Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 13:31, курсовая работа

Описание

Зерттеудің міңдеттері:
- Қазақстан лицейлері мен колледждерін қалыптастырудың алғы шарттарын анықтау;
- Қазақстанда лицейлер мен колледждердің қажеттілігін нақтылаудағы көзқарастарға талдау жасай отырып, баға беру;
- колледждер мен лицейлерге қатысты үкіметтің қаулылары мен шешімдерінің мәнісін айқындай отырып, бұл оқу орындарын дамыту қажеттілігін дәлелдеу;
- техникалық және кәсіби білім саласы жүйесіндегі бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта білімді мамандарды дайындаудың түрлері мен тәсілдерін анықтай отырып, жүйелеп көрсету;
- экономиканың әрбір салаларына қажетті кәсіп иелерін дайындаудағы колледждер мен лицейлердің рөлін көрсету;
- дағдарыс жылдарында кәсіби оқу орындарының қиыншылықтарын көрсете отырып, нарықтық экономика талабына бейімделуін дәйектеу;
- лицейлер мен колледждердің материалдық-техникалық базасының жағдайын және оны әлеуметтік серіктестердің қатысуы арқылы нығайтудың шараларын зерделеу;
- бәсекеге қабілеттілікті іске асырудағы лицейлер мен колледждердің білім беру түрлері мен тәсілдерін талдау, әлемдік стандартқа сәйкестігін анықтау;

Работа состоит из  1 файл

курстық жұмыс сакен.docx

— 196.29 Кб (Скачать документ)

Жұмыссыздардың, әсіресе жастардың тарапынан  орын алуы жұмыс берушілердің және оқу орындарының талап етілмеген  жұмысшылар мен мамандарды дайындауынан да болып отыр. Бұған ата-аналар, сол жастардың өздері де кінәлі. Жоғарыда келтіргеніміздей көптеген мектеп бітірушілер, олардың ата-аналары  жоғары оқу орындарында оқығанды дұрыс деп табуда.

Кәсіби  мектептер мен колледждерді бітірушілерді  жұмысқа орналастырудағы орын алып отырған кемшіліктер жұмыс берушілердің шет елдің мамандарын шақырумен  де байланысты. 2003 жылғы мәлімет  бойынша шет ел жұмысшылары республиканың  экономикалық жігерлі халқының 0,14 пайызын  құраған. Жұмыс берушілер республиканың  кәсіби оқу орындарының түлектерін жұмысқа алмауын олардың кәсіби шеберлігінің төмендігімен түсіндіруде. Әрине, ондай кемшіліктер жоқ  деп айтуға болмайды. Жұмыс берушілер  кәсібі жоғары жас мамандарды зор  ынтамен қабылдайды, оларды дайындаудың  көптеген шығынын өздеріне  алады. Міне, әлеуметтік серіктестікті жан-жақты  дамытудың қажеттілігі де осындай  жағдайлардан туындайды.

Дамыған елдерде кәсіби мектепті қаржыландырудың  бұлағы жұмыс берушілердің салықтан түскен қаржысы есебінен іске асырылады. Көптеген елдерде жұмысшылар мен  мамандарды дайындауға деген арнаулы  қор құрылған, мемлекеттік жәрдем де беріледі. Ол жұмыс берушіні жаңа жұмыс орнына жұмысшылар дайындауға ынталандырады. Сонымен қатар кәсіби – техникалық оқу орындарының  түлектерін қабылдап және жұмысқа тұрақтандырғаны  үшін жұмыс берушілерге жеңілдік те беріледі.

Индустриалық-инновациялық бағдарламаға сәйкес еліміз шикізаттық экономикадан жаңа технология негізінде  өңдеуші экономикаға өтеді. 2015 жылға  қарай Қазақстан экономикасы 3,5 есе  артуы керек, бұл еңбек нарығында  жұмысшылар мен мамандарға сұранымды  көбейтеді, бастауыш және орта кәсіби оқу орындарын жаңғырту бағдарламасын  жасауды талап етеді.

 

 

1.2 Кәсіби лицейлердің оқу және тәрбие жұмысы

 

Кәсіптік  бастауыш білім, кәсіптік мектептер  мен кәсіптік лицейлерде негізгі  жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады  және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары  бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға  бағытталған.

Кәсіптік  орта білім беру

Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім  беру базасында конкурстық негізде  алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады [16, 5-6б].

Кәсіптік  орта білім колледждерде, негізгі  жалпы орта білім алумен ұштастырылады  және ол кәсіптік орта білім алып шығатын  мамандар даярлауға бағытталған.

Кәсіптік  жоғары білім беру

Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда  және соларға теңестірілген оқу  орындарында білім алады.

Жоғары  оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім

Республика  азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда  оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор  атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Кадрлардың  біліктілігін арттыру және оларды қайта  даярлау қосымша білім беру

Жұмысшылар  мен мамандардық басшы қызметкерлердің  біліктілігін арттыру және оларды қайта  даярлау арнаулы білім асыру  мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым  мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады.

Қосымша білім беру үшін денешынықтыру - сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары бекітеді.

Сонымен, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан  Республикасында жастарға білім  беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына  және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Сонымен, білім берудегі инновациялық процестерді жүзеге асырып, дамыту – бұл білім беру жүйесінің  дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін  арттырудың шарттары. Сондықтан да қазіргі таңда балаға деген көзқарас пен қарым-қатынаста баланы объект деп қарамай, оны дамушы тұлға  ретінде қабылдап,  оқу-тәрбие жұмысын  осыған лайық өзгерістерге сай, қазіргі  педагогикадағы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны енгізудің  қажеттілігі туындап отыр. Ал жаңа технологияны пайдаланудың мақсаты – міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, шығармашылық деңгейге жету.

Оқу процесінің тиімділігін арттырудағы маңызды  мәселенің бірі әрбір мамандық бойынша  республика, облыс, қала және оқу орындарының  конкурс-сайысын өткізу болды. Республика бойынша электромонтер, монтажник, аспаз, шаштараз басқа да көп конкурс-сайыстары  барлық оқу орындарында жыл сайын  өткізілген.

Лицейлер  мен колледждердің оқушылардың  білім сапасын көтеруде жүргізілген  әдістемелік жұмыстардың түрлері  мен тәсілдері әртүрлі болды. Ең бастысы бұл саладағы жұмыстар әлеуметтік серіктестіктің талабы тұрғысында іске асырылуда. Оқу процесін жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыту оқушылардың  кәсіби шеберлігін, бәсекеге қабілетті  сапалық деңгейі көтерді.

Кәсіби білім  беру ісінде кемшілік жоқ десек қателесеміз. Ол - оқу орындарының оқу-материалдық  базасының жеткілісіздігімен және инженер-педагогикалық0 кадрлардың білім  сапаларының төмендегімен байланысты. Қазақстан Республикасының 2008-2012 жылдарға арналған техникалық және кәсіби білімді  дамыту бағдарламасында бұл кемшіліктерді  жоюдың, кәсіби білімнің сапасын жақсартудың  нақты шаралары қарастырылған.

Оқу орындарының  оқушылары техникалық шығармашылық үйірмелерге қатынасып, өздерінің  техникалық шеберліктерін арттырды. Әрбір оқу орындарында орта есеппен 10-12-ден кем емес техникалық үйірмелер жұмыс істеген.

Колледждерге  қабылданатын жастардың көбеюіне байланысты олардың инженер-педагог кадрлардың саны 2000 жылы 14666-ге жетті, оның  11475-і  мемлекеттік, 3191-і мемлекеттік емес оқу орындарында жұмыс істеді. Ал 2004- 2005 жылдарда колледждерде 19381 педагогикалық  кадрлар жұмыс істеген, олардың 12012-і  мемлекеттік, 7369-ы мемлекеттік емес оқу орындарында.         

Техникалық  және кәсіби оқу орындарында кадр құрамының есею (қартаю) тенденциясы  орын алуда. Барлық педагогикалық кадрлардың 1 – 10 жыл арасында жұмыс еңбек  өтілі барлары 30 пайыз, 10 жылдан жоғарылары – 70 пайызды құрап отыр. Бір оқытушының оқу жүгі 1,5 деңгей, олардың арнаулы  пәндерге қажеттілігі 1194 адамды құрайды. Бірақ 2002 жылы кәсіби лицейлер мен колледждерге жоғары оқу орындарында инженер-педагог  кадрлар дайындау үшін ҚР Үкіметі  жыл сайын 100 грант және 30 несие  бөлген. Бұл өз нәтижесін берсе  аталған оқу орындарының инженер-кадрларының  құрамы, сөз жоқ, жақсаруға тиісті.

