Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 15:44, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп баян етілген .
- Заман талабы үш тілді
білуді міндеттеп отыр. Ата Заң бойынша
мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Бұл тілді
бәріміз білуіміз керек. Қазақ тілі - отандастарымызды
біріктіруші тіл, жақындастырушы тіл екенін
әр азамат естен шығармағаны жөн.
- Біз заманға қарай орыс тілі арқылы әлемдік
білім алдық.
Орыс тілі - ресми тіл, қарым-қатынас тілі.
Біріккен ұлттар ұйымындағы 6 тілдің бірі.
Ағылшын тілі - техника тілі, компьютер
тілі, бүгін үлкен сұранысқа ие болып отырған
нанотехнология тілі.
Сонымен қатар Елбасымыз биылғы жолдауында:
- Мен әрдайым бүгінгі қазақстандықтар үшін үш тілді меңгеру - бұл өздері үшін міндетті шарт екенін айтып жүрмін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет, - деп қадап айтты.
Келешегіміздің жалғасы жас ұрпаққа елбасы айтқан үш тілді білуі керектігін ата-анаға да, оқушыға да түсіндіруіміз керек деп ойлаймын. Тілдің қажеттілігін оларда жақсы түсінуде. Ағылшын тілін үйренуге деген құлшыныс, сұраныс ата-ана тарапынан да, оқушы тарапынан да түсіп жатады. Соңғы жылдары мектеп бітіруші түлектердің бірыңғай тестілеу кезіндегі бесінші таңдалатын пәнінің қатарында ағылшын тілі де жоқ емес.
Ендігі мәселе осы сұранысты арттыру үшін көптеген жұмыстар атқаруы керек. Жең түріп жұмысқа кіріспес бұрын «неден бастау алу қажет?», «қалай жұмыстану керек?» деген сауалдарға назар аударғанымыз жөн.
Осы сұрақтарды негізгі ала отырып, ата-ана не дейді, оқушы нені қалайды, әріптестерімнің көзқарастары қандай, - деп оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, ғылыми әдістемелік журнал беттерін парақтадым. Сауалнама нәтижелері мен әріптес пікірлері мына проблемаларды тізбектеді:
- ағылшын тілі сабағы қызықты болса;
- сабақ үстінде оқушылар еркін сөйлесе;
- жаңа лексиканы есте сақтаудың жеңіл сақталудың жолдары табылып, оқушылар күнделікті сабақ үстінде танысқан сөздерін жадтарында сақтаса;
Осы проблеманы өзге мамандардың қалай шешетінін білу мақсатында олардың еңбектеріне көз жүгіртім. «Мектептегі шет тілі» атты республикалық әдістемелік журналдың № 3 2010 жылғы санында өзі ісінің шебер педагогтары: «жақсы оқытудың, нәтижелі тәрбие берудің кілті мұғалімнің қолында» деген тоқтамға келе мына міндеттерді жүктейді:
- 45 минуттық сабақ уақытында оқушы зейінін сабаққа аудару;
- Оқушыларды сабақ кезінде шаршатпай, керісінше белсенді араластыра отырып қызығушылығын арттыру;
- Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру мақсатында түрлі көрнекі құралдарды пайдалану;
Осы әріптестерімнің пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, әрі қолдай келе, осы проблемаларды мен «қалай шешер едім, олардың ұсыныстарын әрі қарай қалай өрбітер едім», -деген сауалдардың шешімін табуға бел байладым. Ол үшін әр адам алдында жоспар мен мақсат болуы керек деген шешімге келе отырып, өзіме мына міндеттерді жүктедім:
- Оқушы зейінін сабаққа аударып, мүмкіндігінше сабақ кезінде тек ағылшын тілінде сөйлеу;
- Оқушыларды мәтін оқуға машықтандыру, сөздікпен жұмыс жасауға үйрету;
- «Жұмыс түрін өзгерту - демалыстың бір түрі» деген ағылшын мақалын негізге ала отырып, үнемі жұмыстың бір түрінен екіншісіне ауысып отыру;
- Жас мөлшерін ескере отырып, сабақ үстінде ойын түрлерін пайдалану;
- Жаңа сөздерді үнемі оқушыларға жаттатқызу мақсатында аптасына 1 рет сынақ жұмысын жүргізу;
- Оқушыларды тестпен жұмыстана білуге дағдыландыру, тест жұмыстары арқылы білімдерін тексеріп отырып, жіберілген қателіктермен жұмыстану;
- Оқушы пікірімен санасу, олардың ойларын білу;
- Аталған міндеттерді тек сабақ үстінде емес, сонымен қатар аптасына 1 рет сыныптан тыс қосымша сабақ түрінде өткізу;
Осы аталмыш міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мынадай жұмыстар атқарған болатынмын.
1) Ағылшын тілі кезінде оқушыларға сұрақтарды тек ағылшын тілінде сөйлеп, ағылшын тілінде жауап беруге үйреттім. Оқушылар үнемі сұрақты түсініп тұрса да, қате жауап беруден сескеніп, қойған сұрақты өзіме қазақ тілінде аударып беретін. Сол себепті оқушыларға сұрақты аудармай бірден жауап беруге үйретіп, дұрыс жауап берген оқушыны ерекше мақтап, қателескен кезде «дұрыс жауап қалай?» деп өзге оқушының жауабын тыңдадым. Дұрыс жауапты қате айтқан оқушыға қайталатып, оның түсінген түсінбегенін анықтау үшін бірнеше минуттан кейін қайта сұрадым. Қайта сұралатындығын білген оқушылар екіншіде дұрыс жауап беру үшін зейін қойып тыңдайтын.
2) Оқушыларды мәтін оқуға машықтандыру мақсатында диалогтарды үнемі рөлдерге бөліп оқып, дауыс ырғағымен, көңіл күйге назар аудара білуге жаттықтырдым. Өтілген мәтіндерді қосымша сабақ кезінде минутқа оқытып, бір минут ішінде әр оқушының қанша сөз оқитынын анықтадым. Минутқа оқу кезінде тек көп сөз емес, сонымен қатар қатесіз оқу керектігін түсіндіріп, үйден бірнеше рет оқуға жаттығуды тапсырған болатынмын. Келесі сабақтарда оқушының үйден қаншалықты қайталағаны анықталып, оқушылардың минут ішінде көп сөз оқу саны арта түсті. Оқулары жақсарғаннан кейін оларға сол мәтіннен түсінгенін баяндауды сұраған кезде, сескенгенімен мәтінді өте жақсы баяндап берген оқушылар да кездесті.
3) Сабақ үстінде оқушыларды жалықтырып алмас үшін, олармен түрлі сергіту сәттерін, ойын түрлерін өткізген болатынмын. Оқушылардың қызығушылығы одан сайын артып, келесі сабақтарда сергіту сәттерін өздері өткізіп, мен сырттай бақылаушы ғана болдым.
4) Әрбір адамға аян өзге тілде еркін сөйлеу үшін, сол тілдің жаңа сөздерін жаттамау мүмкін емес. Қай тілді үйренсек те, онда түрлі сөздерге бай. Ағылшын тілі сабағы кезінде біз түрлі грамматикамен, елдермен, лексикамен, өзге де мәліметтермен танысамыз. Әрине бұның барлығын 45 минутқа сыйғызуы мүмкін емес. Оқушыларға әрбір тақырып бойынша жаңа сөздер беріледі және бәрімізге белгілі, қазіргі уақытта сабақ үстінде барлық оқушыдан жаңа сөздерді сұрап, тексеріп алуға мүмкіндік жетпейді. Себебі сабақ кезінде тек жаңа сөзбен шұғылдансаң ереже мен оқуға орын қалмайды. Ал жаңа сөзсіз келесі тақырыпқа көшіп соның ішінде еркін сөйлеу мүмкін емес. Сабақ үстінде жаңа сөз сұралған уақытта қол көтеріп жауап беретін сынып оқушыларының жартысы ғана, мұны сезетін сыныптың кейбір қулары осы сөздерді жаттамай келеді. Осы проблеманы шешу жолын табуды алдыма мақсат ретінде қойғандықтан 2010-2011 оқу жылындағы 5 а сыныбына шағын тәжірибе жасап көрген болатынмын.
Сынып оқушыларына сабақтан тыс бейсенбі күнге қосымша сабақ жоспарлап, түгел сыныпты шақырдым.
Әр оқушы 12 беттік дәптер әкеліп, оны қақ ортасынан бөліп, бір шағын кітапша жасадық. Ол кітапша «оқушының сынақ кітапшасы» деп аталады. Осы кітапшаға әр оқушының аты-жөні енгізіліп, әр тарау бойынша өткізілген жаңа сөздер тапсырылды.
Жаңа сөздердің жатталып және оқушының тапсырғаны былайша белгіленіп отырды. Әр тарау жазылады. Әр бір тараудың 5 бөлімі бар. Әрбір бөлім жеке-жеке жазылып, қасына «күні», «айы»,- деген бағана және сол сөзді толық тапсырып, бағаланған күні жазылады. Әр оқушы әр тараудың бес бөлімі бойынша жаңа сөзді тапсырып болғаннан кейін, сол тарау бойынша қорытынды тест жұмысын орындайды, яғни ол келесі міндеттерімнің бірі еді. Сол тарауды толық тапсырып тест жұмысын орындаған оқушы ғана келесі тарау бойынша сынақ тапсыруға рұқсат ала алады. Егер тараудың бір бөлімінен, айталық екінші немесе төртінші тарауынан мүлт кетсе, өкінішке орай, ол да кездеседі. Сол кезде оқушы сол бөлімнің жаңа сөзін толық тапсырмайынша келесі тарауды тапсыру құқын иемдене алмайды.
Тәжірибе нәтижесінде әр тараудан, әр бөлімнен бағаланған оқушылардың жаңа сөздерді қай оқушы қаншалықты жаттағандығын, қайсысын қайталау керектігін байқадым.
Жаңа сөздер жаттау арқылы оқушылар қойылған сұраққа еркін жауап беруге, мәтінді түсінгенін баяндап беруге, сурет бойынша суреттеп беруге үйренді.
Сонымен қатар әрбір тарау соңында өткізілген тест жұмыстары да нәтижесіз болмады. Себебі тест жұмысы бойынша әр оқушының берілген тараудың қай ережесінен қате жібергендігін көріп, сол оқушыға тарау бойынша берілген грамматиканы қайта түсіндіріп отырдым және бір пайдасы оқушы тест жұмысын жазуға дағдыланады.
5) Қосымша сабақ кезінде бірде жаңа сөзден сынақ тапсырып, бірде мәтінді минутқа оқып, бірде түсінгенін айтып, суреттерді сипаттап айту міндеттелген болатын.
Сұралушы оқушылар болғандықтан, кей кездері оқушылардың пікірлеріне құлақ асып, оларға таңдау еркін берген кезде, олардың көздері бал-бұл жайнап «Анар Төлепбергенқызы келесі қосымшада минутқа оқиықшы, жаңа сөзді келесі қосымшада тапсырайықшы», - деген балғындардың ұсыныстары түсіп жатты. Кей кездері оларға еркіндік беріп, олардың өтініштерін қабыл алдым. Нәтижесінде жас талым бүршік атып еңбегім зая кетпей, сабақ кезінде пәнге деген қызығушылық та артты, қосымша сабаққа сыныптың 100% қатысты. Осыны естіген өзге сыныптың оқушылары тарапынан да қосымша сабақ алғысы келетіндіктері туралы ұсыныс түсіп, олармен сейсенбі және бейсенбі күні жұмыстана бастадым.
Жас талымның бүршіктенгенінің куәсі ретінде 5 а сыныбында өткізген тәжірибем төмендегідей көрсеткішке жетті.
2010-2011 оқу жылындағы 5 а сыныбының білім сапасының көрсеткіші І тоқсанда - 71,4 %, ІІ тоқсанда - 76,9 %, ІІІ тоқсанда - 76,3 %, ІV тоқсанда - 84,6 % көтерілді.
Тәжірибе соңында өз ісімді былай деп түйіндемекпін.
Оқушыға үнемі бұйрық айта бермей, бір мезгіл оларға да еркіндік берсек. Сонда ғана оқушы бойындағы қорқыныш сейіліп, ұстазларға деген сенім пайда болады. Әрі оқушылардың қызығушылығы артып, сабаққа деген зейіні артады. Сонда ғана оқушылар еркін сөйлеп, өз ойларын еркін айта бастайды, өз ойын еркін айтқан бала ағылшын тілінде еркін сөйлей алады. Әрі еркін сөйлеген оқушы тест жұмысын еркін жазуға дағдыланады. Ал, ол дегеніміз оқушы келешекте мемлекеттік аралық бақылау сынағында немесе ұлттық бірыңғай тест сынағынан сүрінбей өтеді деген сөз.
Өзге ұстаздарға да осы проблеманы шешу жолын табуына еңбегім көмегін тигізсе деймін және әр маман жоғарыда аталған ағылшын мақалына назар аударса деймін.
Информация о работе Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің басты мақсаты