Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 20:03, дипломная работа

Описание

ңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі - басқару. Басқаруға әлеуметтану тұрғысынан қарасақ, онда мән-мағынасы жөнінен оның үш компонентерінің бір-бірінен ажырата бөліп көрсетуге болады. Олардың біріншісі - мақсатқа бағытталған басқару ықпалы, бұл басқарудың негізін, яғни өзегін құрайды.

Работа состоит из  1 файл

Аға тәрбиешілерге арналған лауазымдық нұсқаулық.docx

— 742.02 Кб (Скачать документ)

«Тәрбиелі – тәртіптің  құлы, Тәртіпті – елдің ұлы»,- деген  Бауыржан Момышұлы. Оқушының бойына тәлімді  тәрбие беру бүгінгі ата-ана мен  мектеп мұғылімдері болып отыр. Жанұяның бала өмірінде алатын орны қандай болса, мектеп өмірі де оқушыға сондай асер етеді. Сол себепті оқушыға тәрбие беруде биылғы оқу жылында да мектебімізде бірнеше іс-шаралар атқарылды. Бүгінгі  таңда бала тәрбиелеу күрделі  мәселе болып отыр десек артық  болма. Заман дамыған сайын, оқушының ой-өрісі дамып, тез жетіліп жатыр  десек болады. Сол себепті оқушыға  заман талабына сай білім беру бүгінгі ұстаздың басты міндеті  болып табылмақ. Бала тәрбиелеу қиын іс. Оқушының бойына адамгершілікті, имандылықты, мадениеттілікті, даналық пен ізгілікті  бойына сіңіру мақсатында бірнеше тәрбие сағаттары мен мерекелік шаралар  жүргізілді. Осы орайда мектебіміздегі іс- шара «Тілдер мерекесі», «Денсаулық фестивалі» мерекесімен басталды. Тілдер мерекесіне орай арнайы өз алдына жоспар құрылып онкүндік мерекелік іс-шаралар  мен ашық сабақтар өткізілді. Тілдер мерекесіне орай ашық тәрбие сағатар  берілді. «Тіл тағдыры  - ел тағдары» деген тақырыпта сыныптан тыс жұыс жүргізіліп, оған басқа ауылдан келген мектеп мұғалімдері қатысып, жоғары баға берді. Бұл мерекелерден соң, «Қариялар күні» мерекесін атап өтік. Бұл мерекеде оқушылармыз, мұғалім Акпасова Л.Г мен Алдабергенов С.Р сияқты мұғалімдеріміз үлкен жауапкершілікпен қарап, концерттік бағдарлама ұсынылып, қартар арасында ұлтық ойындар ойнатылды. Қарияларымызбен бірге спорт мұғалімдері түрлі ойындар ойнатылды. Қарияларымызбен бірге спорт мұғалімдері түрлі ойындар ойнатып қол күрес, шахмат, тоғысқұмалақ т.б ойындар ойнатты. Белсенділік танытқан ата-әжелерімізге сыйлықтар таратылып, мақтау қағаздарын ұсындық. «ЖасҰлан» ұйымы осы мереке қарсаңында карт кісілердің үйіне барып, көмір отын ағаштарын жарып, үй маңын тазалау сияқты жұмыстар атқарып, үлкен кісілерге қолғабыс етіп, өз көмектерін аямады. Бұл шаралар оқушыларымызды қарт тариелеп жатты. Бұл мерекенден соң оқушылердың арасында «Өзін-өзі басқару орталығы» құрылып, мұғалімдер күнніне орай «Ұстазым! Мәңгі өшпес шырағым» атты тақырыпта мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынып, мектеп ішін тамаша жылы сөздермен құттықтаулар жазып, жоғары деңгейде безендіріп шықты. Тәрбие сағаттарының ішінде мазмұнды тарбие сағаттарының бірі- «Республикам – Ерікті ел Қазақстан!» тақырыбында өтті. Құрбан айт мерекесіне орай тәлімді де имандылыққа тарбиелейтін бірнеше тәрбие сағаттары откізілді. 11-сынып жетекшісі Жумагалиева А.Л өз сыныбымен осы тақырыпты кеңінен ашып, оқушылармен ой бөлісіп, оларды имандылыққа тәрбиелейді. Мектептегі аталмыш мерекелеріміздің бірі – «Желтоқсан, Тәуелсіздік егіз ұғым» атты тақырыпта өткен тәуелсіздік мерекесі болды. Сонымен қоса ғасыр індетіне айналып бара жатқан зиянды әдетердің бірі 1-Желтоқсан спид күніне қарсы күн болып саналғандықтан, «Спид-ғасыр індеті» тақырыбына жоғарғы 7-11 сыныптар арасында дөңгелек стол ұйымдастырылды өткізілді. Оқушылардың алдына «ЖҚТБ індеті» деген тақырыпта слайт жасалды. Сонда көрсетілген ақпараттарды негізгіге ала отырып, оқушылардың арасында «Зиянды әдетермен күресуге бола ма?» деген сұрақ төңірегінде дауыс беру арқылы, онымен күресуге болады деген түйін жасай келе, оның нақты жолдарын атап көрсетті. Онда оқушылардың өмірлік ұстанымы зиянды әдеттерге «жол жоқ» дегенді ұстанды. Биылғы оқу жылының ішіндегі оқушылардың Жаңа жыл мерекесі де айрықша аталып өтті. Себебі, мереке қарсаңына орай бастауыш сынып оқушыларының арасында, Жаңа Жыл мерекесіне орай Астана қаласынан «Наз» театры келіп, өздерінің Жаңа Жылдық мерекелік іс шараларымен оқушыларды бір қуантып тастады. Мектеп оқушыларының ішінде жетім: Сальманович Андрей, Шоқан Алмагүл, табысы аз жанұядан Даулетбекқызы Жұлдыз, Алип Ербағлан сынды оқушыларымыз Әкім шыршасына қатысып келді. «Қысқы пейзаж» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Оқушылардың тоқсандық демалыстарында арнайы жоспар құрып, мерекелік шаралар ұйымдастырылып отырды. Оқу жылының қаңтар, ақпан айларының ішінде оқушылардың арасында бірнеше тест жұмыстары жүргізілді. Тақырыбы: темекінің зиянды жақтары туралы, насыбай туралы не білесің, жасөспірімдерге арналған (6-7-8) сыныптарға арналған сұрақтар берілді. Тест сұрақтарының жауаптарына қарап оқушылардың не жайлы ақпаратты толық білетіндігі, не туралы білу керек екендігі анықталды.        

