Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:44, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп баян етілген .
Кішіпейілді мінезді ұяңдықпен, ұялшақтықпен шатастыруға болмайды. Кішіпейілді мінез жасанды болмайды, жан дүниенің жарқындығын көрсетіп тұратын бұл мінезді халық үлгі-өнеге тұтады. «Кішіпейілдіктен кішіреймейсің» дейді халық. «Кісілік кішіліктен танылады» деген халық қағидаларын ұлттық тәрбиеде қолдану арқылы біз ұлттық тұлғаның кішіпейіл-ділігін қалыптастырамыз.
Қайсарлық мінез тәлімі. Әдептілікті, батылдықты, қайсарлықты, қаһарлықты, қажырлықты, өткірлікті көрсететін көрікті мінез азаматтың шыңжаңдығын айқындайды.
Қайсар жан шындық үшін жанын қиятын әділетті болады. «Қорғай білсең шындықты, сонда сенсің шын мықты» деп, халық шындықты қорғай білетін тұлғаны жақсы көреді.
Қайсарлықтың белгісі - батылдық. Батыл адам қиындықтан қымсынбайды, жақсыны жанындай бағалайды. Қайсар жігіт «айтпайды, - айтқанынан қайтпайды» деп, халық қайсар адамның сөзі - берік, бірсөзді, табанды болатынын өнеге тұтады, мадақтайды, мақтайды.
Қайсар адам қажырлы болады, ол қандай қиындық болса да, «қиып түседі». Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, айтқанын атқарады, дегеніне жетеді, әрбір істің қалпын біліп, оны қажырлықпен орындайды. «Әр істің қалпын біл, арыстың салтын біл» дейді халық. Мұны қайсар адам өнеге тұтады.
Қайсарлықты дөрекілікпен шатастыруға болмайды. Қайсар адам әдептілігімен сыйланады, әділеттілігімен құрметтеледі. «Бас кеспек бар болса да, тіл кеспек жоқ» деп, қайсар адам әділ айтады, әдепті сөйлейді. Оны үлкен-кіші ізеттілікпен құрметтеп, үлгі алады. Қайсарлық мінездің қажырлы қасиеттерін мысалдар арқылы дәлелдеп, жастарды қайсарлыққа тәрбиелейміз.
Қонақжайлылық мінез тәлімі. Әдептіліктен, қайырымдылықтан, мейірімді¬ліктен, жомарттықтан, кішіпейілдіктен, жанашырлықтан, ұлтжандылықтан пайда болатын бұл ұлттық мінез адамгершіліктің асқақ бейнесін көрсетіп, адамды сүйсіндіреді.
Қазақ халқы әдептілікті уағыздайды, әрбір қазақ әдеп сақтап, қонақжайлылық рәсімдерін орындайды. «Қонақ келсе, қоң етін кесіп беретін» қазақ бейхабар қонақ үшін де «сыбағасын» сақтап, оны күтіп алуға дайын болған.
Қонақжайлылық мінездің негізі - қайырымдылық. «Бір күн қонған, қонақ-құт» деп, қазақ қонақты құп алып, оған қайырымдылық рәсімдерін жасайды.
«Құтты қонақ келсе қой егіз табады» деп, халық әрбір қонаққа қонақ иесі жомарттық жасауы - міндет екенін уағыздайды. Бізде бар нәрсені қонақ күтуге лайықты пайдалану дәстүрге айналған.
«Үйің тар болса да, пейілің кең болсын» деп, қонақжай адамның жүзі жарқын, әзілі әдемі, сөзі қисынды болады. Қонақжайлылық - адамгершілік қасиет. Адамгершілігі мол адам қонағына адами қасиеттерді көрсете біледі.
Қонақ күту рәсімдері, әсіресе қазақ халқында қасиетті әрекет ретінде қалыптасқан, бұл ұлттық дәстүрі ретінде басқа ұлттарға үлгі болады. Қонақжайлылық әрбір қазаққа тән қасиетті құлық.
Момындық мінез тәлімі. Момындық - ілтипаттылықты, ыждағаттылықты, имандылықты, инабаттылықты, ықыластылықты білдіретін биязы мінез.
Момын мінезді үлкен-кішіге ілтипат көрсе¬тетін, назар аударып, көмек көрсетіп, сый-сияпат білдіріп, адами асыл қасиетімен сүйіс¬пеншілік нұрын төгеді.
Момын адам әдепті, иманды болады. Әр нәрседе әдептілік сақтап, имандылық шарттарын көрсете білу - адамгершілік қасиет. «Момын болсаң момын бол - ынжық болма» дейді қазақ. Имандылық - ынжықтық емес.
Үлкенге жалпы адам баласына инабаттылық көрсетіп, адамгершілік қасиеттерімен көріне білген адам мұсылман (момын). «Момынның ісін құдай оңдайды» дейді қазақ. Өйткені момынның ісі әділетті болады.
Момын мен ынжық екі басқа. Момындық - ақылды, ынжықтықтың ақыл парасаты болмайды. Момын адам өз ісіне ықтиятты, «тындырымпаз» тиянақты болады.
Пайыммен пайда болатын момындық мінезді халық үлгі-өнеге тұтады. «Момын болсаң жолың болады» дейді халық, момындық мінез үлгі. «Үндемеген үйдей бәледен құтылады». Ұлттық тәрбиеде біз момындықтың әдептілікпен сабақтастығын дәлелдеп, ұрпақты қарапайымдылыққа тәрбиелейміз.
Мұсылмандық мінез тәлімі. Жайсаң¬жан¬дылық, ар-имандылық, шыншылдық, әді¬леттілік, момындық, қайырымдылық, мейірім¬ділікті көрсететін мұсылмандық мінез - діни қағидаларды орындау нәтижесінде қалыптас¬қан қасиетті мінез.
«Барлық істе турашыл болып, адамдармен сыпайы қатынас жасаңдар» деген хадистік қағида бойынша, мұсылман адам жайсаңжандылықпен қарым-қатынаста өзінің сыпайылығын, әдептілігін көрсетеді.
Мұсылман адам өтірік айтпайды. «Өтірікші¬нің шын сөзі зая кетеді», «өтірік айтқан адам - мұсылман емес» деген хадистік қағида шыншылдықтың шынайы мәнін көрсетеді. Шыншылдық - имандылықтың бір белгісі.
Мұсылмандық мінез - жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсететін қасиетті мінез. Біз оның тәр¬бие¬лік мәнін пайымдап, пайдалану тәсілдерін үйретеміз.
Парасаттылық мінез тәлімі. Сабырлылық, ілтипаттылық, инабаттылық, әдептілік, пайымдылық, мейір-шапағаты жеке тұлғаның парасаттылық мінезін паш етеді.
Сабырлық, шыдамдылық, төзімділік адамның адами қасиетін қалыптастырып, парасатты бейненің кейпін кемелдендіреді. Жақсылыққа да жамандыққа да шыдау ақылға байланысты.
Ақыл-парасаты бар адам ашуланбайды, алуан түрлі қайшылықтарды ақылға жеңдіреді. Парасаттылық - ақылдың жеңісі. «Ашу аптығады, ақыл аяңдайды» деп, халық ақыл-парасатты жоғары бағалайды.
Сабырлы, салмақты, инабатты адамның әдептілігі оның беделін арттырады. Әдеп - парасаттылықтың алтын арқауы, адами қасиеттің нұры.
Парасатты адам пайымды болады. Ол сезімтал, әрнәрсенің парқын білетін тұлға. Жан-жақты пайымы жоқ адам «парасатты» болмайды.
Парасатты адам айналасындағыларды, мейірім шапағатымен баурап алады. Ол жақсы көргенін өбектемейді, «өзім» деп, «өзгеше» қызмет жасайды.
Мейірім-шапағаты мол парасатты адам жанбіткенді жақсы көріп, жадырап, қатынас жасайды, тек жақсылық ойлайды, жаһаннамға жақсылық жасайды.
«Жақсыдан парасат, жаманнан кесапат», «парасатты мінез, патшадайын бір өзі» деп халық, парасатты мінезді адамнан үлгі-өнеге алуды уағыздайды. Біз ұрпаққа ұлттық парасаттылық мінезді қабылдаудың тәсілдерін үйретеміз.
Сабырлылық мінез тәлімі. Ақыл тоқтату, шыдамдылық, төзімділік, салмақтылық, байыптылық, кешірімпаздық, кемелділік нысандарын көрсететін сабырлық жеке тұлғаның беделін арттырады.
Сабырлы адам қуанышта, қайғыда «ақыл тоқтатып, жақсылықта тасымайды, жамандықта жасымайды». Сабырсыз, арсыз адам одан соққы көріп, сабыр сақтамаудың сазайын тартады.
Қиындықта, қысылтаяңдыққа шыдамдылық көрсету, сабыр сақтаудың нәтижесі. Қилы заманның қиындықтарына шыдай біліп, сабыр мен ақыл ұстанған адам мақсатына жетеді.
Төзімділік шыдамдылықтан пайда болады. Сабырлы адам «бәріне де төзеді». Аштыққа ары-май, тоқтыққа толмай, төзімділік жасаған адам ақылдың айбарымен адамдығын сақтайды.
Сабырлы адам әрбір әрекетті байсалдылықпен бастайды. Байсалды басталған іс баянды болады. Байыптылық пен байсалдылық іс-әрекеттің өнімділігіне себепші болады. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» дейді қазақ. Байсалдының күші басым болады.
«Сабыр түбі-сары алтын, сақтасаң жетерсің мұратқа» деп қазақ халқы ұрпағын сабырлыққа тәрбиелейді.
Сабырлылық - байып пен байсалдылық арқылы қалыптасқан өнегелі мінез. Біз жастарға сол мінезден үлгі алу жолдарын үйретеміз.
Салауаттылық мінез тәлімі. Салауаттылық-жеке тұлғаның тазалығын, тақуалылығын, адалдығын, денсаулығын, жансаулығын, саналығын, сергектігін көрсететін ұлттық мінез.
Жан тазалығы, тән тазалығы, сөз тазалығы, ой тазалығы тұлғаның салауаттылық өлшем¬дері болып табылады. Жаны жайсаң, тәні таза, ана тілінде таза сөйлейтін, жамандық ойла¬майтын, жақсы ниетті адамды салауатты адам дейміз.
Өз тілін, өз ділін, өз дінін құрметтейтін тақуа адам нағыз адам. Тілдің құдыретін бағалап, адами қасиеттерін, ар-ожданын қалыптастыра білген тұлға - салауатты.
Салауатты адамның асы да адал, ниеті ақ. Ақ жүректі, ақпейілді адам жақсылық жасайды, жақсылық ойлайды. «Ердің саналығы -салауаттылығында». Салауатты адам денсаулығын сақтай біледі.
Біз ұлттық тәрбиеде салауаттылық мінезді жастарға өнеге тұтып, оларды салауаттылыққа тәрбиелейміз.
Ұлтжандылық мінез тәлімі. Ұлттық намыс, ұлттық сана, ұлттық әдеп, ұлттық рух, ұлттық дәстүр, ұлттық болмыс, ұлттық қағида арқылы пайда болған ұлтжандылық мінез қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қасиетті ұлттық мінезі.
«Атаңның ұлы бол, халқыңның құлы бол» деп қазақ халқы ұрпағын отансүйгіштікке тәр-биелейді. Ұлы күрестерде, қилы-қилы замандарда қалыптасқан ұлттық намыс ұрпақты ерлікке, бірлікке тәрбиелейді. Қазақ ұлты қан төкпеген, қанішерлерді ұлттық ақыл-айламен жеңіп, ұланғайыр жерін, ержүрек елін қорғап қалған.
Қазақ халқы ұлттық әдепті бойына сіңіріп өскен ұрпақты ұлағаттайды, әдептілік мінез қалыптасқан ұлттық әдептіліктің үлгілерін уағыздайды. Әдепті халық ұлттық әдепті қастерлей біледі, адамгершілікті ардақтайды.
Ұлтжандылық мінез қазақ халқының ержүректік, қонақжайлылық, қайырымдылық, имандылық, әдептілік қасиеттерімен қалыптас¬қан.
Ұлтжандылық мінез әрбір қазақтың қажет¬ті¬лігі, болмыстық құндылығы. Ол қасиетті жастардың бойына сіңіре білу үшін біз дидактикалық тәсілдерді қолданамыз.
Ұялшақтық мінездің тәлімі мен тәр¬биесі. Ізеттіліктен, имандылықтан, әдепті¬ліктен, арлылықтан, адамдықтан, сыйласымдықтан пайда болатын ұялшақтық мінез әдепті көрсетеді.
Ұялу - имандылықтың нышаны. Иманды адам жақсылық жасап, қайырымды, мейірімді болуға бейім болады. Адамдық асыл қасиет¬тер¬ді толық орындай алмай, толғанған адам ұялады, мейірлене түседі.
Ұялшақтық әдептіліктен пайда болады. «Зияты бардың ұяты бар» дейді қазақ. Әдеп сақтап, әдет-ғұрыптарды құрметтеп, ұлттық мәдениетті құндаған адам - ұлттық тұлға ретінде сол құндылықтарды игере алуға бейім.
«Арым, ұятым - барым миятым» деп, әрбір ұлттық тұлға адамдық арын биік қойып, ұлттық құндылықты толық игере алмағаны үшін ұялады, талпынады, шынығады.
Ұяттық сезім - адамдық қасиет. Әрбір адам өз кемшілігі үшін ұялады, абыройын «жабады». Сөз айтуда, киінуде, жүріс-тұрыста, мінезде өз кемшілігін сезген адам ұялады. Ол туралы «зияты бардың ұяты бар», «қазаннан қақпа» деп қазақ халқы ұяттылық туралы өнеге айтады.
Ұялшақтың ынжықтық емес (ол туралы айтамыз), ол - әдептіліктің бір белгісі. Мысалы ке-лін¬нің қайнағадан ұялуы - әдептілік болып табылады. Біз ұрпаққа «ұятқа қалмау» тәсіл¬дерін үйретіп, оларды ізеттілікке тәрбиелейміз
Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№170 орта мектеп директорының бастауыш сыныптар
жөніндегі
орынбасары Өміртаева Ботакөз Әмитжанқызы
Жоспары:
І. Кіріспе: Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Жасөспірімдерді өзін-өзі тану пәні арқылы жасөспірімдік кезеңдегі кедергілерден өту жолдары
2. Жасөспірімдерге өзін-өзі дамытып, бағалай білу қағидаларын меңгерту.
3. Отбасындағы жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық негіздері
4. Жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасын анықтау
ІІІ. Қорытынды:
«Жасөспірім тұлғаның ішкі әлемін тану»
Жеткіншек психикасының
дамуының өзіндік сипаты
Жасөспірім жасындағыларды тиісті әдебиеттерде «Қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды.
Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек
балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жасөспірім өзге
жастарға қарағанда педагогтар пен тиісті әдебиеттерге көп әңгіме болып, жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше
болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен құтылғысы келеді. Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетініндей емес, сонымен қатар
биологиялық дамуы (жыныс т.б жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда жасөспірім тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы, жеткіншек
төменгі
кластардаоқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап
алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалыпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе енді өрескел
түрде,
яғни
тәртіп
бұзуға
икем келеді. Осы мәселені анықтаудан зерттеушілер арасында талас
бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі жасөспірімде әлеумет өмірінің өзінің ерекшелігінен болар. Жасөспірім бәрін өзім істей алам, «Сендер мені әлі
бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірседе оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектерге ұқсап
іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай
басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан
бала да, ал талап қою жағынан ересек.
Жасөспірім осы сияқты қасиеті қазірде және өткен дәуірлердің жасөспірімдерінде де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман жасөспірімдері үлкен адамдардың талабына көне кетпейді. Себебі, біріншіден қазіргі
кезде оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жасөспірім жасындағылардың көбінесе оқудан айналысатын басқа тапсырмасы жоқ.
Біз ілгеріде өткен дәуірлерде бала кіші жасынан материалдық
игіліктерді өндіруге (мал бағуға, от не пішен шабуға) жегілетінін ескердік. Қазір де бұл сияқты міндеттердің көпшілігі үй -ішінде кездесіп жарымайды. Керісінше
ата-аналар жасөспірім оқу тапсырмасын орындай алмайды деп, үй
шаруасынан босатады. Ал жасөспірім бала кезінен ересек кезеңіне
ауысуы психологиялық тұрғыдан жаңа сапа, бірақ осыдан ауысудың себебі сол болып келген психикалық
дамудың салдарыан: егер үлкендер жасөспірімді бала деп еесптесе, керісінше
олар өзін есейдік деп санайды. Бұл екі арадағы дәл келмеушілік қайткенде де жеткіншектің дамуына әсер ете алады. Жасөспірімнің өз беттілік қасиетке ұмтылып, үлкендердің қамқорлығына босануға тырысуы баланың бәрінде кездесетін болғаны мен бір қатары күні-түні фантастикалық әдебиеттерді оқып, солардың кейіпкерлеріне еліктейді.
Сабақтан тыс мезгілде жасөспірім радиотехника электротехникамен
танысып едәуір білім алады. Мұнымен қатар бұл жастағылар бойынан әлі де балалық кездесіп тұрады. (мысалы: ұлдар қыздардың шашын тартып мазалауыт.б) бірақ
сол жеткіншек таныс емес үлкен адамдардың алдында өзін мәдениетті түрде ұстауға тырысады.
Әдетте
жеткіншектерді тәрбиеге көнбейтін қиын жас деп сипаттайды. Солай деп
бағалайтыны біріншіден бұрынғы кездегі психикасы мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатыныннан. Кейде
мұндай өзгеріс
аз уақыттың ішінде болуы мүмкін. (бірақ өзгеріске ұшырау жасөспірімде бір уақытта кездеспейді). Екіншіден осындай
психиканың жаңа саласының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды уайым шегеді, оның тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды. Мұндай өзгерістерді психологтар түрліше дәлелдейді. Осы ғасырдың бас кезінде психолог З. Фрит жасөспірім үлкендердің қамқорлығына
көнбейтінін
«өзім
бәрін
орындаймын дейтінін жыныс қасиетінің салдарынан болатын санасысыз әуесқойлық»
деп түсіндірді.
Бұл
пікірге көптеген психологтар қарсы. Жасөспірімдердің тәрбиеге көнгісі келмеуі түпкілікті емес, уақытша кездесетін уақыттың бірі. Қоғамдық ортаның жеткіншекті тәрбиелеуге ықпалы зор. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қойылатын талап үнемі өзгеріліп отырады. Осы талапқа сай жеткіншек бала жасынан үлкендер
жасына өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер етіп, баланы әр-түрлі фантастикалық іске ұмтылтырады. Мұндай уақытша келіспеушілікпен күресу мектептегі және үй ішіндегі тәрбие жұмысының негізінде болады. Егер тәрбие не оқу жұмысы жеткіншектермен жақсы жүргізілсе ұнамсыз әдеттерден аулақ болады.
Жаратылыстан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. өйткені қазақтың ел алдындағы абырой беделі, қадір қасиеті, тек жеке басының жақсылығы немесе дәулеті мен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы жарақтылығымен өлшенген. Ата-бабаларымыздың сондай ектілік деген ұғымды ежелден қастерлеп, оның атадан балаға мирас қылып қалдыруында терең сыр жатыр.
Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді
көрсетіңіз,
мен сіздің болашақтарыңызды айтып берейін» деген. Қазіргі кезеңде қазақ халықының өмірінде бұрын соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Бұлар дөрекі әдепсіз барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Баланың мінезін жалпы деңгейін ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына адамгершілк қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екендігін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті.
Баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстардың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуге ата-анаға көмекке келетін - мұғалім.
Өйткені
мектеп жасындағы баланың көбіне көп негізгі әрекеті - оқу. Оқу барысында ол білімге, қарым-қатынасқа, имандылық адамгерішілікке үйренеді. Сонда мұғалімнің жеке бас үлгісі, сөзі мен ісінің сәйкестілігі, талапшылдығы отбасында баға жетпес құралына айналады. Бала тәрбиесі болашақ кепілі, отбасы мен мұғалімдер қауымының абыройлы ісі. Тәрбиенің нәтижелігі терең тамырлы тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ. Ол ата-аналар өз міндетін жеке түсінгенде, мұғалімдермен ынтымақтастықта болған жағдайда алға басады.
Информация о работе Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің басты мақсаты