Сынып жетекшісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 05:55, курсовая работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мүгалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырзшіысы өрі ұстазы,ақылшы-кеңесшісі болып саналады, Сондықтан да ол қиын да өрі жауаіпты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады., Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1.1Сынып жетекшісінің қызметі мен міндеті.........................................................4
1.2Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы................................................................8
2.СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҰЙЫМДАСЫРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары..........................10
2.2 Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары.........................................................13
2.3 Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу.............................17
3. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 «Қыран қанат көкке самғар» тақырыбындағы тәрбие сағаты........................24
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................28
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................................................29

Работа состоит из  1 файл

БОТА КУРС ПЕД.doc

— 231.50 Кб (Скачать документ)

Диагностикалық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін. оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтал отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.

Сынып жетекшісі  осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогакалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қабыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкімдіп туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіңе байланысты жүзеге асады.

Тәрбие жұмысының мақсаты баланың жеке тұлғасының даму процссін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтал, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.

Жоспарлау- бұл сынып жетекшісінің. педогикалық және сынып ұжымының оқу тәбие процесіндегі әрекетерін нәтижелі    ұйымдастырудағы маңызды буын .   Жоспардың

қыызметі — педагогикалық ыкпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбе шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау -мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.

Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. Д. С. Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В. А. Сухомлинский де "тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол. қарапайым көрініске: тәрбиеші - сауатсыз күтушіге,. педагогика ~ балгерлікке айналар еді" — дейді. Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады. Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмағаң болар еді.

Сынып жетекжісшш, мақсат қоюшылық қызмсті негізінен 4 кезеңнен тұрады:

  1. Педагогикалық процесті алдын-ала болжау.
  2. Өткен оқу жылы қортындысының нәтижесіне талдау жасау.
  3. Тәрбиенің мүмкіндіктсріп жобалау.

4. Мақсатты   анықтауда   пән   мұғалімдері   мен   оқушылар    және    ата-аналардың    өзара    бірлсекен    әрекетін ұйымдастыру.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда анықталып отырған мақсаттың нәтижелі болуын қамтамасыз ету үшін сыныптағы және мектеп көлеміндегі педагогикалық процестің нақты жағдайын, оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін, олардың өткен оқу жылындағы әрекеттерінің нәтижесін, осы бағытта үш бұрыштың бірлескен іс-қимылдарында жинақтаған тәжірибесін зерттеп тану қажет.

             

  1.2 Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы.

Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім,білік және дағдыларын беру процесі болады. Екіншіден, адам баласында адамгсршілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сондықтан, тәрбиені әлеуметендіру процесінің педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жөн. Ол мақсатты түрде адамның әлеумсттік дамуына жағдай тудыруды көздейді Мұндай көзқараста баланы әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру басшылыққа алынады: оқу, еңбек, қарым-қатынас, ойын, практикалық әрексттер т.б. Сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқушыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың мақсатты түрде сабақтан тыс әртүрлі педагогикалық өрекеттерін ұйымдастыруын қадағалайды. Сондықтан, біз мұғалімдердің кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға жасаған ықпалы туралы айтар болсақ, онда мүндай педагогикалық әрекетті — тәрбие жұмысы деп атаймыз.Сынып жетекшісінің төрбие жұмысы бірыңғай ұйыңдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шеліуді қарастырады. Ол оқушыңың жан-жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін тандап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.

1. Оқушыға тікелей ықпал жасау:

-оның дара  даму ерекшелігін, қызығушылығын, қоршаған ортасын танып білу;

-тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;

-жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалын мен тәсілдерін жүзеге асыру:

-тәрбие ықпалының  нәтижесіне талдау жүргізу.

2. Тәрбиелеу  ортасыеа  жағдай тудыру: 
-оқушылар ұжымын қалыптастыру; 
-онда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру; 
-оқушыларды әлеуметік әрекетке қатыстыру; 
-оқушылардың өзін-өзі басқақаруын дамыту.

3. Баланың  әлеуметтікк   қатынасына   ықпа  ететін әртүрлі субъсктілеріне көмектесу, бақылау жасау;

-отбасына  әлеуметтік қолдау көрсету;

-мұғалімдер ұжымының өзара педагогакалық әрекетіне қолдау көрсету;

-бұқаралық  ақпарат құралдарының балаға  ықпапын бақылау;

    Оқушылардың тәрбие жұмысының мақсатын анықтап, белгілеу жұмысына тікелей қатысуы, олардың өздеріне өткен оқу жылындағы әрекеттерін зерделеп, дұрыс көзқарастарын орнықтыруға және болашақтағы әрекеттеріне санаяы түрде қатынас жасауға мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдай сынып жетекшісіне педагогикалық құралдарын дұрыс таңдауға септігін тигізеді.

Тәрбие жұмысының  мақсатын анықтау барысында, оның педагогикалық міндеттері де айқындалады. Оны жобалау негізінен мынындай кезең арқылы жүзеге асады:

1.  Тәрбиенің  жалпы мақсаты қандай болып  белгіленді?

2. Сынып ұжымы  мен мектеп және тұрғылықты жерінің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?

3. Мектеп немесе сынып жағдайында өткен оқу жылында қандай міндеттер қарастырылды және олардың нәтижесі калай болды?

4.Санып ұжымының әрекеті қандай міндеттерге айрықша жауап береді?

5. Қойылып  отырған мақсатты жүзеге асырудың педагогикалык, мүмкіндіктері қандай?

6.Сынып ұжымының жақын қайшылықтағы міндеттерді шешуге даярлық  дәрежесі қандай.

 

2.СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ  ҰЙЫМДАСЫРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

2.1 Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары

Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке тулғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зертеудің, соның негізінде тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін артырудың ғылыми-педатогикалық және психологиялық әдістемесін танып білуге біршама қызығушылығын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар мен ата аналардың көзқарастарының өзгеруі, біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайы, қоғамнын қүндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардын мінез құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер етуде. Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.

Екіншіден, қоғамның бүгінгі  жаңа сипатқа ие болу жағдайында өмір сүріп жатқан балалар өзгеше бір күй кешуде. Ол, бір жағдайда үлкендер алдында өздерінің тұйықтылығымен әсер қалдырса, яғни ата-аналары мен ұстаздары алдында бір, ал жеке немесе жолдастары ортасында басқа мінезде болып көрінуге тырысады.

Сондықтан, қазіргі мектеп мұғалімінің қоржынында оқушының жеке тұлғасы және оқушылар ұжымын зерттеудін жан-жақты бай ғылыми әдістемесі жинақталған. Олар педагогикалық, психологаялық, социологиялық, этикалық т.с.с болып  келеді. Бүгінгі таңда олар әрбір ұстаздың педагогикалық әрекетінде пайдалану мүмкіндігіне ыңғайлы. Әсіресе, мектеп өміріне психологиялық қызметті енгізуге байланысты оның маңызы ерекше больш отыр. Ол сынып жетекшісіне әрбір оқушының өзіндік ішкі жан дүниесінің жағдайын бұрынғыдан да жетік танып білуге мүмкіндік туғызады

Сынып жетекшісін әдетте мектеп басшысы немесе мектептің   педагогикалық кеңесі тәжірибесі мол  мұғалімдерден тағайындайды. Сынып  жетекшісін тағайындау қызметі негізінен  оқушылардың бастауыш сыныптан кейінгі  кезеңдегі оқу-тәрбие жұмысымен байланысты жүргізіледі.

Жаңа жағдайдағы оқушылар тобын, жан-жақты үйлесімді дамыған  оқушылар ұжымына айналдыру үшін сыныптағы әрбір жеке тұлғаның талап-тілектері  мен жеке дара ерекшеліктерін танып  білу, тәрбие үрдісіндегі сынып жетекшісінің ең бастапқы жұмыстарының бірі болып есептеледі. Себебі, сынып жетекшісі жұмысының қай саласын алсақ та, соның бәрінде табысқа жетудің негізгі шарты - оқушыларды жан-жақты білуі.

К.Д.Ушинский: "Егер педагог  адамды барлык жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол, ең алдымен оны барлық жағынан білуі тиіс" - деген.

Н.К.Крупская: "Педагогтар педагогиканың негізгі ережесін жиі ұмыта береді: баланы тәрбиелеу  үшін жалпы балаларды және соның  ішінде тәрбиелеп жүрген балаларды  өте жақсы білу керек... Балаларды  осылайша білместен, тек қана тәрбие емес, сонымен бірге оқу жұмыстарын шындап ұйымдастыруға болмайды, балаларды білместен балалар ыңғайын табуда жаттандылық, тенгермешішк жолына түсіп кету онай", - деп мектеп өміріне қатысты шындықты жазады.

Сыныпты тұнғыш рет қабылдай отырып, оның жетекшісі оқушыларға жақсы тәрбие беру міндеттерін қоғамдық мақсатқа сай жүргізуде жуйелі түрде зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, соның барысында ол деректер жинайды. Онда оқушылардың жас және дара ерекшелікгеріне, жалпы дайындық дәрежесіне маныз бере отыра, сыныптағы оқушылар құрамын мұқият танып біледі. Сонымен бірге сыныпта оқушыларды орналастырып отырғызу, олардың бойы мен көзінің көру дәрежесін, құлағының есту қабілетін, тәртіптілігі мен достық байланыстарын, мінез-құлықтарын, темпераментінің негізгі ерекшелікіерін, ұйымшылдығы мен беженділігін, мәдениеттілігін, сыныптағы саяси-моральдық жағдайдың сипатын т.б. мәселелерді анықтайды. Оның нәтижесі оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруда берері мол.

Сыныпты жаңадан қабылдап алғаннан кейін, оның жетекшісі зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды. Оқушыларға жазылған мінездемелер, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналыстарының хаттамалары, денсаулықтарына қатысты анықтамалармен толық танысып, өзінен бұрынғы жетекшілік еткен немесе бастауыш сынып мұғалімінен әрбір оқушы туралы толық мәлімет алады.

Оқушының жеке басын  танып білуде, оның оқу әрекеті  мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын  қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу  әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық процестерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б) сынып жетекшісі сабақтар жүйесіне қатысу арқылы анықтайды, ол өз алдына оқытудың сапасын арттыруға сай шараларды белгілеуге мүмкіндік туғызады.

Оқушыларға нәтижелі тәрбие беру ісі тек оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырумен ғана шектелмейді, оқушылардың өздерін қоғамдық пайдалы істерге белсенді араласуын да көздейді. Оқушылардың қоғамдық пайдалы істерін ұйымдастыру барысында оқушының нендей нәрсеге қызыға қарайтынын, нендей нәрсеге икемі барлығын, нені қалайтынын зерттеп біледі.

Зерттеуді жүйелі ұйымдастыру  барысында пән мұғалімдері мен  оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесудің  де берері мол. Ата-аналармен әңгімелесу - оқушылардың үйдегі өмірі мен  еңбек жағдайын, отбасы туыстарымен  қарым-қатынасын, бос уақыттарын қалай өткізетіндігін, үй тапсырмаларын орындаудағы белсенділігі мен жауапкершілігін анықтап білуге ықпал етеді.

Сынып жетекшісінің өз оқушыларының үй жағдайларымен танысуы, сонымен  бірге ата-аналармен тығыз қарым-қатынас  орнатуга, олардың педагогикалық білімі дәрежелерін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Ендігі кезекте зерттеу  жұмысын мектеп жағдайында әртүрлі  тәсілдерді қолдану барысында оқу  жылының өн бойында жүргізу қажет. Ол үшін сынып жетекшісі күнделік дәптерін ашып, онда әрбір оқушыға жеке бірнеше парақтар арнап, зерттеудің нәтижесін үнемі жазып талдап отырады. Белгілі бір әдісті таңдау, зерттеу жұмысының алдына қойылған мақсатқа байланысты.

Зерттеудің нәтижелерін  қорытындылау барысында оқушыларың әрқайсысына жеке-дара психологиялық  мінездеме жазып соның қорытындысы негізінде тәрбие жоспары, оның міндеттері мен бағыттары, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері анықталып, оқу-тәрбие үрдісіне қатысты шаралар белгіленеді.

Оқушының жеке басын  және сынып ұжымын танып білуге арналған үлгі мен зерттеу әдістерін №2 қосымшадан қарап, осы жұмысқа қатысты біліміңізді толықтыруға болады.

Зерттеу жұмысын ұйымдастыруға  байланысты қандай педагогикалық талаптар қалыптасқан:

1. Зерттеуді бастамастан бұрын, ең алдымен оның мақсатын анықтау.

2. Зерттеу барысында оның жоспары құрылып, жүйелігін қамтамасыз ету.

  1. Зерттеуді оқушының өмірі мен түрлі әрекетінің табиғи жағдайында жүргізу.
  2. Зерттеу жұмыстарының барысында нысананың жарияльнып болдырмау.
  3. Зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен нәтижесінің объективтік жағдайларын қамтамасыз етуде әртүрлі тәсілдерді пайдалану.
  4. Зерттеу барысында оқушының жеке басының мінез-құлық ерекшеліктерін жан-жақты танып білуді қамтамасыз ету.
  5. Зерттеу барысында жазба және талдау жұмыстарын үнемі атқару.
  6. Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қорытынды жасау, оқушыларға психологиялық мінездеме жазуды әдетке айналдыру.Зерттеу жұмыстары барысында аталған талаптардың орындалуын қадағалау, оны нәтижелі ұйымдастырудың басты шарты. Зертеу жұмысы ұзақ және күрделі процесс. Мұндай жағдайда сынып жетекшілерінен педагогикалық-психологиялық білімдерді терең меңгеруді, зерттеу жұмыстарын шығармашылықпен ұйымдастыруды әрі олардан төзімділікті қажет етеді.

Информация о работе Сынып жетекшісі