Сынып жетекшісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 05:55, курсовая работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мүгалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырзшіысы өрі ұстазы,ақылшы-кеңесшісі болып саналады, Сондықтан да ол қиын да өрі жауаіпты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады., Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1.1Сынып жетекшісінің қызметі мен міндеті.........................................................4
1.2Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы................................................................8
2.СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҰЙЫМДАСЫРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары..........................10
2.2 Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары.........................................................13
2.3 Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу.............................17
3. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 «Қыран қанат көкке самғар» тақырыбындағы тәрбие сағаты........................24
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................28
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................................................29

Работа состоит из  1 файл

БОТА КУРС ПЕД.doc

— 231.50 Кб (Скачать документ)

Қазіргі қоғамды реформалау идеясы, нарық жағдайында жиі-жиі сынға алынуда.  Ондағы негізгі себеп, ұжымдық қатынас тұлғалық ерекшелікті басады, оның пікірін көпшіліктің пікіріне бағындырады. Соның негізінде тұлғаның өзінің белсенділігі азайып, ұжымга жалтақтау, яғни, конформизмнің тууына ықпал етеді. Демократиялық, жариялық, тұлга дамуындағы еркіндік идеяларымен үйлеспейді деген көзқарасты дәлелдейді. Мұндай көзқарас кейбір мектептердегі мұгалімдердің октемдік әрекетінен туындайды. Себебі, 80 жылдардың орша кезеңіне дейін мұгалімдер оқушылардың нақты өмір жағдайына қатысты қызығушылығын, талап тілектерін көбінесе ескермей, біржақты қатаң жүйемен оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып келді.

Бүгінде жагдай бөлек. Көптеген мұғалімдер педагогикалық әрекеттегі тұлғалақ-бағдарлық көзқарасқа сай сыныптың көңіл-күйі мен псіхологиялық жағдайын жақсартуға көңіл бөле бастады. Олай болса нағыз оқушылар ұжымын қалыптастыруды нәтижелі ұйымдастыру, шынайы әлеуметтік өмірге сай балалардың қажеттілігін ескеріп, мұгалімдермен өзара әрекеттесуінде ынтымақтастық сипат орын алған жағдайда ғана өз жемісін берері анық.

А.С.Макаренконың тұжырымдауынша, ұжым - ол тірі әлеуметтік организм, ондағы даму, "қозғалыс - ұжымның өмір сұру формасы", "тоқтау - оның өлу формасы". Ұжымнын ондағы әрбір мүшесіне - ол "тұлғаға әсер ету құралы". Олай болса ұжымның тәрбиелік қызметі кең көлемді міндеттерді шешеді: қоғамдық маңызы бар ортақ мақсатты және соған сәйкес өзара әрекеттесу болашағын ойластыруды; оның әрбір мүшесінің өзара тіршілік егуінде (белсенді қатынасын қамтамасыз етуді; жоғары адамгершілік шежлері мен жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды меңгеруді; оның жекелеген мүшесіне өзін-өзі дамытуға мүмкіндік туғызуға, ол үшін ұжымда жағымды көңіл-күйді қамтамасыз етуге т.с.с.

"Ұжым" латын тілінен енген ұғым. Ол бізге әр түрлі түсінікті ұғындырады: жиналған жұрт, жиын, топ, бірлестік т.с.с Нақтылағанда - оны әрекеттің түріне байланысты адамдардың тобы деп түсінген дұрыс.

Дегенмен, қандай да бір топты "ұжым" деп айтуга бола ма? Әрине, ол олай емес. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде "ұжымды" екі түрде түсіндіреді. Біріншісі, қандай да бір ұйымдасқан адамдар тобы (мысалы, өндірістегі еңбек ететін адамдар тобы), екіншісі, тек жоғары деңгейде ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік.

Оқушылар ұжымына келсек, оның өзіндік белгілері бар. Атап айтсақ:

  1. Жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы. Мақсат қандай да болмасын топта болды. Мысалы, көлікке отырған жолаушыда, балалардың тұрғын жайындағы жолдастары ортасында, тіпті қылмыскерлер ортасында да болады. Ал, біздің әңгіме қозғап отырған оқушылар ұжымына келсек, ондағы мақсаттың сипаты олардан тіші бөлек. Ол қоғам және мемлекет тарапынан қолдауга ие болып, басымдылык танытатын мемлекеттік идеология және зандар мен Ата заңға қайшы келмей, солардың шеңберінде әрекет жасайды. Себебі ондағы мақсат міндетті түрде қоғамның мақсатымен сәйкес келеді. Мәселе, адамның тағдыры үшін қандай мақсат нәтижелі әрі дұрыс бағьггталған, соны айыра біту қажет.
  2. Әрекет етуде өзара бірлескен іс-кимылдық болуы. Балалар ортақ мақсатқа жетуде бірлесе іс-қимыл жасайды. Ол үшін оның әрбір мүшесі бірлескен өзара әрекетке белсенді қатысуы міндетті.

3. Өзара қарым-қатынаста жауапкершіліктің болуы. Яғни, өзара әрекеттесу барысында, оның әрбір мүшесінен жоғары жауапкершілік талап етіледі. Соған сәйкес, ұжымның әрбір мүшесінің өзара ерекше қарым-қатынасы белгіленеді көңіл-күйдегі әсерленушілікте, моралдық межеде, өзара пікір алмасуда, белгілі бір мәселеге қатысты бірыңғай ортақ көзқарастың болуы.

4. Ортақ сайланған басқару ұйымның болуы. Ұжымда демократиялық қатынас орнайды. Соған сәйкес белгілі бір басқару ұйымы құрылады. Ол  тікелей және ашық сайлау негізінде қалыптасады.

Ұжымды қалыптастырудың  жоғарыда аталған белгілерінен басқа  тағы да өзгешеліктердің болуы мүмкін. Бұл белгілер ұжымның ішкі қалыптасу  құрылымы мен психологиялық жай-күйдің және оның әрбір мүшесінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасының көрінісі немесе өлшемі ретінде сипатталады. Сондықтан, жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек және өзара жауапкершілік, бір-біріне тілектестік және адал ниеттілік, сын және өзара сын орнығады. Сонымен қатар еңбекке, қоғамдық пайдалы жұмыстарға, жолдастарына, тіпті өзінің міндетіне жауапкершілігі мұқият қалыптасады. Татулық пен достығы жарасқан ұжымдағы өзара қарым-қатынас жеке басының мүддесін қоғамдық мүддеге бағындырумен анықталады. Мұндай көзқараста бежілі бір әлеуметтік объективтік және субъективтік құбылыстарға ұжымның әрбір мүшесінің айқын да сенімді қатынасының қалыптасуына оң ықпалын тигізеді.

Мектеп ұжымы құрылымындағы  ең тұрақты ұжым бөлігі - сынып ұжымы есептелінеді Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жұзеге асады. Тек сынып ұжымыңда ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-қатынастың алғышарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланады.

Олай болса, оқушылар ұжымы деп - ортақ әлеуметтік маңызы  бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мұшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілдікке негізделген оқушылар тобын атаймыз.

Оқушылар ұжымын қалай  ұйымдастыруға болады?

Оқушылар ұжымының күнделікті ісі белгілі бір сыныптағы  балалардың басым көпшілігінің мінез-құлқына, аңсары ауып тұратын ісіне жауап  беретіндей ұйымдастырылуы қажет. Тәрбие жұмысын осылай құру оқушының дүниетанымын, рухани байлығын, моральдық тазалығын, дене тәрбиесінің жетілуін, бір сөзбен айтқанда жас ұрпақтың жан-жақты үйлесімді қалыптасуын қамтамасыз ететін тәрбйелік шаралардың басты саласы болып табылады.

Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім адуда болмайды. Бұлар бір-бірімен өзара тығыз байланысты болып келеді.

Саналы тәртіп - мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сижат - өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін, оқушылар ұжымының мүддесіне бағындыра білу.

Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет - білім алу мен оқу әрекетінің сапасын ұнемі арттырып отыру. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы тәрбие жұмысы мектептегі. "Оқушыларға арналған ережелердің" мүжіксіз орындалуын қамтамасыз ету және пән мұғалімдерімен бірлесе отырып оқушылардың жоғары үлгерімге жетуіндегі оқу әрекеттерін ұйымдастыру.

Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда. сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезеңі.

Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар - ұжымының ұйтқысы.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы әрі қиын әрі курделі және жан-жақты. Сондықтан да ол осы жауалты  жұмыстарды атқаруда оқушылардың өздеріне, тіпті олардың белсенділеріне арқа сүйегені жөн. Мұндай жағдайда. сынып жетекшісінен жан-жақты білімділікті, асқан шеберлікті қажет етеді.

Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз - оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйтқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастыудағы білімі мен қабілеті.

Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса сынъш жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыруда соғұрлым жеңіл болады.

Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда, олардың жоғары адамгершілік касиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін, оларды ұстамдылыққа, кемшілікке төзбеушілікке, сенімділікке тәрбиелеу керек.

Бұл тұрғыда, сыныпта қогамдық пікірді орнықтырудың маңызы ерекше. Оқушылар арасындағы қоғамдық пікір өздеріне деген шынайы ортақ көзқараста, оқу әрекеттері мен коғамдық жұмыстарының сапасын бағалауда, әділ сын мен өзара сын орын алғанда, жекелеген оқушының жағымсыз қылықтарын сынып талқысына салып отырған жағдайда ғана қалыптасады.

Қоғамдық дұрыс пікір  орныққан сынылтарда жолдастарының  оқу-тәртібіндегі кемшіліктерін оқушылардың  өздері-ақ талқыта салып отырады. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялық, әрекеттік, қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі. Қоғамдық пікірдің ұйымдастырушылық, ынталандырушылық мәнін де жоққа шығаруға болмайды.

Ұжым өмірін қызықты  етіп ұйымдастыруда жақсы дәстүрлердің тәрбиелік мәні ерекше. Дәстүр - оқушылар ұжымының өмірін, белсенділігін нығайтады және дамытады.

Дәстүр - бұл жақсы  әдет-ғұрып, ұжым өмірінде орныққан істің  жағымды тәжірибесі. Мектеп өмірінде қалыптасқан жақсы дәстүрлер  бар. Олар жалпы мектеп көлемінде  не болмаса бежілі бір сынып ішінде қалыптасқан.

Мектеп жағдайына келетін  болсақ: мектеп бітірушілердің соңғы  қоңырауы; Алтын күз мейрамы; Жаңа жыл шыршасы; Махаббат күні (День святого  Валентина); Көркем-өнерпаздар байқауы; Спорттық жарыстар; Мейрам күндерін тойлау; Наурыз мерекесін атап өту; Көрмелер ұйымдастыру т.б.

Сынып жағдайына келсек: оқушылардың белгілі бір сыныпта  өз шежірелерін жүргізу; Туган күндерін атап өту; Алыс немесе жақын шетелдегі  достарымен хат алысу; Қарттарды  қамқорлыққа алу; Қысқы және жазғы  демалыс кездерінде туристік саяхат жасау т.б.

Сынып жетекші жері дәстүрлі шараларды өткізгенде оқушылардың  өздерінің белсенділіктері мен  іскерліктеріне сүйеніп, қалыптасқан  жақсы дәстурлерге ұқыпты қарағандары  жөн.

Дәстүрлерді сырттай  таңуга болмайды. Ондай жағдайда оқушылар тарапынан қолдау таппайды. Дәстүрлерді оқушылар қолдаған жағдайда ғана сақталып, дамып отырады.

Дәстүрлі шараларды  өткізу және ұйымдастыру барысында  оқушылардың ата-аналары тарапынан  оны қолдау немесе оларға қатынасуларының  тәрбиелік маңызы ерекше.

Мысалы, балаларымен бірге туристік жорыққа шығу, спорттық жарыстарға қатысу ("Мама, папа және мен" ойыны), тәрбие сағаттарын бірлесе өткізу т.б.

Өмір жағдайына байланысты дәстүрлердің түрі, сипаты, мазмұны  өзгеріп, толығып, жаңарып отырады. Жоғарыда қелтірілген дәстүрлер кеңестік дәуірдің жемісі Қоғамыздың бүгінгі таңдағы жаңаруы, мектеп өміріне де өз ықпалын тигізуде.

Сондықтан, сынып жетекшілері  оқушылар ұжымын жақсы тәрбиелеуде  бүгінгі қолы жеткен табыстармен  шектелмеуі қажет. Жаңа жағдайда бейімделіп, жаңа білім, тәжірибелер жинақтап оқушылар өмірін қызықты ұйымдастыруда дәстүрлі тәрбие мәселелеріне айрықша мән берулері керек.

Оқушылардың санасы мен  белсеңділіктерін арттыруды, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы және тәрбиелік мәні зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жауапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады. Бұл үшін сынып жетекшісі оқушыларды қоғамдық жұмысқа мүмкіндігінше көбірек тартуға тырысқаны жөн. Қоғамдық жұмыстарды атқару барысында жекелеген оқушылардың қабілеттерімен жеке басының ерекшеліктерін танып білуге мүмкіндік туады. Екінші жағдайда, қоғамдық тапсырмаларды орындау барысында балалардың бір-бірімен араласүы, оны атқаруға деген ынтасы артып, өзара тез тіл табысып кетуіне мүмкіндік туғызады. Қандайда бір жаңа іс сынып өмірше қозғау салады, оны мазмұнды да жарқын етеді. Сөндықтан да сыныптың әрбір мүшесі белгілі бір тапсырмаға ие болып, оны өзінің шамасына қарай орындауы керек.

Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін-өзі тәрбиелеуі маңызды. Өзін-өзі тәрбиелеу - баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінін нәтижесі Ол үшін балада міндетті түрде қоғамдық-әлеуметтік мотив (түрткі) болуы керек.

Оқу - тәрбие жұмысының  барысында оқушьшардың сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету - сынып жеткешісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушының білгмге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуте сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады.

Оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейтуде, құштарлығын және білім  сапасын арттыруда олардың бос  уақыттарында әдеби көркем шығармаларын оқушының пайдасы көп. Ол үшін оларды жүйелі түрде кітап оқуға дағдыландыру қажет. Сынып жетекшісі мектеп кітапханашысымен ақылдаса отырып, қай оқушыға, қандай кітаптарды оқу қажеттігі туралы кеңес беріп, оны тандауға, оқу дағдысын игеруіне көмектеседі. Жақсы көркем шығармаларын сынып болып талқылауын ұйымдастырады. Оқушылардың ата-аналарына сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру туралы кеңес беріп отырады.

Көркем шығармаларды аз оқитын оқушыларға үнемі көңіл  белу қажет. Көбінесе, сондай оқушылардың  оқыған кітаптары бойынша әңгіме ұйымдастырып, олардың қызығушылығын  арттырып отыру міндетті.

Өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары барысында оқушылардың театрға, киноға, мұражай және көрмелерге барып тұрулары мен оның нәтижесін ұжым болып талқыға салуды дәстүрге айналдырудың да маңызы ерекше. Табиғатқа және өндіріс орындарына жорықтар жасап, еңбек және соғыс ардагерлерімен, өнер қайраткерлерімен қызықты кездесулер, кештер ұйымдастырудың да тигізер пайдасы зор. Атақты адамдардың үлгі-өнегесінде тәрбиелеу - оқушылардың сана-сезімін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың басты құралы.

Жеке топтық жұмыс  тұлғаның қажеттілігін және қызығушылығын жүзеге асыру барысында оның дамуына мүмкіншілік тудырып қана қоймайды, сонымен бірге қабілетін де шыңдап, басқа да топтардың өзара әрекеттесуі барысында жалпы сынып ұжымының дамуына ықпал етеді.

Дегенмен де қазіргі  психологиялық - педагогикалық зерттеулерде сыныпта ұжымдық шығармашылық әрекеттің басым болу қажеттілігіне аса маңыз берілген. Ондағы себеп, ұжымдық әрекет балалардың өздеріне және басқа да адамдарға ізгілік қатынастарын дамытуда, мұғалімдерге оның жалпы бағытын ұстанып отыруына мүмкіндік береді деген пікірді алға тартады.

Ұжымдық шығармашылық форма - оған қатысушы жақтардың өзара бірлесіп іздену жұмыстары негізінде жүзеге асады. Ол үшін:

Информация о работе Сынып жетекшісі