Оқушыларға  сапалы білім берудің бір шарты  мұғалімдер мен оқу шеберлерінің біліктілігін арттыру болып саналады. Сондықтан да Білім және ғылым министрлігі, облыстық және қалалық білім департаменттері лицей мен колледждердің инженер-педагог кадрларының білімін көтерумен айналысып келеді. Барлық облыстағы және екі қаладағы мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары лицей мен колледжердің мұғалімдері мен шеберлерінің білімін көтерумен айналысатын әдістемелік бөлім ашты. Оларды 3-4 маман-әдіскерлер жұмыс істеп келеді. 1991-1998 жылдар аралығында республиканың лицей мен колледждерінің мұғалімдері мен шеберлерінің, әр жыл сайын 12 пайызы ғана солардың жанындағы бір айлық курстардан өткен [20]. Бұл, әрине, жеткіліксіз. 2001-2004 жылдарда, яғни осы үш жылда, мультипикаторлық әдістеме негізінде 1350 кәсіптік лицей қызметкерлері білім алған. Жобалық материалдар мультипикаторлар арасында кеңінен таратылып, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері үшін теориялық және практикалық сабақ өткізуде және ұйымдастыруда жақсы бәсекелестік туғызған [15, 92-94б ].

Білім және ғылым министрлігі лицей және колледждердің мұғалімдері мен  шеберлерінің білімін көтерумен  үнемі айналысып отырды. 2005 жылдың 27 шілдесінде министрлік техникалық және қызмет көрсету еңбегі саласындағы  кадрлардың кәсіби дайындығын көтеру, оларды қайта даярлау және мамандықтарын  арттыру туралы методикалық нұсқауды бекіткен, бұл нұсқау ҚР-ның «Білім туралы» Заңының 19-бабына сәйкес дайындалған. Олар төмендегідей міндеттерден тұрады:

- маман-жұмысшылар  мен орта буын мамандарды дайындау, өндіріске жаңа технологияны  енгізу және оның болашағына  негізделіп ұйымдастыру;

- оларды  қайта дайындауды өндірістің  жаңа бағыт және мақсатымен, еңбек  нарығының талабына сәйкестендіру;

- техникалық  және қызмет көрсету саласы  кадрларының білімін көтеру өндірістен  қол үзіп те қол үзбей де  жаңа технологияның талабы негізінде  өткізу.

Білім және ғылым министрлігінің бұл нұсқауы  барлық облыстық және қалалық білім  департаменттерінде талқыланып, басшылыққа алынды. Бірақ арнаулы пән оқытушыларын және оқу шеберлерін оқыту, олардың  біліктілігін көтеру ісіне кәсібі жоғары мамандар тарту өндіріс орындарының  жекешеленіп кетуіне байланысты қиындықтар да туғызды.

Білім және ғылым министрлігі жылма жыл  республикалық және халықаралық  конференциялар мен семинарлар өткізген. Оларда лицей және колледждердің  педагог-кадрларының біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды пайдаланулары  туралы сан салалы мәселелерді талқылауды тәжірибеге енгізген. 2007 жылы 6-8 желтоқсанда  Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласының колледждер Қауымдастығы Алматының құрылыс және менеджмент колледжі базасында өткізілген халықаралық  семинар өткізіп, онда кәсіби және техникалық  оқу орындарына кредидтік жүйені енгізу мәселесін қарастырған болатын. Бұл жиынға Оңтүстік Кореяның, Германияның, Австрияның Канаданың, Қырғызстанның  ғалымдары және эксперттері, республиканың  барлық кәсіби лицей және колледждерінің 400-ден астам педагог кадрлары және басшы қызметкерлері қатысты.

Облыстардағы  біліктілікті жетілдіру курстарынан 2006 жылы техникалық және кәсіби білім  беру саласы бойынша 3444 адам өткен, бұл  көрсеткіш 2005 жылмен салыстырғанда 465 адамға (14 пайыз) артық болды.

Арнаулы орта білім беретін медициналық  колледждердің оқытушыларының білімін  көтеру өзіндік ерекшелігі бар. Батыс  Қазақстан медициналық колледжі жанынан 1990 жылы орта білімді медицина қызметкерлерінің білімін көтеретін  бөлім ашылды. 2007 жылдың наурыз айында сапа менеджменті жүйесі бойынша  бұл колледж сертификат алып, оған толық негіз қалады, оның 90 жылдық өмірі бар, заман талабына сай  қызмет істеп жатқан оқу орындарының  бірі, кадр дайындау ісінде бай тәжірибесі бар, 5 мамандық бойынша білім береді, осы жүйенің талаптары бойынша  жұмыс істеуде.

