Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 06:49, курсовая работа

Описание

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқанындай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп.
Қай елдің болсын өніп-өркендеуі, өсуі, дүниеде өзіндік орнын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
1. Мұғалім, оның қоғамдағы алатын орны.....................................................4
1.1. Мұғалімдік қызмет – адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс..................4
1.2. Қазіргі кезеңдегі мұғалімге қойылатын талаптар.........................................5
1.3. Педагогика тәрбие теориясы...........................................................................7
1.4.Тәрбие мақсатының мәні туралы түсінік........................................................9
2. Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі..................................................................12
2.1. Мұғалімнің сабаққа дайындығы...................................................................12
2.2. Мұғалімнің мәдениеті....................................................................................14
2.3. Мұғалімнің сабақ беру шеберлігін арттыру үшін қолданылатын әдістері................................................................................................................... 16
Қорытынды............................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................23

Работа состоит из  1 файл

Мугалимнин сабак беру шеберлігі.docx

— 88.06 Кб (Скачать документ)

      Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені – өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Француздың ұлы ойшыл-философы Ж.Руссо «Ұстаздық ету – өзінің уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген екен. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

      Егер де мұғалімді маман, қызметкер адам ретінде қарастыратын болсақ, XXI ғасыр ұстазының моделі былай болуы керек:

 Ұлағатты, ұстамды,

 Сабырлы да салмақты,

 Тапқыр да талантты,

 Адал да ақылшы,

 Зергек те зейінді.

     Қорыта айтқанда, ХХІ ғасыр мұғалімінің моделіне сай болу үшін жоғарыда келтірілген қасиеттер барша ұстаз қауымының бойынан табылып отыруы тиіс. Бұл – заман талабы.

 

1.3. Педагогика тәрбие теориясы

           Тәрбие теориясының қарқынды  дамуына қарамастан 12-ші ғасырдың  басына дейін педагогика-философияның  бір бөлігі ретінде қарастырылып  келді. Шыныңда осы күның өзіндеде  атақты философтардың қай-қасыда  тәрбие мәселесін айналып өтпейді,  осның өзі педагогикалық проблемалардың  қоғам мен ғылым үшін аса  манызды екенің кепілі. Педагогика  ерекше ғылым ретінде философиялық  білімдер жүйесінен 12-ші ғасырдың  бөлектеніп шықты. Ағылшың жаратылыстанушысы  және философы Фрэнсис Бэкон  1623жылы өзінің «ғылымның қадір-қасиеті  және жетілуі» атты трактатын  жария етті бұл еңбегінде ол  ғылымдарды сарапқа сала отырып, олардың арасында педагогиканы  ғылыми білімдердің дербес саласы  деп бөлектеді. Ос ғасырда-ақ  педагогиканы өзіндік статусы  аса көрнекті чех педагогы  Ян Амос Коменскидің еңбектерінде  бекей түсті оның теориялық  идеялары дүниежүзіне кен танымал  да, әрі осы осы күнге дейін  өз манызын жойған емес. Коменскийдің  әйгілі «Ұлы дидактика» атты  еңбегінде балаларды оқытудың  негізгі теориялық мәселелері  мен оларды ұйымдастырудың жолдары  баядалады. Өз еңбектерінде Коменский  баралардың адамгершілік тәрбиесіне  өте үлкен мән берді, ол «аналар  мектебі» атты кітабында отбасы  тәрбиесіне байланысты өз көз  карастарын паш етті. Джон Локк  Өзінің «тәрбие жөніңдегі ойлар»  деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық  негіздеріне және адамгершілік  қалыптастыру мәселесіне үлкен  мән берді. Баладағы тума қасиеттерді  жоққа шығара отырып, ол нәрестені  не сызса сол болатын  «таза  тақтаға» теңеумен тәрбиенің  үлкен әсерлі күш екенің баса  айтты. Ал Жан-Жак Руссо, керісінше  баланы табиғаттан дарынды деп  таныды. Осыдан, онын ойынша, тәрбие баладағы тума қасиеттердің дамуына кедергі болмай оған толық еркіндік беріп әрі оның қызығулар мен құмарлығына икемделуі тиіс деген тұжырымға келді. М.Г.Пестолоцций педагогикада алғашқылардың бірі болып тәрбие мекемелерінде теориялық қызымет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің маныздылығы көре білді. Өзінің «Лингард пен Гертруда»- шығармасында, ол тәрбиенің адамгершілікке негізделуі, балаларға сыйластық қатынас және оларда адамға деген мейрім мен қайрымдылыққа баулу қақындағы демократиялық идеяларын дамытты. Күнделікті педагогикалық қызыметінде Песталоций балалардың оқуы мен тәрбиесін олардың мүмкіндігіне еңбекпен ұштастыруға көніл бөлді, балалар қауымының тәрбиелік ықпалын пайдалана білуді уағыздады. Педагогикалық идеялары кейбір мәселелерде дағдарыс, сипатқа ие болғанымен, педагогикалық теорияны өрістетуде елеулі рол танытқандардын бірі Иоганн Гербарт. ол балаларды өрескел бұзық қол жазасы мен тойтарып отыру қажет, олардың тәртібін үздіксіз қадағалап арнаулы журналға жазып отыру керек деп есептеді. Сонымен қатар, оның шығырмаларында біршама пайдалы идеялар баршылық. Ол алғашқылардың қатарында оқыту мен тәрбинің психологиялық негіздерін жобалап берді, баладағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру үшін оның саналылығын көтеріп, онымен сыйластық қатынас жариялау қажеттілігін жариялады. [15]

Тәрбие қоғамдық құбылыс  ретінде өздігінен пайда болып, жасамай, тұлғаны қалыптастырып  оны өмірге дайындаудың және оған қажетті қоғамдық сана мен қасиеттерді  дамытудың құралы ретінде көрінетін  жоғарыда айтқанбыз. Осыдан, тәрбие заңдылықтары, оның сипаты мен әдістемелік негіздері  тәрбиелік қызметтің өзінде ғана көрінбей, әлеуметтік тұлға сипатына ие адамның даму және қалыптасу заңдылықтарына негізделеді. Сондықтан педагогиканың  шұғылданатын заты жеке адамның дамуы  мен оның арасында болған заңдылықты байланыстырады зерттеу және оның негізінде  тәрбиелік жұмыстардың теориялық  және әдістемелік проблемаларын  шешу, яғни педагогика адам дамуы мен  қалыптасуының мән-мағынасын зерттей  отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс  сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Сонымен, педагогика тәрбие теориясы мен әдістемесін  нақтылай отырып, жеке адам дамуының астарлы, тереңде жатқан тетікткрін және оның дайындығына қоғам тарапынан  қойылған талаптар мен әлеуметтік сапаларға  орай арнайы ұйымдастырылған қалыптасу  роцесін зерттейді. Бұл педагогика зерттейтін негізгі теориялық проблемаларды  бөліп қарастыруға мүмкіндік  береді. Ондай проблемалардың қатарына кіретіндер:

-жеке адамның арнайы  ұйымдастырылған тәрбие жпғдайында  дамуы және қалыптасуының мән-мағынасы  мен заңдылықтарын зерттеу;

-тәрбиенің мақсатын анықтау;

-тәрбиенің мазмұнын белгілеу;

-тәрбие тәсілдерін зерттеу.[16]

1.4 Тәрбие мақсатының мәні туралы түсінік.

