Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің басты мақсаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:44, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп баян етілген .

Работа состоит из  1 файл

құқықтық тәрбие.doc

— 1.78 Мб (Скачать документ)

әділдік 

 

Адамның асыл қасиеттері

Әдептілік

ізеттілік

қайырымдылық 

 

 

 

  • Балалар, қазақта мынадай тілек тілейді екен. Қыздарға ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгершілігі мол болсын, қайырымды болсын! Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді. Осы қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жазған жаман қасиеттерді жазған парақтарды жыртып тастайық. Бүгінгі тәрбие сағатымызда ұл мен қыздың тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық, инабаттылық қағидаларына тоқталып өтеміз. Енді имандылық пен инабаттылық туралы не білеміз?
  • Балалар пікірі тыңдалады.

Жаңа ақпарат.

Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Имандылық Алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді. Халық адамгершіліг жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды. Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрнісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершіліе. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі - Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған»

Тақтадан кесте көрсетіледі. «Имандылық қасиеттер»

Ойланайық, пікірлесейік

А) Ұлдарға сұрақ:

1. Қыздың көркі деп нені түсінесің?

2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?

3. Қызға қандай қылық жараспайды?

4. Сұлу қыздарға арнап мақал айт

5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнамайды?

ә) Қыздарға сұрақ:

1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды?

2. Ұлдарға арнап мақал айт

3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнамайды?

4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін сұрақтарға жауап берейік.

Сұрақтар:

  • Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? ( үлкен кісімен амандасып, жол беремін)
  • Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда сен не істеуің керек?

( үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды)

  • Автобуста, қоғамдық орында егде адамды көргенде не істейсің?

( үлкен кісіге орын беру керек)

  • Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек? ( сіз деп сөйлесу керек)
  • Балалар, енді иманды ұл, инабатты қызды халқымыз неліктен елдің көркі дегенді ұғындық па? Сіздер сияқты жеткіншек ұлдар мен қыздар жоғарыда айтылған әдептілікті, адамгершілікті сақтап, ардың, ұяттың таразысын тең ұстаса, ол елдің қандай екенін тануға болады.

Назар аударыңыздар! Балалар, сіздер үшін! Интерактивті тақтадан оқытылады.

Даналық сөздің мағынасын түсіндіріңдер. Оқушылар тақтадағы даналық сөздердің мағынасын түсіндіріп, өз ойларымен бөліседі.

Қорытынды. Адамгершілік, имандылық пен инабаттылық туралы мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті, иманды, жүрегі мейірімге толы бала болып өссең, есейе келе ата-анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Отаның сенімен мақтанатын болады. Сонымен, иманды ұл мен инабатты қыздың бойында қандай қасиет болу керек? 

Топтастыру.

Иманды ұл Инабатты қыз 

 

Үйге тапсырма: Имандылық, адамгершілік тақырыбына мақал-мәтел, нақыл сөздер жазу.

Жүректен жүрекке. -Балалар, мен сендердің елдің азабы, халқының мазағы емес, елінің көркі, биік ұстар туы болғандарыңды қалаймын. Әр оқушыға арнайы жазылған шарларды үлестіремін.

Алақан жылуы арқылы бірге «Бақыт. Қуаныш. Сәттілік тілейміз!»

«Ата салтым - асыл қазынам» (тәрбие сағаты)

Категориясы: Тәрбие сағаты

«Ата салтым - асыл қазынам» 
Мақсаты: 
1.Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету. 
2.Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. 
Көрнекілігі: 
Қазақ үйінің жасауы, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері. 
 
Барысы: 
«Дұшпанға қатал,  
Досқа адал - халық» 
Кіріспе 
Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет - адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген. 
 
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. 
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Дүниеден өткен адамды жерлеудің салтын қарайтын болсақ, үнділер өте тығыз орналасқандықтан, көмуге жер жетіспейтіндіктен мәйітті өртеуі, орыстардың ағаш табытқа салуы, топырағына күрек батпайтын жерде тұратын адамдар мәйітті адам жүре қоймайтын айдалаға апарып тастайды. Қоғамдық салт - қоғадық болмыстан туындайды деген осы. Сондықтан халық дәстүрлерінің дұрыс-бұрысы бар деуге болмайды. 
 
Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше. 
Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды. 
 
1-оқушы: 
Шілдехана - сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс. 
 
2-оқушы: 
Қырқынан шығару - бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 
40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады. 
 
3-оқушы: 
Есімін атау (ат қою) - бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады. 
 
4-оқушы: 
Бесікке салу - бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады. 
Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек. 
 
5-оқушы: 
Тұсау кесер - бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді. 
Тұсау кесер жырлары айтылады. 
 
... Қаз, қаз балам, қаз балам,  
Қадамыңды жаз, балам 
Әнекей, ақ бесік. 
Әлдиіме бақ бесік. 
Шүмегіңді салайын, 
Сылдырмағын тағайын. 
Жібек көрпе жабайын, 
Бауық барқыт пүліштей 
Балдақтарың күмістей, 
Жабдығыңмен сыйлысың. 
Жатса бөпем жайлысын, 
Көсем сенен өседі 
Жайлы болсын төсегі. 
 
 
6-оқушы: 
Баланы атқа мінгізу салты - баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі. 
Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды. 
Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады. 
 
Қорытынды. 
Мұғалім: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс-әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиеленген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды белгілеп, қоныс-суды дәл табуға үйреткен. 
 
Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, оны бес-жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған. Аталарымыз ер жігіттен ауылдың, рудың, елдің мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуды талап еткен. Ұлдарға көкпар тарту, бәйгеге шабу, аударыспақ, теңге алу, күрес, сайыс ойындарын үйреткен. Ерлерден садақ тарту, найзагерлік өнерді, сойыл соғуды білуді талап етіп, дайындаған. 
 
Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз, бабалардың өнегесін, ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру - әке міндеті болып есптелген. 
«Қыз өссе - елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі, киіне білуі оның ішкі мәдениетімен, тәрбиелік деңгейімен байланысты. Қыз - болашақ ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың береке құты. Қыз баланы жасынан төзімділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиеленген.  
Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланыста.

 

Мақалаға белгі:тәрбие, сағаты

 Алғыстар: 2

«Тілдің мерейі -елдің мерейі»

Тақырыбы: Т ілдің мерейі- елдің мерей.

Мақсаты: Окушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет     көрсетуге баулу.

Көрнекілігі: плакаттар  «Жасай бер, ана тілім-қазақ тілі!», «Қазақ тілі- ұлт тілі»

Барысы:Ұйымдастыру

1 бөлім. Көрініс

1-оқушы: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін,

Тіл туралы заңым енді күніне

Қуан халқым!күніне енді тіл заңы,

«Сүйінші!»- деп ақын ұлың жырласын.

2-оқушы: Сәлем достым !

1-оқушы: Сәлем! Қалың қалай?

2-оқушы : Жақсы! Достым бүгін не үшін жиналғанымызды білесің бе?

1-оқушы: Ия, бүгін «Тілдің мерейі-елдің мерейі»-атты сынып сағаты болады.

2-оқушы:- Осы тіл не үшін керек?

1-оқушы:-Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсіндіру үшін қажет қой.Мұғалім «Тіл-қарым-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?»

2-оқушы: Жарайды, тіл қарым қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір тілде сөйлеп, түсіне бермей ме?Ана тілі деп бөлгені несі?

3-оқушы: Ой-ой,тапқышбегім-ай!Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі,өз Отаны бар емес пе?

4- оқушы: Ана тілі дегеніміз- ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.Ал ана деген- бәрінен қастерлі,аяулы асыл жан.

5-оқушы: Мен сендерге С.Мәуленовтың бір өлеңін оқып берейін,

Сол тілммен дүниені атадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,

Сол тіліммен талай гүлді жинап тым

Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,

Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.

Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тіліммен көгергенше жер бердім.

Сол тіліммен дүниеден кетемін,

Сол тіліммен дүниеге мен келдім.

6-оқушы: Керемет екен. Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңізде ме?

Туған тілім -тірлігімнің айғағы, 

Тілім барда айтылар сөз ойдагы.

Өссе тілім-мен де бірге өсмін,

Өшсе тілім мен бірге өшемін.

7-оқушы: Ана тілім-бәрің сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам,не білем?

Тілім барда ғанамынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

О,адамдар,қадіріне жетіңдер,

Ана тілін-анаң, сыйлап өтіңдер!

8-оқушы: Дұрыс-ақ, бірақ кейде  өзінің ана тілін сыйламайтын,білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады.Олар туралы не айтар едіңдер?

9-оқушы: Әрине, адамның бәрі  бірдей емес,түсінігі төмен,білімі таяз кейбірмәңгүрт жандар болатыны рас,ондайлар жайлы қыргыз ақыны Сарноғаев былай деген:

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желік бас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас.

10- оқушы: Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді.Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді»деген,сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!

11-оқушы: Біздің ана тіліміз-қазақ тілі.Ол тек отбасы,ошақ қасының тілі емес,мемлекеттік тіл ғой.

12-оқушы: Иә,иә, оның рас.1995 жылы 30 тамызда қабылдынған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді.Ал1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданап, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекетттік тілі-қазақ тілі» екені  жазалды.

13-оқушы: Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны жете таныта аламыз.Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп,мәдениетін қадірлей аламыз.

14-оқушы:-Мен сендерге  «Ананың тілі» әнін орындап  берейін.

ІІ-бөлім.

Мұғалімнің сөзі      

-Бәрекелді,балалар, тіл туралы қаншама пікірталаптар,әңгіме жүргізіп жатсыңдар оларың дұрыс екен.

-Ал мен сендерге тіл туралы жалпы түсінік бере кетейін.

-Дүние жүзінде халық та, тіл де көп,ұлттарды бір-бірімен ажыратып бөлетін де жақындаттырып туыс ететін де басты белгісі оның тілі.

Тіл әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.

Сұрақ:

-Қандай тілдерді білесіңдер?

-Біздің президентіміз Нұрсұлтан Ә.Н., үш тілді бірдей меңгер-дейді:-ол қандай тілдер?  Қазақ,орыс,ағылшын.

-Бірақ Қадыр Мырзаәлі былай дейді «Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте».

Біздің ата жазушыларымыз, данышпандарымыз Әл-Фараби, Олжас Сүлейменов, Ш.Уалиханов, Мұхтар Әуезов бірнеше тілді меңгерген.Барлық мемлекеттердің президенттері негізгі 7 тілде  бір-бірімен қарым-қатынас жүргізеді: Орыс , ағылшын ,араб,қытай ,француз ,япон,испан тілі.

Сөз жұмбақ шешу.

 

 

2

 

 

Ы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

Б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

 

 

С

3

Ы

 

 

 

 

6

7

8

Е

1

Т

О

Р

5

 

 

А

Б

А

Г

Қ

А

З

А

Қ

 

 

Т

І

Л

І

А

Н

А

Й

Ы

 

 

А

Л

Т

Н

З

А

Т

 

 

Т

 

 

 

 

І

Ы

 

 

А

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

М

Н

 

 

Қ

 

 

 

 

 

 

Й

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Н

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

  

  

 

Сұрақтар:

1.Біздің Республикамыз қалай аталады?

2.Біздің ел ордамыз қалай аталады?

3.Өте жақсы оқитын оқушыны басқаша қалай атаймыз?

4.Ең алғаш мектеп ашқан адамның аты?

5.Бізге көрші мемлекеттердің бірі?

6.Әкеміздің әкесін кім деп атаймыз?

7.Мектепке не алу үшін келеміз?

8.Бізге жақын орналасқан кең орны?

9.Біздің Ақмола облысы қандай шаруашылықпен айналысады?

-Біздің мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі.

Қазақ тілі әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелігі,тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі.                              

Қазақ тілі қазақ халқының тілі ретінде таным,дәстүр,рухани құндылықтарды сақтаушы,ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қызметін де атқарып келеді.Кез келген ұлт,халық ең бірінші рухани өресімен,жан байлығымен өлшенеді.Ал халықтың өнері мәдениеті-тілінде. Біздің мақсатымыз-ата баба аманат еткен тілді қадірлей білу көркемдігі мен байлығын сақтап келесі ұрпаққа жеткізу.

Ребус шешу

4-1 , 1-2,6-2,1-1,У,6-4,10-2,5-3,6-4,8-5,9-2, Й,4-1,3-1,П,8-1,1-2,8-5.

«Мақал-мәтел» сайысы

14-оқушы:   Тілім менің-тірлігім мол мұрамсың,                     

Ата рухын жаныма қондырасың.                     

 Өзіңменен таныдым тарихымды,                                                                                                                                                                           

Кемелденген өзіңмен толды жасым.                     

Тілім менің сарқылмас қазынасың,                     

Бір сенімен болмыстың назы басым.                     

Көне тарих сөйлейді өзің болып,                     

Жыр-ғұмырбоп бүгінде жазыласың.

15-оқушы:   Отан-тарих,                     

Отан-тіл.                     

Жасаған елім,ер халқым,                     

Отан-өлең,Отан-жыр,                     

Көтерген көкке ел даңқын.

16-оқушы:   Ана тілің- арың бұл,                      

 Ұятың боп тұр бетте.                      

 Өзге тілдің бәрін біл,                      

 Өз тіліңді құрметте!  

 Ән орындалады: «Анамның тілі-аяулы үн»

«Ағылшын тіліндегі жаңа сөздерді оқушыларға сабақ үстінде және сабақтан тыс кездері жаттаттыруға дағдыландырудың әдіс-тәсілдері»

Қазір XXI ғасырдың басы. XXI ғасыр - білімділер ғасыры. Болашақтың өмірі жарқын болуына ықпал ететін, адамзатты алға жетелейтін күш тек білімде. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  2007 жылғы жолдауында тілдің үш тұғырлылығы  туралы былай деген болатын:

Информация о работе Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің басты мақсаты