Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 11:36, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2011 жылы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында.
Білім беруді жаңартуды жалғастыру қажет. Осыған байланысты Президент Үкіметке мынадай тапсырма берді:
жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке өту тетіктерін әзірлеу;
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Ата –ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясы
мәселелері.
1.1. Қазақстандағы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметі.....................................6
1.2. Отбасынан тыс тәрбиеленетін баланың жеке тұлғалық ерекшеліктері.........11
Негізгі бөлім.
2. Ата- ана қамқорлығынан айырылған балалар психологиясын зерттеу.
2.1. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында баланы ортаға қалыптастыру.................21
2.2. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға психологиялық көмек
көрсету жолдары.................................................................................................22
Қорытынды...............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................
Балалар үйлерінің жасөспірімдеріндегі бірқатар ерекшеліктер олардың айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынастарынан көрініс табады. Он жасқа жеткенде жасөспірімдерде олардың ересектермен, құрдастарымен бала үшін іс жүзіндегі пайдалылығына негізделген қатынастары орнайды, «жақындыққа тереңдемеу» қабілеттілігі, сезімдердің үстірттігі, моральдық арамтамақтық (нұсқау бойынша өмір сүру әдеті), өзінің зияндылығын, қажет еместігін ойлап, күйзелу қалыптасады.
Араласа білмеу мінез-құлықтың барабар емес ниеті түзулік немесе озбырлық (мысалы, барлығы үшін айналасындағыларды кінәлау, өз кінәсін мойындай алмауы мен оған ниет білдірмеуі және басқалары) сияқты қорғаныстық формаларының басымдыққа ие болуына себеп болады. Бір жағынан, балаларда ересек адамның назар аударуы мен достық пейілін, адамдық жылуды, мейірім мен оңды эмоциялық қарым-қатынастарды қажетсінуі артады, екінші жағынан бұл қажетсінуге толықтай қанағанттанбау байқалады: ересектер тарапынан балаларға аз көңіл бөлінуі, бұл қатынастарда жеке тұлғалық мәселелер сөз болуының аздығы, олардың эмоциялық жұтаңдығы мен негізінен мінез-құлықты тәртіптеуге бағытталған мазмұнды бір сарындылық, ересектердің жиі алмасуы. Ересектермен қарым-қатынастағы санамаланған ерекшеліктер балаларды біріншіден, толыққанды жеке тұлға қалыптасуының негізінде жатқан өзінің керектігін сезінудің маңыздылығынан, екіншіден, басқа адамның құндылығына тілектес болудан, адамдарға терең байланып-маталудан айырады.
Мектеп оқушылары мен балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің арасындағы айырмашылықтар басқа балалармен араласуда да байқалады. Балалар үйлерінде тұратын балалардың бәрі толып жатқан құрдастарына бейімделуге мәжбүр болады. Балалар санының көптігінде эмоциялық ширығуды, алаңдаушылықты, күшейіп келе жатқан озбырлықты жасайтын ерекше әлеуметтік-психологиялық жағдайлар жасырулы болады. Балалар үйіндегі өмір жағдайлары: балалар мен ересектердің арасында тәулік бойы болу, көңілсіздік, үй-жайларда оңаша болуға жеткілікті кеңістіктің жоқтығы; жеке заттары мен өз орнының жоқтығы оның жеке тұлғалық дамуына ықпал етеді,
өзін жеке тұлға ретінде сезінуін қиындатады.
Балалар үйіндегі балалар еріксізден ересектермен және құрдастарымен тұрақты қарым-қатынаста болатын жағдаят ерекшелігін есепке алатын болсақ, балалардан қарым-қатынас дағдыларын тиімді қалыптастыруды, ұжымдық міндеттерді шеше білуді, қақтығыстардан шығар жолдарды табуды күткендей боламыз. Алайда, балалар үйлері тәрбиеленушілерінің мектеп оқушыларымен
салыстырғанда ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынастағы жанжалдарды шешуде көбінде жолы бола бермейді. Балалар үйінің жасөспірімдерінде өзіндік сананың қалыптасуында да өз ерекшеліктері бар. А.М. Прихожан мен Н.Н. Толстых отбасында және отбасынан тыс өсіп келе жатқан жасөспірімдердегі «Мен» бейнесінің сипаттамасы бірқатар мәнді параметрлер бойынша ерекшеленеді деп есептейді: 1) өзінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне бейімделу (бұқаралық мектеп) – сыртқы ортаға бейімделу (мектеп-интернат); 2) «Мен» бейнесінің есейгендік, онымен байланысты өзіндік құндылықтар жүйесі бағытында қарқынды қалыптасуы (бұқаралық мектеп) –
«Мен» бейнесінің бұл жақтарының көрсетілген кезеңдерінің тұрақтылығы (мектеп-интернат); 3) жасөспірімдік сипаттамалардың айқын көрінуі (бұқаралық мектеп) – «Мен» бейнесінің кейбір жақтары дамуының жас сипаттамаларымен сәйкес келмеуі (мектеп-интернат).
Жасөспірімдік кезең оңашалану, дербестік үшін күреспен, бақылауды қабыл алмаумен және т.б. сипатталады. Алайда егер де мектеп оқушылары өздерінің дербестікке ұмтылуын, қамқорлық пен бақылау жасауға қарсы наразылығын ашық білдірсе, онда интернатта құндылықтар ретінде оған тура қарама-қарсы нәрсе бөлініп көрсетіледі – өзіне бақылау жасау қажеттігін мойындау «...интернаттағы мінез-құлқы ойдағыдан анағұрлым төмен жасөспірімдер өздеріне қамқорлық, бақылау қажет деп есептейді: бұқаралық мектептегі 10%-ға қарсы 70 %». Өмірді үнемі регламенттеу, дербес таңдауға немесе маңызды шешімдер қабылдауға қабілетсіздік тәрбиеленушілердің
өз өмірлерін өздігінен ұйымдастыру қажеттігін елеулі әлсіретеді, жұмыстар, уақытты бөлу аталған дағдыларды дамытпайды, бұл олардың балалар үйінен шыққаннан кейінгі әлеуметтік бейімделуін қиындатады.
Балалардың дербестігі дамуындағы кемшіліктерге олардың айналасындағы ересектердің тарапынан жасалатын аса қорғаншылық, шамадан тыс қамқорлық себеп болады деп есептеу қабылданған. Жас кезінен балалар үйінде тұрып келе жатқан балалар көбінде қорғаншылықтың жоқтығы, ересектермен қарым-қатынастардың тапшылығы жағдайдарында өседі. Оларды дербес болуға мәжбүрлейтін жағдайларда балалардан өзін-өзі ұйымдастыру, өз мінез-құлқын жоспарлау икемділіктері дамуының салыстырмалы түрдегі жоғары деңгейін күтуіміз керек еді. Алайда мінез-құлық еркіндігі дамуының бұл элементтері тәрбиеленушілерде олардың отбасындағы құрдастарымен салыстырғанда анағұрлым төменгі дәрежеде қалыптасқан. Балалар үйіндегі балалардың ересектермен шектеулі, көпшілік жағдайларда топтық қарым-қатынасы іс-жүзінде балаға дербестік бермейді, керісінше, оны қатаң күн режимімен, «қандай» да бір сәттерде ересектер үнемі жасайтын нұсқаулар, ересектер тарапынан жасалатын бақылаумен қатты шектеледі, сөйтіп қадам
басқан сайын бөтендердің нұсқауларын орындау әдеті қалыптасады. Отбасында тәрбиеленетін бала талап етулер мен бақылау жасаудың неғұрлым жұмсақтау жағдаятына тап болады, ересектермен бірге күрделі қызметке қатысады, жекелеген жұмыстарды орындауды ғана емес, жоспарлаудың, қызметті ұйымдастырудың, бақылаудың жеткілікті дәрежедегі күрделі бағдарламаларын меңгеруге де үйренеді.
