Концепция воспитания в системе непрерывного образования Республики Казахстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 11:11, доклад

Описание

Қазіргі заманғы қоғамда адамнан тек политехникалық білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын ғана емес қоғамда өмір сүріп тіршілік ете білуді талап етеді. Баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік,белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасу мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады.

Работа состоит из  1 файл

Kocepcija_vospitanija.doc

— 182.00 Кб (Скачать документ)

 

ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

            Көзқарас  – ол білім беретін мекемелер ұстазының немесе басшысының педаго-гикалық қызметтеріндегі белігілі бір өзара байланысты түсіну, идеялар мен тәсілдер жиынтығын қолдануға ниеттенген  іс-әрекеттерін жүзеге асыруда алатын бағыты.

Антропологиялық көзқарас тәрбиеленушілерді бірегей және тұтас жеке тұлға ретінде қарап, адам туралы білім кешенінде кең көлемді есеп жүргізуге бағыттайды.

Тұлғаға бағытталған  көзқарасы – тәрбиеленушінің өзара байланыстағы түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдерін қамтамасыз ету мен  өзін-өзі тану, дербестігін құру және өзін-өзі табысты көрсету үдерістер     жүйесін қолдау, оның қайталанбас жеке тұлғалық дамыту арқылы педагогикалық қызметтегі әдіснамалық байланыс. 

 Тәрбиедегі әрекетшіл көзқарас – жеке тұлғаның бірлігі оның  әрекетшілдігінде екендігі туралы көріністен туындайды. Бұл бірліктің көп үлгілі формадағы қызметі жеке тұлғаның құрылымына тікелей және жанама түрде өзгеріс жасаудан байқалады; жеке тұлға өз кезегінде бір мезгілде тікелей және жанама түрде дербес даму сұранысын өтейтін барабар қызметтің түрлері мен формаларын жүзеге асырады.

Кешенді көзқарас – тәрбиеге кешенді көзқарастың мәні бірлікті, әртүрлі кешендердің тұтастығын қамтамасыз етуді құрайды, соңғы нәтижеге себепші болатын -жеке тұлғаның жан-жақты даму үндестігі дәрежесіне ие болады. 

Аксиологиялық көзқарас – санадан «беретін» және адамның әлемге, адамдарға, өзіне қатысты әмбебап жалпы адамзаттық құндылықты қамтиды; табиғатпен, әлеуметпен, мәдениетпен барлық өтіп жатқан қарым-қатынасындағы жеке тұлғалық мәндерді тәрбиелеуде білім алушы  өз білімінің, өмірінің  мәніне ие болуына бағытталған. 

Амбивалентті көзқараста алғашқыда екі жақтың бір-біріне қайшылықтарын жоятын, оларды есепке алу негізінде педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді қарастыру көзделеді. 

Жүйелі  көзқарас объектіні күрделі, оны құрайтын бөліктерді жинақтауға болмайтын және иерархиялық құрылым  ретінде қарастыруды көздейді және    жүйе жасаушы факторларды анықтауды, сыртқы байланысты талдауды мөлшерлейді. 

 Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлық тәуелділікке негіздемей, тек, біркелкі емес түрде өтетін үдеріс ретінде қарастырады; маңызды дәрежеде өзін-өзі ұйымдастыратын, көптеген ішкі және сыртқы ықпалдарға себепші болатын: заңдылық пен кездейсоқ, болжамдық пен стихиялық, реттелген және ұйқы-тұйқы үдеріс.

Орта көзқарасы тәрбиешілерді жеке тұлғаны дамыту үдерісін жағдайға және ортаның сипаттамасына тәуелді қарастыруға бағыттайды. 

 

ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ:

        Тәрбие қағидасы – тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдасытру-дың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.

       Табиғилылық   қағидасы тәрбие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық және  жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне негізделеді.

Мәдени  сәйкестілік   қағидасы тәрбие жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және  аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады.

Мақстаттылық   қағидасы мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақты есеп жасауды,  тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады.

Гуманистік  бағыт қағидасы әрбір жеке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның    бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын гуманистік идеяны және бағытты бірінші орынға қояды; педагогтың білім алушыларға және тәрбиешілерге өздерін-өздері дамытуға жауапкершілікті субъекті ретінде қарауын, сондай-ақ, субъектінің-субъектіге көңіл бөледі.

 Этникалық  қағида этникалық мәдениет   негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдниет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім және үйлесімдікке, қоғамдық қатынаста табысқа жетуді қарастырады. 

Бiрлiк талабы мен сабақтастықты қамтамасыз ету  қағидасы – мұғалiмдердiң мектеппен, мектептен тыс мекемелермен, отбасымен достастығын құру, тұлға дамуының барлық сатыларында тәрбие сапасын көтеру.

