Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 16:06, контрольная работа
Қарым-қатынас психологиясының пәні адамдардың қарым-қатынастары болып табылады. Сондықтан, қарым-қатынас психологиясы адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Қарым-қатынас психологиясы қамтитын сұрақтар: Адами қатынас деген не? Оның ерекшеліктері мен механизмдері қандай?
-Жеке адам белгілі бір топ мүшесі болған сәтте қандай өзгеріске ұшырайды, өзін қалай ұстайды? Неге оның мінез-құлқында өзгерістер пайда болады?
Қатынас кедергісі — коммуникаторды жақтырмайтындықтан оның мәлімдемесін де қарсы қабылдау, сенімсіздік сезімін туғызатын коммуникатордың сезіне күдікпен қарау.
Кез-келген психологиялық кедергі - ақпарат қабылдау жолында құрылатын реципиенттің өз-өзін қорғауы. Психологиялык, корғаныстың
- 1- жолы - ақпаратты дұрыс қабылдамау не бұрмалау, қарсы пікірлерге кеңіл бөлу;
- 2 - жолы - ақпараттың қайнар көзінің құнын төмендету;
- 3 - жолы - түсінбеу.
Мысалы, семіз адам өзін қалай қорғайды?
1 -семіздік денсаулыққа зиян деушілер қателеседі, семіз адам — мейірімді болады деген пікір дұрыс.
2
- семіріп кетіпсіз деген
3 -менің көршім менен де семіз ғой, бәле де болмай жүр.
Коммуникациядағы кедергі
Коммуникативтік кедергілердің себебі неде? Неге адамдар өзгенің ақпаратынан алшақтайды? Реципиентке арналған кез-келген ақпарат мазмұнының астарында оның төртібіне, ахуалына, сезімдеріне, пікірлеріне, талап-тілектеріне толық не жартылай өзгерту мақсатында ықпал етіледі. Бұл жағынан алғанда, коммуникациялық кедергі дегеніміз - ақпарат алмасу кезіндегі өзгенің психикалық ықпалынан психологиялық қорғану түрі.
Коммуникациялық ықпалдау шарттары мен түрлерін талдасақ, оның екі типін анықтаймыз. Коммуникатордың реципиентке жасаған әсерінің мақсаты мен құралдарына орай әміршіл және диалогтық коммуникация типтеріне бөлінеді.
Екі типтің айырмашылығы коммуникатордың ұстанымына, мәтіннің сипатына, коммуникациялық кеңістікке, кеңістіктің ұйымдастырылуына, бейсөздік тәртіпке орай анықталады.
Психологиялық ұстаным автордың коммуникациялық стилін белгілейді. Әкімшілдік ықпал етуде "жоғарыдан-төменге" үстанымы, диалогқа - "тепе-тең" ұстанымы жүзеге асады. "Жоғарыдан-төменге" ұстанымдағы коммуникатор үшін реципиент бағынышты халде болып, тек еріксіз тындап, коммуникатордың сөзін сынсыз қабылдауы керек. Осы бағыттағы коммуникатордың пайымдауынша, реципиенттің өз пікірі жоқ, бар болса да оны коммуникаторға қажетті бағытта өзгерте салады. "Тепе-тең" ұстанымда тындаушы коммуникатор жағынан қарым-қатынастың белсенді, өз пікірін қорғай алатын мүшесі ретінде қарастырылады.
Коммуникатордың сөздерінің мазмұнына, мәтінінің құрылысына қарай да реципиенттің ахуалы не тәуелділікке, не белсенділікке бағытталады. Әкімшіл коммуникация кезінде мәтіннің сипаты жалпылама, біржақты болып, текст авторының кезқарасы ғана дұрыс деп саналады. Мәтін тындаушыға емес, керісінше, тыңдаушы мәтінге бағынышты болады. Коммуникатор өз пікірін ашық түрде айтпайды, өзгелердің ойларына сілтеме жасай салады ("осындай көзқарас бар", "бұл белгілі жәйт", "әдеттегідей")-
Диалог кезінде коммуникатор өзіндік ой-пікірлерді жасырмайды, өз атынан сөйлейді, жалпылама сөздерден қашкақтайды. Мәтін қатып қалған аксиома емес, әртүрлі шешімі болатын белгілі бір мәселе ретінде көрсетіледі. Мәтін мазмұны тындаушыға бейімделіп дискуссиялық сипатта беріледі. Мәтін тындаушыларға бағытталғанын "Сіз-ұстанымы" дәлелдейді ("Сізге белгілі..", "Сіз қалай ойлайсыз...", "Бірге қарастырайық...")- •
Әкімшіл коммуникатор реципиенттерге дауыс бермейді, олар тек тындауы шарт (монофония - бір пікір-бір дауыс). Диалог коммуникациясы о бастан тындаушылардың мәселені талқылауға мүмкіндігі, құқығы бар екенін мойындайды.
Коммуникациялық кеңістікті ұйымдастырғанда әкімшіл түрінде реципиентер тек лекторды ғана көруге рұқсат, диалог коммуникациясы бойынша олар бірін-бірі және коммуникаторды көре алады.
Коммуникатордың қимылдары, ым-ишаралары әкімшіл жағдайда тындаушыларды басуға, бағындыруға арналған: мінберде тұрып сөйлеу, микрофонды, жұдырық пен сұқ саусақты, жабық позаларды пайдалану.
Бұған қарама-қарсы диалог коммуникациясы кезінде ашық қимылдар мен ым-ишаралар, еркін позалар жүзеге асады, коммуникатор реципиентпен бір деңгейде болып тең адамдар әңгімесін жүргізеді.
Бірақ, диалог коммуникациясы ең жақсы, ең заманауи, ең керекті деген жалған түсінік қалыптасуына жол бермеген жөн. Қажетті мезгілде әкімшіл коммуникациясы да тиімді бола алады. Мысалы, әскери, соғыс, төтенше жағдайларда әкімшіл ықпалы тез арада жеке адамдарды бір міндетті шешуге жүмылдырса да, олардың жеке тұлғалық қасиеттеріне, психикалық құрылысына (пікірлеріне, ұстанымдарына) қатты әсер етпейді. Диалог, керісінше, тындаушының тұлғалық құрылысына тікелей әсерін тигізіп, оларды өзгерте алады.
Қарым-қатынас барысындағы ақларат алысу деңгейлері
Тулғааралық коммуникацияның тағы да бір ерекше сипаты оның екі деңгейлі құрылымы. Қарым-қатынас барысында ақпарат алмасу сөздік және бейсөздік деңгейлерде өткізіледі.
Сөз деңгейінде ақпарат алысудың негізгі құралы — сөз, тіл болса, бейсөздік деңгейде сөзден басқа коммуникация белгілері қызмет көрсетеді.
Бейсөз тәсілдер адамның әмоциялық реакцияларының айнасы ретінде оның қарым-қатынас барысындағы көңіл-күйін түсінуі жәрдемдеседі. Қарым-қатынас кезінде олардың орны мен мәні өте биік "Коммуникация айсбергінің" көрінетін ұлы сөз болса, көзі көрінбейтін су астандағы негізгі бөлімі бейсөз әдіс-тәсілдер Қарым-қатынас серігі кері байланысты осы бейсөз жолдармен жүзеге асырады. Мысалы, сөзіне сенбей тұрсақ, серігіміздің бейсөз тәртібіне мән береміз. Ым-ишаралар адамның сөз астарында жатқан шынайы (жасырылған) ниеттерін анықтауға көмектеседі.
Бейсөз құралдарға оптикалық-кинестетикалық, пара және экстралингвистикалық, проксемикалық, визуалдық жуйелер жатады.
Кинесика - оптикалық-кинестетикалық жүйе, оны қолының (ишара - жест), белгінің (ым-мимика), денесіның (пантомимика) кимылдары құрайды. Арнайы зерттеулер нәтижесінде беттің 20000 қимылы анықталған екен. Сонда адам бетін үш салаға бөлеміз: қас пен көз, мұрын, ауыз және ерін, олардын қимылына байланысты адамның негізгі алты сезімін білдіруге болатыны анықталған.
Қуаныш
Ыза
Таңқалу
Жиіркену
Қорқыныш
Күлу
Мысалы, келіскенде не келіспегенде біз басымызды, ұрысқанда не мақтағанда қолымызды, амандасқанда не қоштасқанда денемізді басқаша қимылдатамыз. Қол қимылының жылдамдығы әр ұлт өкілдерінде әр түрлі келеді: бір сағатта финдер - 1, француздар — 20, италиялықтар — 80, мексикалықтар - 180 рет қимылдатады екен.
Соған карап та адамның қай мәдениетке жататынын белгілеуге болады.
Акустикалык, жүйеге паралингвистика және экстралингвистика жатады. Паралингвистика — бұл коммуникатор дауысының сапасы:ырғағы, қаттылығы, жылдамдығы, интонациясы, логикалық.
Экстралингвистика - бұл дауысының өзі емес, оның астарындағы құбылыстар: сөйлескендегі жөтел, күлкі, пауза, т.с.с. Сөз болмаса да бұлардың коммуникациялық мағынасы .Сондықтан, коммуникацияның акустикалық әдістерінің мәнін ашып білу, оларды тиімді пайдалану қарым-қатынас барысың нәтижелері.
Бейсөз жүйенің ішінде коммуникацияның кеңістігі мен орнын ұйымдастыру (проксемика — кеңістік психологиясы) да үлкен рөл атқарады. Бетпе-бет сөйлесушілер өз мақсатына тез жетеді, ал, адамның артынан бақырып-шақырған нәтижесіз қалуы мүмкін.
Адам адамға кеңістікте қандай жағдайда, қаншалықты қашықтыққа жақындай алады? Батыс мәдениеті, қазіргі күнде мәдениетінде де қабылданған нормалар төмендегідей.
0
- 45 - жақындық арақашықтық (
400 - 750 - қоғамдық арақашықтық (көсемдер, лекторлар және даушылар).
Кездейсоқ осы нормалар ескерілмесе, мазмұны мол әңгіме бұзылып кетуі ықтимал. Мысалы, бейтаныс адамды не жұмыстағы бастығымызды бас салып, құшақтап көріссек, дөрекі кісі болып саналмаймыз ба? Керісінше, туысымызбен әлде досымызбен сөйлессек — бұл салқынқанды қатынастардың белгісі болмақ па?
Кеңістік пен уақыттың әр түрлі үйлесімі күтпеген жерде керемет психологиялық құбылыстарға жол ашады. Мысалы, аурухана палатасы, вагон купесі, хронотроптары. Бір купедегі пассажирлер, бір палатадағы аурулар тар кеңістікте бір уақытта тығыз байланыста болғандықтан, ешкімге айтпаған жан сырларын біріне-бірі ақтарып салатыны - жантанушыларды қызықтыратын психологиялық құбылыс.
Бейсөз құралдар сөз коммуникациясына маңызды қосымша , түлғааралық қарым-қатынасты байытады. Олар сөз әсерін не күшейтіп, не әлсіретіп тұрады. Олар қарым-қатынасқа қатысушыларға бір-бірінің ниеттерін айқындауға, коммуникация барысының айқындалуына көмектеседі.
Жоғарыда айтылғанды қорытсақ, түлғааралық коммуникацияның ерекшеліктері, түрлері сөз болды. Тиімді коммуникацияның маңызды шарттары: нәтижелі кері байланыс, коммуникациялық ықпалдың қарым-қатынас міндеттеріне сәйкес болуы, коммуникациялық кедергілердің жоқтығы. Бейсөз қарым-қатынас-тиімді коммуникациялық алмасудың шарты екені даусыз.
Нәтижелі тұлғааралық коммуникацияның тағы бір психологиялық шарты - қарым-қатынас серіктерінің тиімді тыңдау техникасын меңгеруі. Бір қарағанда өзара жақсы "есту", "тыңдау ұғымдары қарым-қатынас кезінде мағынасының айырмасын білдіреді. Адамдар бірін бірі естіп тұрып тыңдамайды. Сондықтан, ғылыми тұрғыдан тиімді және тиімсіз тыңдау туралы айтуға әбден болады.
Тиімсіз тындаудың жәйттері:
-
сөйлеушінің сөзін, сезімін
- сөйлеушіде оны естімегендей түйсік туғызу,
- сөйлеушінің мәселесін өзіне ыңғайлап ауыстыру,
-
сөйлеушінің сөзін күлкіге
- талқыланған мәселенің дұрыс шешімін таба алмау,
- өзара түсініспеушілікті дамытпау,
- езара сенімділікті орнатпау.
Тиімді
тандау — бұл тындаушыдан тұрақты
зейінді, қызығушылықты, өзгенің мәселесін
беріліп қабылдауға дайындықты талап
ететін күрделі ерікті құбылыс. Тиімді
тындаудың екі түрі бар: рефлексиялық
және бейрефлексиялық.
Рефлексиялық
тыңдау сөйлеушіге тек эмоциялық
демеу емес, ол белгілі мәселені шешуге
араласқан кезде пайдаланылады. Бүндай
жағдайда тындаушы кері байланысты сөз
арқылы жеткізеді тындаушы әңгіме тақырыбы
бойынша ашық және жабық түрдегі сұрақтарды
қойады, сөйлемдерін мәнін анықтау үшін
қайталайды (парафраз), қорытады, туйіндейді.
Бейрефлсксиялық тыңдау. басқаша сөзбен айтсақ - зейінді үндемеу, сөз айтылмай тек бейсөз тәсілдерді (басты изеу, бет және көз қимылы) белсенді қодану арқылы сөйлеушіге жан дүниесін ақтаруға мүмкіндік беру. Зейінді үндемеу сөйлеуші мәселені айта бастағанда, ішкі толқуларын сыртқа шығаруға асыққанда өте орынды тәсіл. Бейсөз тәсілдерге кейде "иә", "е-ей", "а-а", не соңғы сөздерін қайталау ("айна"тәсілі) қосылады.
Қысқасы,
қарым-қатынас мақсатына жету
үшін тиімді тындау техникасын
игеру қажет.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПЕРЦЕПЦИЯЛЫҚ ЖАҒЫНЫҢ
СИПАТТАМАСЫ (қарым-қатынас адамдардың өзара тануы мен түсінуі ретінде)
Әлеуметтік перцепция туралы түсінік
Тұлғааралық қарым-қатынастың пайда болуы мен нәтижелі дамуын катысушылардың өзін-өзі және өзара түсінісуіне байланысты. ымдар бірін-бірі қалай, қай деңгейде қабылдайды, түсінеді,сезімдері мен қасиеттерін қалай бейнелейді, өзге арқылы өзін қалай таниды, қарым-қатынас барысы да, арақатынастары да соған байланысты. Сонымен, бір адамды екінші адамның қабылдауы қарым-қатынасдың міндетті құрамдас бөлігі ретінде шартты түрде қарым-қатынасдың перцепциялық жағы. болып аталады. Әлеуметтік перцепция - қарым-қатынас үрдісінде бірін-бірі өзін-өзі тану мен түсіну.