Отбасында бұл күрделі қызметтік элементтердің бәрін меңгеру арнайы оқыту жағдаятында өтпейді, қызметтің алуан түрлерінің аясына табиғи түрде еніп кетеді. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қызметтің алуан түрлерінде ересектермен өзара әрекеттестіктің мұндай саналуандылығынан айырылған, осының нәтижесінде оларда мінез-құлықты ерікті түрде реттеудің, жоспарлау, өзіне өзі бақылау жасау, және т.б. сияқты басты элементтері жеткіліксіз қалыптасқан болып шығады.
Өзінің қазіргі жағдайын өткенмен және болашақпен салыстыра білу қабілеті – дамушы жеке тұлғаның өзіндік санасындағы аса маңызды оңды білім. Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің эмоциялық қолайсыздықтары, өткені, бүгінгі күні мен болашағына қатысты алаңдаушылық олардың санасына өзіндік із қалдырады.
Отбасы мен балалар үйлерінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің уақытша перспективасын кезінде А.М. Прихожан мен Н.Н. Толстых егер мектеп оқушылары үшін іске асуы жеткілікті дәрежеде алыс болашақпен (институтқа түсуге, отбасын құруға ұмтылу, кәсіптік қызметте табыстарға жетуге және т.б.) байланысты сарындардың көптігі сипатты нәрсе болса, онда тәрбиеленушілерде бүгінгі күннің немесе жуырдағы болашақтың сарындары (футбол ойнау, ертеңгі болатын бақылауды «4»-ке жазу және т.б.) басым болатынын, алыстағы перспектива сарындарының іс-жүзінде білдірілмегенін анықтайды.
Уақытша перспективаның маңызды жағы – болашақ кәсіп туралы түсінік. Мектепте ерте жасөспірімдік кезең бойында балалар таңдаған кәсіптер саны арта түседі: егер көптеген балалар дәстүрлі немесе беделді кәсіптерді көрсететін болса, онда бұдан кейінгі кезеңде әркім өз кәсібін таңдап алады және де олар сыныптағы жекелеген оқушыларда іс-жүзінде қайталанбайды. Балалар үйінде
керісінше көрініс байқалады: жас өскен сайын аталған кәсіптердің мазмұны тәрбиеленушілер жіберілетін техникумдар мен училищелерде оқытылатын мамандықтар төңірегіне шоғырлана бастайды. О.Н. Пуртованың мәліметтері бойынша мектептегі жасөспірім өзінің армандауларынан бас тарта отырып, өмірдің объективтік жағдайлары мен өзінің қабілеттіліктеріне неғұрлым сәйкес келетін кәсіпті таңдайды, кәсіптік өзін өзі анықтауға қажетті өзін өзі шектеуді
саналы түрде жүзеге асырады. Мұны балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін басқалар орындайды. Кәсіптік өзін өзі анықтау жеке тұлғалық өзін өзі анықтаудың құрамдас бөлігі болып табылатындықтан бұл жеке тұлға қалыптасуының бүкіл барысының қаншалықты қолайсыз ықпал ететіні түсінікті болады. Жеке тұлғалық өзін өзі анықтауда жеңсіктік сәйкестіктің қалыптасуы елеулі орын алады. Рөлдер жөніндегі қате қалыптасқан түсініктер тәрбиеленушілердің u1257 .з отбасын құру мен оны сақтауда елеулі қиындықтарды бастарынан өткізуге әкеп соғады. Олар отбасылық өмірде көбінесе бақытсыз болады, күйеуінің немесе әйелінің ата-аналық отбасына үлкен қиындықпен кіреді, жұбайымен толыққанды қатынастар орнатуға қабілетсіз болады. Оларда бастапқыда жақындық жылдам дамымай, олардың некелері берік болмай шығады .
Т.И. Юферева психологиялық жыныстың қалыптасуын зерделеуге арналған зерттеу жүргізді. Нәтижелер кәдімгі жасөспірімдерде еркек пен әйелдердің бейнелерінде отбасы туралы түсініктер көп орын алатынын көрсетті, оның үстіне бұл түсініктер толып жатқан оңды сипаттамалармен толықтырылған. Отбасында мектеп оқушылары еркектер мен әйелдерді неғұрлым жан-жақты бағалайды, олардың отбасы, ондағы өзара қатынастар туралы түсініктері толықтай өміршең және нақты мазмұнмен толықтырылған.
Балалар үйі тәрбиеленушілерінің отбасы туралы түсініктерінде еркек пен әйел бейнелері неғұрлым ұстамды орын алады, жұтаңдығымен, абстрактілігімен және жағымды сипаттамалардың сұлбалығымен және жағымсыз сипаттамалардың егжей-тегжейлілігімен, эмоцияға толы екендігімен ерекшеленеді.
Отбасындағы жасөспірімдерде әйел мен еркек бейнелерінде көп орынды отбасы туралы түсініктер алады, оның үстіне бұл түсініктер толып жатқан нақты сипаттамалармен толықтырылған. Адамдар өз отбасында әдете ата-аналық отбасының үлгісін қалпына келтіріп, мінез-құлықтарында тікелей немесе «керісіншіге дейінгі дәлдікпен» әке немесе ана ролін қайталайды. Психологтар ешқандай тәжірибе жоқтан гөрі, тіпті өте нашар болса да ертеректегі отбасылық тәжірибенің болғаны жақсы деп есептейді. Отбасылық
жағымсыз тәжірибе балаға сәйкестіктің даму процесінде одан бойын аулақ салуға және өзі жөнінде еркек ретінде немесе әйел ретінде «қарама-қайшылық» үлгісінің қағидаты бойынша өзіндік түсінік құруға мүмкіндік береді. Балалар үйіндегі өмір мұндай тәжірибені де бермейді, осының салдарынан шатастырылған, анықталмаған жеңсітік сәйкестілік туындайды.
Отбасы бағасының жоғарылығы тәрбиеленушілер үшін отбасындағы өзара қатынастарды, үй иесі бейнесін дәріптеушілікке жағдай жасайды. Олардың оңды үлгісі көмескі, нақты бөлшектермен толықтырылмаған. Мұнымен бір мезгілде күйеу, әйелі қандай қасиеттерге ие болмауы тиістігі туралы басқа – жағымсыз үлгі, нақты бейне де бар. Екі бейненің қақтығысы талаптардың қақтығыстық жүйесін туындатады, ол еркек немесе әйел ретінде өзі туралы барабар түсініктердің қалыптасуына жағымсыз әсер етеді және соңғы есепте психологиялық – жеңсіктік сәйкестік қалыптасуының қалыпты процесін бұрмалайды. А.М. Прихожан былай деп жазады: «жетім балалардың озбырлығы, айналасындағыларды айыптауға ұмтылысы, өз кінәсін мойындағысы келмеу және қолынан келмеуі, яғни қақтығыстық жағдаяттарда мінез-құлықтың қорғаныстық формаларының басым болуы мен осыған сәйкес қақтығысты сындарлы шешуге қабілетсіздігі бірден көзге түседі». Мойындаудағы қажетсінулерді іске асырудың мүмкін еместігі қызба әрекеттерге, жегідей жеген ширығу сезіміне, мазасыздануға, жанкештілікке әкеледі. Бұл балалардың мінез-құлқы ашуланшақтықпен ашу-ыза көріністерімен, агрессиямен, оқиғалармен өзара қатынастарға шамадан тыс жауап берумен, ренжігіштікпен, құрдастарымен қақтығыстарда ұрынумен, олармен қарым-қатынас жасай білмеуімен сипатталады.
Отбасынан тыс өсетін балаларды көбінде жеке тұлғаның қалыпты дамуы үшін соншалықты маңызды өз құныдылығы туралы түсінікті әлеуметтік бекіту тәсілдері жоқ болады. Аналық депривацияның салдарынан қалыптасатын Мен – тұжырымдамасы көп жағдайда оңды мазмұннан толықтай ажыраған болып шығады және ол сондықтан да өте әлсіз, өзін озбырлықтан басқа адамдарға деген дұшпандықтың көмегімен қорғайды.
Ағылшын психологы Р.Бернс былай деп жазады: «Жағымсыз Мен тұжырымдамасы мен тұйық, сезімсіз, озбыр жеке тұлғаның дамуы балада ата-аналарға ынтықтықты қалыптастырудағы сәтсіздіктердің салдары болып табылады деп ұйғаруға болады». Балада бәрінен бұрын сырттатылғандық, қараусыз қалғандық сезімі (бұл өмір шындығына сәйкес келмеуі де мүмкін) пайда болады, ол одан кейін жағымсыз Мен – тұжырымдаманың негізін құрады.
Бұл өз кезегінде адамдарға қатысты шиеленістің пайда болуымен нақты индивидті қабылдамауға әкеледі. Мұндай өзара әрекеттестік барысында өзіне өзінің, сондай-ақ басқа адамдармен жағымсыз қатынас күшейеді. Баладағы ересек адамның бейнесі жылулықпен де, сүйсіпеншілікпен де қауымдаспайды және де ол олардан осыған ұқсас әрекеттерді күтпейді де».
Әлеуметтік мойындауды қажетсіну жетекші қажеттіліктердің біріне айналады, ал оның жүйелі түрде қанағаттандырылмауы толыққанды еместіктің тұрақты кешені қалыптасуының көзіне және көптеген жеке тұлғалық жағымсыз құрылымдар пайда болуының себебіне айналады. Баланың әлеуметтік дамуындағы қиындықтар заңды түрде өз соңына жеке тұлғалық өзіндік сананың дамуындағы ауытқушылықтарды ертеді, баланың өзін өзі бағалауына, әлеуметтік ортамен қатынастарына ықпалын тигізеді.
А.М. Прихожан былай деп жазады: «Мекемелерде өсіп жатқан балалардан біз жеке тұлғалық құрылымдардың артта қалуын немесе дамымай қалғандығын ғана емес, балаға балалар үйіндегі өмірге бейімделуге мүмкіндік беретін қағидаттық жағынан кейбір басқа тетіктердің қарқынды қалыптасуын да бақылаймыз». Осылайша, отбасынан тыс тәрбиеленетін балалардың психикалық даму ерекшеліктерін зерделеу кезінде белгілі бір ерекшелік айқындалады. Оны А.М. Прихожан психикалық дамудағы артта қалу ретінде емес, «заманауи норма емес, ақыл-ой жағынан артта қалушылық емес, қандай
да бір психикалық паталогияның формасы емес», баланың отбасынан тыс дамуының ерекшелігімен байланысты жетімдер мекемелеріндегі депривациялық жағдайларға байланысты, психикалық дамуының мүлдем ерекше үлгісі ретінде түсіндіреді. Ол отбасындағы балалардан гөрі нашарлау немесе баяулау дегенді айтуға болмайды, ол бар болғаны басқаша ғана.
Соңғы жиырма жылдың ішінде Нидерландыда құзыреттілік моделі әзірленіп, сынақтан өткізілді. Әлеуметтік құзыреттілік моделі жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды оңалтумен диагностика бойынша жұмыс тәжірибесінде қолданылады.
Құзыреттілік туралы адам көмегімен күнделікті өмірде оның алдында тұрған міндеттерді барабар сипатта орындай алатын дағдылардың жеткілікті көлемін игерген кезін айтуға болады. Жасқа байланысты міндеттер – дамудың әрбір кезеңінде балалардың алдында жас ерекшеліктеріне байланысты тұратын міндеттер. Баланың алдында тұрған міндеттер нақтырақ аталған сайын әлеуметтік қызметкерге, психологқа, тәрбиешіге балалар ие болған, оларда әлі