Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 06:49, курсовая работа

Описание

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқанындай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп.
Қай елдің болсын өніп-өркендеуі, өсуі, дүниеде өзіндік орнын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
1. Мұғалім, оның қоғамдағы алатын орны.....................................................4
1.1. Мұғалімдік қызмет – адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс..................4
1.2. Қазіргі кезеңдегі мұғалімге қойылатын талаптар.........................................5
1.3. Педагогика тәрбие теориясы...........................................................................7
1.4.Тәрбие мақсатының мәні туралы түсінік........................................................9
2. Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі..................................................................12
2.1. Мұғалімнің сабаққа дайындығы...................................................................12
2.2. Мұғалімнің мәдениеті....................................................................................14
2.3. Мұғалімнің сабақ беру шеберлігін арттыру үшін қолданылатын әдістері................................................................................................................... 16
Қорытынды............................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................23

Работа состоит из  1 файл

Мугалимнин сабак беру шеберлігі.docx

— 88.06 Кб (Скачать документ)

Барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушы қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмаларды өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні анық.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Нағыз ұстаз бейнесін Әбунасыр Әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық  мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеу керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз  тарапынан барынша ынталылық  пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін  бейнебір су тәрізді.»

Осындай ұстазға тән мінез-құлық  ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің  төрінен орын алған жағдайда жас  ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі  мол, жан-жақты үйлесімді дамыған  елін сүйер абзал азамат болары сөзсіз.

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің  жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деп  Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені  Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас  ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты  жан-жақты, терең білімді, интнллектуалдық  деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың  бірден бір жолы – оқушыға білімді  терең игертудің тиімді әдіс –  тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең  біліктілігі қажет. Біліктілік –  бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

     Қорыта айтқанда, ХХІ ғасыр мұғалімінің моделіне сай болу үшін жоғарыда келтірілген қасиеттер барша ұстаз қауымының бойынан табылып отыруы тиіс. Бұл – заман талабы. Бұл курстық жобада қарастырылған тақырып - «Мұғалімнің сабақ беру шеберлігі».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. «Ой бөлістім халқыммен». «мектеп» баспасы.-Алматы, 2006 жыл.
  2. «Қазақстан мектебі». - 2003ж №5
  3. «ХХІ ғасыр мектебі». - 2003ж № 5
  4. Ел газеті 10 тамыз 2010 ж.
  5. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. –Алматы, Қазақ университеті,1989.
  6. Айтмамбетова Б.,Бозжанова К., Балаларды семьяда адамгершілік тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы,1985.
  7. Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері.-А 1991

      8. Интернет желісі

 


Информация о работе Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі