Модульдік оқыту технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 13:17, реферат

Описание

Қазақ халқының отансүйгіштік, имандылық, адамгершілік тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегілер. Себебі ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы , бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Оның үстіне ертегілер тілі жеңіл бала түсінігіне ауыр келмейді. Сондықтан ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметі бар. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, О

Содержание

КІРІСПЕ .......3-5
I ТАРАУ. АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ
1.1 Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік ............6-20
1.2 Халық ауыз әдебиетінің түрлері .......20-24
ІІ ТАРАУ. БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАЕЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ
2.1. Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиеті үлгілерінің тәрбиелік мәні...24-29
2.2. Ертегілер, олардың бала тілін дамытудағы маңызы ........29-54
ҚОРЫТЫНДЫ : ........55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......56-57

Работа состоит из  1 файл

МАЗМ.doc

— 228.50 Кб (Скачать документ)

Қазақ фольклорының ұнамды образдары үнемі халық ортасында, коллективтік рухта жасалған. Ерлік, махаббат, әділдік, адамгершілік - бәрі де солардың бойына жинақталған. Ақылды Аязби «жаман» атанса да, хан жарандарынан озып шығады. Алдар көсе, Тазша бала бейнелері - халық тапқырлығының жарқын көрінісі. Әпостық жырларға келер болсақ, ондағы образдар үлғайтылып, үлы қаһармандар дәрежесіне жеткізілген. Баян, Қозы, Қобыланды, Құртқа, Алпамыстар - жалпы халықтық образдар болып шыққан. Олардың іс-әрекеті, ой-ұжданы мен арман-мүдделері халық санасымен әркез бірге. Осы жайларды ескере отырып, М. Горький миф пен әпоста бір адамның ғана ой-санасы емес, бүкіл ел, халықтың бірлескен творчестволық қызметі болатындығын айтқанды. Қазақ фольклорының озық үлгілеріне тәк осы коллективтік сипатты оның халықтық арқауының бірі дейміз.

Қазақ фольклорының образдары жанды әрі шынайы болып келеді. Олар адамға терең ой салып, ғибрат береді. Фольклор туындылары адам тәрбиесі, қоғам мәселелерінен шет жырланған емес. Оның басты айтар ойы - халықты, адам баласын сүйе біл, еңбек пен ерлікті қастерле, досқа жылы, қамқор, дүшпанға берік бол, жас та болсаң, елге ағалық керсете біл, өмірден үйрен де, өрге, өнерге үмтыл дейтін ғибрат. Мұның бәрі адам, әсіресе жас үрпақ тәрбиесі үшін аса қажет болған. Ертегі мен әпоста көптеген образдар бар десек, солардың мінез-қүлықтары, психологиясы бір-біріне қарсы қойылған. Онда бірлік пен араздық, достық пен жаулық сарындары шендескен. Мүны біз халық гуманизмінің фольклордағы көрінісі дейміз. Тұлғасы сом, жан-дүниесі таза, рухы күшті ірі образдар жасаудағы халық поәзиясының сүйенген арқауы - осылар. Шоқан мұның бәрін қазақ фольклорының халықтық сипатына жатқызып, қазақ әпосының образдары Европаның жазба әдебиетінен ешбір кем соқпайтындығын айтқан.

Фольклор шығармалары қоғам дамуының әр түрлі сатысында, негізінен еңбек процесінде жасалатын болғандықтан, пессимизм дегенді білмейді. Оның бас кейіпкерлері көбіне мұрат-мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм белгісі дейміз.

Қазақ әпосының қүндылығы мен халықтығының бір белгісі - оның бай да көркем тілінде. Мұндай жырлардың тілі, халықтық сөздігі, грамматикалық құрылысы жазба әдебиетімізден көп бөлек емес. Фольклор шығармаларының тілі ақындық тілдің биік табысы болумен қатар, қазақтың бүгінгі әдеби тілінің де негізін қалаған. Осы себептерден, қазақ фольклорын зерттеудің ғылыми, өмір-танытушылық, әстетикалық, тәрбиелік және тарихи мәні аса зор.

Ғасырлар бойы түрлі жырау, жыршы, ақын, көркем сөз зергерлерінің өңдеуінен өткендіктен, қазақ фольклоры жанр жағынан да аса іргелі, қомақты. Жанр байлығына келгенде, қазақ фольклоры жазба әдебиетке жете қабыл. Мысалы, бір ғана үйлену жырлары тойбастар, жар-жар,1 сыңсу, қоштасу, беташар, жұбату болып жіктеле жөнеледі. Еңбек пен түрлі әдет-ғүрыптарға байланысты салт жырлары да бірнеше топқа бөлінеді. Олар: төрт түлік мал туралы жырлар, бәдік, арбау, бата, бақсылық сарындары, наурыз, жарапазан, т.б. Қазақ ертегілерін қиял-ғажайып (мифологиялық), хайуанаттар жайындағы және шыншыл-реалистік ертегілер деп бөлер болсақ, соның әрбір жанрында жүздеген сюжеттер бар. Әпос туындыларын батырлық, тарихи және ғашықтық жырлары деп бөлсек, мұның да әр саласында келелі жырлар аз емес. Айтыс поәзиясы жөнінде де осыны айтуға болады. Бұдан көретініміз: қазақ фольклоры оқып үйренуді, ғылыми тұрғыдан терең зерттеуді тілейтін қымбат қазыналардың бірі, бүгінгі мәдениетімізге келіп құйған халық творчествосының үлкен бір арнасы.

Қазақ фольклорының алғашқы үлгілері сонау бақташылық, бәлки одан да бұрынғы замандарда қалыптаса бастап, елдің әкономикасы, салт-санасы, халық тілі біршама дамып, семья мен рулық құрылыс күрделенген кезде өзінің кемеліне жеткен.

Көптеген Түркі тілдес халықтар сияқты ертеде қазақ халқының да негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған десек, оның фольклордағы тірлігі мен ұғымы, барлық әдет-ғүрыптары бақташылық-көшпелі өмір табиғатына сай туған.

Ерте кезеңдерде Орта Азия, Алтай және Қазақстан жерін мекендеген Түркі тайпалары күнге, отқа, табиғаттың Түрлі құбылыстарына табынғандықтан, қазақ фольклорында анимистік, магиялық және тотемдік белгілердің болуы да заңды. Сонымен қатар шамандық наным-сенімдер де айқын көрініс тапқан. Оның арғы тегі, Шоқанның айтуынша, «көшпелілердің тұрмысымен тікелей байланысты» туған. Монғолдар алғашқы мергендерді «шаман» деп атаған. Шаманизм көшпелі Түркі тайпаларының арасынан елеулі орын алған. Қазақтың ертегі, әпосында шаманизм сарындары бірде өлі әруақ, бірде тірі әруаққа сиыну, енді бірде «құт» саналатын заттарды қастерлеу (ақты төкпеу, жеті қазына, т. б.) түрінде кездесіп отырады.

Қазақ аңыздарында құт басы — еңбек. Осы ретпен ертеде қазақтар әр түлік малдың өз иесі болады деп, Шопан ата, Қамбар ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба жайында аңыздар тудырған. Қазақ ертегілері мен әпостық жырларына ертеден енген бұл нанымдар халық санасының сәби кезеңдерінен хабар береді. Өмір, қоғам, ой-сана ылғи даму үстінде болады десек, сол нанымдар арқылы халық өзінің тіршілігі мен іс-әрекеттерін жақтаған. Ел әрекеті табиғаттың алуан түрлі күштеріне, азулы аңдарға, одан бергі жерде адамды қанаушылыққа қарсы күресте нығайып отырған. Осындай құбылыстарға халық поәзия қуатын қарсы қойған. Халық үшін оның қуаты айрықша күшті, әсерлі болған. Жылан арбау, күн жайлату, оң және теріс бата, алғыс, қарғыс бір ғана ауруға емес, жер-көкке ықпал етудің де шарасы болмақ.

Академик Ә. Марғүлан өзінің «Халық жырларын туғызудағы мотивтер» деген мақаласында қазақ әпосы мен ертегілерінен көрінетін түрлі ұғымдарға түсінік берген-ді. Мысалы, ерте кездерде халық өзіне жау күштермен күресу үшін жылан, қасқыр культін тудырған, Бөріқүс, көкпар ұғым-ойындары содан туған. Жезтырнақ, қасқыр, жылан, жалмауыздардың қай-қайсысы болса да қазақ фольклорында адамға жау күштердің жиынтығы, үнамсыз бейнелер. Солардың бәрін образдап ойлаудың өз кезеңіне тән көрінісі, дәрежесі деп түсінген жөн.

Ислам әсері қазақ әпосынан соншалық үлкен орын алмаған. Ол көбіне үстем тап ортасында туған жыр үлгілерінен кездеседі. Алайда «қүдай», «пайғамбар», «әулиеге ат қойып, Қорасанға қой айтып» дейтін сарындар анық діни ұғыммен байланысты. Оны біз әпосқа тән қоспалар, әр түрлі қоғам сатыларының айтушылары тарапынан енгізілген діни көзқарас дейміз. Ондай қоспалар қазақ фольклорында елеулі. Бір ғажабы, шығыстан келген дәу, пері, шайтан, одан қалды, қожа-молдалар образдарының бәрі дерлік қазақ фольклорында бір ғана үнамсыз адамдар бейнесінде берілген.

Кейінгі   замандарда  туған   ертегі,   әпостық   жырлардың тақырыбы өмірге терең еніп, елдік, халықтық мәселелерді қозғайды. Оның басты тақырыбы — әлеумет теңсіздігі, әдет-ғұрып қайшылығы, ел қорғау, махаббат еркіндігін жырлау, тарихи оқиғаларға үн қосу, қоғам, ел жағдайын жақсарту сарындары болып отырады.

Грек әпосына қатысты бір сөзінде Карл Маркс «Илиада», «Одиссея» сияқты жырлардың баспасөз станогі шыққан кезде тууы екіталай десе, қазақтың батырлық дастандары, көлемі 400 мың жолға жуық қырғыздардың, «Манас» сияқты әпопеялық жырларының дәл осы стильде тууы, әрине, шарт емес. Өйткені Түркі тілдес қазақ-қырғыз халықтарының әпостық жырлары қобыз (қияқ) немесе домбыра сүйемелдеуімен айтылатын импровизақиялық өнер ізінде дамып, қалыптасқан. Сол дәстүр совет дәуірінде қайта түлеп, жаңа мазмұнда дамып отыр. Оған бүгінгі халық ақындарының жырлары, Жамбыл, Нүрпейіс, Кенен поәзиясы, жаңа серпіліске ие болып отырған айтыс поәзиясы айғақ бола алады.

Совет фольклоры Орта Азияны мекендеген көшпелі халықтарда ғана емес, көптегсн басқа да одақтас республикалардың тәжірибелерінде бар. Өйткені бүгінде халық творчествосы мен интеллектуалдық қабілетінің дамуына ерекше жағдай жасалған. Сол себепті бізде жазба әдебиет пен ауыз әдебиеті қосқанаттасқан.

Фольклор шығармалары ауыз әдебиетімен сабақтасып, жазба әдебиетке жол салған. «Дария басы — бұлақ» демекші, қандай да болсын көркем сөздің алғашқы үлгісі — фольклор. Ауыз әдебиеті, одан соң жазба әдебиет туғанда оның көптеген сюжеттері фольклордан алынған. Бұл дәстүр бүгінгі әдебиет тәжірибесінде де бар. Мысалы, М. Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды», «Қалқаман—Мамыр», «Айман—Шолпан»,      «Еңлік—Кебек»,    Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш—Баян сүлу» сияқты пьесаларының
сюжеті мен образдары фольклордан алынған. Мұны фольклор
мен әдебиет арасындағы табиғи-органикалық    байланыс дейміз.
Жазба әдебиет сияқты ауыз әдебиетінде де өмір шындығының
сәулесі бар. Фольклор — тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдау
тәсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы,
танымдық, тәрбиелік мәні зор мәдени мүра.

Фольклористика тарихы туралы. Фольклор — халық даналығы тудырған сөз өнері болса, оның табиғаты мен тарихын зерттейтін ғылымды фольклористика дейміз. Оның зерттейтін объектісі — фольклор шығармалары қашан және қалай туды, сюжеті нақты өмірмен қабысып жата ма, әлде адам санасындағы Тұрлі ұғымдардан алына ма? Фольклор өмір шындығын қалайша көрсеткен, оның тарихилығы жасалу жолдары мен көркемдік ерекшеліктері қай дәрежеде? Фольклор мен әдебиет арасындагы сабақтастық пен айырмашылық, яки жалғастық неде? Фольклорды жаратушылар кімдер?— дейтін мәселелер.

Қазақтың көшпелі өмірден туған мифтік образдары сол елдің өз ұғымына жақын. Алысты көретін айна, үшқыш кілем, шөл жүйрігі —              Желаяқ образдарында болашақты болжаудың нышаны бар.
Соның бәрі халықтың қиялдау қуатынан туған. Алайда фольклорды
ғылыми Тұрғыдан зерттеу дегеніміз  күні  өтіп  кеткен  анайы ұғымдарды, ескі әдет-ғұрып пен салт-сананы идеалдау емес, ел тарихын зерттеп білу, оның ой-санасының қалай туып, есейгендігін, қазақ халқының бүгінгі зор прогреске, мәдениетті өмірге қалай жеткенін тарихи материализм ізінде танып білу болмақ. Біз қазақ фольклорын өзінің тарихи-реалистік табиғатында зерттеп, ондағы түрліше қоспа, діни ұғымдардан туған қайшылықтарға сын көзбен қарап, фольклор материалын саналы түрде ғылыми негізде игереміз.

1.2 Халық ауыз әдебиетінің түрлері

Қазақ ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар. Соның ішінде бастылары: халық арасында әр алуан тақырыпқа шығарылған өлеңдер, мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, батырлар жыры, тұрмыс-:салт жырлары, айтыс өлендері т. б

Ауыз әдебиетінің бұл аталған түрлері, әрине, бір мезгілде туып, бірден калыптасқан жоқ. Әрқайсысының шығу, өсіп-өркендеу тарихы, ұзақ уақытқа созылған даму жолдары бар. В. .Г. Белинский жоғарыда аталған еңбегінде және «Әдебиеттің түрлері» дейтін мақаласында ауыз әдебиеті мен жазба өдебиеттің арасында елеулі айырмашылықтар барлығын көрсетеді. Оның айтуынша: ең басты айырмашылық шығарманың авторы белгілі болу-болмауында. Осыған байланысты, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмасы жөнінде В. Г. Белинскийдің мына бір пікірін келтірейік. Ол былай дейді: «...Ауыз әдебиетін алатын болсақ, оның жүртқа аты белгілі авторы болмайды, өйткені қашан да болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болады. Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін қарапайым, үстіртін аңғал өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім біл-мейді... Ал әдебиетті алсақ, ол мүлде басқаша болады: оның шығарушысы халық емес, оның авторлары - халық рухының әр алуан жақтарын өзінің акыл-ойы арқылы білдіретін жеке адамдар. Әдебиетте жеке адамдар әдебиеттегі өздерінің праволарын толық өз қолына алады, сөйтіп, әдебиет дәуірлері сол жеке адамдардың аттарына байланысты болып белгіленеді».