Тәрбиенің үздіксіздік қағидасы жеке тұлға ғұмырының барлық кезеңдерінде оның жан-жақты дамуын болжайды: оның шығармашылық әлеуетінің үдемелі баюын және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, кәсіби шеберлігі мен мәдени өсуін мөлшерлейді.

Әлеуметтік  өзара іс-әрекеттер тиімділігі қағидасы түрлі ұжымдардағы білім беру жүйесінде тәрбие жүргізуді болжайды  және білім алушылардың қарым-қатынас сферасын кеңейтуге,  әлеуметтік-мәдени конструкциялық үдерістерді дербес анықтауға, барабар коммуникация жасауға жағдай туғызып, жалпы әлеуметтік бейімделуін, өзін-өзі көрсете білуін қалыптастырады.

Әлеуметтік  барабар қағидасы ұйымдастырылатын тәрбие үдерісінің әлеуметтік ортаға тәрбие  мазмұны мен тәсілдерінің сәйкестігін талап етеді. Тәрбиенің міндеттері нақты әлеуметтік-экономкалық жағдайларға бағытталады және балалардың әртүрлі әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға болжамдық дайындығын қалыптастыруды мөлшерлейді.   

Демократияландыру қағидасы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеттеріне, педагогикалық бірлестікте, ынтымақтастыққа және бірлескен авторлыққа негізделген жүйені шамалайды. Ол сондай-ақ, педагогикалық басшылық, өзін-өзі басқару, бірлесіп басқару және жеке реттеу жүйесінің құрылымына кіретін өзара байланысты, өзара келісуді болжайды. Бұл қағида оқушыларды еркіндік, жеке адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады.

Вариативтілік қағидасы білім беру  мекемелерінде жүзеге асырылатын кең таралымды, көп үлгідегі тәрбие бағдарламаларын мөлшерлейді, білім алушының жеке тұлғалық дамуының дербес траекториясын анықтауды көздейді.

 

ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАЗМҰНЫ

ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың,   және білім алушылардың    Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы   мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне,  болашақ мамандық  иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

          ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • білім беру ұйымдарында   денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
  • балалар мен жастарды   азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен   бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер  мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
  • өзінің  және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік,  табиғи және мәдени ортадағы  өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;
  • мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы  балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;
  • жеке тұлғаның өзін -өзі  іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары  жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен  өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту    бейімділігін қалыптастыру;
  • қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының  және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын   қалыптастыру;
  • қоғамда орнықты  қалыптасқан дәстүрлер негізінде  этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;
  • балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші  этнодіни экстремизм мен  түрлі радикалды  ағымдарға қарсы әрекет ете алатын  дағдылар қалыптастыру; 
  • отбасылық тәрбие жүйесін  қайта жандандыру және  отбасын білім беру мекемелерінің  тәрбие жүйесіне араластыру. 

Тәрбие мақсаттары мен  тәрбие жұмысының міндеттері білім  беру  үдерісінде, сабақтан тыс уақытта  және  білім алушылардың бос  уақытында  жүзеге асырылады.

 

 ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ

         Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие  мазмұнын қайта бағдарлау  даму заңдылығы болып табылады.   Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен   рухани  жағынан қалыптасуы    барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр. 

        Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты  мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Тәрбие  мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады. 

       Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам  көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті  болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие  мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос,  ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы,                                                      ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы,                                               еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.   

               

ТӘРБИЕНІҢ БАСЫМ  БАҒЫТТАРЫ

       Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып 

  тәрбие жұмысының мынадай б а ғ ы т т а р ы айқындалады:

● Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға,  Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленуші-лердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін  көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша  ғылыми негізделген саясат жүргізу; білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие  беруде  мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру;  

 ● Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның  қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани адамгершілік  құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру;

● Отбасы тәрбиесі  адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы  арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені  таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі  болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады. Тәрбиеленушілердің санасында  дәстүрлі ұлттық және моралдық құндылықтар  жандандыру отбасы негізінде  қалыптастыруды ұялату.

● Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.  Өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеу,  өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өз өзін-өзі тану  өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуеттік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Адам – адам, адам - қоғам, адам - техника, адам - табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыру; Өзін-өзі тану  нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, адам толысуын, өмір рахаты мен оның мәнін жете түсінеді. 

● Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық)  әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден  дереу және тең әсер алу,  белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды.

● Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, иделдарды, нормаларды айшық-тайды және  шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде  қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және  түзетуге көмек береді.

● Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарас-тың және  оған   қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын,  табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және  адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.

Информация о работе Концепция воспитания в системе непрерывного образования Республики Казахстан