Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 05:55, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мүгалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырзшіысы өрі ұстазы,ақылшы-кеңесшісі болып саналады, Сондықтан да ол қиын да өрі жауаіпты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады., Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1.1Сынып жетекшісінің қызметі мен міндеті.........................................................4
1.2Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы................................................................8
2.СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҰЙЫМДАСЫРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары..........................10
2.2 Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары.........................................................13
2.3 Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу.............................17
3. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 «Қыран қанат көкке самғар» тақырыбындағы тәрбие сағаты........................24
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................28
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................................................29
2.2 Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары - міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Тәрбие - қиын да күрделі процесс. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Жоспар - тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат - міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшіп тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларың ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабьша сай нәтижелі жүргізіледі
Жоспар - ұжымдық еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Жоспарлау барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін тығыз байланыстыруға, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Сынып жетекшісі мектептегі
оқу - тәрбие үрдісін жоспарлау барысында
оқушылармен қарым-қатынас
Бұл күнде баланы сырттай билеп, бәрін де ол үшін шеше беруге болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды. Тәрбиедегі даналықтың бір белгісі - бала болашағын оның өзімен бірге шешу. Бұл педагогикалық тағылып. Әрбір баланың өзі сүйетін істері болады. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі ойын-сауықты, үшіншісі спортты, төртіншісі мәдени сауықты ұнатып, кейбіреулері ұйымдастыру ісіне ынғайлы болып келеді. Мұндай жағдайда, тәртібі нашар балалардың да басынан табылатын осындай жақсы қасиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштастыру, бірден-бір педагогикалық тәсіл болып табылады.
Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін қалауға көмектеседі.
Мектептеп сынып жетекшілершің
тәжірибесінде оқушылардың
Жоспарлауда тәрбиенің жүйелілік және бірізділік ұстанымдары да барлық жағдайда бірдей ескерілмейтіп кездері де болады. Баланың жан-жақты үйлесімді қалыптасуына әсер ететін тәрбиелік шаралар, олардың мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері жылма-жыл бірізділікпен жүйелі түрде құрылмай, керісінше жеке-дара, үздік-создық әрекеттер басым болып келеді Өткен мен бүгінгіні салыстыра отыра шығармашылықпен, ғылыми тұрғыда нақтылы міндеттерді белгілеудің орнына, тіпті сол сынып өміріне қатысы жоқ саны көп, сапасы аз міндеттерді ойша, жылма-жыл өзінің тәрбие жоспарына көшіріп отырады.
Тәрбие жоспары - сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы. Олай дейтініміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру - одан да қиындық туғызады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады. Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандык жоспарының айлық жәие апталық жоспар кұрып адады. Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігі мен тиімділігін арттырады.
Мектеп тәжірибесінде бүгінгі күні тәрбие жоспарының түрлері көп. Олардын ішінде сынып өміріне тиімдісі де, тиімсізі де бар. Кенестік дәуірде тәрбие жұмысының мазмұны коммунистік тәрбиенің салаларына негізделген (ақыл ой, адамгершілік, эстетикалық, дене т.б.). Бүгінгі күні олай емес. Жеке адам әрекет үстінде қалыптасып, дамитындығы бізге мәлім. Олай болса, тәрбиенің мазмұны оқушылар ұжымы мен жеке тұлғаның қалыптасуындағы, олардың сан алуан әрекеттің түрлерімен байланысты.
Мектепегі қолдандлып жүрген және ғылыми педагогикалық әдебиеттер мен журналдарда шыққан еңбектердегі жоспардың түрлі формаларымен таныс бола отыра, тәрбие жоспарының төмендегідей түрін ұсынып отырмыз.
Жоспардың бұл түрі сынып
жетекшісіне тәрбие үрдісінде оқушылардың,
пән мұғалімдері мен ата-
Тәрбие жоспарының үлгісі
Негізгі бөлімдер |
Апта аралығын көрсету | ||||
Тәрбиелік шаралардың мазмұны |
Формасы мен тәсілі |
Мерзімі, уақыты |
Жауапты адамдар |
өтілген тұралы белгі | |
1. Сынып ұжымын ұйымдастыру |
|||||
2. Оқушылардың өзін-өзі
басқару ұйымдары және |
|||||
3. Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс |
|||||
4. Отбасы және жұртшылықпен жұмыс |
|||||
5. Жеке оқушымен жұмыс |
1. Сынып ұжымын ұйымдастыру:
(формасы - сынып сағаты), тақырыптық
әңгімелер, саяси хабарлама,
2. Бұл бағытта сыныпқа
қатысты ұйымдастыру шаралары
белгіленеді (Ұйымдастыру
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар
1. Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
9. Жоспардагы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірзділікпен құрылуы тиіс.
10. Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке-дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.
Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекетгік құжаттармен танысу; Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік журналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселесіне қатысты психология және педагогикалық, әдістемелік әдебиетгерді оқу.
II. Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының
даму деңгейі, мектеп, мұгалімдер ұжымы,
отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие
мекемелерінің ерекшеліктерін ескере
отыра мақсат пен міндеттерін анықтау.
Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері
белгіленеді. Мысалы: Мақсат
"Мәдениет құндылықтарын меңгеру арқылы
жоғары сынып оқушыларының (911) рухани
дамуын ынталандыру. Оның міндеттеріне:
4. Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос уақыттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай әр түрлі әрекеттерін ұйымдастыру.
Мектептің және сыныптың ерекшелігі, бағдарына байланысты тағы басқа қосымша әрекеттің болуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда келтірілген әрекетер барысында жоспарлау процесі тоқсанға немесе жарты жылға, тіпті бір жылга кұрылуы мүмкін.
2.3 Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу
Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті - оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетгі орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады. Оқушылар ұжымы - оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі Оқушылар ұжымына тән қасиет: мақсаттылығы, ауызбірліті, белсенділігі, іскерлігі, жауапкершілігі т. б.
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның ең басты, шешуші саласы балалардың достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс. Оқушылар ұжымының өмірін қызықты ұйымдастырмайынша, мектеп алдында тұрган міндеттерді орындау мүмкін емес.
Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің маңыздылығы, мектеп қабырғасынан шыкқаннан кейін олар әртүрлі ұжымға тап келеді. Сондықтан да олардың сынып және мектеп ұжымдарында жеке бастарының қаншалықты үйлесіп, қалыптасуына байланысты оның кейінгі уақыттардағы психологиялық жағдайы сәйкестенеді, қайсібір әрекеті нәтижелі болады. Сынып ұжымында бала өзінің үлкендермен қарым-қатынастағы қабілетін тәрбиелейді. Соған орай ұжымдағы өзара қарым-қатынас жүйесі бір-бірімен байланысты іскерлік және достық жағдайында болып келеді. Олар негізінен ұжым болып қалыптасу кезеңінің алғашқы мерзімінен бастау алады. Аристотельдің айтуынша, адам баласы қоғамның тірі организмі болғандықтан, тек қогамда ғана ол өзінің табиғатын дамыта алады. Олай болса, ол қарым-қатынас жасау барысында өмір сүруге және ғылымға қатысты білімдерді алады, әр түрлі әрекетке қатысты білік пен дағды қасиеттерін меңгереді, қоршаған ортаның тылсым құбылыстарын түсіне бастайды және соған өзгелер де бейімделеді
Сыныптағы оқушылардың өзара дұрыс қарым-қатынасы - тұрақты көңіл-күйді, бір-біріне сенім мен сыйласымдылықты қалыптастырады. Дұрыс қарым-қатынас - өмір құбылыстарын бағалау өлшемін және ақиқат, жақсылық, әсемдік туралы көзқарасты тәрбиелейді Сондықтан, тек адамдармен шынайы іскерлік, достық қарым-қатынаста ғана адамның өзін-өзі дамуына мүмкін туады. Ол үшін, адамға қолайлы жағдай жасау қажет. Оқу-тәрбие процесінде мұндай жағдай негізінен оқушының жолдастары арасында өзара достық қарым-қатынаста мүмкін болады. Осындай қарым-қатынастағы балалар тобын - оқушылар ұжымы деп атауға болады.
Педагогика ғылымында балаларды ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу идеясы 1920-1930 жылдардан бастау алып, бүгінгі күні ол толық зерттеліп, мектеп практикасында жүзеге асып отыр.