Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 22:38, контрольная работа

Описание

1. Дүниетаным: адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі.

2. Адамдардың өмірлік позициясы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекеті.

3. Дүниетаным: жеке адамның табиғи және әлеуметтік
құбылыстарын түсіндіру туралы болжауы, ой тұжырымы.

Работа состоит из  1 файл

Оқушылардың ғылыми дүниетанымың қалыптастыру жолдары курстық жұмыс.doc

— 369.50 Кб (Скачать документ)

      Атеистік тәрбие және азаматтардың діни сенім бостандығы.

     Кеңестік дәуірдің алғашқы күнінен-ақ совет мектептерінде оқушылардың ғылыми диалектикалық-материалистік дүниеге көзқарасын калыптастыру, оқушының жеке басын жан-жақты дамыту жүйесінің елеулі бөлігіне айналды. Соның нәтижесінде дін мемлекеттен оқшауланады. Діни бірлестіктер таратылды. Кез келген дінді еркін ұстауға, оқып-үйренуге тиым салынды. Дінді ғылымға қайшы идеологиялық форма ретінде қарастырады. Оқу-тәрбие жуйесінде ғылыми-атеистік тәрбиені күшейтті.

     Ғылыми-атеистік тәрбиенің көздеген  негізгі мақсаты: оқушыларда нақтылы дүниенің объективті зандары жайындағы бірыңғай көзқарастар жүйесін қалыптастыру. Оның жалпы міндеттеріне:

  1. окушыларды ғылыми атеизм жайындағы білімдермен қаруландыру;
  2. діннің пайда болу және өмір сүру обьективтік себептерін түсіндіру;
  3. атеист болу үшін "құдай жоқ" деп сену жеткіліксіз, дүние жайлы дұрыс ғылыми көзқарас болу қажет деген қағиданы басшылыққа алу, арнаулы жұмыстарды атқару деп айтуға болады.

     Оқу пәндеріндегі білім беру мазмұндарымен танысу барысында адамдарды құдай жаратпағанын, керісінше қоршаған орта құбылыстарының әсерінен оны өздерінің ойлап тапқанын, жан-жануарлар мен өсімдіктердің өзгеруі әркезде олардың өмір жағдайына байланысты болатындығын, ғылыми білімдермен қаруланған адам баласы табиғатқа белсенді түрде ықпал жасай алатындығын оқып білді.

     Қазіргі кезде атеистік және  діни тәрбиесі біздің қоғамымыздың саяси-әлеуметтік және идеялық бірлігін нығайтуға, оның демократиялық және гуманистік табиғатын бекіге түсуге бағытталған іс-әрекеттермен тығыз байланыста. Қазақстан Республикасының "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер" туралы заңының 3 бабында бұл жайында былай дейді: "Қазақстан Республикасының, басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматығы жоқ адамдар жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген діңді еркін ұстауға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқылы, дінге деген, құдайға құлшылық жасауға, діни жобалар мен рәсімдерге, дінді оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезіңде қандай да бір күштем мәжбүр етуге жол берілмейді.

     Қазақстан Республикасының азаматтары дінге көзқарасына қарамастан экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өмірдің барлық салаларында заң алдында бірдей жауапты. Азаматтардың дінге көзқарасына қарай олардың құқықтарын тікелей немесе жанамалап шектеу немесе қандай да бір артықшылықтар белгілеу, немесе соған байланысты өшпенділік пен жек көрушілік туғазу, не азаматтардың сезімдерін жәбірлеу, сондай-ақ қайсы бір дінді ұстаушылар қадір тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлау Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады.

     Сол секідді осы заңның 5-бабы бойынша: "Республикада білім беру мен тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі діни бірлестіктерден бөлінген және дүниелік сипатта болады.

     Ата-аналар немесе олардың орныңдағы  адамдар балаларын өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуге қақылы, бірақ балаларды дінге баулуға мәжбүрлеу шараларына жол берілмейді. Діни пәндерді окыту ерікті негізде мемлекеттік емес оқу және тәрбие орындарында жүргізілуі мүмкін.

     Дінтану пәндері мемлекеттік оқу орындарының бағдарламаларына енгізлуі мүмкін - деген жолдары негізінде атеистік және діни тәрбиесіне катысты түсініктерімізді айқындауға мүмкіндік береді.

     Діни тәрбиесінің мәні қанымызға сіңген, жанымызға жұғымды, ой-санамызға нұрлы шуағын силап, серпіліп-жетіп ұлттық тәрбиеміздің басты бұлағы имандылыққа, парасаттылыққа жетелеу, ата бабамыздың қасиетті өсиеттерін бойымызға дарыту.