Тәрбие мақсаты дегеніміз  жас ұрпақты өмірге даярлауда  және оларды тұлғалық жағынан дамыту мен қалыптастыруында алдын ала  анықталған (болжанған) нәтижелер деп  түсінуіміз керек. Көрнекті физиолог, психолог В.М.Бехтерев тәрбие мақсаты  туралы мәселені шешу-бұл педагогика ғылымының тікелей ісі деп  жазды. Тәрбиенің мақсаты мен  міндеттерін анықтаудың орасан зор  теориялық және практикалық мәні бар. Бұл бағытта екі негізгі  қағиданы атап өткен жөн. Тәрбие мақсатын дұрыс түсіну педагогикалық теорияны қарастыруға тікелей ықпал етеді. Біздің қандай адамды қалыптастыруымыз керектігі туралы анық түсінігіміз  тәрбиенің өзінің мәнін тұжырымдауға әсер етеді. Мәселен ерте кезден бастап, педагогикадща тәрбиені іске асырудың екі көзқарасы қарастырылды. Бірінші  көзқарас бойынша, тәрбиенің мақсаты  айтқанға көнгіш, белгілі қалыптасқан  тәртіппен жүретін, еріксіз орындайтын тұлғаны қалыптастыру мақсатын көздейді. Бұл көзқарастың негізінде тәрбие ең алдымен балаларды еріксіз  мінез-құлықтың белгілі бір түрлеріне, сырттан ықпал ететін әртүрлі  шараларға, тіптен дене жағынан жазалауға  дейін көндіру. Көптеген педагогтар тәрбиенің осындай сипатын теориялық  жағынан дәлелдеуге тырысты, олардың  аитуынша, балалар табиғатынан ауыздықталмаған  болып келеді, сондықтан да оларды педагогтардың беделінің күшімен, әртүрлі тиым салумен, шектеумен  басып –жаншып отыру керек  деген болатын. Сондықтан да осындай  тәрбиені авторитарлық деп атайды. Ал екінші бағыттағы педагогтар бұған  қарама-қарсы тәрбиенің мақсаты  ерікті, рухани дамыған және өз бостандығын  сезе білетін тұлғаны қалыптастыру қажет деп түсіндірді. осыған сүйене отырып, олар тәрбиенің гуманистік идеяларын қарастырды, балаларға  құрметпен қарау, жеке тұлғаны интеллектуалдылық  және моралдық-эстетикалық жетілдіру  сенімімен қаруланған жаңа педагогиканы жасауды ұсынды. Тәрбиенің мақсатты бағыттылығы мұғаліанің практикалық  қызметі үшін маңызы ерекше болып  табылады. Осы мәселеге тоқтала келіп, К.Д. Ушинский өзінің «адам тәрбие құралы»  атты белгілі еңбегінде былай  деп жазды: «Архитектор туралы сіз  не айтар едіңіз, егер жаңа ғимараттың негізін қалай отырып, ол не салғысы  келеді? Деген сұраққа жауап бермейтін  болса, кең сарайма, әлде қарапайым  үй ме, алтындалған үи ме, сирек кездесетін бұйымдарды сақтайтын мұражай ма немесе адамға керек емес заттарды жинайтын орын ба? Өзінің тәрбие қызметінің мақсатын анық та дәл анықтап бере алмайтын тәрбиеші туралы да осыны айтуға болар еді». Осы сияқты ойды А.С. Макаренко да айтқан болатын. Ол тәрбиені тәрбиеленушінің жеке тұлғасын жобалай білу үшін қажет екендігін ерекше атап өтті. Жеке тұлғаны жобалай білу үшін оның қандай болуы және қандай қасиеттерді қалыптастыру керектігін жақсы білуі қажет. Тәрбие мақсаты мәселелері ерте кезден бастап, белгілі дәрежеде қарастырыла бастады. Құлдық және феодалдық қоғамдарда үстем тап өкілдері ашықтан-ашық тәрбие және оның мақсатын өз мүддесіне бейімдей бастады, сонымен қатар өздерінің үстемдігі мен бейлігін нығайту үшін пайдаланды. Қоғамда феодализммен қарсы күресте адамдардың арасындағы еркіндік, теңдік және туысқандық мәселелері және адам тәрбиесінің қажеттігі кең көлемде дамыды. Көп уақыт бойы тәрбиенің мақсатын қарастыру абстракциялық-философиялық негізде іске асты. Абстракциялық және субъективистік көзқарас өткен кездегі көптеген педагогтардың еңбектерінде кездеседі. тәрбие мақсатын анықтау әртүрлі себептерге байланысты екендігі анықталды. Тәрбие мақсатын анықтауға қандай факторлар әсер етеді? Бізге белгілі негізгі фактордан мемлекет саясаты мен идеологиясынан басқа қоғамның қажеттілігі ерекше рөл атқарады. Тәрбие мақсаты белгілі қоғамдық қызметті орындауға жас ұрпақты дайындауда қоғамның тарихи қажеттілігін білдіреді. Қоғамның қажеттілігі өндірістің тәсілімен-өндіргіш күштердің даму деңгейімен және өндірістік қатынастардың сипатымен анықталады. Сондықтан да тәрбие мақсаты сайып келгенде, әруақытта да қоғам дамуының жеткен деңгейін бейнелейді, өндіріс тәсілдерінің өзгеруімен ол анықталып, өзгеріп отырады. Осы қажетті байланысты