Қарым-қатынас және оның қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 16:06, контрольная работа

Описание

Қарым-қатынас психологиясының пәні адамдардың қарым-қатынастары болып табылады. Сондықтан, қарым-қатынас психологиясы адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Қарым-қатынас психологиясы қамтитын сұрақтар: Адами қатынас деген не? Оның ерекшеліктері мен механизмдері қандай?
-Жеке адам белгілі бір топ мүшесі болған сәтте қандай өзгеріске ұшырайды, өзін қалай ұстайды? Неге оның мінез-құлқында өзгерістер пайда болады?

Работа состоит из  1 файл

Қарым - қатынас.doc

— 199.00 Кб (Скачать документ)

   Өз тобының әлеуметтік стереотиптерін бойына сіңірген адам, үшін басқаны қабылдау үрдісі жеңілдейді. Өзгенің қай топқа, үлтқа жататындығын   анықтаған   кезде,   стереотиптер   белсенді   түрде болады. Жүріс-тұрысына қарап бірден бұл адамның қандай топқа   қатысы   бар   екендігін   анықтап   айта   аламыз.    Бірақ,стереотипті    басқаларды    тану    және   түсіну    құралы    ретінде пайдаланған  сәттерде  қателіктер  мен  бұрмалаушылықтарға  жол ашылады.

   Педагогтық  стереотиптер және олардың тәлім-тәрбиедегі рөлі туралы әңгіме қозғайық. Стереотиптеу нәтижесінде мұғалімнің санасында мұратты (идеал) оқушының бейнесі қалыптасады. Мұндай шәкірт ұстазының еңбегін жемісті және жеңіл етеді: жақсы оқиды, тәртіп бұзбайды, сөзді екі етпейді, құлақ салады. Осындай

оқушыларды  мұғалім сүйкімді адам ретінде де жоғары бағалайды.

   Ал,   керісінше,   жаман оқушы   мұғалімнің   ұнамсыз   сезімдерінің қайнар көзі болғандықтан нашар, жағымсыз, әдепсіз адам болып есептелінеді.

   Маңызды   жайт:   мұғалімдердің  үміттері   балалардың   нақты жетістіктерін айқындайды. Ұстаз өзі ғана өз стереотипінің құрбаны болып қоймай, балаға да кесірін тигізеді. Мұғалімнің сөзіне қарап оны өзін-өзі   де   дәл   солай   қабылдай   бастайды.   Әу бастан нашар",  "әлсіз",  "кабілетсіз"  атағына  ие  болған  бала өзін-өзі бағалап, кейде жек көруге дейін жетеді. Керісінше, жылы сезім, мақтау мен мадақты жиі еститін бала өз күшіне сеніп, үлкендердің үмітін ақтауға тырысады. Мұғалімнен шәкіртке жететін байланыс. Бернс айтуынша, "өзін-өз растайтын аян" болып шыға келеді.

   Зерттеулер көрсеткендей, баланың заты түгіл аты да мүғалімге ұнамаса, ол оқушының өзіндік бағасына әсер тигізеді екен. Мұғалімге есімі жағатын бала өзіне жылы сезіммен қарайды екен. Оындай стерео типтерді "күту стереотипі", "Пигмалион эффекті" деп атайды.

   Бұл стереотип мұғалімнің ұстанымдарында, үмітінде, қарым-қатынасында өз көрінісін табады.

   Жақсы оқушыларды жиі тақтаға шақырып, белсенді қолдап тұрады. Жаман оқушыға аз уақыт беріп, ым-ишара арқылы "сен не білуші едің" деп көрсетіп тұрады. Нақты уақытын ұстаз "нашар" оқушыға аз мөлшерде бөледі, бірақ санасында "күту стереотипі" ұялағандықтан "осыларға бар уақытымды сарп етсем де ештеме шықпайды" деп, шынымен уайымдайды.

   Жауапқа көмектесу де әртүрлі болады. Жақсы оқушыға мұғалім өзі байқамай көбірек жәрдем береді. Бірақ "жаман" шәкіртті сүйрмелеумен әлекпін деп санайды.

   Стереотипке байланысты жаман оқушыны жиі сынап таразыласа, жақсы оқушыны жиі мақтайды. Үлгерімі нашарға “тағы”да білмей тұрсың, "сен үнемі" жалпылама сөйлемдер дайын тұрады.

   Мысалы, әлсіз оқушыға мұғалім үлкен үміт артса."Күту стереотипі" жақсы нәтижеге де алып келеді.

   Осымен, біз әлеуметтік перцепцияны жан-жақты қарастырдық. Әлеуметтік тану процесінің маңызды функциясы - бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастырудың психологиялық негізі ретінде өзара түсінушілікті құру.

   Келесі  тарауда түлғааралық қарым-қатынас барысындағы өзара әрекет ұйымдастыру тәсілдерін қарастырамыз.

   юнері Інның.

   ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ИНТЕРАКЦИЯЛЫҚ ЖАҒЫНЫҢ

   СИПАТТАМАСЫ (қарым-қатынас барысында өзара әрекет ұйымдастыру)

   Қарым-қатынасдың интеракциялық жағы — бұл адамдардың қарм-қатынасының белсенді жағын білдіретін шартты ұғым.

   Қарым-қатынас барысында адамдар ақпарат алмасып қана, өзара түсінісіп қана қоймайды, олар іс-әрекеттерін жоспарлайды,  бір-бірімен   әрекет,    қимыл   алмасады,   өзара   әрекеттің   түрі    Мысалы ( нормаларын анықтайды). Бұл әрекетке бір сәтте көп адамдардың қатынасуы   әркім   өзінің   үлесін   қосуын   талап   етеді.   Бірлесіп әрекетте білім және идеялармен алмасу жеткіліксіз, жалпы әрекет ұйымдастыру, оны жоспарлау да аса маңызды. Ұйымдастыру мен жоспарлауда    жеке    адам    басында    пісіп    жетілген    ойларды басқаларды әрекетке жұмылдырудағы рөлі зор.

   Ендеше,   сөз   болатын   жайт   -   қарым-қатынас  серіктерінің   іс мақсаттары,   қарым-қатынасқа   қай   мотивпен   қатысатыны,   әрекеттің түрлерін таңдағанда қандай мотивті қолданатыны.

   Тұлғааралың өзара әрекет стратегияларының сипаттамасы

   Өзара  әрекет жасағанда адамдар әртүрлі мотивтерді  мақса тұтады. Солардың ішіндегі маңыздылары:

   -    кооперация, жалпы ұтысты көбейту,

   -    индивидуализм, өз  ұтысын көбейту,

   -    конкуренция, салыстырмалы  ұтысты көбейту,

   -   альтруизм, өзгенің  ұтысын көбейту,

   -    агрессия, езгенің  үтысын азайту,

   -    тепетеңдік, үтыстардың айырмашылықтарын азайту.                    ,

   Осы кестеге әлеуметтік өзара әрекетке түрткі болатың мотивті барлығын енгізе аламыз. Қарым-қатынастың құралдары, нәтижелері адамдардың қатынастары қатысушылардың мотивтерінің сипатына тәуелді.

   Мақсатына қарай тиімді және тиімсіз қарым-қатынасты ажыратуға болады. Адамдардың мақсаттары сәйкес келген жағдайда ортақтас) нәтижелі болмақ (кооперация). Ең ұтымсыз мотивтер -индивидуализм және агрессия, қарым-қатынас серігінің қызығушылығы мүлдем назарға алынбағандықтан оның да қорғану стратегиялары қоздырылады.

   Қарым-қатынасқа қатысушылардың бастапқы әлеуметтік мотивтеріне қарай олардың өзара әрекеттесу барысындағы бес негізгі стратегиясын белгілеуге болады.

   Қарсыласу стратегиясы, өз  ұтысын  көбейту мотивіне сәйкес. қана өзінің мақсатына бағытталып, өзгенің мақсатын есепке алмайды. "Саған емес, маған".

   Қашу стратегиясы, өзгенің ұтысын азайту мотивіне сәйкес шынайы өзара әрекеттен қашу, байланыстан бой тарту, өзгенің ұтысын азайту үшін өзінің де мақсатына жетпеу. "Саған де емес, маған да емес".

   Жолберу_стратегиясы, өзгенің ұтысын көбейту мотивіне сәйкес. Қарым-қатынас    серігі     мақсатына     жетуі     үшін     өз     мақсатын кұрбандыққа салу. "Саған, маған емес".

   Компромисс   стратегиясы,    ұтыстардың    айырмашылықтарын азайту мотивін жүзеге асырады. Шартты теңдік үшін қарым-қатынас серіктері өз мақсаттарына толық жетпейді. "Саған қанша болса, маған да сонша".

   Ынтымақтастық   стратегиясы,    кооперация    мен   бәсекелестік мотивтерін жүзеге асырады. Бірлескен әрекетке қатысушылардың әлеуметтік қажеттіліктерін толыққанды өтеу. "Барлығы саған да, маған да".

   Соңғы аталған стратегия өзара әрекеттің тиімділігі, қатысушылардың көңіл-күйі мен өзара қатынастары жағынан ең нәтижелі болып келеді. Сонымен қатар, бұл стратегия орындалуы жағынан ең қиыны. Ол қатысушылардан психологиялық біліктілікті, ұнамды психологиялық жағдайды, өзара түсінушілікті, құрметті талап етеді. Адамдарды ынтымақтастық тәртіпке үйретудің ең тиімді жолы — әлеуметтік-психологиялық ашықтар (тренингтер).

   Ынтымақтастық - педагогтық    ықпал    етудің  де  тиімді стратегиясы. Бұл жағдайда мұғалім баланы білім алуда өз мақсаты адам ретінде қарастырады. Өз мақсатынан бас тартпай тұрып баланың тұлғасын зорламай, бағындырмай, өз мақсатына қадағалап алғаны жөн. Ынтымақтастық стратегиясы ұстаздың сөзінен де,  іс-әрекетінен  де,  ым-ишарасынан да  көрініп  тұруы   керек. Шәкіртке сұрақ қойғанда, жауап алғанда, өз сезімдерін білдіргенде «мүғалімнің ішкі ұстанымы — шәкірттің көзқарастарын, тілектерін құрметпен қабылдауы айдан анық болуы шарт.

   Тұлгааралык өзара әрекеттің құрылымы

   Қарым-қатынас серіктерінің өзара әрекет алмасуының қай жақтары маңызды, қай жақтары қосымша рөл атқарады? Қарым-қатынастың интеракциялық жағын зерттеген ғалым Р. Бейлс оны сипаттаудың сызбасын жасаған. Оның пікірінше, тұлғааралық өзара әрекеттің категория арқылы сипаттауға болады.

Информация о работе Қарым-қатынас және оның қызметтері