Белинский бұл пікірін «Әдебиеттің түрлері» және «Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы» туралы жазған еңбектерінде де айтады. ¥лы сыншының пікірінше ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің арасындағы басты айырмашылықтың бірі жеке авторлардың болу-болмауына байланысты. Және де өз дәуірінің, бүкіл халықтың "рухын білдіретін жеке авторлардың шығуы әкономиканың дамыған, қоғамдық ой-сананың үлғайып өскен кезінде болады; әкономиканың дамуы мәдениеттің, техниканың өсуіне ықпал жасайды, жазу өнерін шығарады, кітап басу ісінің тууына әсер етеді; осыдан былай жеке авторлардың шығармалары жүртқа жазу үлгісінде, баспа арқылы тарайтын болады дейді.

Демек, жазба әдебиеттің қандай туындысын алсақ та оның авторы белгілі болады. Соған қоса оның өмірбаяны, шығармаларының қашан, қандай тақырыпқа арналғандығы, қай кезде баспа жүзіне жарияланғаны т.б. көпшілікке мәлім болып отырады. Ал ауыз әдебиетінің авторлары белгісіз болады. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетінде автор болмайды деген ұғым тумайды. Онда автор болған. Мәселен, «Ер Төстік», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Алдар Көсе», «Қобыланды батыр» т.б. сияқты ертегі, әңгіме, жырлардың қайсысын болса да әуел баста жеке авторлар шығарған. Бірақ ол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан авторлардың өмірбаяны, аты-жөні сақталмаған. Ал шығармалары ауызша айту түрінде туып, ел арасына ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторы халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін халық әдебиеті деп атаушылық, міне, осылай туған.

Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен келесі бір айырмашылығы - ауыз әдебиеті шығармаларында варианттардың көп болуында.

Бір-біріне жалпы мазмұны, оқиға желісі, кейіпкерлерінің аттары үқсас келетін шығармаларды бір шығарманың туынды түрі, яғни варианты десек, бұл ауыз әдебиетінде көп кездеседі. Мысалға: «Қобыланды батыр» жырын алайық. Қазіргі күнде бұл жырдың 28 варианты бар. Олардың жалпы мазмұны, оқиға желісі, басты кейіпкерлерінің есімдері бір-біріне үқсас келеді. Бәрінде айтылатын басты әңгіме: Қобыланды батырдың сыртқы және ішкі жауларға қарсы күресі, осы жолда оның жасаған ерліктері. Бұл оқиғалар жырдың варианттарында әртүрлі жырланады, ал ол варианттарда өз ара үлкенді-кішілі айырмашылықтар болып отырады.

Мұнымен қатар ауыз әдебиетіңде вариаиттардың көп болуын шығарманың ауызша шығарылып, халыққа ауызша айту арқылы тарауына байланысты деп білеміз. Мәселен, ертекші өзінің ертегін (немесе жыршы өзінің жырын) көпшіліктің жиналған жерінде айтады.  Сол арада тыңдаушы көпшіліктің арасынан жаңағы ертегінің (немесе жырдың) мазмұнын, оқиғасын үгып алушылар табылады. Енді олар сол ертегіні екінші бір жерде өзінше әңгімелейді, жаңалап айтады, алғашқы әңгімелерінің кей жерін қысқартып, кей жеріне тыңнан оқиға қосып үлғайтады. Сөйтіп, ертегінің (немесе жырдың) екінші бір туынды түрі, варианты шығады.

Ал жазба әдебиетте мұндай жағдай кездесе бермейді. Әрбір жазушы (не ақын) шығармасын өз атынан жариялайды, оны екінші бір автор иемденіп кетпейді. Қай шығарманы кімнің, қашан шығарғаны жүртқа белгілі болып отырады.

Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен тағы бір айырмашылығы бар. Ол: ауыз әдебиетінде қалыптасқан дағдылы сөздер мен сөйлемдердің тұрақталған үқсастық пен ұйқастардың жиі кездесетіндігінен көрінеді. Мысалы, ертегілердің көпшілігі:

Ертек, ертек ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен,

Информация о работе Модульдік оқыту технологиясы