     Оны бүгінгі өмір талабымен, әлеуметтік-экономикалық жағдайымен байланыстыра отыра оқушының дүниетанымың жетілдіру жағдайыңда атқару қажет.

     Қоғамды қайта құру жүріп жатқан кезде барша адамды жақсы, ізгілікті қасиеттерге тәрбиелеуде діни ұғымдардағы имандылыққа, негізделген сүрелер мен өсиеттердің, дәстүрлердің маңызды бүгінгі ұрпақ пен келешек ұрпақты иманжүзділікке тәрбиелеуде ерекше озық мәнге ие болуда.

Өкінішке  орай, қоғамымызда кездесетін бюрократиялық, парақорлық, маскүнемдік пен бұзақылық, жезөкшелік, жершілдік, талан-таражға салушылық, алып-сатарлық тәрізді теріс көріністер мен жат қылықтар, жағымсыз қасиеттер адамдардың сенімдері мен қоғамның болашағына дұрыс көзқарастарын орнықтьіруда зиянын тигізбей коймайды.Сондықтан да, дүниетанымды қалыптастыруда аталған кемшіліктерді болдырмау, адамдардьщ өмір жағдайын жетілдіру,қоғамымыздың  саяси-әлеуметтік және экономикалык саласында оң өзгерістерге қол жеткізу,мектептің материалдық базасын нығайту оқу-тәрбие үрдісін қоғамның сұранысына сай үнемі дамытып отыруы белсенділікпен жүргізу қажеттілігі,бүгінгі өмір талабы. 

 Дүниетаным және оның құрамды бөліктері. 

     Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және оңдағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі, сонымен қатар осы көзқарастарға тәуелді адамдардың өмірлік позициясын, олардың сенімдері, мұраттары, таным және іс-әрекет принциптері, құндылық бағдарлары.

     Педагогика ғылымы оқушы тәрбиесінің мазмұнына енетін ғылыми дүниетанымды қалыптастыру мәселесін шешуде оның құрамды бөліктерін ажыратып қарайды. Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіліп жүр. Олар: ғылыми білім жүйесі; дүниетаным; сенім; адам мұраты.

     Білім объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім қалыптасудың және дүниетанымы дамуының үлкен тірегі. Міне, осының нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналады.

     Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы байымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әр түрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы, материалистер мұндай проблеманы ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал дін ілімінің өкілдері тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.

     Сенім терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізгі, шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыру.

     Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.

     Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесінде әр түрлі факторлар, мәселен, әлеуметтік және микро орта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы іс-әрекеттеріне әр түрлі ықпал жасайды.

     Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез-құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.

     Дүниетанымдық білімін оқушылар дене ақыл-ой күшінің дамуына, білім деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский "Әрбір сыныптан, ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек... Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың терендетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс", - деп жазды.

     Қандай дүниетанымдық ұғымды бастауыш, орта, жоғары мектеп жасындағы балалардың меңгеруі керек?

     Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүниетанымдық білімнің мазмұны, терендігі және оларды оқушыларға түсіндіру мемлекеттік оқу және тәрбие бағдарламаларында қарастырылған. Оларда оқушылардың жас ерекшеліктері және күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілеттері еске алынған.

     Бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғаттың құбылыста- 
ры, біздің еліміздегі, шетелдердегі қоғамдық және саяси өмір ту- 
ралы, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі 
оның іс-өрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін 
игереді. Оқыту және тәрбие барысында Отан, халықтуралы, ал- 
дыңғы қатардағы адамдардың дүние жүзі халықтарының 
бейбітшілік жөне бақыты үшін күресі туралы оқушылардың 
түсінігі қалыптасады.

     V-VІІІ сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымы жара- 
тылыстану, математика, физика және гуманитарлық пәндерді оқу 
барысында дамиды, сонымен бірге олардың көзқарасы қоғам- 
дық пайдалы және өнімді еңбек туралы қалыптасады, қүқықтық 
санасы, азаматтық жауапкершілігі тәрбиеленеді. Дүниетанымның 
қалыптасуы оқытудың өмірмен тығыз байланысы, оқушыларды 
еңбек іс-әрекетіне тарту, яғни бұл дидактикалық және тәрбиелік 
жағдайлардың бірі.

     Оқушылардың өмірлік жағдайларының қалыптасуы, әлеуметтік тұрмыс және адамгершілік қалып, олардың практикалық іс-әрекетіне үлкен ықпал жасайды. Өйткені осы ортада әрбір оқушы өмір сүреді, тіршілік етеді. Бұлардың бәрі оқушылардың еңбегін, қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Осындай тиімді істердің барысында олар-дың өмірлік төжірибесі артады, іскерлігі және дағдысы дамиды.

     Жоғары сынып оқушыларының табиғат және қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеңейеді, терендейді, диалектикалық ойлай білуі, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады. Олар жинақталған адамгершілік идеяға төселу үшін өздерінше жете түсінуге, шындықты іздеуге, өздеріне және басқа адамдарға жоғары талап қоюға, барлық істерде әділетті, адал болуға тырысады.

     Әр түрлі проблемаларды (саяси, әдеби, ғылыми т.б.) байымдау, талдау және оларға қорытынды жасауға саяси-идеялық, ғылыми-техникалық бағыттылықты басшылыққа алуды оқушыларға үйрету қажет.

     Дүниетанымды қалыптастыруда оқытылатын құбылыстар мен процестерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру керек. Мысалы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің даму себептері, бір түрдің жойылып кетуі, екіншісінің берік өмір сүруі көп жылдар бойы жұмбақ болып келді. Атақты ағылшын ғалымы табиғат зерттеушісі Ч.Дарвиннің табиғи сұрыптау теориясы олардың себептерін ғылыми негізде түсіндіреді.

     Жеке адамның дамуына және мінез-құлқында дүниетанымның ролін баса айта келіп, А.С.Макаренко біз мектептерімізден әр уақытта, өз өмірінің әрбір кезеңіңде өзінің бақыты үшін қобалжымай, дұрыс өлшем табатын, жігерлі, идеялы қоғам мүшелерін біріктіруіміз керек, — деді. Сондықтан ғылыми дүниетанымның қалыптасуы тұтас педагогикалық процестің барлық салаларына енуі керек. Оқыту және тәрбие жұмыстарының әр түрлі құралда-рын, әдістері мен тәсілдерін жинақы пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың ғылыми көзқарастары, сенімі және мұраты қалыптасады, табысты болады.

     Қай уақытта болмасын дүниенің жаралуы, табиғаттың түрлі құбылыстары туралы адамның өзіңдік көзқарасы, түсінігі болды. Кейбір табиғат құбылыстары тылсым жұмбақ болып көрінеді де, адам санасына елеулі әсер етеді. Адам тосын бір жағдайға кездессе немесе өзіне беймәлім нәрсе көрсе, көпшілік жағдайда оны ойға салып қорытындыламай, сезім жетегіне еріп кетеді. Табиғат құбылысының терең тылсымына үңілуде адамзат баласы талай-талай жолдардан өтті. Бай тәжірибе жинақтады. Дегенмен, адамның ақыл-ойы, өрісі жете бермейтін құбылыстар аз емес.

     Түрлі салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойындар т.б. халықтың рухани сезімін, адамгершілікті қасиетін, мінез-құлқың ғана қалыптастырып қоймай, дүниетанымын кеңейтіп, түрлі білімдер негізінен мағлұмат береді. Бізге келіп жеткен салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың өзінен қазақ халқының асқан даналығы мен ғажап зердесі табиғатқа деген адамгершілікті көзқарасы аңғарылады.

     Бірсыпыра ғалымдарымыздың (Гүзылхан А., Қалиев С, Оразаев М., Смаилов М., Сағындықов Е., Табылдиев Ә. т.б.) еңбектеріне сүйеніп, қазақ халқының танымдық мұрасының соншалықты молдығын қысқаша атап кеткен жөн.

     Қазақ халқының танымдық мұрасының молдығы кімді болса да таң калдырғандай. Қысқаша атап өтейік.

1. Ең  көне ескерткіш тас бетіне салынған сурет — пиктограммалар. Тіршілік үшін тылсым табиғат пен тіл табысқан көне замандағы бар білімі, таным түйсігі, зердесі, ақыл-парасаты белгі-бейнелер түрінде тас бетіне таңбаланған.

     Тастан қашалған тоғыз құмалақ тақтасының орны; адам маңдайының, мұрнының және екі алақанының, тізелері мен табандарының ойық ізі; жан-жануарлар, мал жетектеген адам бейнесі; т.б. олардың лайықты сандық мөлшерде бейнеленуі белгілі бір ойды білдіретін жазу екендігіне күмән жоқ.

2. Тас  бетіне белгібедер түсіру үшін арнайы құрал қажет. Мұның өзі өткен ұрпақтың тіршілігінің кең көлемді, терең білім негізіне құрылғаныньң айғағы.

Информация о работе Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні