Модульдік оқыту технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 13:17, реферат

Описание

Қазақ халқының отансүйгіштік, имандылық, адамгершілік тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегілер. Себебі ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы , бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Оның үстіне ертегілер тілі жеңіл бала түсінігіне ауыр келмейді. Сондықтан ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметі бар. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, О

Содержание

КІРІСПЕ .......3-5
I ТАРАУ. АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ
1.1 Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік ............6-20
1.2 Халық ауыз әдебиетінің түрлері .......20-24
ІІ ТАРАУ. БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАЕЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ
2.1. Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиеті үлгілерінің тәрбиелік мәні...24-29
2.2. Ертегілер, олардың бала тілін дамытудағы маңызы ........29-54
ҚОРЫТЫНДЫ : ........55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......56-57

Работа состоит из  1 файл

МАЗМ.doc

— 228.50 Кб (Скачать документ)


                                                МАЗМ¥НЫ

КІРІСПЕ              .......3-5

I  ТАРАУ. АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ

1.1 Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік              ............6-20

1.2 Халық ауыз әдебиетінің түрлері              .......20-24

ІІ ТАРАУ. БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАЕЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ

2.1. Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиеті үлгілерінің тәрбиелік мәні...24-29
2.2. Ертегілер, олардың бала тілін дамытудағы маңызы              ........29-54

ҚОРЫТЫНДЫ              :              ........55

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР              .......56-57

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Диплом жұмысының көкейкестілігі.

Қазақ халқының отансүйгіштік, имандылық, адамгершілік тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегілер. Себебі ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы , бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Оның үстіне ертегілер тілі жеңіл бала түсінігіне ауыр келмейді. Сондықтан ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметі бар. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге т.б. уағыздайды. Оның үстіне ертегілер жоғарыда аталғандармен қатар баланың сөздік қорын да молайтады. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы себебі жаңағы айтылғандар - жақсы үлгілердің алғышарты. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан диплом жұмысы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған



мәселе екендігін ескерсек біздің жұмысымыздың көкейкестілігі ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді.

Диплом жұмысының нәтижелерін теориялық тұрғыдан:

-  халық ауыз әдебиеті жанрларын классификақиялауда;

-  халық ауыз әдебиеті жанрларынан оқулық түзу үшін мәтіндер
алуда;

практикалық тұрғыдан:

-бастауыш мектеп мұғалімдері әрбір сабақтан тіл дамыту жұмыстарына;

-болашақ бастауыш мектеп мұғалімдері педагогикалық іс-тәжірибеден өтіп жатқан кезде қосымша көмекші әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады.

Диплом жұмысының мақсаты: Халық ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту барысында пайдаланып, балалардың тілін дамыту.

Диплом жұмысының міндеті: Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін:

-  жалпы ауыз әдебиеті туралы қысқаша сипаттамасы;

-  бала тілін дамытудағы тәрбиелік мәнін;

-  ертегілердің бала тілін дамытудағы маңызын шешіп алу
қажет.

Диплом жұмысының ғылыми болжамы: Бастауыш мектепте ертегілерді оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге болады.

Диплом жұмысының құрамасы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,  қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау. Ауыз әдебиеті туралы

1.1 Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік

Адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәні мен мақсатын, шындығы мен қайшылығын ой-сапа қуатымен, ғылыми-диалектикалық әдіспен зерттеп білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізетін халықтың коллективтік творчествосы - фольклор шығармаларынан танып біледі.

Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры болады десек, с.оның сан-алуан нұсқалары қай дәуірде туған? Фольклор туындыларының, жаратушысы кімдер? Оның жанрлық, көркемдік ерекшеліктері, ұлттық және тарихи сипаты неде? Ауыз әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар туады. Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп, анықтау қажет.

Образдан ойлау адам санасының өзгеше бір формасы. Ол қоғам дамуының қай сатысында туды дейтін мәсәле төңірегінде сан-салалы. пікірлер, ғылыми тұжырымдар болды. Солардың бірі алғашқы қауымдық құрылыс кезінде фольклор сөз өнері ретінде қалыптаса қойған жоқ еді дейтін пікірге сайып келсе, белгілі совет ғалымы В.Е.Гусев мұндай сыңаржақ тұжырымдарға тойтарыс бергенді. Қоғам дамуының сәби кезеңінде қалыптаса бастаған фольклор шығармалары мен халық поәзиясының табиғаты өзара жақьш. Осыған біз «халық ауыз әдебиеті» деген атауды да қосып жүрміз. Халық әдебиеті жазба және ауыз әдебиеті болып бөлінеді. Бірақ екеуі де образдық ойдың көрінісі, соның тікелей жемісі болып табылады. Бұлардың жасалу жолдары да бірдей емес. Алғашқысы қоғам дамуының белгілі бір сатысында, жазба мәдениеті шыққан кезеңде туады да, оның өмір көріністерін белгілі бір көзқарас, дәстүрлі әдеби әдіс, стиль және жанр ерекшелігінде суреттеп көрсететін жеке айтушылары болады. Ауыз әдебиеті болса, көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан. Оның айтушылары халық арасынан шығып отырған. Келе-келе ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет сабақтасып, қатар дамып, көркем әдебиеттің арнайы екі саласын жасаған. Кейде олардың сюжеттері де ортақ болған. Бірінде ол далалық сипатқа (көп варианттылық, ауызекі айтылуы) ие болса, енді бірде қалалық (жазба) мәдениетке жақын көрінеді. Бұл екі арнаның басты айырматышылығы да осында. Сол себепті жазба әдебиетті былай қойғанда, ауыз әдебиетінің өзін фольклор шығармаларының қатарына қою кейде даулы көрінеді.

Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен, фольклор - синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларына тән осы белгіні белгілі орыс фольклорисі А.Н.Веселовский де айтқан еді. Жоғарыда аталған терминдерді саралай келгенде, фольклордың бұл сипатынша «халық ауыз әдебиеті» деген атаудан гөрі «халық поәзиясы» деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылып та келеді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді, «Халық ауыз әдебиеті» деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ.

Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы - тіл жетіле келіп, сөзден өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поәзиясын орындаушылардың да қызметі өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор шығармаларының қарапайым аноним айтушылары, ертекші, ақын, жырау, айтыс поәзиясының дарынды иелері - импровизаторлар дейміз.

Қоғам дамуының сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар отбасы, ошақ қасындағы қарт-қариялар болған. Оларды біз халық поәзиясының қарапайым жасаушылары дейміз. Сонда фольклор шығармаларының жасаушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады. Өнері өрге жүзген дарын иелерінің аузынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді әпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-салт айтыс сияқты үсақ формалы өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып, көпшілікке ортақ рухани мүраға айналдырып отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз.

Ғылымда халық поәзиясын «фольклор», ал оны зерттейтін ғылым саласын «фольклористика» деп атайды. Неміс ғалымы Н.Ф.Кнафльдің анықтауынша бұл атау халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Осы пікірді (Folk - халық, Іоге - білім, даналық) ағылшын ғалымы У.Дж. Томс та дамыта түсіп, фольклорды ел арасында туған өлең-жыр, ертегі, аңыз, түрлі наным-сенімдерді жинақтайтын термин ретінде ұсынған.

Халық поәзиясы төңірегінде айтылған Н.Г. Чернышевский, В. Г.Белинский, Н.А.Добролюбов пікірлері де қызықты. Мысалы Н.Г.Чернышевский қоғам дамып, ілгері басқан сайын халық поәзиясы жойылады, өйткені ол жазба әдебиетке жол беріп, жаңа дәуір адамдарын қанағаттандыра алмайды десе, В. Г. Белинский оған қарама-қарсы «фольклорда даңқты есімдер болмайды, ондағы көркем сөз авторы - әркез халық» деген тұжырым жасайды.

Фольклор оның мәні туралы Н.П. Андреев, Е. В. Аничков, Ф.И. Буслаев, Л.Н. Веселовский, В.Ф. Миллер, Е.Г. Кагаров, Ю.М. Соколов, В.Е. Гусев, В.Я. Пропп, В.П. Аникин, Ю.Г. Круглов, П. Г. Богатырев сияқты көптеген орыс және совет фольклористері де ғылыми пікір айтып, ой қозғаған. Мысалы, белгілі ғалым Н.П. Андреев фольклор материалдарының тарихшы, әтнограф, тілші-лингвист және әдебиет тарихын зерттеушілер үшін аса маңыздылығын айта отырып, оны халық тұрмысымен тығыз байланыстырады. Б.Н. Путилов та фольклорды халықтың (коллективтік) тұрмыстық әлеуметтік және өндірістік қатынастарымен сабақтастыра сөз етеді. Рас, Б.Н. Путилов фольклорды әдебиетпен де жақындастырады. Алайда оны бір ғана көркем сөз ретінде емес, түрлі сипаттарды бойына жинаған синкреттік өнер ретінде бағалайды. Е. В. Аничков фольклорды діни нанымдармен байланыстырса, В.Ф. Миллер әтнографиямен жақындығын сөз еткен.

Осы сияқты көптеген пікірлерді ескере келгенде, фольклор шығармаларына бір ғана тұрғыдан сыңаржақ баға берудің ұтымсыздығы көзге түседі. Фольклор туындыларына біржақты баға берудің нәтижесі оның әстетикалық табиғатына қайшы келетінін В.Е. Гусев те атайды.

Фольклор шығармаларының табиғаты туралы М.К. Азадовский, Ю.М. Соколов сияқты көрнекті ғалымдар да ғылыми тұжырымдар айтқан. Өзінің «Фольклор как коллективное творчество народа» (М., 1969) деген еңбегінде В.П. Аникин бүгінгі фольклористика ғылымындағы екі түрлі ғылыми концепцияны анықтай отырып, Ю.М. Соколов - М. К. Азадовский бағыттығына қарсы уәж айтыпты. Ол қандай бағыттар? Алғашқысы - фольклорды әдебиеттен бөлмей, қатар қойып зерттейтін (Азадовский, Соколов), соңғысы - фольклор шығармалары мен әдебиет туындыларының арасына меже қоятын (Белииский, Буслаев, Миллер) бағыттар.

Орыс, совет фольклористикасында туған түрлі ғылыми пікірлерді бұлайша топтастырудың өз орнында жүйелілік сипаты болуға тиіс. Алайда бұл түста кейбір ғалымдардың фольклор шығармаларының мәні туралы айтылған бір ғана пікіріне сүйеніп, олардың дәл осы мәселе төңірегіндегі басқа да тұжырымдарын елемей, ескермей кетушілік де бой көрсетіп отырады. Мысалы, В. П. Аникин сын семсеріне алатын Ю. М. Соколов әдебиетті фольклормен, фольклористиканы әдебиеттану ғылымымен байланыстыра отырып, олардың табиғаты бөлек екенін де теріске шығармайды. Атап көрсетер болсақ, өзінің «Значение фольклора и фольклористики (в реконструктивный период)» - деген еңбегінде ол халық поәзиясының маңызды, бір буыны ретінде фольклор туындыларын атай отырып, оған әдебиеттану және өнертану ғылымдарының методологиясын қолданудың қажеттілігін баса көрсетеді. Бұл тұста ғалымның мұндай тұжырымы оның фольклор мен әдебиеттің бірлігі жайындағы пікірінен көп бұрын айтылғандығын да ескеру қажет сияқты. В. П. Аникиннің осы бір пікірін қазақ зерттеушісі Б.Абылқасымов та дамытып, Ю.М. Соколовтың «фольклор әдебиеттің бір бөлігі болса, фольклористика - әдебиеттанудың бір бөлімі» деген тұжырымын келтіріпті. Автордың бұл бағытқа Н.П. Андреевті жатқызуы да сыңаржақ пікір. Өйткені ол 1934 жылы жариялаған «Проблемы истории фольклора» деген мақаласында фольклорды халық тұрмысымен тығыз байланыстыра сөз еткенді. Оны жоғарыда айтып өттік.

Фольклор жанрлары туралы В.Я. Пропптың пікірлері де жанды. Ол бір халықтың фольклорына тән жанрларды екінші бір елдің фольклор мұрасына қолдана салудың айтарлықтай нәтиже бермейтіндігін айта отырып, үш түрлі межені анықтайды. Олар: а) фольклор шығармаларының поәтикасын зерттеу; ә) фольклордағы халық тұрмысымен байланысты жанрларды анықтау; б) олардың орындалу тәсілдеріне (формасына) жете көңіл бөлу.

Осы айтылғандарға фольклор шығармаларының тағы да бірнеше сипатын қосуға болар еді. Олар - фольклордың коллективтік және ұлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлілігі, тарихилығы және ауызекі дамуы.

Халық поәзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан. Ол елдің тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Олай болса, фольклор шығармалары өзінің тарихилығы жағынан авторлық сипаты бар кез келген туындыдан анағүрлым шыншыл, әсерлі де көркем. Сол жырларға қарап, елдің әдет-ғұрпын, ой-сапасы мен Тұрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Қазақ фольклорының тарихилығының басты бір көрінісі осында.

Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі - оның образдары есте қалғыш та, тілі ерекше көркем, тартымды әрі қарапайым. Осы екі сипатқа қосылатын тағы бір белгі - әрбір өлең жыр, жар-жар, айтыс, жоқтаудың өзіне тән арнаулы әуені мен музыкалық мақамының болатындығы. Ақын-жыраулардың импровизақиялық дәстүрі поәзия мен музыка өнерінің синкреттік бірлігіне негізделіп, қобыз немесе домбыра аспабымен айтылған. Мысалы, Сыр елінің аты шулы жырауы Рахмет Мәзқожаев бір ғана «Алпамыс» немесе «Көрұғлы» жырын он төрт түрлі мақаммен жырлаған. Демек, фольклор шығармалары белгілі дәрежеде театр қызметін де атқарған. Оның артистері -орындаушылар, ән мен поәзияны қатар меңгерген шебер импровизаторлар.

Фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреттері мен мұң-зары, келешектен күткен арман-тілектері айқын көрініс тапқан. Жоқтау, сыңсу, қоштасу өлеңдерінде халық өз теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының ауыр тағдырына үн қосқан. Әрбір айтушы-импропизатор да тындаушысына үстаздық жасап, олардың түйсік-сезімін келелі ой-ниеттерге бастап отырған. Мұндай өлең-жыр мен ән-күй көп жайда өмірдің өзінен туындайды. Оған қазақ фольклорының көтерген мәселелері мен тақырыбы да айғақ бола алады. Ұсақ салт жырлары мен ертегі жанрының көтеретін мәселесі көбіне отбасының тірлігіне, соның бақыты мен қайғысына құрылса, халық патриотизмі мен ерлікті дәріптейтін әпостық жырлар ол қорғау сарындарына негізделген. Мысалы, олжа-қүмар Қараман, баққұмар Ақшахан, өзімшіл Қодар, сараң Қарабай, өз еліне озбырлық жасайтын ¥лтанқүлдар қаншама тұлғалы болып көрінсе де, ел бірлігін ойлаған Алпамыс, Қобыланды, Баян, Құртқа образдары мен ел тілегінің қасында олардың бейнелері қораш, нәрсіз. Өйткені алғашқылары біреуді кемітсем, жәбірлесем дейтін дарашылдық рухта көрінеді. Сол себепті халық әпосы оларға сын қолданған.

Информация о работе Модульдік оқыту технологиясы