Колледждің  өз оқу-материалдық базасы әр түрлі  пәндер бойынша 58 кабинеттен, 15 зертханадан, 25 жұмыс аудиториясынан тұрады. Колледжде  диплом алғаннан кейін орта буын мамандардың  білімін көтерумен айналысады. Білім  көтеру ісі өндірістен қол үзіп те, қол үзбей де өткізілген. Осы 17 жылда  мамандық көтеру бөлімі 13178 адамды қайта  дайындау курстарынан өткізген: 1991-1994 жылдарда - 1232, 1995-1998 жылдарда – 1211, 1990-2002 жылдарда – 3610, 2003-2006 жылдарда – 7125 [19, 30-32б].

Білім және ғылым министрлігі, облыстық оқу  департаменттері мұғалімдердің  білім жетілдіру институттары арқылы лицей мен колледждің педагог  кадрларының біліктілігін көтеруде белгілі қызмет атқарды. Дегенмен жұмыс  істеп отырған оқу шеберлерінің біліктілігін арттыру өз дәрежесінде  шешімін тапқан жоқ.

Оқытушылар  мен оқу шеберлерінің кәсіби дайындығын арттыруда, оқу орындарының оқу-материалдық  базасын нығайтуда, оқу түлектерін жұмысқа орналастыруда, әлеуметтік серіктестермен, жұмыс берушілермен, экономика және әлеуметтік саладағы ұйымдармен байланысты нығайтуда оқу  орындарының басшы қызметкерлерінің үлесі зор. Лицей мен колледждерде 694 директорлар, оқу-әдістемелік жұмысты  және тәрбие жұмыстарын басқаратын олардың  мыңға жуық орынбасарлары болды. Олардың барлығы да жоғары білімді  және тәжірибелері мамандар. Сонымен  қатар лицей мен колледждер директорларының 96-сының ғылым докторы және кандидаты  деген ғылыми атақтары болды [16, 5-6б].

тәуелсіздік алуымен оқушылардың арасындағы тәрбие жұмысының жаңа кезеңінің  беті ашылды. Білім қоғам дамуының интеллектуалдық қана емес, сонымен  қатар экономикалық базасын жасайтын өндірістің рухани маңызды саласы, ол әлеуметтік-экономикалық өрлеу дәуірінде  қарқынды дамудың қайнар көзі болып  саналады.

Кәсіби  лицейлер мен колледждердің жас  жұмысшылар мен орта буын мамандар дайындаудағы тәрбие жұмыстарының перспективалық бағдарламалары талданды, кәсіби бағыт  оқу-тәрбие жұмысының ең құрамдас бөліміне айналды, оның түрлері мен тәсілдері  сан алуан болды. Кәсіби оқу орындарының  оқушылары мектептердің шеберханаларын жөндеуден өткізді, жаңа құрал-саймандармен жасақтады. Облыстарда телеклуб жұмыс істеді. Кәсіптік-техникалық оқу орындары өз оқушыларын еңбек озаттарымен кездестіріп отырды. оқушылар ел тәуелсіздігінің әсерінен жаңа леп, қарқын алды, өз елінің патриотына айналды.

Колледждерде 2001-2007 жылдар аралығында құрылыс бөлімдері жұмыс істеді, олар оқу үйлерін, зертхана, оқу кабинеттерін өңдеуден өткізді, сол арқылы қаражаттарда тапқан [17, 22-23б].

Кәсіби  оқу орындарында жеке тұлғаның кәсіби құндылық сапасын қалыптастыру мақсатында өткізілген сынып сағаттары, диспуттар, дебаттар, көрмелер мен конференциялар қорытылды. Оқу орындарында республика күні, Тәуелсіздік күні, «Наурыз», жаңа жыл мерекелері өтіп тұрады. Қызғылықты өтетін іс-шаралар: «Наурыз аруы», «Жігіт сұлтаны», «Колледж аруы». Жеңімпаздар  ақшалай сыйлықпен марапатталып отырған. Сонымен қатар тәрбие мәселесінде  жетістікке жеткен оқу орындарының  ұлағатты ұстаздары да аталды.

Информация о работе Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі