Бала қиялдарын дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 11:36, курсовая работа

Описание

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2011 жылы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында.
Білім беруді жаңартуды жалғастыру қажет. Осыған байланысты Президент Үкіметке мынадай тапсырма берді:
 жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке өту тетіктерін әзірлеу;

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Ата –ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясы
мәселелері.
1.1. Қазақстандағы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметі.....................................6
1.2. Отбасынан тыс тәрбиеленетін баланың жеке тұлғалық ерекшеліктері.........11

Негізгі бөлім.
2. Ата- ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясын зерттеу.
2.1. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында баланы ортаға қалыптастыру.................21
2.2. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға психологиялық көмек
көрсету жолдары.................................................................................................22
Қорытынды...............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................

Работа состоит из  1 файл

КР Ата- ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясы.doc

— 253.00 Кб (Скачать документ)


Аннотация

 

ФИ-10-12К1 тобының студенті  А.Керімбайдың ғылыми  жұмысы кіріспеден, екі  бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспе бөлімі зерттеудің көкейкестілігінен, мақсаты, міндеті және зерттеудің ғылыми педагогикалық әдістерінен тұрады. 

1 бөлімде Ата –ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясы мәселелері. Қазақстандағы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметі және  отбасынан тыс тәрбиеленетін баланың жеке тұлғалық ерекшеліктері  туралы  қарастырылған.

2 бөлімде Ата- ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясын зерттеу.  Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға

арналған білім беру ұйымдарында баланы  ортаға қалыптастыру және   ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға психологиялық көмек  көрсету жолдары толығымен қарастырылған.

Қортытынды бөлімінде жалпы екі бөлімнің нәтижелері көрсетліген.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі – 39.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Ата –ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясы

    мәселелері.

1.1. Қазақстандағы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған

       балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметі.....................................6

1.2. Отбасынан тыс тәрбиеленетін баланың жеке тұлғалық ерекшеліктері.........11

 

Негізгі бөлім.

2. Ата- ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясын зерттеу.

2.1. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға

       арналған білім беру ұйымдарында баланы  ортаға қалыптастыру.................21

2.2. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға психологиялық көмек

       көрсету жолдары.................................................................................................22

Қорытынды...............................................................................................................25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  2011 жылы 28 қаңтардағы  Қазақстан халқына жолдауында.

Білім беруді жаңартуды жалғастыру қажет. Осыған байланысты Президент Үкіметке мынадай тапсырма берді:    

                    жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке өту тетіктерін әзірлеу;

                    білімнің сапасын көтеру және қол жетімділігін кеңейту үшін білім беруді қолдаудың жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу;

                    техникалық және жоғары білім беру деңгейі үшін Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіде ипотекалық құрылысты қазір іске асырылып жатқандай, соған балама жинақтау жүйесін әзірлеу;

                    бизнес қоғамдастығы мен жұмыс берушілер қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен кәсіптік-техникалық мамандар даярлау жөніде Ұлттық кеңес құру.

 Білім беру жүйесінің барлық жұмысы мынадай нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы тиіс:

Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиені қамту үлесі 2015 жылға қарай 74 пайызды, 2020 жылға қарай – 100 пайызды құрауы тиіс.

2020 жылға қарай білім берудің 12 жылдық үлгісіне толық көшу жүзеге асырылады. Бұл үшін 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаражаты есебінен және сол мөлшерде жергілікті бюджет есебінен кем дегенде 200 мектеп салынатын болады.

2015 жылға қарай білім беру ұйымдары электронды оқытуды пайдаланатын болады, ал 2020 жылға қарай олардың саны 90 пайызға дейін артады.

2020 жылға қарай халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық аккредитациядан өткен ЖОО-ның үлесі 30 пайызды құрайды.

Инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізетін жоғары оқу орындарының үлесі 5 пайызға дейін ұлғаяды. Кем дегенде 2 жоғары оқу орны үздік әлемдік университеттер рейтингісінде атап өтілетін болады.

- Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негізі болуы тиіс, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

2009 жылдың 1 қаңтарындағы ресми статистика мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында 46 126 жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, олардың 16 008-і жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде, 28 113-і отбасылардағы қамқорлық пен қорғаушылықта, 2005-і патронатта тәрбиеленуде.

Әлеуметтік жетімдік елеулі проблема болып отырғандықтан оны шешу мемлекеттік деңгейде қарастырылады. 2007 жылы желтоқсан айында қабылданған «Қазақстан балалары» бағдарламасы балаларды мемлекеттік қолдаудың тиімді кешенді жүйесін қалыптастыру мен жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға өмір-тіршіліктің оңтайлы ортасын жасау бойынша шаралар өткізуді көздейді.

Жетім балалалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларда аса маңызды әлеуметтік құрылым – отбасының ықпалы жетіспейді. Тәрбиеленушілер үшін балалар үйі – уақытша болатын жер, оқу аяқталғаннан соң балалар өздігінен өмір сүру үшін ашық әлеуметтік ортаға шығарылады. Тәрбиеленушілердің өмір жолдарының ойдағыдай болуы оларды балалар үйінің дербес өмірге қаншалықты дайындағанына байланысты. Жеткілікті өмірлік тәжірибесі жоқ, әдеттегі қамқорлық пен өмір салтынан айырылған бұрынғы тәрбиеленушілер дербес өмірге кірісуге дайын емес болып шығады.

Балалардың есеюі олардың ересектермен белсенді өзара әрекеттестігі жағдайында мүмкін болады. Сондықтан жетімдік өмір салтының ата-аналарының қамқолығынсыз қалған балалардың әлеметтенуі мен дербестену процесіне жағымсыз ықпал етуі, сондай- ақ ересектердің балаларға қатысты позицияларының қалыптасуына ықпал еткен қоғамдағы елеулі өзгерістер, міне бұлардың бәрі әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың тәрбиелік ықпалдарын оңтайландырудың мүмкіндіктері мен жеке тұлға қалыптасуының жаңа резервтерін іздестіру қажеттілігіне келеді.

Сонымен, зерттеудің көкейкестілігі бір жағынан, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бі- лім беру мекемелерінде балаға достастық ортаны қалыптастырудың тиімді технологияларын енгізудің объективтік қажеттілігімен, екінші жағынан мамандырылған мекемелердегі мұндай ортаның мазмұндық-технологиялық құрамдастарының жеткіліксіздігімен және әзірленбегендігімен анықталады. Осыны есепке ала отырып, зерттеу проблемасы мына түрде тұжырымдалады: жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаға достастық ортаны қалыптастыру технологияларының тиімділігін анықтайтын жағдайлар қандай?

«Жетім балалар мен ата-аналарының қамқолығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаға достастық ортаны қалыптастыру технологиялары» жобасы балалар үйлері тәрбиеленушілерінің өмір-тіршілігінің жағдайларын жақсартуға арналған.

Зерттеу мақсаты: жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаға достастық орта құру, қоршаған әлеуметтік ортаның жағымсыз ықпалына тұрақты, әлеуметтік табысты жеке тұлғаны дамытуда көмек көрсету.

Зерттеу міндеті: 1.Республиканың жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің балаға достастық орта құру жөніндегі қолда бар тәжірибелерін зерделеу.

2.Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелеріндегі балаға достастық ортаны құру жөніндегі қолда бар алдыңғы қатарлы тәжірибе туралы ақпарат жинастыру мен талдау.

Бұл оқу құралында балаға достастық орта қалыптастыратын факторлар көрініс тапқан. Әлеуметтік-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, жеке тұлғаның дамуы мен әлеуметтенуінде қиындықтардың туындау мәселелері зерттелді. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің неғұрлым барабар тәсілдерін іздестіруде балалардың өмір сүруінің қазіргі жағдайларына, олардың өздеріне және ағымдағы жағдаятқа, көзқарастарына көңіл бөлінді. Аталған мекемелер қызметкерлерінің тәжірибесі зерделенді. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беруге арналған мекемелердегі балаға достастық ортаны қалыптастыру бойынша зерттеу әдістері мен іс-тәжірибелік ұсынымдары берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Ата –ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясы  мәселелері.

1.1. Қазақстандағы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметі

 

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың проблемалары ғылым мен іс-тәжірибенің ең әр түрлі салаларындағы көптеген зерттеушілердің: дәрігерлердің, психологтардың, педагогтардың, философтардың, социологтардың назарын аударып келді және аударуда. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың проблемаларын зерттеуді төрт топқа бөлуге болады. Біріншіден, жеке алғандағы балалар үйінің нақты тәжірибесіне кешенді талдау жасауға арналған бірқатар жұмыстар пайда болды (Г. Ананьева, А. Андреева, Н. Анохина) [1, 2, 3].

Екіншіден, балалар үйлері тәрбиеленушілерінің психологиялық бейімделу проблемалары белсенді түрде зерделенуде. Шетелдік психологтардың арасында жабық үлгідегі мекеме жағдайларындағы баланың жеке тұлғасы дамуының проблемаларын, аналық жылу мен аялаушылықтың жоқтығы салдарларын жою мүмкіндіктерін А. Адлер, А. Фрейд, Й. Лангмейер, З. Матейчик зерттеді [4, 5, 6].

Үшіншіден, балалар үйі тәрбиеленушілерінің депривация про- блемаларына отандық зерттеушілер И.В. Ежовтың, Ю.А. Евдокимовтың, И.В. Дубровинаның, А.М. Прихожанның, Н.Н. Толстыхтың, Т. Войтенконың [7, 8, 9, 10, 11, 12] еңбектері арналды. Төртіншіден, жетім u1073 балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтену проблемаларын өз еңбектерінде И.С. Кон, Л.М. Шипицына зерттеді [13, 14].

Олар жетім баланың әсіресе, интернаттық мекемелердің көмегі арқылы өмірге бейімделетін әлеуметтік-эмоциялық саладағы дамуының өзіндік тетіктерінің қалыптасуын атап көрсетеді.

Мұнымен бірге балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің ересектік өмірге, балалар үйі қабырғаларынан тыс өмірге бейімделуіне байланысты көптеген зерттеулер жүргізілуде. Балаларды дербес өмір мен қызметке дайындаудың әлеуметтік-психологиялық қырлары И.С. Конның, А.В. Петровскийдің [13, 15] зерттеулерінде келтірілген. Жетім балаларды дербес өмірге дайындаудың бұл проблемасының педагогикалық қыры П.П. Блонскийдің, А.С. Макаренконың, В.А. Сухомлинскийдің еңбектерінен [16, 17, 18] көрініс тапты. И.Ф. Дементьеваның, Ю.А. Евдокимовтың еңбектерінде жетімдіктің алдағы ересектік өмір үшін әлеуметтік салдарлары қарастырылады [19, 8].

Жоғарыда санамаланған авторлардың еңбектеріне талдау жасау балаға достастық ортаны қалыптастыру проблемасының көп қырлы екенін және кешенді зерттеуді талап ететінін дәлелдейді. Алайда, аталған проблемаға арналған жарияланымдардың жеткілікті екеніне қарамастан балаға достастық ортаны қалыптастыру технологиялары балалар үйлері жұмысының тәжірибесіне жеткіліксіз енгізілген және зерттелген, бұл қосымша теориялық арнаулы еңбектер мен іс-тәжірибелік зерттеулерді талап етеді.

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаларды күтудің, қадағалаудың, бағудың, тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың ортақ міндеттері бар. Балалар үйі балаға отбасын қандай да бір мөлшерде алмастыруды көздейтін мемлекеттік әлеуметтік құрылым болып табылады. Отбасын алмастыратын әлеуметтік құрылым ретіндегі балалар үйі орындауы тиіс қызметтерді u1072 анықтау үшін отбасы орындайтын қызметтерді қарастырайық.

Социолог А.Г. Харчев [21] отбасының мынадай әлеуметтік қызметтерін бөліп көрсетеді:

• қалпына келтірушілік – жеке тұлғалық тұрғыда балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, биологиялық қалпына келтіру;

              • тәрбиелік – жас ұрпақты тәрбиелеп, әлеуметтендіру;

              • шаруашылық-тұрмыстық – қоғам мүшелерінің тән саулығын қолдау, отбасындағы балалар мен қартаң мүшелерді күту;

              • экономикалық-кәмелет жасына толмағандар мен отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелеріне қаржылық қолдау жасау;

              • бастапқы әлеуметтік бақылау – өмірлік қызметтің әр түрлі салаларында отбасы мүшелерінің мінез-құлықтарын моральдық жағынан реттеу, сондай-ақ жұбайлардың, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастағы жауапкершіліктер мен міндеттемелерді реттеу;

Информация о работе Бала қиялдарын дамыту жолдары