Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 13:17, реферат
Қазақ халқының отансүйгіштік, имандылық, адамгершілік тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегілер. Себебі ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы , бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Оның үстіне ертегілер тілі жеңіл бала түсінігіне ауыр келмейді. Сондықтан ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметі бар. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, О
КІРІСПЕ .......3-5
I ТАРАУ. АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ
1.1 Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік ............6-20
1.2 Халық ауыз әдебиетінің түрлері .......20-24
ІІ ТАРАУ. БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАЕЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ
2.1. Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиеті үлгілерінің тәрбиелік мәні...24-29
2.2. Ертегілер, олардың бала тілін дамытудағы маңызы ........29-54
ҚОРЫТЫНДЫ : ........55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......56-57
Халықтық әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге орамды, көркем әдеби тілмен жазылған. Сазда халық әуенімен айтылатын бесік жырларынынң сан-алуан түрлері, түсау кесу жырлары ойнақы тілмен жазылған санамақтар, ойын өлеңдері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдаланылса, баланың тіл әлеміне деген қызығушылығы артып, ана тілден байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары сөзсіз. Қай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы болады. Ертегі тілінің көркемділігі, қызғылықты оқиғалар желісінің баяндалуы образдардың шебер суреттелуі баланың ертегі дүниесіне қызығушылығын арттыра түседі.
Ертегілерді баланьщ тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі, баланың сөздік қорьш молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш, тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке, достыққа, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, әстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп Тұрлі жауыздық, зүлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.
Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар ушін тек қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету әдістерін жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай психикальщ даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ бала үшін ұзақ уақыт оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады.
Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге, оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз, Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен әстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мумкіндіктер береді. Бала үшін сурст арқылы ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін де дамытады.
Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жәйт-кейіпкерлердің аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс-қимылы, мінездері қатты әсер етіп отырады. Тіпті жағымсыз кейіпкерлердің өздері де ақымақтығымен, қулығымен балаларды таң-тамаша қалдырады.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері тақырыптық, көркемдік жағынан түрлі болған сияқты, сабактардың мазмұны, өткізу жолдары, орындайтын тапсырмалары да әр алуан келеді. Оқу үрдісі басқа түрде жүргізілетін мектептердегі әдебиет сабақтары негізінен кіріспе сөзбен басталады. Мұғалімнің кіріспе сөзі білімділік, тәрбиелік, көркемділік талапатарына сәйкес, тілі ұғымды, мазмұны шағын әрі әсерлі болуы шартгы. Кіріспе сөзді тек баяндау тәсілімен ғана емес, кейде сұрақ койып, оқушылардың өздерін қатыстыра отырып өткізуге болады. Ертегілермен тантыстыруға арналған сабақты кіріспе сөзбен бастаған мұғалім: "Ертегі — халық, өмірін суреттейтін фантастикалық оқиғаларға құрылған көркем шығармалар. Ертегілер - үрпақтан-үрпаққа ауызіпа таратылып, ұзақ ғасырлар бойына толықтырылып, жетіліп келген халық ауыз әдебиетінің ең бір көркем түрі. Ертегілер өзара бірнеше түрге бөлінеді"- дей келе, оқушыларды әңгімеге тартып, төмёндегідей сұрақтар қояды.
І.Орыс тілі сабақтарында орыс ертегілерінің қандай түрлерімен таныстыңдар?
2.Солардың ішінде қиял-ғажайып ертегілерді атап айтыңдар. Олардың кейіпкерлері кімдер?
3. Бұл ертегілерде қандай қызықты оқиғалар суреттелген? -деген сұрақтар оқушылардың есіне орыс әдебиеті сабақтарынан білгендерін түсіріп, солардың енді оқитьщ шығармамен байланыстыра қарастыруға жол ашады.
Оқушылардың берген жауаптарын жинақтай отырып мұғалім қазақ ертегілерінің де хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып және тұрмыс-салт ертегілері болып үш түрге бөлінетіндігіне тоқталады. Ол өзінің сөзін кітапханадан алған ертегілер жинақтарын жеке кітапшаларды, ертеплердің әр түріне салынған суреттерді көрсету арқылы көркемдеп, толықтырып айшықты жеткізуді ойластырады.
Оқулықта берілген "Ғажайыптар әлемінде" деген мәтінде ертегілерге арқау болған құбылыстар мен жағдайлар айтылып қазақ ертегілерінің негізгі түрлері туралы деректер ұсынылады. "Ертегілердің ең бір тамаша, балаларға қызықты түрі - киял-ғажайып ертегілері" деген түйінді ойдан кейін осы шығармалардағы сан-алуан оқиғаларды басынан кешірген кейіпкерлер жөнінде, олардың қарсыластары мен достарының фантастикалық түрде бейнеленуіне, ертегілердің басталуы мен аяқталуында бірсарындылық болатынына оқушылар көңілін баса аударған жөн. Мәтінді оқып-талдау үстінде балалар басты кейіпкердің өз ата-анасын, ел-жүртын қорғау мақсатында ұзақ жолға шығып, көптеген қиындықтардан өтіп, жеңіске жеткендігімен қатар оның үлкен мен кішіге қайырымды, досына сенімді, адал болатындығына тоқталып, өз беттерімен тиісті қорытынды жасап отырады. Талдау жұмысының бір бөлігі балаларға қиял-ғажайып ертегілерінің көркемдік ерекшеліктерін байқатып-білдіруді көздейді. Осы бағытта оқушыларға төмендегідей сұрақтарды беруге болады:
1. Басты кейіпкер қандай фантастикалық, ғажайып оқиғаларға кездеседі? Осы жағдайларда ол өзін қалай үстайды?
2.Ертегідегі ғажайып заттарды атап шығындар? Олардың кандай ғажайып сипаты бар?
3. Басты кейіпкердің қарсыластары кімдер? Олар қалай суреттелтен?
4.Басты кейіпкердің достары мен көмекшілері кімдер? Олардың басты қасиеттері қандай?
Өз жауаптарын оқушылар мәтіннен естіп, соның ішінде кейіпкердің көмекшілері: Саққүлақ, Таусоғар, Желаяқ, Қолтауысардың сипатталуына іс-әрекетіне аса қызығушылықпен тоқталады. Бірлесе отырып оқушылар оларды орыс ертегілеріндегі фантастикалық кейіпкерлермен салыстыру арқылы екі халықтың сөз өнерін ерекшеліктерін жөніндегі түсініктерін тереңдете түсіп, ойларын сөзбен жеткізе білу қабілеттерін жетілдіреді.
Мәтінді мұғалім өзі бастап оқығаны жөн. Өлеңмен жазылған ертегіні алғаш оқығанда оның әуені мен үйқасын келістіруге тырысып, интонақиалық, ритмикалық жақтардың ерекшеліктерін байқату көзделеді. Ертегінің көлеміне байланысты мұғалім бірнеше шумағын оқып бергеннен кейін ары қарай оқушылар өздсрі жалғастырып оқығанда да ұстаз өлеңді мәнерлеп,оның жолдарындағы дыбыс үндестігін ескеріп отыруды талап етеді.
Сондай-ақ халық ауыз әдебиетіндегі жақсы айтылған ертегінің өзі де жасөспірімдер ғана емес, ересектердің ой-өрісі мен дүниетанымының кеңеюіне тигізетін әсері мол. Мұнда оқушылар бос уақытында әдеби кітаптарды оқи отырып, халықтың қиялға құрылған өмірінен сабак алады. Окушылардың мектеп сахнасында өздері оқыған ертегілерді қойылым ретінде көрерменге көрсетуіне мүмкіндіктері бар.
Қорытынды
Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда ертегілердің рөлі ерекше.
Ертегілерді меңгеруде, солар арқылы дамыту жұмыстарын жүргізгенде мыналарды:
- Мәтінді бірінші болып мұғалімнің өзі оқуын;
- Өлеңмен жазылған мәтінді оқығанда оның әуені мен ұйқасын келістіре оқуға, интонациялық, тактикалық жақтарының бұзылмауына;
- Мәтінді мәнерлеп оқуға;
- Мәтіндегі дыбыс үндістігінің бұзылмауына;
- Мәтіндегі сөздердің қатесіз дұрыс оқылуына;
- Балалардың түсініктерін мейлінше көркем тілмен өз сөздерімен айтып беруіне баса көңіл бөлу керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Алпысбаев Т. «Қазақ халық әдебиеті» Т.З; Ертегілер. Алматы,
«Жазушы» 1975ж. 135-1846.
2. Айдашаев А. «Қазақ халық әдебиеті» Ертегілер. Алматы,
«Жазушы» 1979ж. 112-1466.
3. Ахметов Ш. «Қазақ балалар әдебиеті» Алматы «Ғылым» 1974ж,
221-2276.
4. Бердібаев Р. «Сарқылмас қазына» Алматы «Мектеп» 1983ж.
145-2016.
5. Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы мектеп.
1991ж. 3-376.
6. Көшімбаев А. «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» Алматы
«Мектеп» 1969ж. 77-796.
7. Кенжебаев Б. «Әдебиет белестері» Алматы «Мектеп». 1986ж.
143-2016.
8. «Қазақ ертегілері» Алматы «Балауса» Қазақстанның ауыз
әдебиеті 2003ж. 34-536.
9. Қазақ әдебиетінің тарихы Т.1, 2-ші кітап «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» редактор Қаратаев А. Алматы «Мектеп» 1964ж. 14-236.
10. Қазақ халық әдебиеті: І-ші том Ертегілер Алматы «Жазушы» 1988ж. 47-546.
11. «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымең даму жолдары» Алматы «Ғылым» 1981ж. 157-2026.
12. Қазақ ертегілері: Аңыз, тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, хаиуанаттар туралы ертегілер. Алматы «Балауса» 2004ж. 27-346.
13. Қалиев С. «Халық ертегілері» // Тәрбие құрал 2005 №11. 3-76.
14. Қалқабаева М. «Балалар әдебиеті-тәрбие құралы» Алматы «Мектеп» 1976ж. 68-1016.
15. Қирабаев С. «Мектеп және қазақ әдебиеті» Алматы «Мектеп» 1979ж." 33-386,
16. Қоңыратбаев Ә. «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы «Мектеп» 1994ж.24-76б.
17. П.Мұқанов С. «Халық мұрасы» Алматы «Мектеп» 1980ж. 122-126 б.
18. Сүйіншәлиев X. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» Алматы «Мектеп» 1967ж. 11-186.
19. Тойшыбаев С, Дайрабаев Ғ. және Қожакеев Т. «Мектепте қазақ әдебиетін оқыту» Алматы «Мектеп» 1980ж. 80-886.
20. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 1979ж. 12-376. 21. Бастауыш мектеп ІІҮ. Сайлыбаева «Ауыз әдебиеті үлгі арқылы баланың тіл байлығын дамыту» 2004 №5 25-26 бет.'
22. Бастауыш мектеп // О. Бартаева «Бастауыш сыныпта ертегілерді оқыту» 2004 № 11 18-20 бет.
23. ¥лағат // Р. Берекенова «Ауыз әдебиетінің ғажап үлгілерінің бірі- ертегілер» 2004 №2 47-49 бет.
24. Ұлт тағылымы 2004//Р. Ерденова «Патриоттық тәрбие берудегі ертеглерді рөлі» №4 17-21 бет.