруға мүмкіндік туады.
Интеграция - ғылымдардың жақындай отырып байланысуы, ол дифференция үрдісімен қатар жүреді. Пәнаралық байланыстан басталған интеграциялық үрдіс әлемдік білім кеңістігімен интеграциялануға жол ашады.
Баланың дүниетанымын қалыптастыру – барлық пәндердің міндеті. Пәнаралық байланыс дүниетанымды бір жүйеге келтіреді, бірізді, үйлесімді дамытады. Білімді жалпылау, жалпыны бірлікте көру, жалпы тұрғыдан ерекшелікті таныту – әлемнің біртұтас бейнесін танытудағы бірден-бір жол. Негізгі нысаны – адамды жан-жақты дамыту болып табылатын қазақ тілі мен тіл дамыту пәндері өзара байланыса отырып табиғи ортаның, қоғамның, әлеуметтік ортаның даму заңдылықтарын тереңдете танытатын неғұрлым ірі интеграциялық байланысқа –қоғамдық ғылымдармен байланысқа ұласады.
Тіл материалы –сөз. Сөз – белгілі бір заттың, құбылыстың атауы. Сөз болмысты бейнелейді. Сөз – айналадағы қоршаған ортаның, заттардың санамызда шындықпен сәулеленуі. Егер балаға затты, құбылысты дұрыс таныта алмасақ, шәкірт оны сөздік таңба арқылы дұрыс бейнелеп айта алмайды, тілдік қолданыста сөзді мағынасына сай қолданбау осыдан шығады. Ой мен тілдің, болмыс пен сананың арасындағы байланыс интегралды және кешенді сипат алады.
Тіл
білімі оқушыға бүкіл тілдік жүйені
меңгертуге қатар ана тілі арқылы
материалистік көзқарастың
Пәнаралық байланыс білім берудің негізгі парадигмаларымен тәкелей байланысты. Сөздер мағыналық байланысына қарай парадигмалар жасайды.
Ғалым А.Айғабыловтың
Жаһандау дәуірінде білімнің мәдени ықпалдастығын кеңейту, интеграциялық білімнің мақсаттарының жалпы адамзатты толғандыратын мәселелерге араластыру, оны ғаламдық ойлау дәрежесіне көтеруғ оқушыларды алуан түрлі мәдени құндылықтарды құрметтеуге, оған төзімділікке тәрбиелеу, шәкірт бойында жалпы адамзаттық сананы қалыптастыру және қазақстандық білім беру жүйесі ашық жүйе болып табылып, жеке тұлғаны әлеуметтендіруге белсене қатысады.
Бұл салада әлемдік тәжірибеге сүйенбеу мүмкін емес. Ол үшін әлемдік білім беру жүйесінің ұйымдастыру-құрылымдық жағымен интеграциялана отырып, білім беру технологиясының алдыңғы қатарлы жетістіктеріне сүйенуіміз қажет.
Әлемдік
білім берудің негізгі
Яғни, Абай атамыздың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол!» деген үндеуін орнықтыру үшін шәкіртке өзін ғаламның бір бөлшегі екенін сезіндіріп, оны жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарымен таныстырып, құрметтеуге үйретуіміз керек.
Ғалым А.Бейсенбаева пәнаралық байланыстың шартты түрде қолданылып жүрген үш түрін көрсетеді. Ғалымның пікірінше:
2) орта деңгейдегі пәнішілік және пәнаралық байланыста әр циклдегі білімнің жалпы идеясы, теориясы, мазмұндық ортақ қасиеттері ашылады. Шебер мұғалім пәнаралық операцияларды мүшелейді;
3) бұл
жағдайда әдіснамалық тұрғыда
пәндердің бірігуінен
Біздің қосарымыз, бүгінгі қоғамда білімнің ғаламдану салдарынан пәнаралық байланыстың төртінші түрі қалыптасты. Ол әлемдік ашық білім кеңістігіне байланысты білім мазмұнының «тасмалдануына» және интеграциялануына байланысты туып отыр. Яғни, елімізде ғаламдық интеграциялық үрдістің пайда болуы нәтижесінде халықаралық дәрежеде білім берудің негізі қаланып жатыр.
Бұл үрдістің көрністері – орта білім беру жүйесінде пайда болған халықаралық деңгейде интернационализациялау арқылы туып отырған интеграциялық үрдіс білім беру мен тәрбие шараларының кешені арқылы жасалады. Яғни, жастардың, бүкіл адамзаттың мекені – Жер планетасында өтіп жатқан барлық құбылыстар мен оқиғаларға бейжай қарамай, сезімталдықпен қарап, әртүрлі этникалық, нәсілдік, мәдени топ өкілдерін бөліп-жармай, оларға керек кезінде көмек қолын созуы, көптүрлі мәдени плюрализмді қабылдауы, ғаламдық қоғамдық қауымдастықта өмір сүре алатын білім, білік дағды жинауы басты назарда тұр.
Қорыта айтқанда, әрбір ұстаз – өз заманының алдыңғы қатарлы білімдар өкілі. Ол өз бойына ғұламаларымыз Әл-Фараби, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, т.б. жинаған энциклопедиялық білімнің негіздерін жинап, осы қасиетті шәкірттеріне сіңіре білуі қажет.
Ол үшін әр сабағында
Интеграциялық
оқытуды жүзеге асыру
Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі. Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылған ділгір мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ.
Осыған орай интеграция, интеграциялық
оқыту мәселесі сан қырынан
зерттелуде. Оқыту мен тәрбиелеудегі
пәнаралық байланыс мәселесін
және білім берудегі
Интеграция дегеніміз - пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Сондықтан да интеграция мен пәндердің өзара байланысы ұғымдарын мәндес ұғым ретінде түсінуге болмайды. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді
Осы
тұрғыдан алсақ, интеграциялық оқыту
мәселесінің педагогикалық
Қазақстандық педагогикада жалпы білім беретін мектепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісіндегі интеграция мәселесінің педагогикалық негізін Б.Т.Нәбиева, А.Р.Бектениярова, А.Ерімбетова, Р.К.Аббасава, А.А.Әбдиев, т.б. сипаттаса, жаңа үлгідегі мектептердің ғылым мен тәжірибе интеграциясының педагогикалық негізін Г.К.Меңдіғалиева, аспиранттардың оқу және зерттеушілік қызметі интеграциясы мәселесін К.Жүнісова, Ә.Бидайбекова, мектепке дейінгі білім мазмұнын интеграциялау мәселесін К.Жүнісова, Ә.Мұханбетжанова және т.б. қарастырған. Олардың ғылыми еңбектердің аса құнды екендігі мәлім.
Біздің ойымызша, интеграциялық оқытуды жүзеге асыру балалардың танымдық қызығуы мен білім сапасын арттырумен қатар, бір сабаққа бірнеше пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді.