Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 06:49, курсовая работа
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқанындай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп.
Қай елдің болсын өніп-өркендеуі, өсуі, дүниеде өзіндік орнын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
Кіріспе......................................................................................................................2
1. Мұғалім, оның қоғамдағы алатын орны.....................................................4
1.1. Мұғалімдік қызмет – адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс..................4
1.2. Қазіргі кезеңдегі мұғалімге қойылатын талаптар.........................................5
1.3. Педагогика тәрбие теориясы...........................................................................7
1.4.Тәрбие мақсатының мәні туралы түсінік........................................................9
2. Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі..................................................................12
2.1. Мұғалімнің сабаққа дайындығы...................................................................12
2.2. Мұғалімнің мәдениеті....................................................................................14
2.3. Мұғалімнің сабақ беру шеберлігін арттыру үшін қолданылатын әдістері................................................................................................................... 16
Қорытынды............................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................23
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Мұғалім, оның қоғамдағы алатын
орны..........................
1.1. Мұғалімдік қызмет – адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс..................4
1.2. Қазіргі кезеңдегі мұғалімге
қойылатын талаптар......................
1.3. Педагогика тәрбие теориясы......................
1.4.Тәрбие мақсатының мәні туралы
түсінік.......................
2. Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі.....................
2.1. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.....................
2.2. Мұғалімнің мәдениеті.....................
2.3. Мұғалімнің сабақ беру шеберлігін
арттыру үшін қолданылатын әдістері......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқанындай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп.
Қай елдің болсын өніп-өркендеуі, өсуі, дүниеде өзіндік орнын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
Мұғалімдік – әлемдегі мамандықтар арасындағы ең – ең біріншісі алғашқысы, тұңғышы, құрметтісі, құдіреттісі, киелісі.
Мұғалім туралы әлемдегі ұлы да ұлағатты, дана да дара адамдардың данышпандық пікір ойлары өте көп.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің
«Мұғаліміңді құрметте, ол сенің
көкірек көзіңді ашқан» деген
даналық қасиеті бар. Адамның
көкірек көзі ашылмаса, ол –
көр соқыр, қара тобыр,
Олай болса, халық
пен мемлекеттің тағдыры
Мұғалімнің бұл қасиеттерін
көр соқырлар, қара тобырлар білмейді,
түсінбейді, сезбейді. Айта берсе,
олар өздерін жаратқан Алланың
кеуделеріндегі жандарының
Корольдер, императорлар, патшалар, президенттер, генералдар, өнертапқыштар, өнерпаздар – бәрі мұғалімнен оқыған. Сондықтан да мұғалім мәртебесі, дәрежесі биік, асқақ, ардақты, атақты.
Мұғалімдік қызмет – адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс. Мұғалімнің сөзі – жан азығы. Ол жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жасын нұрландырады, рухани биіктікке көтереді.
Құдіретті де мәртебелі, қасиетті де киелі, осы мамандықтың иесі мұғалімнің бірі – мен, сіз және біздің әріптестеріміз.
Мұғалімнің бұл қасиеттерін үлкен жүректі жаны жайсаң, кең пейілді, меценат – Атымтай жомарт, парасатты адамдар өте жақсы біледі. Мұғалімдерді қадірлейді, оларға сый-құрмет көрсетеді.
Зерттеудің көкейкестілігі: Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақжеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады.
Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Жаңа ғасырдағы мектеп
алдындағы міндет – егеменді еліміздің
жас ұрпағын жан-жақты дамыта
отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2030 жылы
барысқа айналдыратын күш – мектеп
партасында отырған оқушылар мен 15-20
жас аралығындағы жастар » деп
Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені
Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас
ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты
жан-жақты, терең білімді, интнллектуалдық
деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың
бірден бір жолы – оқушыға білімді
терең игертудің тиімді әдіс –
тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа
жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең
біліктілігі қажет. Біліктілік –
бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген
білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты
бейнелейтін жалпы
Зерттеудің пәні: Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі
Зерттеудің міндеті:
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден, үш тараудан, қоытындыдан, қолданылған әдебиеттен тұрады.
1.1 Мұғалімдік қызмет – адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс.
Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Егеменді елімізде болып жатқан түбірлі жаңартулар, ізгілендірілген қоғам құруға беталыс, туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы мектеп, оның мұғалімі, жалпы білім беру жүйесіне де игі әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру, бүкіл білім беру жүйесін қайта құру, ол үшін педагогикалық жаңаша ойлау, тың ізденістерге жол ашу сияқты көкейкесті мәселелерді алға тартты.
Абай: «Адам адамнан тек білімі мен ақыл-ойы арқылы ғана озады», – деген екен. Ұлы ойшылдың осы бір даналық сөзі әлі күнге өз мәнін жоғалтқан жоқ. Білім – әрбір азаматтың әлеуметтік хал-ахуалының жақсаруының, мемлекетіміздің жан-жақты дамуының кепілі.
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы – мұғалім. «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы… Мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім», – деген А.Байтұрсынұлы. Осы орайда «Мұғалім тұлғасын қалай сипаттауға болады?» деген сұрақ туандайды.
Теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық.
Адам Ата-Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель», – десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен.
Әрине, бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу-сызу, оқуды үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі таңдағы білім беру аясы мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқанындай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп.
Қай елдің болсын өніп-өркендеуі, өсуі, дүниеде өзіндік орнын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
Мұғалімдік – әлемдегі мамандықтар арасындағы ең – ең біріншісі алғашқысы, тұңғышы, құрметтісі, құдіреттісі, киелісі.
Мұғалім туралы әлемдегі ұлы да ұлағатты, дана да дара адамдардың данышпандық пікір ойлары өте көп.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің
«Мұғаліміңді құрметте, ол сенің
көкірек көзіңді ашқан» деген
даналық қасиеті бар. Адамның
көкірек көзі ашылмаса, ол –
көр соқыр, қара тобыр,
Олай болса, халық
пен мемлекеттің тағдыры
Мұғалімнің бұл қасиеттерін
көр соқырлар, қара тобырлар білмейді,
түсінбейді, сезбейді. Айта берсе,
олар өздерін жаратқан Алланың
кеуделеріндегі жандарының
Корольдер, императорлар, патшалар, президенттер, генералдар, өнертапқыштар, өнерпаздар – бәрі мұғалімнен оқыған. Сондықтан да мұғалім мәртебесі, дәрежесі биік, асқақ, ардақты, атақты.
Мұғалімдік қызмет – адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс. Мұғалімнің сөзі – жан азығы. Ол жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жасын нұрландырады, рухани биіктікке көтереді.
Құдіретті де мәртебелі, қасиетті де киелі, осы мамандықтың иесі мұғалімнің бірі – мен, сіз және біздің әріптестеріміз.
Мұғалімнің бұл қасиеттерін үлкен жүректі жаны жайсаң, кең пейілді, меценат – Атымтай жомарт, парасатты адамдар өте жақсы біледі. Мұғалімдерді қадірлейді, оларға сый-құрмет көрсетеді.
1.2 Қазіргі кезеңдегі мұғалімге қойылатын талаптар
Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, оның өз кәсібінің майталманы болып, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Ұстаздың бойындағы
білім мен ақыл-ойының қуаты
талай тентекті жуасытып, небір
еркені сабасына түсіреді, тәртіпке
баулып, есейтіп, ержеткізеді.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, –
деген өлең жолдары еріксіз
ойға оралады. Егер әр шәкірт
өмірде бір кірпіш болып
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі – шәкіртке де, ата-анаға да, жалпы жұртшылыққа да өнеге.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
«Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады», – дейді.
Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен батылдықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер кейінгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», – деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын.