Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 22:38, контрольная работа
1. Дүниетаным: адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі.
2. Адамдардың өмірлік позициясы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекеті.
3. Дүниетаным: жеке адамның табиғи және әлеуметтік
құбылыстарын түсіндіру туралы болжауы, ой тұжырымы.
Оқулықпен жұмыс өткізгеннен кейін тағы сұрақтар қойылады:
- Қандай құстар отырықшы? (торғай, қарға, сауысқан, шымшық)
- Сауысқанның
қандай пайдасы бар? (Ол зиянды жәндіктерді,
құрттарды, тышқандарды құртады). Ол кейде
жұмртқаны жарып, балапанды жейді.
- Қане, мына өлең жолдарын жалғастырып қарандаршы:
Ала қаңат ... (сауысқан)
Қалдықты жеп ... (тауысқан)
б) Қорытынды әңгімелесудің мақсаты - алған білімді жинақтап, жүйеге келтіру, оқушыларды белгілі қортындылар жасап жинақтауға тарту.
- Балалар
біз бүгін сабағымызда құстардың қысқы
тіршілігі туралы әңгіме қозғадың. Сабағымызды
қоры тындылау мақсатында «құстарға жем
шашайық» ойынын ойнаймыз. Егер құстың
артындағы сұраққа жауап
берсек, құстарды жем салғышқа орналастырамыз:
а) қыстап қалатын құстарды ата?
ә) құстардың қандай пайдасы бар?
б) орман дәрігері қандай құс?
в) қар астынды ұйықтайтын құстарды ата? (шіл, құр)
г) құстар туралы қандай мақал білесің?
д) құстар туралы тақпақ білесің бе?
е) үй құстарының қандай пайдасы бар?
Олардың
қысқы тіршілігі туралы айт.
Әңгіме — бұл нақтылы материалды жүйелі баяндау немесе табиғи объектінің не табиғат құбылыстарының біреуін сипаттау. Мұғалімдер көбінесе материал оқушыларға онша таныс болмаған жағдайда әңгімені қолданады. Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың материалмен ретті, жүйелі түрде танысуына мүмкіндік береді, оларды дұрыс және логикалық ойлауға үйретеді.
Әңгіме ғылыми жағынан дұрыс болу керек. Мұғалім балаларға қандай болмасын бір білім туралы айтқанға дейін оқулықта жазылғандарды талдап және толықтырып, мағлұматтардың дұрыстығын оқулыққа сәйкес келетін анықтама кітабынан алдын ала қарап, тексеріп алады.
Әңгіме балалар түсінігіне жеңіл де, қарапайым болуы керек. Мұғалім балалармен сөйлесу арқылы тілдің барынша қарапайым және түсінуге жеңіл болуын қамтамасыз етеді, егер мұғалім материалды нақтылы түсінбесе, онда ол білімді оқушылардың санасына толық жеткізе алмайды.
Әңгіме айқын, көркем, сезімге әсер ететіндей болуы керек. Әсерлі әңгімені балалар жақсы түсінеді, есінде ұзақ уақыт сақтайды.
Сабаққа дайындалғанда мұғалім қажымай-талмай өз бетінше ұзақ іздену керек, көркем шығармалардан үзінді оқуды қосу керек.
Әңгіме міндетті түрде көрнекі құралдарды: суреттер, макеттер, кестелер, компьютерлік технология пайдалану арқылы жүргізіледі.
Әңгімені тәжірибемен қатар жүргізуге немесе тәжірибені алдын ала көрсетуге де болады.
Әңгіменің ұзақтығы І-ІІ сыныптарда 8-10 минут, ІІІ-ІV сыныптарда 10-15 минут.
Егер оқушыларды оқулықта жоқ көлемді оқу материалымен таныстыру қажет болса, онда оны бөлімдерге бөлу керек. Бірінші бөлім біткеннен кейін, өз бетінше жұмыс істеуге немесе суреттерді қарауға, ол туралы әңгіме етуге, тәжірибе жасауға көшіру керек.
Екінші бөлімнен кейін суреттер бойынша жұмыс жасауға немесе әңгімені компьютерден оқуға болады, содан кейін әңгіменің ең соңғы қорытынды бөліміне көшеді.
Әңгімені артық, керексіз материалдармен ауырлатуға болмайды, негізгі мазмұны ашылуы тиіс. Әңгімеде қолданған барлық географиялық атауларды оқушылар картадан көрсетеді. Әңгіме қарқыны, нашар оқитын оқушыда оның мазмұнын түсіне алатындай болуы керек. Өте шапшаң айтылған әңгіме қажытады, өте баяу баяндаса ұйқы келтіреді. Сондықтан да мұғалім сөйлеген сөзінің белгілі бір мөлшерде, бірақ бір сарында болмай, белгілі бір қарқында айтылуы тиіс. Әңгіме барысында көрнекілік құралдар пайданыланып, карта, кестелер, картиналар, кинофильмдер, диафильмдер көрсетіледі және талдау жасалады. Көрнекі құралдардың әңгімеде пайдалану орнын ойластыру керек.
Мұғалім әңгімеге тиянақты даярлану керек: әңгіменің сабақтағы орнын анықтайды, мақсаты мен тақырыптарын белгілейді, баяндалуға тиісті мәселе мазмұнының өзіне қаншалықты түсінікті екенін тексереді; оқытылуға тиісті мәселелер бойынша өзінің түсінігін кеңейтетін қосымша әдебиет оқиды; әңгімеде пайдалану үшін көркем әдебиеттер, үзінділер іріктеп алады; әңгіменің жеке көріністерін иллюстрациялау үшін қажетті көрнекі құралдарды белгілеп тауып алады; әңгіменің жоспары мен конспектісін жасайды.
Сабақтың мақсатына байланысты әңгіме
түрлі-түрлі болады. Көбіне сипаттау әңгімесі
пайдаланылады. Сипаттауды көркем және
ғылыми көпшілікке арналған әдебиеттерді
пайдалану кезінде құруға болады.
Ұғымдар.
Жұмыстың келесі кезеңі - балаларда белгілі бір ұғымдардың қалыптасуы. Оқушылардың айқын және дәл түсініктерінің болуы бұл ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ұғымның белгілі бір мазмұны мен көлемі болады. Ұғымның мазмұнына заттың немесе табиғат құбылысының оны басқалардан ажырытатын маңызды белгілері кіреді. Мысалы, бұта, ағаш, жапырақты ағаштар, қылқан жапырақты ағаштар т.б.
Дүниетану сабақтарында ұғымның екі түрімен - географиялық және биологиялық түрлерімен танысамыз. Географиялық ұғымдарға жеке және жалпы ұғымдар; Биологиялық ұғымдарға түр және туыс ұғымдар жатады. Жеке географиялық ұғымдар - Жайық, Астана, Алтай сияқтылар. Жалпы ұғымдар - өзен, қала, тау.
Жалпы ұғымдар терминдермен, ал жеке ұғымдар атаулармен немесе жеке есімдермен айтылады.
Биологиялық түр ұғымдары: қоян, шырша, көктеке. Биологиялық туыс ұғымдары жануар, қылқан жапырақты өсімдік, құстар.
Туыс (биологиялық немесе жалпылама географиялық) ұғымдарының барлық маңызды белгілері әрбір жеке объектіге, яғни жеке немесе түр ұғымына да қатысты. Бірақ әрбір объект маңызды туыстың немесе жалпы белгілерден басқа, оларды жеке ұғымға жатқызатын өзіндік дербес қасиеттерге де ие болады. Мысалы, Жайық өзенінің кез келген басқа өзендер сияқты жалпы белгілері; бастауы, арнасы, оң және сол жағалары, салалары, сағасы бар. Жайықтың жеке белгілеріне мыналар жатады: бастауы Орал тауында жатыр, Шағанның құяр жерінде Орал қаласы түр,өзеннің сағасы Каспий көл-теңізі.
Жұмыс кезінде балалардың назарын жеке географиялық ұғымның жалпы ұғыммен, түр ұғымының туыс ұғымымен (қасқыр-жануар; қайын-ағаш; Орал-қала) байланысына аударып отыру қажет.
I сыныптан бастап оқушылар туыс ұғымын да, түр ұғымында игереді. Олар өсімдіктер, аңдар, малдар, құстар, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, бунақденелілер, ұғымдарымен танысқанда қайың, арқар, суыр, дуадақ, сазан, бақа, жылан, шыбын сияқты түр ұғымдарына қарағанда анағұрлым кең туыс ұғымдары туралы білім алады.
Оқушылар биологиялық
Мұғалім оқушыларға картадан тауларды табуды ұсынады да, соның арқасында « тау » туралы жалпы түсінікті баянды еткендей болады. Осыдан кейін Қазақстан картасынан Алтай, Тянь-Шань, Іле Алатау т. б. тауларды көрсетіп және олар туралы әңгімелей отырып, мұғалім оқушылардың бір таудан екінші таудың айрықша ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастырады, жеке ұғымдардың қасиеттерін ашады.
Ұғымның мазмұнын дәл ашуды анықтама деп атайды. Кез келген ұғым сөзбен айтылады, ұғымға байланысты жұмыс әрқашанда балалардың сөздік қорын молайтумен ұштасып отыруы тиіс.
Оқушылардың санасындағы ұғым
кеңейіп және тереңдеп отыру
үшін мұғалім сабақта бір
I сыныпта мұғалім әр түрлі жануарлар орманда қысты қалай өткізетінін айта келе, бұл жануарлардың қысқа қалай дайындалғанын еске түсіруді ұсынады. Күзде аңдар қалай тіршілік етеді?
- Борсық күзде қоңыздарды, шөп тамырларын жеп семіреді, ін қазып қысқы ұйқыға дайындалады. Тиын шыршаның бүрін жеп, жинап, қысқы азық дайындап жүр. Аю жидек жеп семіреді, апанына жапырақ төсеп, ұйқыға дайындалады. Тышқандар дән жинап, қысқа азық дайындайды. Ақкіс пен қоян азық жинамайды Күзге күн ауытқанда ақкіс пен қоян сүр тонын тастап ақ тон киеді.
- Неліктен борсық пен аю қысқа азық жинамайды?
- Неліктен түлкі мен қасқыр да күзге қор жинамайды?
- Жануарлардың
қайсылары тамақ қорын жинайды?
Осы және осы сияқты сұрақтарға жауап
әр түрлі жануарлардың тіршілік жағдайына
бейімделуі туралы оқушылардың ұғымын
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сабақта дүниетану түсініктері мен ұғымдарын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері.
Сабақта жұмыстың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін қолдану балалардың бұрыннан бар түсініктерін пайдалану, түрліше көрнекі құралдар қолдану мұғалімге жалпы дүниетану ұғымдарын қалыптастыруға көмегін тигізеді. Ұғымдардың қалыптасуына мұғалімнің баяндауының, белгілі жүйеде көрнекіліктің үлкен маңызы бар: Балалар көрнекі құралдарды көріп қабылдаудан қорытуға, яғни ұғым құруға оңай дағдыланады.
Балалардың бақылаулары, көрген фильмі, талқылаған картиналары немесе компьютерден алған білімдері бағдарламалық материалдарды саналы түрде теруіне көмектеседі. Ал осы саналы түрде игеру негізінде балалардың дұрыс дүниетану үғамдары қалыптасады.
Дүниетану сабақтарында сарамандық жұмыстар, тәжірибелер мен табиғаттағы бақылауларға сүйене отырып, балалардың кеңістік жайлы түсініктері мен қарапайым ұғымдарын (көкжиек, көкжиек сызығы, бағдарлау, жазықтар, пайдалы қазбалар) қалыптастырады.
Мысалы, 4 сыныпта «Табиғаттағы су айналымы» тақырыбы бойынша тәжірибе өткізуді қарастырайық:
Мұғалім 240-300 см3 көлемі бар химиялық стаканның түбіне қалыңдығы шамамен 3 см болатын құм сеуіп, бүкіл құм суға бататындай мөлшерде су құяды. Стаканның үстіне қар (2/3) мен тұздың (1/3) қоспасы бар тәрелке немесе буландыруға арналған табақша қояды. Стаканды жалынмен аралыққа асбесті төсеніш салып, спирт шамымен қыздырады. Су қайнап кетпей, судың құмнан біртіндеп булануын қадағалап отыру керек. Бастапқыда стакан қою тұманға толып кетеді.
Бір минуттан соң стаканның қабырғасы қызып, ондағы ауаны жылытады. Су буы көзге көрінбей, тұман біртіндеп сейіледі. Стаканның үстіңгі жағындағы ауаны қар салқындатады (мұғалім табиғатта да өте биіктегі ауаның салқын күйде болатынын түсіндіреді), сондықтан онда «бұлт» түзіледі. Тәжірибе неғұрлым ұзаққа созылса, «бұлт» та соғұрлым көбейе түседі. Буландыру табақшасының түбінде тамшылар түзіліп, «жаңбыр» жауа
бастайды.
Осы тәжірибе негізінде балалар судың бір күйден екінші күйге ауысуы туралы түсінік алады. Содан кейін мұғалімнің басшылығымен дәптерлеріне «табиғаттағы судың айналымы» схемасын сызады, мұғалім оның сызбасын тақтаға сызады.
Сонымен, оқушылардың ғылыми білімдерді берік игеруі және ұғымдарының қалыптасуы қабылдау, түсініктер қалыптастыру және олардың мәнін ұғу арқылы өтеді.
Дүниетанудан шағын комплектілі мектептегі жұмыс.
Мұғалім бір мезгілде екі немесе үш сыныпта сабақ жүргізетіндіктен шағын комплектілі мектептерде сабақтың құрылымы өзгереді, сондықтан жұмыстың жүйелігін алдын ала ойластырып алу керек.
Мұндай мектептің сабақтарында мұғалімнің жұмысында көптеген өзіндік ерекшеліктер мен қиындықтар бар. Мысалы, шағын комплектілі мектеп сабақтарының ерекшелігі - мұғалім екі-үш сыныппен бір мезгілде сабақ өткізгенде тікелей оқушыларға әдептегі жұмыс істеуге бөлінеді. Осының өзінде шағын комплектілі мектеп сол көлемде білім беруге тиіс. Мұғалім әрбір сабаққа даярлана отырып, материалды жоспарлағанда әрбір сыныптағы жаңа сабақты түсіндіруге үлгеріп, өз бетімен істейтін жұмысқа тапсырма беретіндей, оның орындалуын тексеріп, оқушылардың білімін тексере алатындай етіп жасайды.
Информация о работе Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні