Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 22:38, контрольная работа

Описание

1. Дүниетаным: адам санасының арнайы формасы, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі.

2. Адамдардың өмірлік позициясы, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекеті.

3. Дүниетаным: жеке адамның табиғи және әлеуметтік
құбылыстарын түсіндіру туралы болжауы, ой тұжырымы.

Работа состоит из  1 файл

Оқушылардың ғылыми дүниетанымың қалыптастыру жолдары курстық жұмыс.doc

— 369.50 Кб (Скачать документ)

     Температураға байланысты заттардың бір күйден екінші күйге айналуын: табиғат құбылыстарын: табиғаттағы су мен желдің жұмысы әсершен және адамның әрекетінен, құрлық беті түрлерінің өзгеруін; табиғаттағы судың күйін, оның бір күйден басқа күйге айналуымен байланысты құбылыстарды (шықтың, тұманның, бұлттың жауын-шашының пайда болуын); табиғаттағы су айналымын; ауа райын, адам өмірі, еңбек әрекеті үшін ауа райын болжаудың маңызын; топырақтың құрамы мен қасиеттерін; күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысуы себептерін; табиғи жағдайлардың көкжиекте күннің биіктігіне байланыстылығын; судың, ауаның, тау жыныстарының, күн жарығы мен жылуының жер бетіндегі тіршілік үшін маңызын; бунақденелердің, балықтардың, қосмекенділердің, жорғалаушылардың, құстардың сүтқоректілердің өкілдерін, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасына бейімділіктерін; жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар әлемінің маңызын; адам әрекеті нәтижесінен табиғаттың өзгеру (оң жөне зиянды өзгерістер) себептерін қысқаша сипаттай алуы мүмкін.

     Денелер мен заттарды өзара салыстыруды: денелер мен заттардың қасиеттерін анықтайтын тәжірбиелер жасаудың, сызбаларды, кестелерді қарапайым диаграммаларды пайдалануды; аспаптарды (термометрді, флюгерді, компасты, сызғышты, рулетканы таразыны) пайдалана отырып, қарапайым өлшеу жүргізуді; жоспар бойынша және жоспарсыз өлі табиғат обьектілерін сипаттауды сұлба мен картадағы шартты белгілерді оқуды; масштабты пайдалануды, глобус пен жарты шарлар физикалық картасынан құрлықтарды, Қазақстанды, ондағы ірі өзендерді, көлдерді, тауларды, жазықтарды, пайдалы қазбалар шығатын жерлерді тауып көрсетуді (әрқайсысынан 5-6 обьектіден); жергілікті белгілерге қарап ауа райын болжауды, бақылау нәтижелері бойынша әр түрлі күндердегі, айлардағы, жыл мезгілдеріндегі ауарайын салыстыруды, ауа, су, пайдалы қазбалар сияқ-ты табиғи обьектілердің қасиеттерін тәжірибе арқылы зерделеуді; өсімдіктер мен жануарларға қарапайым бақылау жүргізуді; ағзаларды өзара салыстыруды; тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын, тәуелділігін анықтауды білуі мүмкін.

     Қоғам туралы оқушы:

- Ел, қала, ауыл, астана, дәстүр, заң, заңды бұзушылық ұғымдарын, жазушылардың, суретшілердің, сазгерлердің 3-4 белгілі шығармаларын (үзінділер мен репродукциялары бойынша): сәндік қолданбалы өнер- 
дің 3-4 түрін айыра білуі керек.

- Қазақстанда тұратын халықтар, олардың әдеби өнер шығармалары туралы мысалдар келтіруді білуі мүмкін.

-  Адам шығармашылығының маңызы мен ашқан жаңалықтарының (мысалы, ұшақты, телефонды, паравозды ойлап табу) ұлылығын: өнеркәсіпте, транспортта, ауыл шаруашылығында істейтін адамдардың мамандықтарын: өнер түрлерінің (живопись, мүсін, музыка, сәндік өнер) жекеленген шығармаларын: қазақ халқының ою-өрнек өнерін: ел өміріндегі маңызды оқиғаларды (ұлы адамдардың мерейтойы, бүкілхалықтық мерекелер): этикалық ұғымдарды (әділдік, қайырымдылық, өзара көмек т.б.) қысқаша сипаттай алуы мүмкін.

-    Адам еңбегінің нәтижесіне деген әр түрлі қатынастарды дұрыс бағалауды: өзінің және басқаның тәрбиелілігін дұрыс бағалауды және оның мүмкін болатын салдарын болжауды: өзін тәрбиелік ережелеріне сай ұстауды білуі мүмкін. 

Бастауыш  сыныпты бітіруші оқушыларға дүниетанудан қойылатын талаптар. 

     Адамның жануарлармен салыстырғандағы ерекшеліктерін (тік жүру, сөйлеу, ойлау, еңбек) айыра білуі; ауызша және жазбаша сөйлеуді, диалог пен монологты; мәтін мен сөйлем жиынтықтарын; сыпайы өтінуді, бас тартуды, құттықтауды, шақыруды, кешірім сұрауды, ризалық білдіруді ажырата білуі керек.

-   Адам денесінің мүшелерін, олардың маңызын; гигиеналық ережелерді; денсаулыққа пайдалы және зиянды әдеттерді; адамның өсуі және дамуы жағдайларын (тамақтану, таза ауамен тыныс алу, шынығу, қарым-қатынас), адамдардың бір-бірінен жекелеген айырмашылықтарын, температураны, жарықты, дыбысты, уақытты және кеңістікті түйсінуін («аз», «көп» деген деңгейде) қысқаша сипаттауды білуі керек.

-  Күнделікті өмірде жеке бас гигенасының және денсаулық сақтаудың ережелерін орындауды; өз әрекетінің нәтижелерін эталонмен салыстыруды; өзінің және басқаның жұмысындағы қателіктерді табуды; өз жұмысына бақылау жасап тексеру үшін оқулықпен, кітаппен жұмыс істеуді; басқаны тыңдауды және сұраққа жауап беруді; берілген тақырып туралы жоспар бойынша пікір айтуды; мұқабадағы атына, басқа да элементтеріне қарап белгілі бір тақырыпқа кітап таңдап алуды білуі керек.

-   Тірі және өлі табиғат денелерін, бұйымдар мен заттарды; құрлық бетінің түрлерін (төбе, жазық, тау, жыра); топырақ пен тау жыныстарын; Күн-Жұлдыз, Жер-ғаламшар, глобус - жердің моделі екенін; тау жыныстары мен пайдалы қазбаларды; әр жыл мезгіліне тән белгілерді, ағаштарды, шөптерді, бұталарды, жапырақты және қылқан жапырақты өсімдіктерді; жорғалаушыларды, құстарды, аңдарды, жабайы және мәдени өсімдіктерді, жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажырата білуі керек.

- Әр түрлі денелер мен заттарға, табиғи құрылыстарға, әр түрлі пайдалы қазбаларға, олардың қаситеттеріне, аспан денелерінің қозғалуына (мысалы, жердің күнді және өз кіндігінен айналып қозғалуы); өсімдіктер мен 
жануарлардың тіршілік ортасына, бейімділіктеріне, табиғатқа деген түрліше қатынастарға мысалдар келтіруді білуі керек.

- Табиғаттағы судың күйі мен қасиеттерін; судың бір күйден екінші күйге айналуын; әр түрлі су қоймаларын; ауаның негізгі құрамы мен қасиеттерін, Күн-жер бетіндегі жарық пен жылудың көзі екенін; өсімдіктер мен жануарлар мүшелерінің қызметін; өсімдіктер мен жануарлар мүшелерінің тіршілік жағдайларын; өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жекелеген өкілдерін; адам өміріндегі табиғаттың маңызын және табиғат қорғау шараларын қысқаша сипаттауды білуі керек.

