Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 05:55, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мүгалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырзшіысы өрі ұстазы,ақылшы-кеңесшісі болып саналады, Сондықтан да ол қиын да өрі жауаіпты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады., Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1.1Сынып жетекшісінің қызметі мен міндеті.........................................................4
1.2Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы................................................................8
2.СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҰЙЫМДАСЫРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары..........................10
2.2 Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары.........................................................13
2.3 Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу.............................17
3. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 «Қыран қанат көкке самғар» тақырыбындағы тәрбие сағаты........................24
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................28
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................................................29
-әрбір қатысушынының қызығушылығы және қажеттілігі ескерілуі тиіс;
-жеке тұрғыдағы мақсат топтық және жымдьіқ мақсатқа қарама-қайшы келмеуі тиіс;
-ұжымдық шығармашылық іс, жалпы ортақ істе әркімнің өзінің орнын таба білуіне мүмкіндік туғызуы тиіс.
Ұжымдық шығармашылық әрекет формасы басқалардан тәрбиелік міндеттерді қою және оқушылардың тәжірибе жинақтау сипатымен ерекшеленеді. Оның негізін ұжымның барлық мүшелерінің өзара бірлескен әрекеттері, ынтымақтастығы жағдайы құрайды. Мұндай жағдайда олар сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты жоспар құруды, тәрбие шараларын дайындау және өткізуді бірлесе атқарады.
Ұжымдық шығармашылық істі ұйымдастыру негізінен 5 кезеңнен тұрады.
1. Дайындық жұмысы. Мұғалімдер сынып ұжымымен болашақта атқарылатын шығармашылық істің жоспарын алдын-ала белгілейді, оның нақты тәрбиелік міндеттерін анықтайды, балаларға оның әр түрлі жобасын талқылау ұсынылады, олардың пікірлерімен санаса отыра, жоба нақтыланады, соның барысында әрбір оқушының оған белсенді қатысып орнықтыратын тәсілдері қарастырылады.
2. Ұжымдық жоспарлау. Балалар бұл кезеңде өздері әрекет етеді. Яғни, олар қойылып отырған мәселеге сай оның шешімін ұжым болып немесе топ-топ болып бірлесе қарастырады. Шараның құрылымын белгілеп, нақты жоспарын құрады. Белсенді топ құрылып, жауапты адамдар тағайындалады.
3. Ұжымдық іс-қимыл. Ұйымдастыру тобы дайындық жұмыстарының жоспарын құрып, оны нақтылып, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді. Оны ұйымдастыру барысында жекелеген оқушыларға немесе топқа тапсырмалар бөлініп; олардың барысын қадағалап отырады. Сынып жетекшісі бұл кезеңде оқушылардың бастауларына қолдау көрсетіп, олардың шығармашылықпен ынталы жұмыс істеуіне себепкер болады. Кейбір жекелеген оқушының бастамасы мен белсенділігін басқаларға үлгі тұтып отырады.
4. Шараны өткізу. Бұл кезеңде жоспар нақты жүзеге асады. Оқушылар алдын ала дайындық жұмыстары және белгіленген жоспар бойынша өздерінің ойларын ұжым болып атқарады. Сынып жетекшісі шараның өту барысында ынталы топқа қолдау көрсетіп, бағыт бағдар беріп, жағымды көңіл-күй тудырып, кейбір кемшіліктер туындап отырса, оны бейресми түрінде түзетіп отырады.
5. Шараның нәтижесін қорытыңдылау. Шараны өткізіп болғаннан кейінгі кезекте, оның нәтижесін қорытындылап, жоспар бойынша қалай белгіленеді, ал ол қалай атқарылды деген сұраққа ұжым болып жауап іздейді. Бұл жауапкершілігі мол кезең. Сондықтан, оған оқушылардың барлығы белсенді қатысуын ұйымдастыру сынып жетекшісі үшін маңызы ерекше. Мұндай жағдайда оқушыларды асықтырмай, олардын өзара талқылауына біраз уақыт және мүмкіндік берген жөн. Шараның жетістігі мен кемшілігі сарапталып, болашақта оны болдырмаудың жолдары қарастырылады. Пікір алмасуы барысында оқушылардың ұсыныстарын ескеру қажет. Сынып жетекшісі онда айтылған пікірлерді қорытындылап, кейбір ұнамдысын өзінің қойын дәптеріне жазып отырады.
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 «Қыран қанат көкке самғар» тақырыбындағы тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Қыран қанат көкке самғар»
Мақсаты:
1) Білімділік: Негізгі пәндер бойынша оқушының білім деңгейін арттыру.
2) Дамытушылық: Білімдерін жүйелеу және жалпылау қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік: Оқушылардың интеллекттерін, эмоцияларын, еріктерін қолдана
Көрнекіліктері: алманың, иттің, мысықтың, киіз үйдің суреттері, компьютер,
Түрі: сайыс сабақ
Барысы:
1-жүргізуші: «Таланттылар теріп үгіп, толғансын,
тұлпарлары топ жарысында,
жүлде алсын», - деп бүгінгі «Білімді мыңды
жығар» атты сайысымызға
кош келдіңіздер.
2-жүргізуші: Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын
ғұламалар ғылым мен білім
мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі
ғаламдық заманда 50 елдің
қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.
Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті.
Қазақстан Республикасы
өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім.
Білім- патриотизм негізі.
1-жүргізуші: Мінекей залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
«Білімді мыңды жығар» атты
Сайысымызды бастаймыз.
Бүгінгі сайысымыздың ұраны: /Оқушылардың барлығы айтады/
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
2-жүргізуші: Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін.
Бүгінгі салтанатымызға ортақ болатын,
Қонақтарды таныстырып өтейін!
1-жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі
Біреуінің қатты істейтін миы бар,
Біреуінің дөңгеленген биі бар, - дей отырып, ойынымыздың басты
кейіпкерлері –
1-кезең. Таныстыру.
1-топ. «Білімділер»
2-топ. «Жас өркен»
3-топ. « Бәйтерек»
2-жүргізуші: Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады, - дей отырып, 2-кезеңімізге келейік.
2-кезең. Озық ойлы дарындылар
1-жүргізуші: «Озық ойынды дарындылар» кезеңінде, алдарыңызда 3 топқа 3 жасырылынған сурет сандармен берілген. Әрбір суретте 6-сұрақ жасырулы. Осы сұрақтарға жауап беру арқылы жасырылынған суретті аша аласыздар. Әр топтан 1 оқушы келіп, өзінің тобына берілген суреттен 1 санды таңдап алып, сол сандағы сұраққа жауап береді. Сұрақтың жауабы дұрыс болған жағдайда санның арғы беті аударылады. Егер сұрақтың жауабы қате немесе жауап жоқ болған жағдайда ол сұраққа сол топ жауап беруге мүмкіндік алады. Ал тобы да жауап бере алмаса сұрақ келесі топтарға көшеді.
2-жүргізуші: Сұрақтар сіздерде болатын негізгі пәндерден және өтілген тақырыптардан қойылады. Егер топ 6 сұраққа толық жауап берсе, жасырылған суретті табады. Содан кейін сол суретті үш тілге аудару керек. Яғни қазақша, орысша, ағылшынша. Олай болса оқушылар сендерге сәттілік!
1-топқа жасырылынған суреттегі сұрақтар:
1) 20 килограмм (кг) қаймақтан 4 кг май алынс, 50 килограмм қаймақтан
неше килограмм май шығады?
2) «Әнші» әңгімесі кім жайында?
3) Қазақстан картасында ▲ - мына белгімен қандай пайдалы қазбаны белгілейді?
4) Мыс қандай металл?
5) Қыстырма сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
6) Қосындының да көбейтінің де мәні 6-ға
тең болатын тізбектес 3 натурал санды
тап
2-топтағы жасырылынған суреттегі сұрақтар:
1) Қарындасы 8 жаста. Ол ағасынан 3 жас кіші, ағасы нешеде?
2) Жамбыл Жабаевтың баласының аты кім?
3) Атасының есімін өз фамилиясына алған батыр кім?
4) Қазақстандағы ең ірі көлді атаңыз?
5) Сөз таптарын ата
6) Сөйлемнің бірыңғай мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір.
3-топтағы жасырылынған суреттегі сұрақтар:
1) Оқушы 3 күнде көркем шығарманың 90 бетін оқиды. Күніне осындай
шапшаңдықпен оқыса, ол 6 кунде қанша бет оқиды?
2) «Жетім» әңгімесінің авторы кім?
3) Түнде қай жұлдызға қарап, өз бағытыңды бағдарлауға болады?
4) Бастауыш пен баяндауыштың арасында қай кезде сызықша қойылады?
5) Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата
6) Табиғатта кездесетін судың 3 күйін?
1-топтың жасырылынған суреті: мысық – кошка - cat
2-топтың жасырылынған суреті: алма – яблоко – apple
3-топтың жасырылынған суреті: ит – собака – dog
1-жүргізуші: Ойын толқын жатқандай асып тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойынан өтеді өнерлілер,
Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып,- дей отырып келесі кезегімізге
көшейік.
3-кезең «Өнерлі өрге жүзер»
2-жүргізуші. Құрметті оқушылар бұл кезеңде өздеріңіз көріп отырғандай киіз үйдің суреті берілген. Осы суреттегі киіз үй 3 бөлікке бөлінген. Керегесі, есігі, уығы. Әр топтың топ басшысы келіп осы бөліктердің біреуін таңдайды. Әр бөліктің артында бір өнер түрі жасырылған.
Керегесінде – би өнері
Есігінде – ән өнері
Уығында – көрініс қою
1-жүргізуші: Білімінің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста керек екен,- дей отырып келесі кезеңімізді
бастайық.
4-кезең: «Табиғатты аялайық»
2-жүргізуші: Оқушылар сендерге бұл кезеңде 1 плакаттан беріледі. Топтарыңмен
қосылып, «Табиғатты аялайық» тақырыбына
сурет салыңыздар.
Сіздерге 5 минут уақыт беріледі.
Топтардың суреті әділ қазыларға көрсетіліп бағаланады.
1-жүргізуші: Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үренеміз аман болсақ!
2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,-дей отырып әділ қазылардың
төрайымына сөз беріледі.
Әділ қазылар сөз сөйлейді, марапаттайды.
1-жүргізуші: Білімді ұрпақ – ел болашағы». Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Енбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшінде таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болатынызға сенемін» деп жастарымызға сенім білдіреді.
2-жүргізуші: Ендеше, осындай білімді де, саналы ұрпақ әр шаңырақта көбейе берсін. Бүгінгі мерекемізге қатысқан қонақтарымызға алғыс білдіреміз! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін сіздерге көп-көп рахмет.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Педагогика
ғылымында тәрбие жұмысының
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау барысында . әртүрлі мақсаттар белгіленеді: жақын қашықтықта, орта қашықтықта және алыс қашықтықта болып келеді. Оны анықтауда оқушылар мен ата-аналарды тартады. Мәселе, тек мақсатты қоюда емес, мақсатты анықтауда. Мұндай жағдайда,
а) мақсатты ұсыну және оны негіздеуді;
ө) оны жүзеге асырудың жолын қарастыруды;
б) қол жеткізетін нәтижені алдын-ала жобалауды бірінші кезекте ескеру қажет.
Мұғалімдер
мен оқушылардың өзара
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