 Осы тест әдістері  көп көмегін тигізіп, оқушылардың  ашық әңгіме айтуына жол аштық.  Тест сұрақтарының тақырыптары әр түрлі болып отырды, оның ішінде қыз балаларға арналған, ер балаларға арналған, оқушы мен сынып жетекшінің арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын да тест сұрақтар болды. Мектебіміздегі ең үлкен мерекелік шараның бірі – 22 наурыз мерекесі. «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» тақырыбы бойынша ауыл болып, мектеп болып бұл шараны атап өттік. Онда оқушыларымыз тамаша көріністер дайындап, мұғалімдер бір топ, ауыл келіншектері бір топ, ауыл әжелері бір топ болып сайысқа қатысып, әжелер командасы 1-ші орынды: «Жаңа Жайнақ келіндері», 2-ші орынды: мектеп мұғалімдері, 3-ші орынды: ауыл әжелері иеленіп, сыйлықтар беріліп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Спорттық ойындардың бірнеше түрлерінен жарыстар өткізілді. Қол күрес, кір тасын көтеру, волейбол т.б. «Дарынның көктемгі әзілдері» тақырыбында КВН өткізілді. Биылғы оқу жылында «Құқықтық тәрбие» барысында бірнеше іс-шаралар атқарылды. Осы оқу жылының сәуір айының ішінде оқушылар мен ата-аналар арасында құқықтық тәрбие беру мақсатында конференция  өткізілді. Ол конференцияға арнайы аудан полиция қызметкері келіп қатысып, бүгінгі қоғамымыздағы ахуалды басты мәселелерді айтып, құқықтарымен таныстырды.        

 Мектебімізде  осы мерекелік шараға байланысты, яғни 9-Мамыр Жеңіс күніне орай  бірнеше іс-шаралар атқарылды.  Осы игі шаралардың ішіндегі  ең қызықты да тартымды өткені, Жеңіс күніне орай арнайы өткізілген  «Өжет» әскери патриоттық ойыны  болды. Бұл мерекеге оқушылар  үлкен дайындықпен ұзақ уақыттар  бойы дайындалды. Ойын жоғары  деңгейде өтті. Ойынды тамашалауға  ауылымыздың еңбек ардагерлері  қонақ ретінде арнайы  шақырылды. Ауылымыздың ардақты ақсақалдары, еңбек ардагерлері Алтынбек атаны, Рамазан атаны, Иван Яковлевичті, ақ жаулықты аналарымыз Рәш апаны, Кайнеш апаны, Рысты апаны, Зейнепия апларымызды 9-мамыр Жеңіс күнімен құттықтап, сый-құрметімізді аямадық. Мерекелік шараны алдымен 6-7 сынып қыздарымыз тамаша өлеңдер айтып, Жаңа Жайнақ ауылынан майданға аттанған, майданнан оралмаған, ұлы Жеңістің жолында қаза болған барлық соғыс ардагерлерінің атын атап, оларға «бір минуттық үнсіздік» жариялады. Мерекелік шараға 5-сынып оқушыларынан бастап  9-сынып оқушыларына дейін қатысты. 5-сынып оқушылары өз топтарын «Отан», 6-сынып өз топтарын «Сұңқар», 7-сынып өз топтарын «Айбын», 8-сынып  «Болашақ», 9-сынып өз топтарын «Атамекен» деп атап, соған байланысты саптық әуендер мен ұрандар айтып мерекелік шараның көркін келтірді. Әскери киімді, бойларына тік ұстап, «Отан», «Қазақстан», «Ұлы Жеңіс» деген т.б жалынды сөздерді айтып, ұрандап саппен кетіп бара жатқан ұл қыздарымыздың көркіне еңбек ардагерлеріміз бен ауыл тұрғындары сүйсіне қарады. Осы сыныптарға 10-11 сынып оқушылары басшылық жасап, отряд командирлері болды. Ойын барысы бірнеше әскери-сайыстардан тұрды. Әр топ дәлдікке  граната лақтырудан, жараланғандарды тасымалдап, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп сынға түсті, сонымен бірге «кедергілер жолымен жүгіру», қазақтың ұлттық ойыны «арқан тартыс» сияқты ойындары ойналды. Әскери патриоттық ойынның соңында марапаттау грамоталары әр команда мүшелеріне ауылымыздың еңбек ардагерлері тарту етті. Осы жерде осы Жеңіс күніне орай өткізілген мектепішілік «тенис», «тоғызқұмалақ», «дойбы» жарыстарының жеңімпаздары да марапатталды. Еліміздің ертені, мемлекетіміздің болашақ ұл-қыздарымыз еңбек ардагерлерінің қолын қысып, марапаттау қағаздарын ата-әжелерінің қолдарынан алғанына бір марқайып қалды. Сайыс нәтижесінің соңы: I-орынды: «Болашақ тобы», II-орынды: «Айбын тобы», III-орынды: «Атамекен тобы», IV-орынды: «Сұңқар тобы» иеленді. Бастауыш сыныптарының арасында «Мен соғысты жек көремін» тақырыбына сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларының тағы игі істердің бірі Отан алдындағы борыштарын өтеп келген өздерінің әкелері мен ағалары, нағашылары, аталары туралы альбом жасап, көрмеге қойылды. Болашақ жастарға тәрбие беруде, Ұлы Жеңісті үлгі етуде, нағыз елін сүйетін патриот болуға тәрбиелеуде мектеп ұстаздары, әскери жетекші Нұрлыбек Рахманбекұлы, тарих пәнінің мұғалімі Любовь Казезовна, Гүлжан Жамшитовна, Жапан Байқоныс, Рахат Сергейұлы сияқты мұғалімдеріміздің еңбегі зор десек болады.        

 Мектеп болып,  барлығы асыға күткен «Сыңғырла,  соңғы қоңырау» мерекесін атап  өттік. Мұнымен қоса «Бала –  біздің болашағымыз» тақырыбында  1-Маусым Балаларды  қорғау күніне орай мерекелік-концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды, ойындар ойнатылып, суреттер салып, оқушыларға сыйлықтар таратылды. Оқушылардың көңілінен шықты. Бүгінгі таңда біздің мектептің тәрбие беруде алдына қойған мақсат: Жалпы адамзаттық құңдылықтарды меңгерген, жан-жақты дамыған, экономикалық ойлау қабілеті қалыптасқан, заман ағымына сай ақпараттандырылған, бәсекеге лайық жан-жақты дамыған  тұлға қалыптастыруға жағдай жасау болып отыр. Ұйықтар алдына өткен күнде жасаған жақсы мен жаман қылықтарынды ой елегінен өткізбей, ұйықтаушы болма, оны сарапта деп үйреттік. Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен қағидасын ұстан деп тәрбие бердік. Тәрбиелеу – біздің, ата-ананың басты міндеті болып табылмақ. Оқушыларға тәрбие беруде, жыл бойы өткізілген іс-шараға сараптама жасай келсек, осы оқу жылының ішінде үлкен жауапкершілік танытып, оқушының бойына тыңғылықты тәрбие беруде сынып жетекшілер: Ахметова Г.Д, Жумагалиева А.Л, Акпасова Л.Г, Сыдыкова А.З, салауаттылыққа баулу барысында Жапан Б, Акпасов Р.С сынды мұғалімдерді атап өтуге болады. Оқушы алдымен ата-анаға қарап өссе, екінші анасы сынып жетекшісіне қарап бой түзейді. Сондықтан тәрбиеленушінің тәрбиешісіне қарап, ұқсап өсері сөзсіз. Тәрбиені бірлесе отырып, ұштастыра отырып меңгерту – біздің міндетіміз болып табылмақ. Сонымен бірге әр ұстаз бен тәрбиеленушінің де негізгі міндеттерінің бірі: бәсекеге қабілетті, өз пікірін нақты айғақтармен дәлелдейтін дарынды оқушыларды қоғамда өз орнын таба білу қасиетіне дағдыландыру керек екені, білім мен тәрбиені ұштастыру арқылы оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу біздің міндетіміз болып отыр. 

 

 

  

 

 

                                                       

 

 

 

Тәрбие  деңгейін көтеруде жоғарғы  тенденция бар.Оқушылардың жақсы тәрбие алуына

төмендегі факторлар  жақсы әсер етеді.          

-жанұя бірлігі;           

-өзін -өзі басқару  ұйымдарымен жұмыс жасау.           

- ұлттық дәстүр.   

 

ІІІ. Базалық және қосымша білім  беру деңгейінің қорытындысы 

 Оқыту және  білім беру мақсатында мектеп  алды даярлық, бастауыш, негізгі  және орта білім беру арасында  сабақтастық болу керек. Бұл  деген сөз МАДТ 1-сыныпқа, бастауыш  сынып өзінің түлектерін негізгі  буынға дайындауға тиіс екендігін  білдіреді. МАДТ тәрбиеленушілері  дыбыстау мен әріптерді біледі. Сыныптағы 11 оқушы, 1-ден 10-ға дейін  санауды тура және кері айта  біледі.  Тәрбиеленушілердің бейнелеу өнеріне, ән-күйге, еңбекке, дене шынықтыруға деген қызығушылықтары артты. МАДТ -мен бастауыш білім беру арасында сабақтастық бар екендігі байқалды. Оқу жылының соңында тәбиеленушілермен диагностикалық тексеру жүргізілді.

5-сынып оқушыларының  білімді игеруде қиындық туғызуы  сабақтастықтың

баяу екендігін  байқатты. Бейімделудің қиындығы соншалықты, көптеген балалар бастауыш мектепте алған білімдерін дәлелдей алмады. Ол жалпы білім беру мектебінің талаптарына  дайын еместігін көрсетеді.   

 Ауыл мектебінің  жағдайы білімі төмен оқушыларды  бөлек түзету сыныбына отырғызуға  мүмкіндік бермейді. Сондықтан, бұл  мәселе жыл бойы сабақ беретін  пән мұғалімдеріне жүктелген.

Алдағы оқу жылында  сабақтастықты дұрыс ұйымдастыру  мақсатында 4 сыныптың білім сапасын анықтауға 5-сыныпта сабақ беретін мұғалімдер қатыстырылып, оқушылардың білім деңгейін анықтау жүктеледі.

Біздің мектепте сабақтастықты жолға қою үшін төмендегідей жұмыстар

орындалу керек:

Ø МАДТ тәрбиешісі мемлекеттік стандарт бойынша тәрбиеленушілердің білім деңгейін талапқа сай дайындауы қажет.

Ø Бастауыш сынып мұғалімдері мемлекеттік стандарт бойынша базалық білім деңгейіне жетуі қажет.

Ø Алдағы оқу жылының 5-сыныбында сабақ беретін пән мұғалімдері наурыз, сәуір айларында 4-сыныптың сабақтарына қатысуы қажет.

Ø Мамыр айында оқу жылдамдығын және бақылау жұмыстарын алғанда ассистенттер болу керек.

Ø Болашақ 5-сынып жетекшісі тәрбие деңгейін анықтау үшін сынып         

 сағаттарына  және ата-аналар комитетімен танысу  үшін  ата-аналар         

 жиналысына қатысуы  керек.

Ø 4-сынып оқушыларының орта мектепке дайындығын анықтау.

Ø І тоқсанда педконсилиумда 5-сынып оқушыларының білім деңгейін сараптау.    

 Өткен оқу  жылында мектепте базалық білім  беруді орындау үшін ГОСО РК 2.3.4.01-2010 стандарты басшылыққа алынып,1-4 және 5-7 сынып бағдарламалары Алматы  қаласында 2007-2010 жылы шығарылған, 8-9, 10-11 сыныптар 2007-2010 жылы шығарылған  бағдарламаларды қолданды.   

 Білім берудің  сапасын арттыру үшін біздің  педұжым жаңа педагогикалық технологияларды  қолдануда. Көбіне «Сын тұрғысынан  ойлау» технологиясы қолданылады.  Бұл технологияны Қасымханова  З, Акпасова Л.К, Жумагалиева  А.Л, Ахметова Г.Д, Қабсамет  А. қолданады. Ал М.М. Жанпейісованың   «Модульдік технологиясын» Айкимбаева Қ.Б. қолданады. Өткен оқу жылы бойынша мектептің жұмыс жоспары толығымен орындалды.   

 

 

 

Пәндер бойынша  білім сапасының 2009-2011 ж. көрсеткіші мынадай:                           

 ҰБТ бойынша  орташа көрсеткіш                                                         

2009 жылы

Түлектер саны

Қатысқаны

Қатысу пайызы

Пән бойынша орташа ұпай

Мектеп бойынша орташа ұпай

Қазақ тілі

Орыс тілі

Математика

Қазақстан тарихы

Физика

Биология

География

Қазақ әдебиеті

10

10

100

18,7

15,3

7,4

17,5

9

10,5

17,6

17

58,9


 

                                                                    2010 жылы

Түлектер саны

Қатысқаны

Қатысу пайызы

Пән бойынша орташа ұпай

Мектеп бойынша орташа ұпай

Қазақ тілі

Орыс тілі

Математика

Қазақстан тарихы

Физика

Биология

География

Ағылшын

тілі

9

7

100

17,8

15,3

7,9

19,1

9

14

-

-

56,7


 

                                                                

 

 

  

 

 

                                                        2011 жылы

Түлектер саны

Қатысқаны

Қатысу пайызы

Пән бойынша орташа ұпай

Мектеп бойынша орташа ұпай

Қазақ тілі

Орыс тілі

Математика

Қазақстан тарихы

Физика

Биология

География

Қазақ әдебиеті

8

8

100

14,6

14,3

6,5

15,3

16

11

13

19

50,4


 

  

Былтырғы  оқу жылына  қарағанда  мектеп  бойынша  орташа  ұпай  8,5-ке  кем.                

          Ең  жоғарғы  көрсеткіш:         

           -Қазақстан  тарихынан-15,3   (мұғалімі:Акпасова  Л.К.)        

           -Қазақ  тілінен-14,6   (мұғалімі: Жұмагалиева   А.Л.)         

          -Орыс тілінен- 13,3  (мұғалімі: Айкимбаева  Қ.Б.)                                                                                                                              

 

 

                             Ең  төменгі  көрсеткіш:    

-Математика-6,5 (мұғалімі:Халхабай  Н )        

 «Мұғалім-мектептің  жүрегі».Ұстаз  міндетін саралайтын  осы даналық  ойдың  мәнін терең  ұғынған жөн. Ұлы ақындар  ұлтына жетекші болса,ал ұстаз  адам жанына  үңіліп  шәкірт  жүрегіндегі адамдық сезімді  оятады.     

Информация о работе Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы