Қарым-қатынас және оның қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 16:06, контрольная работа

Описание

Қарым-қатынас психологиясының пәні адамдардың қарым-қатынастары болып табылады. Сондықтан, қарым-қатынас психологиясы адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Қарым-қатынас психологиясы қамтитын сұрақтар: Адами қатынас деген не? Оның ерекшеліктері мен механизмдері қандай?
-Жеке адам белгілі бір топ мүшесі болған сәтте қандай өзгеріске ұшырайды, өзін қалай ұстайды? Неге оның мінез-құлқында өзгерістер пайда болады?

Работа состоит из  1 файл

Қарым - қатынас.doc

— 199.00 Кб (Скачать документ)

   Императив пен манипуляция түрлерінің ішкі ұқсастығы терең. Екеуін де монологтық (бірсөз, бірүн), субъект - объект қатынасына жатқызуға болады. Адам басқаны өз нысанасы ретінде қабылдағанда, басқаның күй-жайын ескермегенде қарым-қатынас серігін мүлдем өз назарынан тыс қалдырып, тек өзімен өзі, өз мақсаттары және міндеттерімен арақатынас жасайды. Сонда ол басқаларды емес, тек өзінің "көшірмелерін" ғана көреді.

   Диалог  қарым-қатынасы. Бүл тең құқықтық субъектілердің арақатынасы, қарым-қатынас мақсаты - өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда аталған арақатынастардан негізгі айырмашылығы - экоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу. Бүл қарым-қатынас үрдісінде екі дауыс, екі пікір есітіледі, бұл субъект — субъект қатынасы.

   Диалог  қарым-қатынасының ережелері:

   1.    Сұхбаттасушының және өзінің   кекейкесті күйін ескеру, "осы жерде - осы сәтте" қағидасын басшылыққа алып арақатынас  жүргізу, дәл осы кездегі    сезімдерін, тілектерін, психологиялық халдерін назарға алу.

   2.    Қарым-қатынас серігінің тұлғасына баға  бермеу,  алдын-ала оның ниеттеріне сену, біріне -бірі сенімділік білдіру.

   3.    Серікті өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар   тұлға деп қабылдау.

   4.    Шешілмеген мәселе мен сұрақтар  қарым-қатынас мазмұны болуы керек (қарым-қатынас мазмұнын мәселелендіру).

   5.    Сұхбат адамның өз  атынан жүргізілуі  керек,  біреудің пікіріне сілтемей, өзінің сезімдері мен тілектерін білдіруі қажет (персоналандыру).

   Диалог  қарым-қатынасы қатысушылардың өзара түсінушілігін терендетіп, бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өз-өзінің ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі қарым-қатынасты іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың пікірі дайындығы керек. Әрине, іскерлік қарым-қатынаста бұндай типті толық қолдануға болмайды. Бірақ осы типті меңгерген адамдардың психикалық денсаулығы, мінездерінің біртұтастығы, салмақтылық көзге тұсердей.

   Мысалы,  мектеп  мұғалімдері  оқушыларға  білім беруде  жиі қолданатын қарым-қатынас түрі — монолог. Неге? Ол - мектептің басты мақсаты мен міндеттеріне байланысты құбылыс.  Педагогтардьң түсінігі бойынша, білім беру мен төрбие құралдарының негізгілері қатаң тәртіп пен шәкірттерді біркелкілеу (усреднение).  Есіңізде болса, оқытушылар тыныштықты бұзған оқушыға қолданатын әдіс тәсілдер: қадалған көзқарас, нұсқау, жазалау, ата-анасын шақыру, сыныптан  не  мектептен  қуып жіберу,  баланы оқшау қалдыру, директорға жіберу, кекету, сынау.

   Манипулятор не диктатор мұғалімнің пікірі бойынша, барлық шәкірттердің оқуға ынтасы бірдей — жақсы маман болу, мақтауға лайықты болу, көп ақша табу. Мұғалім берген білімге құштарлық жоқ болса, бала жаман болып саналады, баланың қызығушылығы есепке алынбайды. Ал бала өзінің қызығушылығын мүғалімнің талабына, сабақтың тақырыбына сай болмаса да жоғары, құңдылы санағандыктан, бара-бара жеке пән ге де, бүкіл мектепке де қызығушылығы мен ынтасын жоғалтады.

   Окушылармен қалай сөйлесу керек? Олардың  сұрақтарына қалай жауап қайтару  қажет?

   Біріншіден, шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау. Көбінесе, адамдар сұрағы анық қой деп, сұхбаттасушыны тоқтата салып жауапқа кіріседі. Сұрақты дұрыс түсінуде кішкентай ғана күмән пайда болса, қайталап анықтап алған жөн болар ("Кешір, мен онша түсінбей тұрмын", "Мен дұрыс түсінсем..."). Кейінгіге қалдырмай ("бүл келесі сабақтың тақырыбы") міндетті түрде шәкіртке жауап беру керек.

   Екіншіден, жауап сұрақтан неғұрлым кең болып, қойылған мәселені жаңа қырынан көрсетуі тиіс. Маңызы бар сұрақ қойып түрған шәкіртті ренжітпеу үшін асығыс жауап беруге де болмайды.

   Үшіншіден, оқушылар кейде сұрақты дәлме-дәл жауап алу үшін ғана қоймайды. Сұрақты өзінің ойлау қабілетін, білім деңгейін көрсегу үшін де қояды. Мұғалімнен көмек күткен баланың сенімін ақтап, ашық әңгімеге жағдай жасау қажет.

   Қарым-қатынас - өте күрделі феномен. Оның әртүрлілігі көптеген функцияларына тәуелді, ал көп қызметтілігі (многофункциональность) жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты.

   Қарым-қатынастың ішкі қүрылымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жакқа бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жанжақты талдау үшін үшке бөлеміз. Естен шығармайтын жайт: тіршілікте арақатынас - біркелкі, бұзылмайтын процесс.

   Коммуникация — арақатынас партнерлерінің бір-бірімен акпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.

   Интеракция - тұлғааралық қимыл үйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.

   Перцепция - адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.

   Қарым-қатынасдың құрылымы

   Іонерг  нның.

   ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖАҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ (қарым-қатынас ақпарат алмасу ретінде)

   Қарым-қатынас барысында адамдар әртүрлі идеялармен, көңіл-күйлермен, сезімдермен, қызығушылықтармен алмасып тұрады. Осының барлығын ақпарат деп қарауға болады. Бірақ адамдар арасындағы алмасуды техникалық құралдардың ақпарат алмасуымен шатастырмау керек. Тұлғааралық коммуникацияның өзгешеліктері: кері байланыс, коммуникациялық кедергілер, коммуникациялық ықпал, сездік және бейсөздік деңгей.

   Тұлғааралык қатынастағы кері байланыс

   Қарым-қатынас барысында ақпарат бір адамнан (коммуникатор — ақпарат беруші) екінші адамға (реципиент — ақпарат алушы) тек беріліп-алынбайды, алмасады. Сондықтан, қарым-қатынасдағы ақпарат алысу -тікелей ары-бері ауысу ғана емес, бұл процестің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың не мәселенің жалпы мағынасын анықтау, ортақ көзқарасты белгілеу мен келісімге келу.

   Осы міндетті шешу үшін тұлғааралық қарым-қатынас барысында кері байланыс механизмі қызмет етеді. Бұл механизмнің мәні: тұлғааралык коммуникацияда ақпарат алмасу екі есе көбейеді, коммуникатордан өткен ақпаратың ішкі мағынасымен қатар реципиент коммуникатордың ақпаратына, оның тәртібіне қалай қарайтыны, қалай бағалайтыны жөнінде мәліметтер беріледі.

   Кері  байланыс дегеніміз - коммуникатордың әрекетіне реципиенттің реакциясы туралы берілетін ақпарат. Кері байланыстың мақсаты — қарым-қатынас серігіне оның мінез-құлықтары өзгелер жағынан қалай қабылданып, сезіліп тұрғанын тусінуге көмектесу болып табылады.

   Кері  байланыс түрлері: тікелей және жанама. Тікелей кері байланыс кезінде реципиенттің сөйлеушінің құлқына реакциясы ашық түрде көрініс алады. Мысалы, тікелей сейлемдер "Сен айтып тұрған нәрсе маған үнамайды", "Не деп түрсың, түк те түсінбей жатырмын". Не болмаса, тікелей қуаныш, ашу, ыза, мұң сезімдерін айқын көрсететін ым-ишаралар. Тікелей кері байланыс реципиентті коммуникатор түсінуі үшін қолайлы жағдай жасап, қарым-қатынасты тиімді және нәтижелі етеді.

   Кері  байланыстың жанама түрі - психологиялық ақпаратты қарым-қатынас серігіне жасырын, астыртын жеткізу жолы. Ол үшін неше түрлі риторикалық сұрақтар, кекетулер, қатынас серігі күтпеген эмоциялық реакциялар пайдаланылады. Коммуникатор реципиенттің өзіне қарасты әсері, қатынасының шынайы сипаты туралы өзі ойлап жетуі керек. Сөйлеушінің ойлаған сезімдері мен пікірлері үнемі дұрыс бола бермегендіктен қарым-қатынас барысы да, акпарат алысу да белгілі дәрежеде күрделене түседі.

   Сонымен, психологиялық кері байланыс - түлғааралык. коммуникацияның алғашқы ерекшелігі.

   Коммуникациялык кедергі туралы түсінік

   Коммуникация  барысында қарым-қатынасқа қатысушылардың мақсаты тек ақпарат алысу емес, сол ақпаратты қатынас серігіне мүмкіндігінше дүрыс қабылдап түсінгені. Коммуникатордан реципиентке түсетін мәлімдемелерді тұлғааралық коммуникацияның жеке мәселесі ретінде қарастырылады.

   1. Мәлімдеменің  құрылысы  мен мазмұны коммуникатордың жеке  тұлғалық  қасиеттеріне, оның реципиентке қалай қарайтынына, қарым-қатынас өтіп жатқан жағдайларға тәуелді болады.

   2. Коммуникатор     жіберген     мәлімдемелер     тұрлаусыз  болады:     олар    реципиенттің    жеке    психологиялық өзгешеліктеріне,   оның   сөйлеушіге,   сөз   мағынасына, қарым-қатынас жағдайына деген қатанасына орай өзгереді. Мысалы, бастығынан не ұлынан бірдей сөз естіген адам екі түрлі сезімге бөленеді. Бастығының сөзін ілтипатпен тыңдаса, ұлының дәл сондай сөзін ашумен қабылдайды. Мұғалімнің сөзін бір шәкірті насихат ретінде қабылдаса, екіншісі құлаққа ілмейді де. Бір телебағдарламаны әркім өз   саяси  көзқарасына,   мәдени  дәстүрлеріне,  рухани құндылықтарына қарай әртүрлі бағалайды.

   Ақпаратты дұрыс қабылдау неге байланысты, тәуелді? Негізгі себеп - қарым-қатынас процесінде коммуникациялық кедергілердің болуы не болмауы. Коммуникациялық кедергі - қатынас серіктері арасында дұрыс ақпарат беру жолындағы психологиялық тосқауылдар. Кедергі пайда болған кезде ақпараттың алғашқы мәні не өзгереді, не жоғалады, не мүлдем реципиентке жетпейді.

   Коммуникациялық кедергілердің түрлері: түсініспеушілік кедергісі, әлеуметтік-мәдени айырмашьшық кедергілері, қатынас кедергілері.

   Түсініспеушілік кедергілері: фонетикалық, семантикалық, стильдік, логикалық.

   Фонетикалық кедергі адамдар әр түрлі тілде, диалектте, не сақауланып сөйлегенде пайда болады. Сөйлеушінің тілі реңі жоқ,нтез  жаңылтпаш,    қажетсіз    сөздерге    толы    болған    кезде    де, түсініспеушілік кедергісі туындайды.

   Мысалы, орыс тілін білмейтін адам Ресейде, бірінің тілін бірі ұқпайтын жолаушылар түсініспеушілік кедергісіне тап болады. Мысалы, оңтүстік қазақтары "сым" дегенде шалбарды елестетсе, солтүстік қазақтары әлектр тоғы өткізгішін елестетеді. "Тамаша" әртістері осы психологиялық кедергілерді жиі пайдаланады.

   Бұндай  кедергілерді жою жолы - тілдің сапасын, жылдамдығын ретке келтіру, шешендік өнерді игеру.

   Семантикалық   кедергілер   жаргон   мәселесімен тығыз байланысты. Қарым-қатынасға қатысушылардың өзіндік шағын мәдениеттерінде    үғымдар   мен    құбылыстардың   ерекше    мән-мағынасы      болады.      "Сұлулық",      "борыш",       "тәртіптілік" құндылықтарын   әр   микротоп   әр   түрліше   қабылдап   түсінеді. Мысалы,   өміршіл   бастық   бағынушылардың   үндемей   көнгенін қаласа,    демократияшыл    жетекші    қол    астындағылардың    сөз еркіндігін қолдайды. Шашы үзын жігіттер хиппи арасында сұлу болып  саналса,   қазақ  ауылында  оларды  күлкіге айнадырады. Қарым-қатынас барысы нәтижелі болуы үшін өзгелердің семантикалық жүйесін түсінуге тырысу қажет. Әсіресе, бұл педагогтар, дәрігерлер, басқарушылар мен жарнама мамандарына аса керекгі қабілет. Олар адамдардың  "өз тілінде"  сөйлесе,  семантикалык тосқауылдарда, бірін бірі түсініспеушілікке жол бермейді.

   Тұлғааралық коммуникацияны нәтижесіз, тиімсіз  ететін кедергінің келесісі - стильдік тосқауыл. Стильдік кедергі -коммуникатор мен рециенттің тілдік стилдері бір-біріне не тілдің стилі қарым-қатынас жағдайға рециенттің көңіл-күйіне сәйкес келмеуі. Мысалы, балаларға, аспиранттарға лекция оқығанда бірдей тақырып болса да, екі түрлі тіл қажет болады. Қайғырып не қуанып тұрған адамға бір ақпарат әр түрлі мәнерде айтуға тура келеді. Коммуникатор неғүрлым сезімтал болса, реципиенттің ахуалын, қарым-қатынас жағдайын ұқыпты назарға алса, соғұрлым оның мәлімдемесі реципиентке дұрыс дәрежеде жетеді.

   Логикалық кедергілер - сөйлеуші мен тыңдаушының қабылдау логикасы, дәлелдеу жүйесі әртүрлі болғанда пайда болатын. Қоғамда логикалық жүйелер өте көп. Мысалы, балалар логикасы, әйелдер мен ерлер логикасы, басшы мен бағыныштылар логикасы, т.с. Кейде коммуникатордың дәлелдері реципиент үшін қиын да күрделі болса, кейде түсініксіз болады. Өз сөзін тындаушыға жеткізу үшін сөйлеуші дәл сол жағдайға сәйкес дәлелдерді пайдаланса, мақсатына жетеді.

   Әлеуметтік-мәдсни айырмалар кедергілері әлеуметтік, саяси, діни көзқарастарға, жынысына, жасына, мамандығына байланысты болады. Осындай жәйттерге қарым-қатынас барысындағы түсініктер мен ұғымдарды, сөилеушінің бейнесін қабылдау тәуелді. Мысалы, тындаушы жасы мен әлеуметтік статусы жоғары адамның сезін ешқандай кедергісіз қабылдаса, беделі төмен кісінің сөзін елемеуі мүмкін. "Мына қатын не деп былшылдап түр?" - әйелдің сөзі рас болса да оларды құрметтемейтін адамның, "Әкесі түрып бала сойлесе..." - жастардың ақыл-ойын менсінбейтін кісілердің пікірі емес пе?

Информация о работе Қарым-қатынас және оның қызметтері