Модульдік оқыту технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 13:17, реферат

Описание

Қазақ халқының отансүйгіштік, имандылық, адамгершілік тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегілер. Себебі ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы , бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Оның үстіне ертегілер тілі жеңіл бала түсінігіне ауыр келмейді. Сондықтан ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметі бар. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, О

Содержание

КІРІСПЕ .......3-5
I ТАРАУ. АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ
1.1 Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік ............6-20
1.2 Халық ауыз әдебиетінің түрлері .......20-24
ІІ ТАРАУ. БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАЕЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ
2.1. Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиеті үлгілерінің тәрбиелік мәні...24-29
2.2. Ертегілер, олардың бала тілін дамытудағы маңызы ........29-54
ҚОРЫТЫНДЫ : ........55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......56-57

Работа состоит из  1 файл

МАЗМ.doc

— 228.50 Кб (Скачать документ)

Қырғауыл жүні қызыл екен,

Құйрық жүні үзын екен, -

деп, немесе «Баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы болыпты» деп басталады. Ертегілердің бұлай басталуы дәстүрге айналып кеткен. Көптеген ертегілердің басталуы осындай бір-біріне үқсас келгенімен, одан кейін әңгімелейтін окиғалардың мазмұны, дамуы әр түрлі болады. Ал жазба әдебиетте шығарма мұндай   қалыптасқан   дағдыға   айналған   сөз   тіркестерімен басталмайды. Әр жазушы шығармасын басқа авторға ұқсатпай бастап, өзіңше аяқтайды.

Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылықты көрсететін келесі бір белгі деп ауыз әдебиетінде бірнеше өнердің бірлесіп келуін айтамыз. (Мұны, яғни бірнеше өнердің бірлесе көрінуін, синкретизм -деп атайды.) Мәселен, жыршьі ақын жырын көпшіліктің жиналған жерінде шығарған. Сонда ол домбыраның (гармонь немесе қобыздың) сүйемелдеуімен ән (кұй) әуенін келтіріп алып, жыр әңгімесін белгілі бір сарынмен айта берген.

Міне, осы арада бірнеше өнердің бірлесіп келгенін көреміз. Атап айтқанда: ақындык өнер, ән (күй) әуені, көпшіліктің алдында (сахнада) жыр айтып отырған жыршы-ақын, жырды тыңдаушы қауым бар. Олар бірлесе келіп, жаңа бір ерлік жырдың тууына себепкер болып отырғанын байқаймыз. Бұл сияқты жағдай жазба әдебиетте кездеспейді. Ол тек ауыз әдебиетіне, ғана тән ерекшелік деп қараймыз.

 

 

 

 

 

 

II тарау. Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиетінің маңызы

2.1 Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиеті үлгілерінің тәрбиелік мәні

Қазақ халқының патриоттық тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғүрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-қүлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласүлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, қүлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі", - деп анықтама береді.

Ерлік тәрбиені қалыптастырудағы өзіндік шыншылдығы мен әлеуметтік мәні жағынан қарағанда ертегілер көрнекті көркем құбылыс болып табылады. Оның маңызды ерекшелігі мынада: ертегілерде жекелеген құбылыстар фантастикалық бейнелермен хірелеп көрсетілгенімен, шын мәніңде олардың мазмұны объективті болмыстың көрінісі болып табылады.

Негізінен ертегілер оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, халқын қорғауға және өнерді игеруге, ел қорғаны болуға уағыздайды. Мысалы, "Ер Төстік" ертегісінің мазмұнында Ер Төстік жұт болғанда жоғалып кеткен ағаларын іздеп табу үшін жер астына түсіп, Шойынқүлақпен жекпе-жекке шығып, жыландар патшалығына барып, жолда айнымас достары - Көлтауысар, Таусоғар т.б. жер асты өнерпаздарының көмегімен кездескен қиыншылықтарды жеңіп отырады. Сонымем катар Темірхан елінде өз мергендігін көрсетеді, Айдаһармен алысады, пері Шойынқүлақты жеңеді. Бұдан біздің түсінетініміз, ертегіде Төстіктің асқан ерлігімен қатар бауырмалықты, достыққа берік болуы, мақсатына жетудегі қиыншылықтырға төзімділігі әсірелеп беріледі. Және де  қазақ халқының өнердің қай түрін болмасын жоғары бағалағанын, оларды қадірлей білуге үл-қыздарын жастайынан үйреткендерін байқауға болады. "Өнер мүратқа жеткізеді демекші, ертегілердің кейіпкерлері шығарма соңында мақсат-мүратына жетеді. Осы мұрат-мақсатқа жетудің өзі тыңдаушының психологиялық әсерленуіне ықпал етіп, қызығушылығын тудырады.

Ертегілерде батырлардың түр-тұлғасын "жауырыны қақпақтай, бұлшық еті бұлкілдеп, алысқанды алып тұрар" т.б. сипаттамалар арқылы суреттеу көптеп кездеседі. Мұны ертегілердің қоғамдық-әлеуметтік жағдайға байланысты өзгерістерінен байқауға болады. Өте ертедегі архайкалық ертегілерде көбіне "батырлар" мерген немесе аңшы бейнесінде кездеседі. Мысалы, "Қүламерген", "Аламан мен Жоламан, "Ағайынды екі жігіт", "Шора батыр", "Керқүла атты Кеңдебай", 'Ер Төстік" т.б. ерертегілерде басты кейіпкер - батыр жігіт елін аң аулаумен асырайды, осы жолда ол жын-перілермен күресіп жүреді. Әдетте мұндай ертегілер батырдың дүниеге келуімен басталады. Мысалы "Ер Төстік" ертегісінде: "Ол өзгеше бала болып өседі. Бір айда бір жастағы баладай, үш айда, үш жастағы баладай, бір жылда он бестегі жас өспірімдей болып, екі жасында, алысқан кісілерін, кемпірді өлтіреді, алтын қүйрықты күмыс жалды сегіз қүлынды алып келеді, қалмақтарға қолға түскен Мергенбай батырды босатып шығарады.

Ал классикалық батырлар ертегісінде батыр тылсым күштермен емес, елді, халықты жаулаған дүшпандармен күреседі. Оның астарында ел, жер үшін күрес, кек алу жатыр. Ертегінің

негізгі құрылымдарында туған-туысқанға көмек беру, шынайы ғашықтық, батырдың айнымас серігі - түлпардың бейнеленуі байқалады. Мысалы: «Әлібек батыр», «Делдаш батыр», «Ер тарғын», «Көрүғлы», «Нарық батыр», «Ер Көкше және алып ұратын бала болады. Садақ тартып үйренеді, тартқан садағын тоғыз қабат темірден өткізеді", - дейді. Бұл жерде кейіпкердің тұлғасы елін, жерін қорғайтын, ерлік жасайтын батыр кейпінде көрінеді. Шынында, кейін Ер Төстік Темірхан елінде өз мергендігін көрсетеді, айдаһармен алысады, пері Шойынқүлақты жеңеді. Осындай кедергілармен күресе отырып, мүрат-мақсатына жетеді. Бұл жерде біз халық арманындағы батырлардың күшінің зор екендігі соншалық, олар мистикалық әлемнің дұшпандарына қарсы тұра алатындай кабілеті бар екенін байқаймыз.

Ал "Керқүла атты Кендебай" ертегісінде Кендебайдың сипаты мен ерлігі былай беріледі: "Ай сайын емес, күн сайын өсіпті. Алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты, соңдай күшті болыпты, алысқанда алып ұра беріпті, күрескенді жыға беріпті, шыңырау қүдыққа қүлаған атанды жалғыз тартып шығара беріпті, аң аулап әкесіне жәрдем беріпті, құралайды көзіне атқан мерген болыпты. Жеті басты дәуді жеңеді, азулы арыстанды жеңеді, мыстан «Орақ», «Қамбар батыр», «Алты жасар Алпамыс» т.б. ертегілерде көбіне ерлік көрсету, қаһармандық рух жоғары тұрады. Ал батырлар ерлігінің сипатталуына келер болсақ, мысалы, Әлібек батыр "туғанында алты қарыс селебесімен туылады, ай сайын емес, күн сайын өседі", - деп айтылады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде "селебе" сөзіне



"ұшы үшкір, үлкен өткір пышақ" деп түсінік беріледі. Демек, мұндай сипаттау ертегіге тән қасиет деп ұққанымыз жөн. Себебі халықтың арман-тілегі бойынша осындай батырлар елді, Отанды қорғайтынын үғынуға болады. Сондай-ақ, "Қазанбай батыр" ертегісінде біз оның бейнесінен байқайтынымыз: "Өзінде алпыс ердің айбаты, алпыс ердің қайраты бар, дүшпанына кекшіл, бағынған дұшпанына кешірімшіл", - десе, ал оның жеке басының қасиеттерін былайша сипаттайды: "Қазанбайдың үрыс кезіндегі тағы бір айласы арқанға ілмектеп, қашып бара жатқан жаудың мойнына лақтырып, дәл түсіру және қанша жау болса да сескенбестен қарсы бару. Ол көп, аз демейді. Өзіне жұмсалған жаудың қаруын бойына дарытпай екі жігіт әзер көтеріп жүретін найзасын кәдімгі қамшыдай үйіре сілтеп, көзіне көрінгенді шаншып, түйреп тастап отырды. Және бір ерекшілігі жауға оңтайлы күні ғана аттанады. Шабуылға ертеңгі Шолпан жүлдызы туған мезгілде шыққанды қалайды" - деп келтіреді.

        Бұл жерде Қазанбай батырдың айла-тәсілдерінен мағлұмат бере отырып, оның тегін батыр еместігін көреміз. Себебі ертегі болса да шынайы өмірге жақындығын байқаймыз.

Орыс педагогі А.В.Сухомлинский: "Ертегі - халық мәдениетінің рухани байлығы, оны тану арқылы бала туған халқын жүрегімен танып біледі", - деп орынды айтқан. Демек, ертегінің қай Тұрін алсақ та, онда халықтың Отан сүйгіштік, елін жерін сүюге, отбасының, бауырларының амандығын ойлаған арман тілектеріне негізделген патриоттық сезімі жатыр.

Халық өзінің ертегілерінде қиял түрінде болса да, қоғам өмірінің көптеген мәселелері жайында ой қозғайды. Оларды халық тілегі, қоғам тұрғысынан сөз етеді. Халық нені ұнататыны, нені жеқ көретіні жайында пікір білдіріп баға беріп отырады. Неше түрлі жауыздық, зұлымдық істер әшкерленіп, оны жасаушыларға халық. атынан үкім шығарылып, айыпталып жатады. Алаяқ қулар мен Қарынбайдай қарау, шық бермес Шығайбайдай тас сараңдарды халық ішінен шыққан Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала сияқты айлакер. пысықтар жер қаптырып, халық алдында масқара етіп отырады. Халық тас сараңдар мен дүниеқор қорқауларды ащы тілмен түйреп, сынау арқылы түзетуді көздейді.

     Сондай-ақ бір топ ертегі, аңыздарда жауыздық пен ізгілікті, жалқаулық пен елгезектікті, тапқырлық пен топастықты салыстырмалы түрде сөз етіп, ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы ишарамен мегзей отырып, жақсыдан үйренуді, жаманнан жиренуді өсиет етеді. Халықтың сыны да, міні де, қуаттап қостауы да, айыптау үкімі де айқын көрінеді. Яғни В.Г.Белинский айтқандай, ертегі-аңыздарды "халық өмірінің айнасы" деуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

               2.2 Ертегілер, олардың бала тілін дамытудағы маңызы

Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мүрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.

Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың мүң шері, арман-мүраты бейнёленген.



Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі - ертегілер.

Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.

Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен; өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. (Халық шығармасының бұл түрі «ертегі» деп аталуының өзі-ақ, онда аитылатын әңгімелердің есте қалмаған ерте заманда туғандығын анғартады).

Бертін келе, әкономиканың ілгері дамуы, қоғамдық карым-қатынастардың алға басуы, адам баласының дүние танымының, ой-өрісінің, сапа-сезімінің үлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде ертегілерге көп әсер, еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге үшырап, жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман-мүддесін, ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттелген. Осы ретте туған ертегілерден адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі. Бұлардың бәрін халық ертегілері көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнелеген.



Бұл секілді жағдайларды қазақ ертегілері де басынан кешірген деуге болады. Алайда, қазақ ертегілерін сөз еткенде, біз оның ең алғашқы үлгілері, олардың мазмұны, көркемдік дәрежесі қандай болғандығы жағын анықтап айта алмаймыз. Өйткені ол ертегілер алғашқы айтылу қалпын сақтай отырып, біздің дәуірімізге жеткен емес. Ауыз әдебиетінің басқа түрі секілді, ертегілер де ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әр түрлі өзгерістерге үшыраған, бір ертегіге бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып араласқан. Бергі заманда туған ертегілер ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін олардың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.

Осыған байланысты тағы бір жайды ескерте кетелік. Қазақ тілінде ауызша айтылып келген ертегілердің барлығын бірдей қазақ халқы шығарған жоқ. Қазақ ертегілерінің ішінде ағайындас-аралас, көршілерден, атап айтқанда: орыс, қырғыз, өзбек, Түркімен, қарақалпақ халықтарынан алынған, бізге сіңісіп кеткен, өзіміздің төл- тумамыз болған ертегілер де бар. Бұл алуандас ертегілер кездейсоқ түрде келіп енбеген. Ол қазақ халқымен көршілердің арасында көп заманға созылған әкономикалық, ағайын-достық қарым-қатынастардың негізінде енген. Сөйтіп, қазақ халқы бұл ертегілердің жалпы мазмұнын алып, мәнерлеп әңгімелеген, өзінің тума шығармасы етіп жіберген. Сондықтан да біз оларды қазақ халқының ертегісі деп қарауға тиістіміз.

Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. XIX ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В.Радлов,  Г.Потанин, И.Березин, А.Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов, Ә.Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары «Дала уалаяты», Айқап», «Туркестанские ведомости», «Тургайская газета», т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді. «Образцы народной литературы тюркских племен» атты 10 томдық жинақтарында В.В. Радлов қазак, қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзербайжан сияқты кептеген Тұркі тайпалардың әпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Сонымен қатар қазақ әпосы мен ертегілерін жинап бастыру ісінде башқұрт ғалымы, профессор Әбубәкір Диваевтың еңбегі де елеулі.

Осы аталған адамдар сол кезде Орынборда, Омбыда, Казаньда, Астрахань мен Ташкентте шығатын газет-журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не қазақша бастырады, кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілерді қазақ тілінде шығаратын болса (тілі қазақша әрпі орысша), онда қысқаша мазмұнын орысша аударады. Бұлардың жинаған материалдары өткен ғасырдың бесінші жылдарынан бастап, «Дала уалаяты» газетінде, Торғай облыстық ведомосында», «Ақмола облыстық ведомосы, «Орынбор газетінде», «Орынбор губерниялық ведомосы, «Астрахань газетінде» т.б. үзбей басылып тұрады. Қазақ ауыз әдебиетінің, соның ішінде ертегілердің көптеген үлгілері, әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын газеттерде молырақ жарияланады.

Информация о работе Модульдік оқыту технологиясы