Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 11:36, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2011 жылы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында.
Білім беруді жаңартуды жалғастыру қажет. Осыған байланысты Президент Үкіметке мынадай тапсырма берді:
жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке өту тетіктерін әзірлеу;
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Ата –ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясы
мәселелері.
1.1. Қазақстандағы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметі.....................................6
1.2. Отбасынан тыс тәрбиеленетін баланың жеке тұлғалық ерекшеліктері.........11
Негізгі бөлім.
2. Ата- ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясын зерттеу.
2.1. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында баланы ортаға қалыптастыру.................21
2.2. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға психологиялық көмек
көрсету жолдары.................................................................................................22
Қорытынды...............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................
де жоқ және оларды қалыптастыруға тиісті дағдылар мен икемділіктерді бөліп алу соншалық оңайырақ болады.
Төменде келтірілген жасқа байланысты міндеттер мына авторлардың: Achenfach (1990), Wafaps, Sroufe (1983), Masfen, Braswell (1991), Selman (1980) және De Geks (1995) жарияланымдары негізінде тұжырымдалған.
4–12 жасар балаларға арналған жасқа байланысты міндеттер:
1. Басқалармен санаса білу – басқалардың мүдделерін есепке ала отырып іс-әрекеттерді жоспарлау және пайымдаулардың қалыптасуы:
1) сұрақ беру, құрдасымен кездесу туралы келісу, көмек өтіну, басқаға бөгет жасамау (4-6 жас);
2) өз іс-әрекеттерін басқалардың мүдделерін есепке ала отырып жоспарлау, кеңесе білу (6–8 жас);
3) өз пікірінің болуы, басқалардың пікірлерін есепке ала отырып пайымдаулар қалыптастыру, қарым-қатынастар жасау (8–10 жас);
4) басқалармен есептесу, басқаларға барабар жауап беру (10–12 жас). 2. Тәуелсіздік — тәрбиешілерге қатысты тәуелсіздіктің өсуі:
1) өзіне 1179 қызықты іс табу, дербестіліктің дамуы (4–6 жас);
2) өзіндік пікірінің болуы, басқалардың мүдделерін есепке алу, басқалармен есептесу (6–8 жас);
3) өз істерін өздігінше атқара алу, қиындықтар туған жағдайда ересектерден көмек беруді өтіну (8–10 жас);
4) өзінің бос уақытын қалауынша өткізу, өзінің бос уақытын жоспарлау (10–12);
3. Оқу — бастауыш мектепте қоғамда қызмет етуге қажетті икемділіктер мен бейімдер үшін:
1) сабақта басқа балалармен бірігіп жұмыс істеу және белсенділік таныту (4–6 жас);
2) бастауыш мектепте оқудың икемділіктері мен дағдыларына ие болу, білім алу (6–8 жас);
3) ынтамен оқу, білімді меңгеруге күшін, төзімін жұмсау, өздігінен оқи білу (10–12 жас).
4. Достық — құрдастарымен достық қарым-қатынастар орнату мен оны дамыту:
1) өзіне қарсы жыныс пен өз жынысы балаларының арасынан достар табу (4–6 жас);
2) достық қарым-қатынастар жасау, достаса, басқаның пікірімен есептесе, басқамен бөлісе, басқаға жаңашырлық көрсете білу (6–8 жас);
3) қақтығыстарды өздігінен шешу, тұрақты «үздік» досының болуы (8–10 жас);
4) достықты сақтау, балалармен және қыздармен достаса білу (10–12 жас).
5. Үйдегі міндеттер — үй шаруашылығын жүргізу үшін өзіне жауапкершіліктің бір бөлігін алу:
1) өз заттары мен ойыншықтарын жинастыру (4–6 жас);
2) үй шаруашылығына көмектесу, басқаларға қамқорлық жасау (6–8 жас);
3) үйдегі тұрақты міндеттерді, еңбек тапсырмаларын бөлу (8–12 жас). 6. Қарапайым инфрақұрылымдарды пайдалану — қоғамдық көлік, ақша жүйесі, қатынас-байланыс құралдары, бос уақытты өткізуге арналған құрал сияқты инфрақұрылымның негізгі құралдарын өздігінен пайдалана білу:
1) телевизорды, магнитофонды, ойнатқышты қосу мен ажырату (4–6 жас);
2) ақшаны, қоғамдық көлікті, телефонды пайдалану, ақшаның құнын білу (6–8 жас);
3) инфрақұрылымды пайдалануға қажетті дағдыларды меңгеру (10–12 жас).
7. Қауіпсіздік және денсаулық — өз қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін таңдау жасай білу:
1) көшеде абай болу, өзін қауіптілікке ұшыратпау, ересектермен қарым-қатынастарда абай болу (4–8 жас);
2) таңдау жасай білу (8–10 жас);
3) қауіптілік тұрғысынан алып қарағанда өз іс-әрекеттері мен өз мінез-құлқының мүмкін болатын салдарын көре білу (10–12 жас).
Жасөспірімдерге арналған жасқа байланысты міндеттер (13–21 жас):
1. Тәуелділіктен азат болу, өз еркіндігіне ие болу — ата-аналарына аз тәуелді болып және өзгеріп отыратын өзара қарым-қатынастар кезінде отбасындағы және құрдастарының арасындағы өз орнын анықтай білу:
1) жанжалсыз қарым-қатынастар құру, ата-аналарымен келісімге келу икемділігі (13–15 жас);
2) құрдастарымен және ата-аналарымен өз қарым-қатынастарын анықтау, проблемаларды жанжалдарсыз шеше білу (16–18 жас).
2. Денсаулық және сыртқы бейне — жасөспірім өзіне жақсы денсаулық жағдайы, сыртқы түр, жақсы тамақтану мен шамадан артық тәуекелге кез болмау жөнінде қамқорлық жасауы тиіс:
1) өз салмағын, дене жағдайы мен дамуын өздігінен қадағалау (13–15 жас);
2) салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден дер кезінде тыйылу (16–18 жас).
3. Бос уақыт — міндеттерден азат кездегі уақытты толыққанды өткізу, қызықты іс-шаралар ұйымдастыру:
1) бос уақыт үшін рақаттану әкелетін қажетті, пайдалы істерді таңдай білу (13–15 жас);
2) бос уақытты толыққанды өткізу (16–18 жас).
Әлеуметтік құзіреттілік жасқа байланысты міндеттер мен қажетті дағдылардың арасындағы тепе-теңдік жағдайы ретінде қарастырылады. Біз егер жеке адам күнделікті өмірде өзінің алдында тұрған міндеттерді іске асыру үшін жеткілікті дағдыларға ие болған кезде құзіреттіліктің бар екендігі туралы айтамыз. Егер жасқа байланысты міндеттер өте күрделі немесе өте көп болып кетсе немесе адам дағдылар мен икемділіктердің жеткіліксіз санын меңгерсе тепе-теңдіктің бұзылуы мүмкін — ол кезде адамның қызметі құзіретті болмайды.
Міндеттер — бұл адам қоғаммен күнделікті қатынасында соқтығысатын нәрселер.
Дағдылар — бұл нақты міндеттерді орындау үшін қажетті мінез-құлық формалары. Дағдылар адамға белгілі бір міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Адам когнитивтік, әлеуметтік және іс-тәжірибелік дағдыларды меңгереді.
Жасқа байланысты міндеттер мен қажетті дағдылардың арасындағы тепе-теңдікке оңды әсер етететін факторлар: икемділік және қорғаныстық қасиеттер.
Икемділік — бұл адамның оған тәуекел мен сәтсіздіктерге қарамастан ойдағыдай бейімделе білуге көмектесетін жеке қасиеттері.
Қорғаныстық қасиеттер — бұл жеке адамның айналасындағы оны тәуекелдер мен сәтсіздіктерден қорғайтын жайттар: жақын туыстарының қолдауы, жақсы қарым-қатынастар.
Тепе-теңдікке жағымсыз ықпал ете және бұза алатын факторлар: патология мен титықтау жағдаяттары.
Патология — аталған мәдениетте қабылданбаған, қорқынышпен, қайғы-қасіретпен, мұңмен немесе қиналумен қатар жүретін мінез-құлық үлгісі.
Титықтау жағдаяттары — адамның жол тауып шығуы қиын және оның қызметіне жағымсыз әсер ететін: сүйікті адамынан айырылу, ата-аналарының ажырасуы мен қайта некелесуі, созылмалы аурулар, табиғи зілзалалар мен апаттар жағдаяттары.
2. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясын зерттеу.
2.1. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында баланы ортаға қалыптастыру.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін авторлар сауалнамалар дайындады. Бұл үшін жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесін зерттеу жөніндегі ғылыми әдебиетке теориялық талдау жүргізілді: жекелеген балалар үйлерінің тәжірибесіне кешенді талдау жасауға, психикалық депривация, психологиялық бейімделу мен тәрбиеленушілердің әлеуметтенуіне жетім балаларға арналған мекемелердегі білім беру – тәрбиелеу процесін ұйымдастырудағы басқа да зерттеушілер (И.В. Ежов, Ю.А. Евдокимов, И.В. Дубровина, А.М. Прихожан, Н.Н. Толстых және
басқалар) көрсеткен кемшіліктер есепке алынды, зерттелетін проблеманың дайындамалық дәрежесінің заманауи жай-күйіне баға берілді.
Жетім балалар мен ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында балаға достастық орта құруға арналған бөліп көрсетілген параметрлер негізінде сауалнамалар құрастырылды. Сауалнамаларда жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі әлеуметтік-психологиялық ортаны зерттеудің негізгі категориялары көрініс тапқан.
Тәрбиеленушілерге арналған сауалнамаларда 4 негізгі сұрақ пен тәрбиеленушілердің өзін-өзі көкейтестілендіруі мен олардың ортаны қалыптастыруда дербестікке ұмтылуының ерекшеліктерін анықтау үшін психологиялық тесттер берілген.
Тәрбиешілер үшін 5 негізгі сұрақ және күйзелу және өмірлік қиын жағдаяттарды жеңудегі копинг-стратегиялардың ерекшеліктері бойынша тест ұсынылды.
Тәрбиешілерге арналған сауалнамаларда мыналар көрініс тапқан:
• тәрбиеленушілердің қажеттіліктер мен сұраныстарындағы үрдістер;
• жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі білім беру – тәрбиелеу процесін ұйымдастырудағы кемшіліктер;
• тәрбиеленушілердің мұндай мекемелерде болудан қашқақтауының себептері;
• бұл мекемелердегі білім беру – тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға енгізілуі қажет өзгерістер туралы ұсыныстар;
• бұл мекемелерде тәрбиеленушілердің психикалық дамуындағы ерекшеліктер;
• тәрбиелешілердің күйзелістік және өмірлік қиын жағдаяттарды жеңудегі стратегиялары (копинг-стратегиялар);
• жеке жұмыс тәжірибесі және тәрбиешілердің тәрбиеленушілермен өзара әрекеттестігінің сәтті тәсілдері.
Тәрбиеленушілерге арналған сауалнамаларда мыналар көрініс тапқан:
• тәрбиеленушілердің қажеттіліктері мен сұраныстарындағы үрдістер;
• жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі білім беру – тәрбиелеу процесін ұйымдастырудағы кемшіліктер;
• балалардың балалар үйлерінен қашуының ықтимал себептері;
• бұл мекемелердегі білім беру – тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға енгізілуі қажет өзгерістер ткралы ұсыныстар;
• тәрбиеленушілердің өзін-өзі көкейтестілендіруі мен олардың қолайлы орта жасау бойынша белсенді позицияға ұмтылу ерекшеліктері.
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында балаға достастық орта қалыптастыру технологияларын экпрерименттік зерттеу Алматыда (№2 балалар үйі және жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 3 «Жанұя» мектеп-интернаты), Таразда («Ұлан» балалық шақ үйі, Сарымолдаев атындағы балалар үйі), Қостанайда (Қостанай облыстық балалар үйі, Қостанайқаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған баспана), Семейде (№8 балалар үйі, «Подросток» балалар баспанасы), Атырауда (облыстық №1 мектеп-интернат, «Ақбота» балалар үйі) 2009 жылғы сәуір айынан маусым айына дейінгі аралықта өткізілді. Зерттеуге 7–17 жас аралындағы жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 507 бала мен бұл ұйымдардағы 86 тәрбиеші мен педагог қатысты.
2.2. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға психологиялық көмек көрсету жолдары
Психикалық зорлық балаларға қатыгездікпен қараудың ең кең тараған түрі болып табылады. Оны басқа қатыгездікпен қарау нысандарымен қатар жүретін құбылыс ретінде қарастырған жөн. Психикалық зорлықтың негізгі салдары интеллектуалдық дамуының тежелуі және баланың құштарлығының бұзылуы болып табылады. Бұл оның эмоционалды жақын қатынастар орнату мүмкіндігін шектейді. Б.Игленд пен М.Эриксонның зерттеулері жас шағында психикалық зорлыққа ұшыраған көптеген балалардың кейіннен қатыгездікпен қараудың басқа түрлерінің құрбанына айналатындығын көрсетті.
Д.Боулбидің құштарлық теориясына сәйкес, бала тұлғасының қалыпты дамуы үшін оның ең болмағанда бір ересек адамға деген құштарлығы болуы қажет. Бұл оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және оның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұған мұқият әрі мейірімді ересек адаммен қатынас жасау қажеттілігі жатады (тамаққа, ұйқыға, жылуға деген негізгі физиологиялық қажеттіліктерден басқа және физиологиялық қажеттіліктерден арылу).
Дені сау баланың эмоционалдық дамуы оның айналасындағы ересектердің, ең алдымен, ата-анасының, онымен қалай қатынас жасайтынымен және оған қалай қарайтынымен, сондай-ақ бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасайтынымен анықталады. Мұндай даму қоршаған адамдардың қамқорлығының, құштарлығы мен сүйіспеншілігін көрсетуінің арқасында бала өмірінің алғашқы күнінен басталады. Психикалық зорлық салдары бала жағымсыз әсерге неғұрлым ерте ұшыраса, соғұрлым ауыр болады. Ал психикалық зорлық бала дамуының сол жас кезеңінде дамитын психикалық функцияларын көп бұзады.
Балаларға көрсетілген психикалық (эмоционалдық) зорлық салдарынан қашып құтылу мүмкін емес, өйткені қатыгездікпен қараудың осы түрінен зардап шеккен балалардан қолайсыз ата-аналар шығады, олар дене зорлығын қолдана отырып және/немесе олардың негізгі қажеттіліктерін елемей өз балаларына қатыгездікпен қарайды, осылайша өз баласын сыйламайды және оларға қатысты инфантильдік танытады.
Психикалық (эмоционалдық) зорлық көрсету мынаған әкеліп соғуы мүмкін
түрлі соматикалық ауруларға
семіру;
дене салмағын күрт жоғалту;
гастрит;
асқазан жарасы;
тері аурулары;
демікпе;
аллергиялар және т.б.
Бала мінезінің патологиялық бітістерінің қалыптасуына
ескертулер мен сынды ауыр қабылдау;