Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 06:49, курсовая работа
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқанындай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп.
Қай елдің болсын өніп-өркендеуі, өсуі, дүниеде өзіндік орнын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
Кіріспе......................................................................................................................2
1. Мұғалім, оның қоғамдағы алатын орны.....................................................4
1.1. Мұғалімдік қызмет – адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс..................4
1.2. Қазіргі кезеңдегі мұғалімге қойылатын талаптар.........................................5
1.3. Педагогика тәрбие теориясы...........................................................................7
1.4.Тәрбие мақсатының мәні туралы түсінік........................................................9
2. Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі..................................................................12
2.1. Мұғалімнің сабаққа дайындығы...................................................................12
2.2. Мұғалімнің мәдениеті....................................................................................14
2.3. Мұғалімнің сабақ беру шеберлігін арттыру үшін қолданылатын әдістері................................................................................................................... 16
Қорытынды............................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................23
Мұғалім жұмысында
педагогтік әдеп сақталмайынша
оқушылармен тіл табысу мүмкін
емес, ал оқушылардың тілін
Педагогтің әдебі
Ілтипаттылық. Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін мұғалімдер оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім–бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап көңіл аудармаса да, ренжіп қалады. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар.
Мұғалім оқушыларға
жаңа материалдарды
Сенім. Педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу қабілетін де қамтиды. А.С. Макаренконың пайымдауынша; қателесу қаупі төніп тұрса да мұғалім оқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы қажет.
Балалар өздерінің
күштері мен мүмкіндіктерін
Әділдік. Мұғалімнің қандай қасиеттерін бағалайсыз деген сауалға оқушылар көбіне көп: "әділдігін” деп жауап қайтарады. Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам болмайтыны түсінікті.
Мұғалімге "әділетсіз”
деген ат оның тек әділетсіз
болғандығын ғана емес, сонымен
қатар оқушылармен жұмыс
Мұғалім ар-ұяты кіршіксіз
болса, оқушылар оның кез
Төзім мен сабыр сақтау. Мұғалімнің педагогтік әдеп әлемі үшін бұл қасиеттердің маңызы үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Бұл, әрине, өртеніп жатсын, күйіп жатсын, мұғалім еш нәрсеге ашуланбауы тиіс деген сөз емес. Ондай жағдайларда оған өзін ақылға жеңдірмей болмайды.
Ашу үстінде ешқандай
шешім қабылдамау керек.
Қай кезең, қай дәуірде
болсын адамға білім мен
2.3 Мұғалімнің сабақ беру шеберлігін арттыру үшін қолданылатын әдістері
Қоғамдық өмірде көрініс тапқан сан-салалы сапалық өзгерістер, жаңарулар, жаңалыққа бетбұрыстар педагогтерді өз істеріне сын көзбен қарауға итеремелеуде. Өйткені, оқушыларға берілетін білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та мұғалімнің іс-әрекеті, беретін білімі мен үлгі-өнегесі арқылы қалыптасады. Осындай жүгі ауыр, жауапкершілігі мол мәселелерді шешу педагог-мамандардың алдына зор міндеттер жүктейді.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында: «Педагог кадрларды қазіргі заман талаптарына сай дайындау, әрі мамандығын үздіксіз жетілдіру – мұғалімнің мамандық шеберлігінің басты белгісі – оның психологиялық жоғары әзірлігі болып табылады,»- деп атап көрсетілген.
Мұғалім әрбір баланың өзіне ғана тән дара ерекшелігін білгенде ғана, жоғары нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Жоғары жетістікке жету үшін педагогикалық талант болуы қажет пе? Жалпы алғанда педагогикалық істе де басқа салалардағы сияқты талант сирек кездесетін нәрсе. Бірақ әр мұғалім өз ісінің шебері бола алады, болуы тиіс те.
Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оқу үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа түзеп отыру... Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы, - » десе, Бауыржан Момышұлы: «Арпалысып жүріп алған абырой – өмірдің ең шырын рақаты,-» дейді.
Қазақ тілін саналы және сапалы меңгерту – жаңа технологияларды ұтымды қолданумен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта әдістеме ғылымы жаңару, даму үстінде.
Әрине, шеберлік бірден пайда болмайды. Ол жылдар өткеннен кейін үлкен ізденістер мен орасан еңбектің арқысында келеді. Педагогикалық шеберлік сан қырлы, әралуан. Оның күрделілігі мұғалімнің еңбек нысанасының өзіндік ерекшелігімен түсіндіріледі. Шебер мұғалім сабақ процесінде, сабақтан тыс уақытта да үнемі ізденіс үстінде жүреді. Осы ізденістің арқасында үлкен жетістіктерге жетеді.
Сабақ процесінде жаңа технологияларды
қолдану арқылы да немесе қолданбай
да жоғары нәтижеге қол жеткізуі мүмкін.
Ол сабақ процесін дұрыс, жүйелі ұйымдастыра
білуіне де байланысты. Мұғалім оқушының
сабақтағы белсенділігін
Білім беру жүйесін қайта құру бастауыш мектептен басталатыны белгілі. Ал мектепте білім беруді жақсарту мұғалімге байланысты екендігі сөзсіз. Соған орай білім берудің жаңа технологияларын мақсатқа сай қолдана білу қажет.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тәжірбиені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті басым болу қажет.
Дәстүрлі емес сабақтар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, немқұрайлығын жойып сабақ дағдысын қалыптастырады, балалардың көңіл-күйін көтереді, оқушының бойында терең тиянақты білім қалыптастырады. Сондықтан дәстүрлі емес сабақ түрлерін пайдалану,сабақ үрдісінде басты рөл атқарады.
И.П.Подвласованың анықтамасы бойынша : Дәстүрлі емес сабақ дегеніміз - түрлендірілген сабақ түрі, өзінің құрылымы бар . Дәстүрлі емес сабақты білімді тиянақтауда немесе жаңа сабақта өту кезінде пайдалануға болады.
Мұғалім алдындағы негізгі міндет-берілген тапсырманы оқушыға түсіндіріп, көрсетіп, жеткізіп беру емес, берілген жұмысты ұйымдасқан түрде жасауға, шешуге үйрету. Математика сабағында дәстүрлі емес сабақ өткен ыңғайлы, өйткені ол, оқушының сабаққа деген қызығушылығын артырады, өзіндік іс-әрекетке бейімдейді және олардың бойында білім, білік дағдыларын қалыптастырады. Негізінде бекіту және қайталау сабақтарында баланың сабаққа деген қызығушылығы төмен болады. Осыған байланысты сабақтарды дәстүрден тыс сабақ ретінде берсе,сабақ өте қызықты болар еді. Дәстүрден тыс сабақ беру барысында сабақты тиімді оқыту , мұғалім мен оқушыны шығармашылық қатынасқа жетелейді.
Мысал ретінде сіздерді дәсүрлі емес сабақтардың кейбір түрлерімен таныстырайын:
Дәстүрлі емес сабақтың бір түрі – ойын сабақ.
Сабақтың бұл түрі - баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады. «Сөзжұмбақ» оқушылардың ой - өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты таңдап алынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді.Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала тақтаға сұрақтарымен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.
Дәстүрден тыс сабақтың бірі - «Сауалнама» ойыны.
«Сауалнама» сабағы - оқушыларға сұрақ қойып, жауап алумен ұштасады. Ойында кім көп жауап берсе сол жеңімпаз атанады. Сауалнаманы сабақтың басында ауызша есептеуге, сабақ ортасында сабақты меңгерген меңгермегенін анықтау үшін, сабақтың соңында оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында қолданамын. Жақсы ұйымдастырылған сабақтар оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Сабақта қойылатын сұрақтар алдын ала қағазға жазылып қояды немесе тақтаға жазып , бетін жауып қоямыз. Сұраққа оқушылар бірден жауап береді. Оқушыларды бағалауда тек қана дұрыс жауаптар ғана есептелмейді, сонымен қатар жылдам жауапта есептеледі. Оқушылар жауапты кезекпен береді. Сабақ соңында шығарған есептердің дұрыстығы да тексеріліп ,қорытынды шығарылады. Ауызша есептер шығарғанда «Үндемес» ойынын қолданамын. Әр оқушыда жауаптың дұрыс-бұрысын көрсетіп отыратын белгілер бар. Балалар осы белгі арқылы ғана жұмыс жасайды. Мұндай ойын оқушылардың тыныш отырып жауап беруіне және сабақты меңгерген меңгермегенін анықтауға болады. Егер оқушы жауаппен келіссе көк кеспені, келіспесе қызыл кеспені көтереді. Сабақты қорытындылауда немесе пысықтауда «Математкалық лото» ойынын қолданамын. Оқушылар арнаулы қалташада салынған кеспе қағаздарын алады. Оқушы кеспе қағазды алып берілген есепті шығарады да лотаны суреттері бойынша жинақтайды. Егер жинақталған лотадан дұрыс сурет шықса онда оқушы дұрыс жауап берді, егер суреттер дұрыс жиналмаса жауап дұрыс емес.
Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. . Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Оқушының математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту.
Ойлан, тап. Мақсаты: оқушылардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын дамыта түсу.
(14 6) =10
Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр. Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу.
Кім жылдам? 25 ұпай жинайтындай етіп тор көздермен жүріп өт.
|
1 |
7 |
||
1 |
7 |
1 | ||
3 |
0 |
|||
4 |
5 |
|
Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.
Сабақты жоспарлау
және оған әзірлену кезеңдері:
• бөлімдерді тақырыптарға бөлу, әр
тақырыпқа бөлінетін сағат санын белгілеу;
• бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп
оқулығы және қосымша әдебиеттерді оқып,
әр сабақтың алдына білімдік, тәрбиелік,
дамыту мәдениеттерін қою;
• тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді
іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді
анықтау;
• негізгі материалды, дәлірек айтсақ
сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек
мәліметтерді анықтау;
• сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа
жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу;
• тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы
мәліметтермен байланысын ашу;
• сабақтың барлық кезеңінде мұғалім
мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе
жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру
кезеңдегі жұмыстарды жоспарлау. Оқушыларға
өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру;
• сабаққа керекті дидактикалық құралдарды,
атап айтсақ, кино және диафильмдерді,
суреттерді, плакаттарды, карточкаларды,
сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және
басқаларды іріктеу;
• техникалық оқыту құралдарын тексеру;
• мұғалім тақтаға жазатындарын, салатын
суреттерін жоспарлайды, оқушыларға өзінің
жұмысына ұқсас жұмыстар орындатады;
• сабақта орындалатын өздік жұмыстардың
көлемін және түрін анықтау;
• білім, іскерлік, дағдыларды бекіту
түрлерін және тәсілдерін, білімдерді
талдап қорыту, жүйелеу жолдарын белгілеу;
• білім, іскерлік және дағдылары тексерілетін
оқушылардың тізімін жасау. Білімді тексеру
түрлері мен әдістерін анықтап, іскерлікті
тексеруді жоспарлау;
• үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін,
формасын белгілеу, оны орындау әдістемесін
табу;
• сабақтың қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін
білу;
• тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысты
жүргізуді жоспарлау;
• сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау.
Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз
байланысты екі жағдай әсер етеді: мұқият
дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс
жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен
санаспайтын сабақтың сапасы болмайды.
Сабаққа дайындалу – нәтижеге жеткізетін
шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін
дұрыс ұйымдастыру.