Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теоретикалық негіз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 18:45, курсовая работа

Описание

Бұл курстық жұмыста әлеуметтік-психологиялық тренингтің жалпы түсінігі, қолдану аясы, яғни персоналды басқарудағы тренингті қолдану туралы теоретикалық мәлімет беріледі. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімге бөлінген. Курстық жұмыста қамтылатын мәселе - өндірістегі персоналдың психологиялық қырларын зерттеу. Ал оны зерттеу тренинг жүзінде де қамтылады екен. Персонал – бұл ең бастысы жұмысшылар. Кәсіби және жеке тұлғалық сапа жиынтығы бар адамдар.

Содержание

КІРІСПЕ;
НЕГІЗГІ БӨЛІМІ:
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теоретикалық негізі;
Тренинг термині және тарихы;
Тренинг арқылы персоналды оқыту, дамыту, мотивациялау, біліктілігін жоғарылату;
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің тарихы, және ұйымдастыру, диагностикалық, өзін-өзі тану, бағалау, реттеу, жетілдіру, топтық рефлексия сатылары;
Персоналды дамыту кезінде қолданылатын әлеуметтік-психологиялық тренинг.


ҚОРЫТЫНДЫ;
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.doc

— 255.50 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ  АТЫНДАҒЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯ  КАФЕДРАСЫ 
 
 
 
 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 
 
 
 

ТАҚЫРЫБЫ: «ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ПЕРСОНАЛДЫ ДАМЫТУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ОРЫНДАҒАН: ПСИХОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫНЫҢ

3-КУРС  СТУДЕНТІ САБИОЛДИН ЖАНДОС 

ТЕКСЕРГЕН: ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ

ОҚЫТУШЫСЫ АҚАНОВА ЖАНЕЛЬ МАРАТБЕКҚЫЗЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 

ӨСКЕМЕН, 2011 ЖЫЛ 

ЖОСПАР:  

  1. КІРІСПЕ;
  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМІ:
        1. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теоретикалық негізі;
        2. Тренинг термині және тарихы;
        3. Тренинг арқылы персоналды оқыту, дамыту, мотивациялау, біліктілігін жоғарылату;
        4. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің тарихы, және ұйымдастыру, диагностикалық, өзін-өзі тану, бағалау, реттеу, жетілдіру, топтық рефлексия сатылары;
        5. Персоналды дамыту кезінде қолданылатын әлеуметтік-психологиялық тренинг.
 
 
  1. ҚОРЫТЫНДЫ;
  2. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

    Бұл курстық жұмыста  әлеуметтік-психологиялық  тренингтің жалпы  түсінігі, қолдану аясы, яғни персоналды басқарудағы тренингті қолдану туралы теоретикалық мәлімет беріледі. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімге бөлінген. Курстық жұмыста қамтылатын мәселе - өндірістегі персоналдың психологиялық қырларын зерттеу. Ал оны зерттеу тренинг жүзінде де қамтылады екен. Персонал – бұл ең бастысы жұмысшылар. Кәсіби және жеке тұлғалық сапа жиынтығы бар адамдар. Олардың арасында адамның әлеуметтік-психологиялық және кәсіби-мамандық сипаттамасы ерекше орын алады. Сондықтан қазіргі кездегі нарық жағдайында өндірістік адам факторы тек басты экономикалық ресурс қана емес,сонымен бірге кәсіпорынның, ұйымның және фирманың тиімділігі болып табылады.

Ұйымдастыру құрылымында маңызды орын алатын психологиялық тренингте өзіндік-сана сезімді дамытуда гештальттерапияның әдістері мен техникаларының негізін салушы Ф.Перлздың мақсаты-адамдардың шынайы болуын, өз позицияларын ұстауға үйрету, өз орталығын дамыту, экзистенциализмнің негізін түсінуде адамға көмек көрсету. Гештальт жұмыстың өнімділігімен топ ішінде сенімділік жағдайын орнату мен топ тұтас болуы. Гештальт терапевтер үшін өзіндік сана сезім-бұл бір уақытта физикалық, эмоцианалдық, саналық түсіну, бұл үш денгейде көрінеді,ағза мен қоршаған орта аймақтарында әртүрлі қысыммен сәйкес келетін: өзіндік Мен саналап түсіну, қоршаған ортаны, әлемді саналап, түсіну, олардың арасындағыны, яғни қиял, фантазия саналап түсіну.

Батыс зеттеушілері өзіндік сана-сезімді  кеңейтуде гештальт әдістердің жоғары эффективтілігін көрсетеді. Гештальтықпалдың атағы батыс елдері мен ресейде тренигтік топтарда қолдану өте жоғары. Тренингте сана-сезімді дамуытуда гешталттерапияның бай теоретикалық және практикалық тәжірибесі қолданылып,қатысушылардың шығармашылық потенциалын көтереді. Өзімен-өзі болу, өз тұлғасын қабыл алу, өзі үшін ғана емес, басқалар үшінде өзіндік менін ашу, бұған гештальтықпал үйретеді, бұл әрбір адамға қажет.

    Бәсекелестік  нарық ортада әр бір кәсіпорын  өзінің өнімін алатын сыртқы сатып  алушылардың қажеттілігін қанағаттандырып  қана қоймай, ішкі өзінің жұмысшыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру керек.

    Өзара қарым-қатынас іс әрекеті мен  стратегиялық корпоративтік мақсаттарды  жүзеге асыру керек және персоналдың  өзіндік қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Сонымен қатар психологиялық  заңдылықтарды және адамның еңбектегі тәртібінің ерекшеліктерін ескеру ескеру қажет.

    Психологтардың  анықтауы бойынша тұлғаның мінезі мен  еңбек қызметі процессіндегі  тәртібі келесідей факторлармен анықталады; адамның табиғи қасиеті, оның жекеше психологиялық ерекшеліктері, сонымен бірге қалыптасқан қажеттіліктер, қызығушылықтар мен мотивтер жүйесі және де кәсіпорындарда қолданылатын персоналды басқару жүйесі мен жұмысшыларға әсер ету әдістері.

    Адамның табиғи қасиеттері, сонымен бірге  белсенділігі, күш-қуаты, көңіл күйі және тағы басқа сапалары туғанынан пайда болады.

    Негізгі психологиялық сипаттама бойынша  кез келген адамды экстроверттерге  немесе интроверттерге жатқызуға болады.

    Экстраверттер- өзінің қызығушылықтарының көбісі сыртқы ортаны қабылдауға бағытталған тәртібінде қарым-қатынасты көрсетеді. Іс қимылыда белсенді, әлеуметтік бейімді, ашық болып келеді.

    Интроверттер- өзінің қызығушылықтарына, ішкі жан  дүниесіне аса көп көңіл бөледі,өзі  жекеше болады, басқалармен қарым-қатынасқа  түсуді ұнатпайды, әлеуметтік белсенді емес, ұайымға батуды және өзін өзі талдауды жақсы көреді.

    Персоналды  басқару жүйесінде персоналдың  әлеуметтік-психологиялық өзара  қарым-қатынас іс әрекетін экономикалық қызметте жетілдіру мақсатында жұмысшылардың  ерекшеліктерімен психологиялық көрсеткіштерін ескеру қажет. Кәсіпорындағы жұмысшылар арасындағы және жұмысберушілермен өзара әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас іс әрекеті өндірісті және персоналды басқарудың барлық жүйесінің тиімді өмір сүруінің тірегі болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ  

Әлеуметтік-психологиялық тренингтің пайда болу тарихы.

Топтық  жұмыстың практикасы мен теориясының  даму кезеңдері. Бірінші кезең – топтық жұмыс формасының практикалық медицинаның негізінде дамуы. Топтық жұмыстың ережесін қабылдау

  • Біз пікірлерімізді білдіруде теңбіз
  • Біз өз көзқарасымызды таңдауда еркінбіз
  • Біз басқалардың пікірін сыйлаймыз,ол өз таңдауын жасауға құқы бар
  • Біз ешқашан өз тобымызда намысына тиетіндей әрекет немесе сөздер қолданбаймыз
  • Біз топ ішінде айтылған сырларды сыртқа шығармаймыз
  • Осы топ ішіндегі ойын жағдайларын өз өмірімізде қолданбаймыз
  • Біз жүргізушіні сыйлаймыз және оны топ мүшесі ретінде қабылдаймыз
  • Және де топ ішінде өз сезімдерімізді еркін көрсетіп, байланыс орнатамыз
  • Топ ішінде «Қазір және осында» деген Гештальттың бірінші принцпін естен шығармауымыз  қажет
 

Тренинг мақсаты:

Қатысушылардың  ойлары мен сезімдерімен бөлісу,пікірлерін  ортаға ашық айтып, топтық тұтастыққа әкелу. Тығыз қарым-қатынас орнату мен өзін-өзі түсінуге,басқа адамдарды түсіне алу қабілетін арттыру. Шын ниетпен адамды тыңдай білу және оны терең түсіну. Басқа адам тарапынан сынға тура қарауға қабілетін арттыру.  Сезімдерін шығарудан қорықпау,өзін-өзі бағалауын көтеру.

1. Антон Месмер (1734-1815) австриялық врач, ең алғаш психикалық және соматикалық бұзылуларға шалдыққан адамдарды топқа біріктіру арқылы емдеуге тырысады. “Жануарлық магнетизм” теориясының негізін салады.

2. Американдық  физиатр Джозеф Пратт – ауруларды  топқа біріктіріп, бұл топ өзі  психотерапевтік әсер көрсетеді  деп сенеді.

3. Зигмунд  Фрейд – ол топтағы адамдардың идентификацияға ұшырауын зерттейді.

4. Альфред  Адлер – топтармен жұмысқа  арналған жеке терапия әдістерін  адаптациялауға тырысады. Балаларға  арналған терапиялық топтарды  ұйымдастырады.

5. Топта  ең алғаш психоанализді қолданған  психотерапевтер – Уэндер және Шильдер.

6. Т.  Барроу 1925 жылы “ тотық анализ”  терминін ұсынады. 

Екінші  кезең - топтық жұмыс формасының әлеуметтік психология негізінде дамуы. 1908 жылы әлеуметтік психология жеке сала ретінде  бөлініп шығады.

Осы кезде  әлеуметтік психология топтардың құрылуын, құрылымын, кіші топтардың функциялдану

   заңдылықтарын, топтағы тұлғаралық  әрекеттесуді зерттейді, яғни  топтық психологиялық жұмыстың  теоретикалық негізі қалыптаса  бастады.

Топтық  формадағы психологиялық жұмыстың үшінші кезеңінің дамуы.

Бұл кезде тренингтік топпен жұмыс істеу дамиды, оның негізін салушы Курт Левин. Ол топтық динамика мен әлеуметтік әрекетті зертейді. Ол топтағы өзараәрекеттің аспектілерін зерттей бастайды. Тренингтік топтың пайда болуына негіз болған ойлар:

  • Адамдардың көбі топ ішінде жұмыс істейді және өмір сүреді.
  • Адам басқа әлеуметтік топ оны қалай қабылдауын байқамайды.
  • Көптеген адамдар басқаға мінез-құлықтарының қалай әсер ететіндігін ұғынбайды.
 

1947 жылы  К.Левин - Бетел қаласы, Мэн штатында  “Тренингтің ұлттық лаборатрориясын” құрады. Кейіннен М. Форверг топтық формадағы психологиялық жұмысты “әлеуметтік-психологиялық тренинг” деп атайды. Ол әлеуметтік-психологиялық тренингтің программасын құрып, мамандарды кооперативті жұмысқа, қарым-қатынасқа үйретуге бағыттайды.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг жайлы анықтамалар.

Ю.Н.Емельянов  бойынша:

Әлеуметтік  –психологиялық тренинг- әр түрлі іс-әрекеттерге  ие болу мен үйренуге бағытталған қабілеттерді дамытатын әдістер  тобы.

Л.В. Петровский бойынша.

 Әлеуметтік –психологиялық тренинг – Топтағы қарқынды оқу процессіндегі, адамдарға психологиялық әсер ету формасы.

Ю.И.Жуков, Л.А.Петровская, П.В.Растянников  бойынша

Әлеуметтік  –психологиялық тренинг – топтағы  қарым-қатынастың компетенттілігін топтық психологиялық жұмыс әдісін белсенді қолдану арқылы жоғарлатуға бағытталған, практикалық психологияның саласы. 
Тренинг формасы жағынан 2-ге бөлінеді. 
1) Әдейі дағдыларды (умений) дамытуға бағытталған

2) Қарым-қатынас  жағдайын анализдей алуды үйренуге  бағытталған.  

Әлеуметтік  –психологиялық тренингтің мақсаттары (Захаров, Хрящева бойынша).

1. Топтық  қарым-қатынас және тұлға психологиясы  саласындағы білімдерге ие болу.

2. Қарым-қатынас  жайлы дағдылар мен білімдерге  ие болу.

3. Табысты  қарым-қатынасқа қажет бағдарларды  қалыптастыру және дамыту коррекциясы.

4. Өзіңді  және басқаны адекватты бағалау  қабілеттілігін дамыту.

5. Адамдар  арасындағы өзараәрекеттерді дұрыс  қабылдау және бағалау қабілеттілігін  дамыту.

6. Тұлғаның  байланыстар системасын дамыту  және коррекциялау. 

Әлеуметтік  –психологиялық тренингтің негізгі мақсаттары:

  1. Қарым-қатынас сферасындағы компетенттілікті жоғарлату (оның когнитивиі, мінез-құлықтық, эмоционалды компоненттерін дамыту).
  2. Психологиялық әсер етуге байланысты тұлғаны және тұлғалық деңгейді дамытуға бағытталу (гуманистік бағыт. К.Роджерс “ модели роста”).
 

Әлеуметтік  –психологиялық тренингтің аспектісі:

1) Қарым-қатынастағы  компетенттілікті дамытуға бағытталу; 

2) Тұлғамен жұмыс істеуге бағытталу. 

Әлеуметтік  –психологиялық тренингтің принциптері:

Информация о работе Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теоретикалық негіз