дәлелдеу үшін тәрбие мақсатының қоғамдық-экономикалық қатынастардың түріне байланысты өзгеруін талдаймыз. тарихта адамдардың арасында өндірістік қатынастардың әртүрлі анықталатын бес қоғамдық-экономикалық формация кездеседі: алғашқы, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, капиталистіктен кейін. Алғашқы қауымдық құрылыста тапқа бөліну болған жоқ. Барлық балалар бірдей еңбек даярлығын алды: оларда аңшылыққа, балық аулауға, киім тігуге үйретті. Тәрбие адамдардың өмір сүруін қамтамассыз етті, оның мақсаты-адамдарды өмір сүру тәжірибесімен, демек, күнделікті өмірге қажетті біліммен және ептілікпен қаруландыру. Арнайы тәрбие мекемелері болған жоқ, алғашқы мектептер ғана пайда бола бастады. Алғашқы қоғам тапсыз қоғам болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуының белгі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездесті. Ер балалар ер азаматтарымен қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге ,киім тігуге араласты. Құлдық қоғамда тәрбие мемлекеттің ерекше қызметін атқарды. Тәрбиемен арнайы айналысатын мекемелер пайда болды. Ертедегі шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды, ертедегі мәдениет дамыды. Қытай, Египет, Индия кіші азия жерінде алғашқы мектептер құрылып, онда үстем таптың балалары тәрбиеленді. Ертедегі шығыс мәдениеті Ежелгі Греция және Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді. Құлиеленушілер мен құлдардың тап ретінде қалыптасуы тәрбие мақсатының сипатында айырмашылықтардың пайда болуына әкеп соқтырды. Тәрбиенәң мақсаты құл иеленушілердің балаларын үстемдік етуге, өнерді, ғылымды сүюге даярлады. Құлдардың балаларына білім беруге қарсы болды, жалпы дене еңбегі құлдардың төл ісі олардың балаларын өз қожаларының айтқанын мүлтіксіз орындау, төзімділікке бағыныштылыққа тәрбиеленді. Құл иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді. Бұл мекемелерде дене тәрбиесіне ерекше мән берілді. Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп жаттықтыру, әскери жаттығуларға үйрету ойыны жүргізілді. Феодалдық қоғамда үстемдік етуші негізгі таптар-феодаодар шаруалар. Феодалдық қоғамның негізгі тірегі-дін мекемелері (шіркеу). Орта ғасырда Қытай мен Индияда, Таяу шығыс пен Еуропада ересектер мен жастарды оқыту мәселесі діни ұйымдардың қолында болды, білім діни мазмұнда болды. Барлық халықтарда дін қарапайым адамдарды үстем тапқа бағынуға үндеді. Тәрбиенің мақсаты сараланды: феодалдардың балаларына рыцарлық тәрбие берілді, ал шаруа балаларына еңбек тәрбиесі берілді. Феодалдардың балаларына берілетін тәрбие басқаша болды, феодал балаларын тәрбиелеуде әскери әрі дене тәрбиесіне көңіл бөлінді: оның мазмұны «жеті серілік өнерді» қамтыды (атқа салт міну, жүгіру, наизаласу, аң аулау, шахмат ойнау, өлең шығару). Капиталистік қоғамда негізгі екі тап – буржуазия және пролетариат. Өндірістің дамуына байланысты оған оқыған қызметкеплердің қажеттігі жұмысшыларға білім беретін оқу орындарының жүйесін құруға үстем тап өкілдерін мәжбүр етті. Сонымен қатар буржуазия мемлекетті басқара білуді іске асыру, экономика мен қоғамдық өндірістің дамуын бағыттап отыру үшін өз балаларына жақсы тәрбие береді. Үстемтап өкілдерінің жеке оқу орындарының жүйесін құруды қолға алды. Тәрбиенің мақсатының таптық жіктелуі дуалистік сипатта сақталады. Алғашқы классикалық капитализм дамыған капиталистік (нарықтық, демократиялық және т.б.) деп аталатын құрылыспен ауысты. Бұл қоғамдық құрылыс өндірістік және қоғамдық қатынастардың жоғары деңгейдегі дамуымен сипатталады. Келмеске кеткен кеңестік кезеңнің елімізде социолистік және коммунстік қоғам құру туралы идеясы сәтсіздікке ұшырағаны белгілі. Капиталистіктен кейінгі қатынастардың әлемдегі көптүрлілігіне қарамастан, тәрбие мақсаттарының өндірістің құралдарына жалпы бағыныштылығ сақталады. Сонымен, тәрбиенің мақсаты қоғам дамуының талаптары мен анықталады, өндірістік тәсіліне, әлеуметтік және техникалық прогресстің ырғағына, педагогикалық териямен қол жеткен даму деңгейіне, қоғамның, оқу орындарының, мұғалімдердің және шәкірттердің мүмкіншіліктеріне байланысты.

 

2. Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі

2.1. Мұғалімнің сабаққа дайындығы

Мұғалімнің әрбір сабаққа  дайындығы күрделі де жауапты  жұмыс. Сабаққа дайындық  негізі оқулықпен ғана шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды кеңінен, тереңнен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан  басқаша түрлендіріп, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерлеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегіндегі сабақта қолданылатын әдістемелердің нәтижелігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің шеберлігі , біріншіден, сабаққа дайындығы, үнемі және мақсатты түрде, өз білімін, өз тәжірбиесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы мақсатында сіздерге төмендегі сабақтың түрлері және  оның құрылымымен таныстырғым келеді:

  1. Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында
  2. Саяхат сабақ - танымдық қабілетін дамыту
  3. Семинар сабақ- оқушының білімін тереңдету
  4. Сайыс сабақ – оқушылар ойларының жетітігін байқау
  5. Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
  6. Сынақ сабақ-  білім дағдысын бір бір жүйеге келтіру.
  7. Диспут сабақ - білім мен дағдысын қалыптастыру.
  8. Ойын , жұмбақ - оқушылар зейінін дамыту.
  9. Сахналау сабақ - оқуылар шығармашылығын дамыту.
  10. Талқылау сабағы - ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.
  11. Ертегі сабақ -  оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
  12. Интеграциялық- сабақ пән аралық байланысты жетілдіру
  13. Панорамалық сабақ мақсаты - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық        зертханасын ашып, сабақ беруі.
  14. Аукцион сабақ - бір нәрсені сату арқылы өткізіледі
  15. Көңілді тапқыштар сабағы - өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі
  16. Шығармашылық сабақ   - оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады.

Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.

Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.

Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.

Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.

Көңілді тапқыштар  клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.

 

Сабаққа дайындық барысындағы  мұғалім әрекетінің алгоритмі

 

1.     Сынып оқушыларының  ерекшелігін есепке алу:

- Сынып деңгейі;

- Оқушылардың пәнге қызығушылығы;

- Сыныптың жұмыс қарқыны

- Білім, білік, дағдының  қалыптасуы

- Әр түрлі жұмыс әрекетіне  қарым-қатынас;

- Оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс  жұмыс түрлеріне қатысы

- Оқушылардың жалпы тәртібі. 

2. Жеке ерекшеліктерді  есепке алу:

- жүйке жүйесінің типі

- тіл табысушылығы

-  көңіл-күйінің өзгеруі,  эмоционалдығы;

-  оқушылардың жаңа  материалды қабылдауына басшылық  жасауы;

-  көңіл-күйдің төмендеуін  жеңе білуі;

- өз білімі мен біліктілігіне  сенімділігі;

-  импровизация жасай  білуі

-  техникалық оқу құралдары  мен электронды есептеу техникасын,  түрлі оқу құралдарын пайдалана  білуі

3. Сабақты жақсы өткізуге  мүмкіндік беретін ережелерді  сақтау.

Жалпы ережелер:

1) Сабақтың тақырыптағы,  тақырыптың жылдық курстағы орнын  анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін  бөлу;

2) Сабақ тақырыбынақатысты  үш түрлі:ғылыми, ғылыми-көпшілік, әдістемелік  кітаптарды таңдап алу, олардың  мазмұнымен танысу;

3) Оқу бағдарламасын қарап  шығу, түсіндірме хатты қайта  оқу,  берілген тақырып бойынша  стандарт талаптарын оқып шығу, сабаққа байланысты мұғалімнен  не талап ететінін анықтау;

4) Оқулық материалын еске  түсіру, тірек білім, білік, дағдыны  бөліп алу;

5) Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны  оқушыларға түсінікті, олар қабылдай  алатындай етіп тұжырымдап жоспарға  жазу;

6) Сабақта оқушы нені  түсінуі керек, нені есте сақтау  керек, нені біліп, сабақтан  нені үйренуі керектігін анықтау;

7) Оқушыларға қандай оқу  материалын, қандай көлемде, қандай  мөлшерде баяндау керектігін, жетекші  идеяларды дәлелдейтін қандай  қызықты деректерді келтіруге  болатынын анықтау;

8) Сабақ міндеттеріне  сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп  алу, жаңа білім, білік, дағдыны  қалыптастыратын, жаңа материалды  игертетін тиімді тәсілдерді  таңдап алу;

9) Оқушылардың дәптерлері  мен тақтада не және қалай  жазылатынын ойластыру;

10) Сабақты тұтас құбылыс  ретінде қарастыра отырып, көзделген  сабақ барысын сабақ жоспарына  жазу.

 

2.2. Мұғалімнің мәдениеті

Атақты педагог, ғалым  В.А.Сухомлинский "Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі  және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық  шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп, ұстаздық өнерге ерекше баға берген.

 Жас жеткіншектерге  тәрбие беру ісінде мұғалімнің  атқаратын міндеті зор. 

 Ғалымдардың еңбектеріне  сүйене отырып, мұғалім мәдениеті  мен шеберлігін төмендегідей  бөліктермен анықтауға болады;

1. Мұғалімнің сыртқы келбет  мәдениеті. 

2. Мұғалімнің өзін-өзі  басқару шеберлігі. 

3. Мұғалімнің мимика және  понтомимика ишараларының (жест) мәнерлі  негіздері. 

4. Мұғалімнің мәдениеті,  әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік  қасиеті, дем алуы, дауыс дикциясы, интонациясы. 

 Педагогикалық әдептің  негізі - оқушыға деген шын ықыласты  және олардың адамдық ар-ұятына  деген қөзқарасында жатыр. Педагогикалық  әдеп баланы адам ретінде сыйлау  деп есептеуге болады.

Информация о работе Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі