Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің басты мақсаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:44, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп баян етілген .

Работа состоит из  1 файл

құқықтық тәрбие.doc

— 1.78 Мб (Скачать документ)

Жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасын анықтау 
Зерттеу обьектісі: отбасына психологиялық қызмет көрсету.Зерттеу пәні: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерінің ерекшелігін зерттеу. Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой - тылсымдарын тануға бағытталған. Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым - қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым - қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың диапа-зонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай - ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейір-бандылықтан зұлымдыққа, адамгер-шіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда және қайта тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау өте күрделі рухани жұмыс.Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт - бағдарының құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс - әрекетін балалық және ересек жаста анықтай-тын, тарихи бекітілген нормативтермен құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс.Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нәрсені білмейді, өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін білмейді.Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс қозады. Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін. Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншыл-дықтың көрінуі - бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін - өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді. 
Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» -оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірім-дердің өзін - өзі тануы, өзіндік сана - сезімі белсенді және өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды. Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құр-былыстарымен ересек адамдардың ара-сында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз - өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән.Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақы-рында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады «Жасөспірім» - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана - сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анық-талады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады Осы жастағы өзгешелік психолог А.Г. Ковалев биологиялық әсері туралы сұрақты ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу жасөспірімнің эмоциялық қалпына бетте-суін біз тұтас деп айтсақ, онда оның психикалық кескінін биологиялық фактор-мен анықтаймыз В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен айтқанда ерте жетілу - адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық және азаматтық ересектік жетілу кезеңі. Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 -15 жастан бастап 17-18 жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т.с.с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады.Жасөспірімдердің ерте жетілу кезеңдерінде орталық жүйке жүйесі ересек адамдікімен теңеледі. Мидың салмағы мен көлемі және фукционалды белсенділігі ересек адамдардың ойлауынан қарағанда айырмашылығы болмайды.Сонымен қатар функционалды жетілу жалғасып, осы кезеңде мидың жетілуі ерекше морфологиялық және функционалдық дамуымен анықталады.Жасөспірім - барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М.Ю. Красовицкий. Бірақ оларды толы-ғымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді жүреді. Мектеп пен ата - аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу - танымдық және қоғамдық - саяси іс - әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр. Рувинский Л.И., Хохлова С.И. еңбектерінде жасөспірім шақ - бұл қоғамдық жүйедегі көз - қарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала бастайды, бірақ та әлемге деген көз - қарасын толығымен пайымдай алмайды. Тек жасөспірімдерде фило-софиялық ойлау әрекетінің қанағаттануы мүмкін болса, пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі - оқудағы білім, тәртіп пен информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер мен үлкендермен қарым - қатынас..Ш. Бюллер жасөспірімдік кезеңді фаза бойынша бөліп қарастырады. Негативті фаза пубертодты кезеңде басталады. Негативті кезеңге жеткіншектердің дамуын қоюға болады. Ал, позитивті фазада өмірге деген қызығушылықтың пайда болуы, адамға деген ыстық сезім, табиғатты түйсіну т.с.с болады. Бұл фазаны жасөспірімдерге қатысты деуге болады.М.И. Шардаков бойынша жасөс-пірімдік кезең адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тәуелді болып қалады. Жасөспірім осы өмірге ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол жасөспірімдік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы жасөспірім тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әр - түрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл - ой, адамгершілік әлеуметтік жағынан есейеді.Жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жасөспірім ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестік қажетті әр міндетті түрде міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жасөспірімдер ересектерге іс - әрекет етуге, ойлауға алуан түрлі міндетті орындауға, адаммен қарым-қатынас жаса-уға үйрене алады.А.В. Мудрик жасөспірім кезеңінің ең басты жағдайын ашып көрсетеді. Ол екіжақтылық пен қарама - қайшылық деген. Педагогикада жасөспірімді өскен адам, бірақ ересек адам емес ақпаратталған бірақ әлі жетік білмейді деп пайымдайды Ст. Холл ең алғаш бірнеше негізгі қарама - қайшылықтарды бөліп көрсете отырып, жасөспірім мінезіндегі амби-валенттілік пен пародаксальдылықты сипаттаған. Жасөспірімдерде шектен тыс белсенділік - аяқ шалысқа шектен тыс көңілділік - уайым, өзіне сенімділік - ұялшақтық пен қорқыныш жоғары деңгейдегі адамгершілік талпыныстарының күрт төмендеуі ашық қарым - қатынастық, өте нәзік сезімталдық апатияға, өткір құштарлық - бірбеткейлікке оқуға деген ынта белгісіздікке, бақылау мен әуестілік сияқты талқылаулар болады. Ол бұл кезеңді «Боран мен тегеурін» кезең деп атайды. Ст. Холл жасөспірім кезеңнің мазмұнын «өзіндік сана - сезім» кризисі деп сипаттайды. Тек осыны басынан өткеріп ғана жеке даралы сезіміне ие болады. Келесі жасөспірім шақты зерттеуші неміс философы мен психологы Э. Шпрангер болды. Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген еңбекті басылымға берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңін толық қарастыра отырып, жас кезеңді қыз балаларды 13 -19 жас, ұл балаларды 14 - 21 жас деп қарастырды. Ол тәуелділік - еркіндік мазмұны болып табылатын «кризиспен» сипатталады. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңнің мәдени - психологиялық концепциясын жасады. Э. Шпрангер бойынша жасөс-пірімдік кезең мәдениет деңгейіне өсу жасы. Ол психикалық даму жеке даралық психиканың осы дәуірде обьективті және нормативті рухқа өсуі деп жазады. Ст. Холл, Э. Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөс-пірімдердің даму деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді: 
1) Өткір ашулы кризистік уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым - қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік «мені» пайда болады. 
2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке тұлғасында ешқандай өзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады. 
3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін - өзі қалыптастырады. Өзінің ерік - жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым - Э. Шпрангер бойынша, «өзіндік менінің» ашылуы рефлексияның пайда болуы; өзінің жеке даралығы саналы түрде түсінуі, тұлғаның өзіндік анықталу.

«Жасөспірім тұлғаның ішкі әлемін тану» 
Психологияның ең негізгі міндеті «тұлғаның ішкі әлемін тану» деген қағиданы ескерсек, оның мәдениетпен және тарихпен тығыз байланысты екенін айтып кеткен жөн болар. Әлеуметтік дамыған тұлғаны тек қоғамда қабылданған нормаларды ұстанумен ғана емес, сонымен қоса белгілі бір топтарға, ұжымдық және қоғамдық құндылықтарға бағытталғанымен ерек-шеленеді. К. Юнг бойынша осы жас дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына жасөспірім бейімінің сай келмеуі орын алады.1920-шы жылы психолог Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша жасөспірім кезеңіне қатысты психологияда біршама жалпы теория қарастырылған. Бұл теориялар қазіргі заманда мәнді болып келеді. Кең түрде жасөспірім кезеңін 3 негізгі тұрғыда қарастыруға болады.1) Биогенетикалық биологиялық процес негізінде және дамудың басқа да процестері қарастырды.2) Социогенетикалық тұрғы тұл-ғаның өмір барысында алдына қойған мақсаты мен әлеуметтік процестеріне басты зейін аударуын бекітеді.3) Психологенетикалық - өзіндік даму негізіндегі психика процестерінің қызметтерін негіз етіп қою.Биологиялық теорияның өнімі американ психологы Ст. Холл ол даму психологиясының басты заңы (рекапитуляция заңы) деп қарастырды. Мұнда индивидуалды даму, финогендік басты сатысының қайталануы болып табылады.Биогенетикалық концепциясының неміс өкілдері “Конституционная психология” Э. Кречмер әртүрлі биологиялық фактор негізінде, тұлға типолониясының басты проблемасын жасады. Адамның физиологиясы мен дамуының арасында ерекше байланыс бар деді. Кречмер барлық адамдардың екі түрі болатындығын көрсетті.Бірінші бағытқа циклоидты: көңіл күйі ауыспалы, тез қозғалғыш, мазасыз т.с.с., ал 2 түріне шизоидты тұйық қатынасқа түспейтін эмоционалды тырыспа адамдар.Н. Кречмер мен Конорадта осыған байланысты жеткіншектерді циклоидқа, ал жасөспірімдерді шизоидқа жатқызады.Жасөспірім шизоидты тұлға ретінде күрделі алдында ұзақ мерзімді жүреді.В. Целлерді “Конституция и развития” - деген еңбегінде бала дене бітімінің құрылысының дамуындағы өзгерістер самотикалық өзін сезінуі психологияның және самотинзалық өзара байланысуы айтылады. Биогенетика өкілдері психиканы және физиологияны дамуын өзара тәуелділігі бағыты қатты қызықтырады.А. Гезел концепциясында “өсу мен даму” синоним, мінез-құлық, жүріс-тұрысы қабілеті интеграциясы мен дифферен-циациясы мағынасын білдіреді. Гезел қандай болмасын индивидті мәдениетке оқыту мен үйрету, оның жетілуінде ешбір орын ауыстыра алмайды деп санайды.Жасөспірім баланың ересектікке өтуі. Гезел байынша 11 мен 21 жас аралығын ең маңызды жас мөлшері. 15 жас Гезелдің жазуынша рухани ішкі жан дүниесінің өсуі, тәуелсіздік, өз-өзін ұстамдылығы, өз - өзін тәрбиелеу мен өте сезімтал болады. 16 жаста қайтадан салмақтылық пайда бола бастайды, ішкі жауапкершілігі ұлғайып, эмоция байсалды, қарым-қатынасқа тез түсуі, болашаққа бағыт бағдар жасайды. Биогенетикалық тұрғыға қарама-қайшы социогенетика. Ол жасөспірімнің құрылымын өздерін қоршаған адамдар мен қарым-қатынас жасау арқылы анықталады. Социогенетикалық тұрғыда неміс психологы Левин теориясын айта кеткен жөн. Адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыс қызметінің бір жағы тұлға екінші жағынан оны қоршаған орта, бірақта да тұлға қасиеті мен қоршаған орта өте тығыз байланысты.Левин бойынша өтпелі кезеңдегі ең маңызды процесс тұлғаның өмірлік әлемінің кеңейуі, қарым-қатынас жасайтын ортасы, өз үйренген топ және адамдарға қатысты.

«Адамгершілік - асыл қасиет».

Опубликовал inust в 11 Апрель 2012 - 10:53Пікір жоқ  
Бұл мақала 6841 рет оқылды, 66 рет бүгін

Жамбыл  облысы, Байзақ ауданы,  Қызыл жұлдыз ауылы, Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті   пәнінің мұғалімі:    Сейдалиева А. Р.

Тәрбие сағатының мақсаты: Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету,  имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю - адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.

Көрнекілігі: Плакат, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер. 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың мақсатын айту.

Мұғалім сөзі: 
Өзін ғана ойлаған - 
Жамандықтың белгісі. 
Өзгені де ойлаған - 
Адамдықтың белгісі,- 
деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.

Ал, адамгершілік дегеніміз не?  Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек,  асыл қасиетіміз - еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде ұлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:

«Ғылым таппай мақтанба, 
Орын таппай баптанба. 
Құмарланып шаттанба, 
Ойнап, босқа күлуге. 
Бес нәрседен қашық бол, 
Бес нәрсеге асық бол; 
Адам болам десеңіз, 
Тілеуің, өмірің алдында, 
Оған  қайғы жесеңіз. 
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ - 
Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым ойлап қой - 
Бес асыл іс көнсеңіз…» - 
деп, адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.

Демек, асыл қасиет - адамгершілік, сондықтан сөзімнің басында  айтқан адамдықтың белгісі - адамгершілік екенін айта отырып, Бөлтірік Әлменұлының «Балаға ақыл» деген сөзімен дәлелдейін.

Үлкен алдында иіліп сөйле, 
Кіші алдында сызылып сөйле. 
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді, 
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, - 
деп тәрбие сағатымыздың жалғасын «Көмекші» көрінісімен жалғастырсақ.

Көрініс бойынша сұрақ:

  1. Бұл көріністен қандай баланы көрдіңдер?
  2. Қайсардың әрекеті дұрыс па, әлде Азаматтың әрекеті дұрыс па?
  3. Қандай адамгершілік қасиет көрсетті? (Үлкенге құрмет, көмек беру)

Ұлы Сүйінбай Аронұлының «Жақсы адам мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңін тыңдап көрелік.

Сұрақтар.

  1. Жақсы адам қандай болады?
  2. Жақсы адам қандай болады?

Демек, адам баласының адамгершілігі қандай болғанда көрінеді? 
(қамқоршы, ақылшы, батыр, ер тұлғалы)

Би: «Тас мүсін».

Адамгершіліктің белгісін жоғарыда айтқандай түрлі әрекет арқылы көрумізге болады. Соның бір дәлелі: 
Көрініс: «Күлме досқа».

  1. Әйгерім қандай жағдайға тап болды?
  2. Арайлым қандай әрекет көрсетті?
  3. Арайлымның бойынан қандай мінез көрінді?
  4. Әйгерім бұл іске қалай қарады?
  5. Кімнің адамгершілігі мол деп ойлайсыңдар?

Осы тұста ұлы Абайдың ақыл сөзімен қорытып өтсем: 
«Досыңа достық - қарыз іс, 
Дұшпаныңа әділ бол!» - деп, 
Абай аталарың айтып кеткен еді, сондықтан адам баласына тек жақсылық жасап, әділдік көрсету керек.

Күй: «Балбырауын».

«Кім жылдам?» - Мақал - мәтел сайысы.

  1. Жаман - бұзар, жақсы - түзер.
  2. Адам болатын бала алысқа қарайды.
  3. Сыйласаң, сыйымды боларсың.
  4. Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.
  5. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпті өскен тал артық.
  6. Су ішкен құдығыңа түкірме.
  7. Тәрбиелі кісі қант қосқан жармадай, тәрбиесіз кісі шаң боратқан арбадай.
  8. Тәрбиесіз наданнан, үйретілген хайуан артық.
  9. Ыстықтан ет күйеді, ұяттан бет күйеді.
  10. Жолдың қамысы болмайды, жаманның намысы болмайды.
  11. Ақыл - дос, ашу - дұшпан, ақылыңа ақыл қос.
  12. «Сіз» - сыпайылық, «сен» деген анайылық.

Мақал-мәтел жеңімпазын анықтау.

Күй: «Қосалқа». 
Көрініс: «Салақтық». 
Сұрақтар.

  1. Дінмұхамед - қандай бала?
  2. Ол кімнің еңбегін бағаламады?
  3. Әрекеті дұрыс па?

Адамгершіліктің бір парасы - біреудің еңбегін бағалау, тазалықты ұстау. Сондықтан өз еңбегіңді, біреудің еңбегін бағалау қажет?

Ойын: «Мен қандаймын?». 
Гүлге жазу. Оқушыларға тапсырма беріп, өздеріне баға беру. Қорытынды.

Диалог. 
Мақтай неге мақталар? 
Дүтбай неге датталар?

Сұрақтар:

  1. Кімнің бойында адамгершілік қасиет көп?
  2. Жамандық жеңе ме, жаңалық жеңе ме?

Би: «Ата толғауы». 
Қорытынды. 
Мұғалім сөзі. 
Сұрақтар:

  1. Адамгершілігі мол адам деп кімді айтамыз?
  2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқыздық?

Адамгершілікті, әдепті болыңдар. 
Бұл сабақ өмірлік сабақ болсын!

Тақырыбы: Иманды ұл, инабатты қыз-елдің көркі. Ашық тәрбие сағаты.

Cабақтың презентациясы: Иманды ұл, инабатты қыз-елдің көркі

Сабақтың мақсаты: 

  1. Білімділік. Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету
  2. Дамытушылық. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу
  3. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу

Сабақтың түрі: Өнеге сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, тренинг, жағдаяттық

сұраулар

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, техникалық құралдар, гүл, шарлар

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

  1. Абай туралы ойтолғау
  2. Абайдың имандылыққа, бала тәрбиесіне қатысты қара сөздерін жатқа айту

ІІІ Алдыңғы сабақ пен жаңа сабақ байланысы

  1. Шаттық шеңбері. Музыка ойнап тұрады. Оқушылар шеңбер құрып тұрып, қолдарындағы гүлдерді бір-біріне ұсынып тілек айтады. Мысалы: Қайырлы күн! Сабағыңды жақсы оқы! Алланың нұры жаусын! Т.б.
  • Рахмет, балалар, осы гүл шоғырлары біздің сабағымыздың сәтті өтуіне көмектеседі деп ойлаймын.
  • Оқушылардың сабаққа қызығушылығын, көңіл-күйлерін көтеру және ұл мен қызды дәріптеу мақсатында өлең шумақтарын оқимын.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмщат бөрік, ақ тамақ қара қасты

Сұлу қыздың көріп пен ең мұндай түрін?!

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің соры болады.

  • Оқушылар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Иманды ұл, инабатты қыз-елдің көркі» Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін мына берілген екі түсті таңдап алып, екіге бөлініп отырамыз.

Тренинг. Алдарыңыздағы параққа адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыз. Болғасын жазған қағазды алдарыңызға бүктеп қойыңыз. Ал енді жақсы қасиеттер

Топтастыру стратегиясы.

имандылық 

 

 

 

адалдық

Информация о работе Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің басты мақсаты