Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 09:42, автореферат
Ғылыми ақпарат көлемін қысқа мерзім ішінде қарқынды меңгеруді қамтамасыз ететін ұтымды оқыту әдісін қолданудың жолдарын әдістемелік тұрғыда негіздеп, практикада пайдалану – бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған мәселе. Орыс аудиториясында мамандыққа бағыттап оқытудың дидактикалық және әдістемелік негіздерін басшылыққа алу қазақша сөйлеу білуге қажет керекті лексиканы талапқа сай дұрыс таңдап алуды қажет етеді. ЖОО студенттерін мамандыққа бағыттап оқыту ауызекі тілді меңгертумен қатар кәсіби тілдесімді еркін жүзеге асырады.
Тіл үйренушілерге Атау және Табыс септіктерінің қолданысын ажырату қиыншылық туғызады. Оларды кесте арқылы оқыту тиімді. Сырт тұлғалары ұқсас атау септігінде қолданылғын сөздердің мағыналары бастауыш, екінші бағанадағы сөйлемдерде толықтауыш қызметін атқарып тұрғанын көрсетеді.
Ілік септік, Тәуелдік жалғау мен Иелік формада колданылатын -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары бір мезгілде кестеде төмендегідей мысалдар арқылы түсіндіріледі. Оқу құралдарында Ілік септік септіктер қатарында, тәуелдік жалғауы жалғауларды оқытқанда, ал иелік форма мүлде бөлек беріледі. Аталған ұғымдарды топтастырып, бір сабақта өткен ұтымды:
2-кесте – Ілік септік, тәуелдік жалғау, иелік форма бойынша бірліктерді ірілендіру үлгісі
Элементтің тобы Қышқылдың қасиеті Заттың иісі Судың буы Шөлмектің тығыны |
Топ элементтікі Қасиет қышқылдікі Иіс заттікі Бу судікі Тығын шөлмектікі |
Сонымен, 1-сабақтың шеңберінде мынадай бірліктер ірілендіріледі:
1. Ілік септік
2.Тәуелдік жалғау
3. Иелік форма
4. Иелік форманың жіңішке нұсқасы.
Іріленген бірліктерді бір мезгілде үйрету мына тұрғыдан тиімді: біріншіден, өзара байланысты білімдер тіл үйренушілердің жадыларында берік және ұзақ сақталады; екіншіден, алған білімдерін керек уақытта жадыларына тез түсіре алады; үшіншіден, сабақ уақыты үнемделеді.
3-кесте – Барыс және жатыс септіктері бойынша грамматикалық бірліктерді ірілендіру үлгісі
Б А Р Ы С ҚАЙДА? Ж А Т Ы С
(кімге?, неге?) | |
Асан кеше зертханаға келді. Студент ерітіндіге су қосты. |
Мен зертханада болдым. Қышқылда оттегі бар. |
Барыс және Жатыс септіктеріне қатысты ортақ сұрақты кесте бойынша бір сабақта меңгерту ыңғайлы. Студенттер екі септіктің қосымшаларын бір-бірімен шатыстырмай жұмсай алады.
Атау септігімен тіркесетін шылауларды топтастырып, сызбаның көмегімен былайша өрнектеуге болады:
1. Үшін
Металды балқыту үшін өте жоғары температура қажет.
Химиялық шөлмекке тығын не үшін қажет?
Мен зертханаға тәжірибе жасау үшін келдім.
2. Туралы, жайында, жөнінде
Біз бүгін қышқылдар туралы айтамыз.
Мысалы, Оқу ісі жөніндегі проректор.
3. Арқылы
Теорияны тәжірибе арқылы дәлелдейміз.
Әріптесіммен телефон арқылы сөйлестім.
Күн аралатып тәжірибе жасаймыз.
4. Сайын
Жасаған тәжірибеге 10 минут....... Тәжірибе нәтижесінде алынған
бір тамшы ерітінді құю керек. зат тұрған........... қоюлана түседі
САЙЫН |
Зертханада күн .............тәжірибе жасаймыз.
1-сызбада үшін жалғаулығы үш сөйлемде де мақсат пысықтауыш қызметін атқарады. Мұндағы үшінші сөйлемдегі шылауды бола сөзімен ауыстыруға болатынын түсіндірген дұрыс. Мен зертханаға тәжірибеге бола келдім.
2-сызбада туралы, жайында, жөнінде шылау сөздерінің мағынасы бірдей. Сабақта басқа ұлт өкілдері студенттерінің туралы шылауының мағынасын жақсы меңгергенін байқауға болады, ал сөз жөнінде, жайында жайлы болса, мүдіріп қалады. Сондай-ақ, жөніндегі сөздің мағынасын мынадай мысал арқылы түсіндірген жөн: Оқу ісі жөніндегі проректор.
Арқылы сөзінің түрлі мағынадағы қолданысын 3-сызба бойынша ұсынған тиімді: бірінші сөйлемде өз мағынасында, екіншіде Телефонмен сөйлестім деп айтуға болады; үшіншісінде қазақ тілінде «бір күн арқылы» деп айтылмайды, яғни «күн аралатып» немесе «бір күннен кейін» деп ұғындырған дұрыс. Студенттер септеулік шылауларға байланысты бір емес, бірнеше мәліметті бір мезгілде қабылдайды. 4-сызбадағы сөйлемдерден сайын шылауының бірнеше қолданысын байқауға болады: бірінші сөйлемде уақыт аралығын; екіншіде күшейткіш шылау; үшіншіде күнделікті сөзінің мағынасын иеленгенін көрсетеді.
Көзбен көріп ойлау – естуге қарағанда ақпаратты өңдеуді 100 есе күшейтетіні ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Олар студенттердің ақпаратты көзбен көріп, есте сақтау қабілетін жетілдіреді және тілді үйренуге қызығушылығы мен ынталарын арттырады. Кесте және тірек сызба сөйлемдегі іріленген лексика-грамматикалық бірліктердің түрлі мағынадағы қолданысын ажыратуға, олардың мәнін жете түсінуге мүмкіндік туғызып, сөйлем ішінде дұрыс пайдалануға себін тигізеді; алған білімдерін іс жүзінде пайдалануға жол ашады.
Екінші бөлімнің үшінші тармағында мамандыққа сәйкес лексиканы дидактикалық бірліктерді ірілендіру негізінде блоктық тапсырмалар арқылы оқытуға назар аударылған.
Лексиканы дидактикалық бірліктерді ірілендіру арқылы меңгертуде тапсырмаларды блоктап берудің маңызы ерекше. Тапсырмаларды блоктап ұсынуда сөйлесім әрекетінің: оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім түрлерінің барлығы қамтылады.
Тапсырма. Мәтіндегі іріленген грамматикалық
бірліктерді теріп оқыңыз, есте сақтаңыз:
Зертхана
Химиялық лабораторияда ыдыстарды қабықтан жасалған тығынмен тығындайды. Мен сауытты сөреге қойдым. Егер тығын таза болмаса, ерітіндінің қасиетін өзгертеді. Зертханада сақтық үшін арнайы киім кию керек. Химиялық зертханада өрт сөндіруге арналған құралдар бар.
Бұл жағдайда студенттер мәтінді оқу барысында кәсіби лексиканы меңгерумен қатар іріленген грамматикалық бірліктерді іздеп тауып, олардың қайсысы қандай мағынада қолдануын түсініп ажыратады.
Тыңдалым
Тапсырма. Сөйлемдерді тыңдап, қайталаңыз. Бір-біріне ұқсас сөздер бар ма? Олар қандай мағынада жұмсалғанын түсіндіріңіз:
Күкірт қышқылы сөреде тұр ма?
Сен отқа жақын тұрма.
Зертханаға біреу келді.
Маған сілтінің біреуі ғана керек.
Бұл жағдай тіл үйренушілерге сөйлем ішіндегі біртектес лексикалық бірліктердің ұқсастығын қабылдауға мүмкіндік бере отырып, айырмашылығын байқатып, түрлі мағынадағы қолданысын көрсетеді. Бірінші сөйлемде Сұраулық шылау мен Етістіктің болымсыз түрі; екінші сөйлемде Белгісіздік есімдік пен Жинақтақ сан есімнің бір мезгілде ұсынылуы туралы ой қорытуға түрткі болады.
Жазылым
Тапсырма. Сөйлемдердегі қара сөздермен берілген бірліктерді ірілендіріп, сөйлем құрастырыңыз.
Жануарлар мен өсімдіктер табиғаттың тірі организмдері болып саналады. Бұрынғы кезде адамдар темірді қалай өндірген? Студент сабақта улы заттар туралы айтты.
Бұл тапсырма бойынша тіл үйренушілер ірілендіруге қатысты лексикалық бірліктерді теріп алып, олардың басқа мағынадағы қолданыстарын іздейді, іріленген бірліктерді сөйлем ішінде пайдалануға машықтанады.
Айтылым
Тапсырма. Көп нүктенің орнына Барыс және Табыс септіктерінің қосымшаларын орнымен қолданып, сөз тіркестерін құраңыз, мағыналарын айтып түсіндіріңіз:
өндіріс....... енгіздім; өндіріс......... істеймін;
зертхана.... барамын; зертхана....... боламын;
ыдыс........ құяды; ыдыс.......... тұр;
сауыт....... сал; сауыт.......... бар;
тәжірибе...... қара; тәжірибе....... көрсетілген.
Ұсынылған тапсырмада аталған септіктерге ортақ қайда? сұрағының жалғауларын бір-бірімен алмастырмай, дұрыс пайдалануға үйретеді.
Тілдесім
Тапсырма. Жақсы лексикалық бірлігінің мағынасын ескеріп, диалог құрыңыз:
- Нәйла, жасаған тәжірибең жақсы нәтиже берді ме?
- Иә, оттегімен жасаған тәжірибем дұрыс болып шықты.
- Ал Ермек қазақ тілінен тесті жақсы жазды ма?
- Білмедім, мен Ермекті көргенім жоқ.
Аталған тапсырма түрі студенттердің лексикалық бірлікті қалай ірілендіру жолын іздестіріп, сөйлем құрайды, оны қазақша сөйлеу үрдісінде орнымен жұмсауға мүмкіндік алады.
ДБІ технологиясына негізделген тапсырмалар жүйесінің кешенді түрде жүргізілуі – студенттердің сөйлеу тілін дамытуға, яғни тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым әрекеттеріне қатысты алған білік пен дағдыларын ұштауға себін тигізіп, монологтік және диалогтік сөйлеуін жетілдіруге мүмкіндік туғызады.
Екінші бөлімнің 3.а тармақшасы «Студенттің оқытушымен бірігіп атқаратын жұмысы» деп аталады. Саяхат сабағына қатысты СОӨЖ және СӨЖ жұмысы.
І. СОӨЖ.
Саяхат нысанасы ретінде өлкетану мұражайы алынды.
Сабақ мақсаты: Практикалық сабақта өткен «Ұлттық ақша» тақырыбына байланысты студенттердің танымдық қабілетін кеңейту; білімін тереңдету; алған мәліметтерді жазбаша жұмыста пайдаланып, «Қазақстанның теңге сарайы» атты сұхбат дайындау.
Тапсырма. а) сұрақтарға жауап беріңіз; ә) сөйлемдердегі сырт тұлғасы біркелкі сөздер қандай мағынада қолданылған?
- Теңге сарайы Қазақстанның қай өңірінде орналасқан?
- Теңгені Өскеменнің қай өнеркәсібінде шығарады?
- Аталған өнеркәсіпте теңгеден басқа тағы қандай бұйымдар шығарылады?
- Қазақстанның басқа қай қаласында теңге жасайды?
Тапсырма. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына қажетті жалғауды жалғаңыз. Қандай грамматикалық бірліктер топтастырылған?
Тапсырма. а) Мұражайда қандай Ұлттық ақшалармен таныстыңыз?
ә) Ақша айналымындаңы ең алғашқы теңгеліктерді атаңыз. Олардың бетінде кімдердің бейнесі салынған? Әрқайсысына қысқаша сипаттама беріңіз.
СОӨЖ-де студенттер меңгертілетін тақырып бойынша мәліметтерді ала отырып, өздік жұмысына қажетті материалдарды дайындайды.
ІІ. СӨЖ.
СӨЖ сабағында тіл үйренушілер «Ұлттық ақша» және «Қазақстанның теңге сарайы» тақырыбы бойынша алған мағлұматтарын пайдаланып, «Өскемен металлургия зауыты» атты шығарма жазады.
Тапсырма. Шығарма жазуда лексика-грамматикалық бірліктерді ірілендіріп, қолданыңыз: онда, мен, басқа, тәуелдік жалғау, ілік септіктің қосымшасы және т.б.
СӨЖ-ді орындауда тіл үйренушілер берілген тақырыпқа байланысты алған біліммен қоса, СОӨЖ-де орындаған тапсырмалардың негізіне сүйене отырып, арнайы әдебиеттерді, қос тілді сөздікті пайдаланып шығарма жазады.
Екінші бөлімнің төртінші тармағы Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясын жүзеге асыру барысында қолданылатын әдістерге арналған.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы арқылы тілді меңгерту кезінде қолданылғын әдістер: ассоциация; деформация, салғастыру, сәйкестендіру.
Ассоциация әдісі – сыртқы дүниенің әсерінен ойда жаңа ұғым пайда болып, санада сәйкес, ұқсас бейнелер елесін туғызады.
Мысалы: Күкірт сөзі сіздерде қандай ассоциация туғызады?
1-сурет – Ассоциация әдісі
Бұл әдіс бойынша Күкірт сөзі аталған тақырыпқа қатысты бірнеше үндес лексикалық материалдарды еске түсіріп, анализге жетелейді.
Деформация әдісі – түрі өзгертілген тапсырмаларды дұрыс қалыпқа келтіру. Бірнеше сөйлем түрі беріледі. Сөйлемдерді мағыналарына қарай бір-бірімен байланыстырып, бүтін жүйедегі шағын мәтін құрастыру көзделеді. Негізгі мақсат – сөйлемдердің орын тәртібін дұрыс анықтай білу. Мұндай тапсырмалар студенттердің мәтінді логикалы түрде құрастыру дағдыларын жетілдіреді.
Өйткені тығын неғұрлым тығыз тығындалса, ыдыстың ішіндегі сұйықтық төгілмейді. Зертханада сұйықтық тұрған ыдысты қабықтан немесе резеңкеден жасалған тығынмен тығындайды. Сондықтан әрбір тығынды тек өзіне ғана меншіктеу қажет. Химиялық зертханада сұйықтық құйылған ыдыстар сөрелерде тұр. Егер тығын таза болмаса, ол ерітіндінің қасиетін өзгертеді. Тығынды ыдыстың аузынан сәл үлкендеу етіп таңдау қажет. Химиялық улы заттар арнайы ыдыстарда сақталады.