-       Күнге, компасқа, жергілікті белгілерге қарап бағыттарды бағдарлауды: сұлбадағы, картадағы шартты белгілерді пайдалануды; масштабты қолдануды: физикалық картадан Қазақстанды, құрлық бетінің негізгі түрлерін, су қоймаларын, өз өлкесіндегі пайдалы қазбалар шығатын жерлерді тауып көрсетуді; ауа-райына бақылау жүргізуді, бақылау нәтижелерін жазып отыруды; әр түрлі аспаптардың көмегімен су мен ауаның температурасын, денелердің массасын, қозғалыс жылдамдығын өлшеуді; күнделікті өмірде қозғалып келе жатқан дененің бірден кілт тоқтай алмайтынын ескеруді; тұрмыста электр құралдарын қауіпсіз пайдалануды, өсімдіктер мен жануарларды күтуді; табиғатқа деген әр түрлі қатынасқа дұрыс баға беруді білуі керек.

-   Отанымыздың рәміздерін қала және ауыл тұрғындарының еңбек, және тұрмыс ерекшеліктерін, қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің 1-2 түрін (мысалы ою-өрнек, киіз басу, ши тоқу, ер-тұрман т.б.). Киіз үйдің бөлікте-рін, жабдықтарын, этикалық және оған қарама-қарсы ұғымдарды (еңбекқорлық - жалқаулық, шыншылдың -жалғандық, әділдік - әділетсіздік) айыра білуі керек.

-   Қазақстан Республикасындағы ірі қалалар және олардың көрікті тарихи орындарына; құрылыста, өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында істейтін адамдардың мамандықтарына; жазушылардың; суреткерлердің, сазгерлердің 2-3 белгілі шығармаларына; өз өлкесінде тұратын халықтарға; үлкенге, кішіге қамқорлық пен құрбыларымен жылы қарым-қатынаста болуға мысалдар келтіре білуі керек. Еңбектің қажеттілігі мен маңызын және еңбек нәтижесін құтметтеуді; халықтың сәндік қол-өнерінің жекелеген заттарын, фольклорын жекелеген түрлерін (ертегі, мақал, жұмбақ) қысқаша сипаттай алуы керек.

-   Өзінің тұрақ-мекенін толық жазуды; физикалық жарты шарлар картасынан елімізді тауып көрсетуді; көше, жол ережелерін сақтауды; қоғамдық орындарда транспортта өзінің және басқаның тәрбиелілігін бағалауды; құрбыларымен арасындағы келеңсіздікті өздігінен шешуді; сәлемдесуді, құттықтауды, алғыс айтуды т.б. білуі керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Оқыту әдістері мен тәсілдері. 

     Дүниетануды оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шетел зерттеушілері «Педагогикалық технология» терминін енгізді. Педагогикалық технология - бала мен мүғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым.

     Жеке тұлғаны қалыптастырып, дамытуда жан-жақты терең білім беру технологиялары сараланып ұсынылды:

     Ізгілендіру (тұлғалық - гуманистік) технологиясы негізін салушы Ш.Амонашвили. Мақсаты: баланың танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, бала жанына, жүрегіне жылылық ұялату. 

                                                  Ізгілендіру

Саралап,даралап                                                                       Ақпаратты

       оқыту                                                                                      оқыту 
 

                                           Жаңа педагогикалық 

                                                технологиялар 
 

Тірек белгілері                                                                        Мәселелік

арқылы  оқыту                                                                            оқыту

                                                  Дамыта оқыту

     Мәселелік технология

     Мақсаты: баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық, шығармашылық икемділіктерін дамыту. Мұнда оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу. Балаға білімге деген қажеттілікті ұғына отырып мақсатты білім беру.

     Тірек белгілері технологиясы. Негізін салушы В.Шаталов. Мақсаты: барлық баланы қамту, оқытуды жеңілдету.

     Саралап оқыту технологиясы білімнің базалық деңгейінің барлық оқушыға міндеттілігі, тапсырманың саралануы, тапсырманың оқушы күшіне ыңғайлануы. Оқыту деңгейлерінің түрі:

  • Оқушылық деңгей. Бұл міндетті деңгей болғандықтан барлық оқушы тапсырманы толық орындауы тиіс.
  • Алгоритімдік деңгей. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды оқушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.
  • Эвристикалық деңгей. Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Тағы жаңа білімдерін меңгеріп өзі үшін жаңа-лық ашады. Эврика! Анализ бен синтез, салыстыру арқылы анықтау, қорытындылау. Бұл деңгейде сөзжұмбақ, ребус құрастыру, зертханалық жұмыс жүргізу, эвристикалық сұрақтар болуы қажет.
  • Шығармашылық деңгей. Бұл деңгейде берілген тақырыпқа өз бетімен баяндама, өлең, жұмбақ жергілікті жердің сұлбасын құрастыра білуі қажет.

     Ақпараттық технологияның анықтамаларын Л.В.Луцевич, Ш.Х.Құрманалина, Ж.А.Қараев, Н.Ф.Талызина т.б. көрсетті. Ол мазмұндық талдау 2 тәсілмен анықталады. Бірініші - оқытудың ақпараттық технологиясы -оқыту әдісі, ал екінші - ақпараттық жабдықтарды оқыту процесінде пайдалану. Оқушының ақпараттық салауаттылығы компьютердің қолданылу сферасын білуден басталады. Ақпаратты білім берудің дәстүрлі тәсілдері -ауызша және жазбаша сөйлеу, комьютерлік құралмен байытылады.

     Дамыта оқыту технологиясы (Д.Б.Элконин, В.В.Давыдов)

     Мақсаты: балаларды дамыту (жан - жақты) өз бетімен ойлауға, әрекет ете алуға үйретуді балалармен ынтымақтастыққа іске асыру.

     Білім дайын күйінде берілмейді, балалар шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында жетеді, өз бетімен ойлауына күш салынады. Балаларға үйретуде әр түрлі ойындар (дидактикалық, логикалық,) пікір таластар, ойлау, сөйлеу, қиял, есте сақтауларын дамытуға арналған әдіс - тәсілдер кеңінен қолданылады.

     Оқыту әдістері оқытудың мазмұнымен тығыз байланысты. Мұғалім мазмұны бойынша қажетті оқу материалын іріктеп отырып, одан сабақ берудің белгілі бір формасын анықтайды. Оқушылардың міндеті, мұғалімнің берген білімін меңгеріп, оны оқу және машықтық іс-әрекетке қолдана білу болып саналады.

  1. Әдістердің қай-қайсысы болса да оқушыларға мұғалім баяндап берген даяр білімді игеруге, мұғалімнің басшылығымен өздігімен жұмыс істеуге, ешкімнің жәрдемінсіз өздігінен жұмыс істеуге көмектеседі.
  2. Әдіс білім игеру барысындағы мұғалімнің жетекшілігіне және мектеп оқушыларының танымдық қабілетінің дамуына бағытталған іс-әрекеттерін де қамтып

керсетеді. Осы жұмыстың барысында балалар оқуға үйренеді, яғни білім игеру әдістерін меңгереді.

     Материал оқып үйренген кезде мұғалім оқушыларда көбірек өздігінен жұмыс істеуге және алған білімді іс жүзінде қолдануға біртіндеп баули отырып, қолданатын әдістерді түрлендіруге ұмтылыс жасауға міндетті. Бас-тауыш сыныптарда бір әдіс екінші әдісінен үйлестіріп отырады. Әрбір әдісті тақырыптың мазмұнына, оқушылардың жалпы дамуына және мұғалімнің шеберлігіне сәйкестендіре отырып, пайдалана білу қажет.

     Оқыту әдісіне мұғалім жұмысының әр алуан тәсілдері енеді, олар әдістердің бөлігі болуы мүмкін. Мысалы, мұғалім дүниетану сабақтарында әңгіме, машықтың жұмыс және бақылаулар кезінде салыстыру тәсілдерін пайдаланады. Қолданатын тәсілдің әрқайсысы оқушылардың білімді тиімді игеруіне жәрдемдесе алатын болуы қажет. 

Информация о работе Дүниетаным мен ғылыми дүниетанымының мәні