Әл-фараби атындағы қазұу-дың тәрбие жұмысының бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 18:37, доклад

Описание

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәрбие жұмысының стратегиясы жоғары оқу орнының студенттің тұлға ретінде қалыптасу үдерісіне белсенді қатысуына бағытталған. Тәрбие жұмысы оқудан тыс жеке педагогикалық әрекет емес, жалпы даму мен оқыту үдерісіне кіріктірілген педагогикалық іс-әрекеттің қажетті органикалық құрамдас бөлігі болуы тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ
1. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
2. НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
3. МІНДЕТТЕРІ
4. ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТІНІҢ МОДЕЛІ
5. ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗҰУ-дың ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІГІ МЕН МАЗМҰНЫ
6. ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗҰУ-дағы ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚУДАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ ҰСТАНЫМДАРЫ
7. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ
7.1. Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі
7.2. Студенттерді қоғамдық жұмыстарды белсенді атқарғаны үшін ынталандыру жүйесі
7.3. Студенттердің аудиториядан тыс тілдік даярлығын күшейту
7.4. Студенттік кеңсе арқылы студенттердің бос уақытын ұйымдастыру
7.5. Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру
7.6. Студенттерге құқықтық тәрбие беру
7.7. Ерікті қозғалыс қалыптастыру
7.8. Эдвайзерлердің тәрбие жұмысынан ат салысуы
7.9. Бүкіл студенттер контингентінің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, мүдделерін қарастыру
8. ӘЛ-ФАРБИ атындағы ҚАЗҰУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН СТУДЕНТТЕРІНІҢ КОРПОРАТИВТІК РУХЫН АРТТЫРУ
9. ТҰЖЫРЫМДАМА ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 37.86 Кб (Скачать документ)

Яғни жоғары оқу орнында  студенттің жеке тұлғасы үндестік және әлеуметтік ортада дамитын тәрбиелеуші  орта құру қажет.

Университеттің имидждік саясатын жүзеге асыруда жастармен  орындалатын тәрбиелік жұмыс  маңызды рөл атқарады. Корпоративтік  рух пен корпоративтік мәдениет патриоттыққа тәрбиелеу негізін  салады. Туған университеті үшін мақтаныш пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, студенттік элитаға қатысты екендігін  сезінуге ҚазҰУ-дің сирек кездесетін престижін айқындайтын сюжеттер мен БАҚ  (СМИ) матриалдары өз көмегін тигізеді. Мейлінше жарқын ықпал ететін іс-шаралар: ЕҰУ-дағы ҚазҰУ Күндері, әлеуметтік кинотеатр ашылуы, Студенттерге арналған мерекелер және тағы басқалар.

2009-2011 жылдарға арналған  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің даму Стартегиясының қабылдануына байланысты университеттің баспасөз қызметі толығымен қайта қаралды.

Баспасөз қызметі әзірлеп  және ректордың бекітуімен алғаш  рет жылдық медиа жоспарға факультеттердің  ғылыми кеңесімен бекітілген БАҚ-қа кіретін іс-шаралар және университет  басшылығының, факультет декандарының, бөлімшелер басшыларының, ғалымдар мен  студенттердің  жеке имидждік баяндамаларын ұйымдастырулар көрініс тапқан.

Жаңа топ-менеджменттің  енуіне орай университетте құрылатын  және БАҚ-та жарияланатын жаңалықтар қарқыны  өсе бастады.  Қазақстанның ақпараттық алаңына университеттің қатысуы нығайуы керек. ҚазҰУ айналасына жағымды ақпараттық көрінісін қалыптастыру университет студенттеріне шынайы тәрбиелік ықпалын тигізеді.

Соған байланысты:

1. «Қазақ университетімен»  қатар тек қана студенттер  шығаратын және тегін таратылатын  «Өркен» жеке студенттер газеті  құрылды.

2. Бірінші курс студенттеріне  ерекше көңіл бөлінуі керек,  оларды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  тарихымен, дәстүрлерімен, даму  болашағымен таныстырып қана  қоймай, сондай-ақ студенттердің  құқығы және әлеуметтік статусымен, ақылой еңбегі мәдениетінің негіздерімен, этикетпен, салауатты өмір салтын  сақтаумен, университеттің жеке  мүлкіне жан ашырлықпен қарауға  тәрбиелеу керек.

Бірінші курс студенттерінің университетке келген алғашқы күндері  мен аптасында олармен жүргізілген  қарқынды, педагогикалық маңызды  жұмыстардың мәні ерекше: нақты осы  кезде оларда қолайлы орта туңызып, оларға жаңалық көрінетін педагогткалық  ұжым тарапынан мақсатқа бағытталған  мотивация, университеттік қарым-қатынас  стилі, оқу еңбегіне деген жоғары мәдени көзқарастарға мейлінше қатты  көрініс табады.

Корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қоғамдық мәні бар іс-шараларды  факультеттік және университеттік деңгейде өткізудің орны ерекше: Алтын белес, Бітіру балы.

Студенттік Көктем. Сыртқы іс-шараларға қатысу үшін мейлінше талантты студенттерді анықтайтын шығармашыл жастар арасындағы байқау.

Саптық әндер байқауы. Әскери кафедраның жыл сайын 7 мамырда, Отан Қорғау Күнінде стадионда әскери-патриоттық мерекелер өткізіп, факультет взводтары арасында саптық дайындық бойынша взвод кураторларының жетекшілігімен өткізілетін жарыстар ұйымдастыру. Мұндай шаралар университеттің жаңа дәстүрі болып табылуы мүмкін. 

Спортты дамыту. қазақстандық дене тәрбиесіне бағытталмаған жоғарғы оқу орындары арасындағы ҚазҰУ спорт бойынша көшбасшы болып табылады. Бірақ та университеттің әлеуеті толық көлемде жүзеге аспағандығын баса айтып кету керек. Спорттың дамуы үшін оны қаржыландырып, спорттық секциялардың қызметіне студенттерді көптеп тарту мақсатында материалдық базаны жаңарту қажет.

КТС дамуы. Көңілді және тапқыштар клубы студенттердің рухани бірлігін қалыптастыратын дәстүрлі танымал ойын болып табылады. «СКЛ-КазГУград» командасына қолдау жасауды белсендіру қажет.

Көркемөнерді дамыту. Аталған тәрбие жұмысының бағыты мейлінше маңызды болып табылады, себебі жоғары эстетикалық талғамы бар тұлғаны дамытуды қалыптастыруға мақсатталған. Соған байланысты ҚазҰУ байқаулар мен жарыстар қатарындағы көшбасшылығын сақтап қалу қажет, ҚазҰУ студенттерінің мәдени және эстетикалық тәрбиесіне ықпал ететін студенттер мен қызметкерлердің іс-әрекеттерін лайықты марапаттауды қамтамасыз ету қажет.  

 

IX. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ  ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ. 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  тәрбие қызметінің Тұжырымдамасының ережелерінің орындалуын бақылау және ұйымдастыру  тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі  проректорға, тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту бойынша департаментіне, жастарды ұйымдастыру Комитетіне, педагогика кафедрасына, жалпы психология кафедрасына, дене тәрбиесі кафедрасына жүктеледі:

- Тұжырымдаманы жүзеге  асыру бойынша іс-әрекет жоспарын  орындау барысын талдау және  оны түзету, ұсыныстар енгізу;

- Тұжырымдаманы жүзеге  асыруда ақпараттық және әдістемелік  қамтамасыз ету;

- Тұжырымдаманы орындаушылардың  өзара іс-әрекетін үйлестіру;

- Тұжырымдаманы орындау  барысы туралы жыл сайынғы  аналитикалық ақпараттандыру. 

 

 

 

НӘТИЖЕЛЕРІ 

 

Гуманитарлық тәрбиелеу  ортасын дамыту нәтижесі болып жан-жақты  дамыған тұлға, Қазақстан патриоты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бәсекеге қабілетті  түлегін қалыптастыру табылады.


Информация о работе Әл-фараби атындағы қазұу-дың тәрбие жұмысының бағдарламасы