Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 12:53, курсовая работа
Танымдық белсенділікті психологиялық - педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІНІҢДАМУЫ....................................................................................................................5
2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ТАНЫМ ҮРДІСТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ....................................................................17
2.1. Баланың зейінін тәрбиелеу............................................................................17
2.2. Балада түйсіктердің дамуы мен өзара байланысуы....................................22
2.3. Баланың қабылдауын дамыту.......................................................................24
2.4. Балада естің дамуы және оны тәрбиелеу.....................................................26
2.5. Баланың ойлауын дамыту..............................................................................29
2.6. Баланың қиялын дамыту................................................................................30
3. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3.1. Эксперимент барысы
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................34
ҚОСЫМША 1........................................................................................................35
ҚОСЫМША 2........................................................................................................36
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады.
Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады.
Үйреншікті зейін адамның
әдетіне айналып кеткен зейін. Ол
арнайы күш жұмсауды қажет етпейді.
Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктер
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіннің әртүрлі қасиеттерін
зерттеуге арналған әдістемелер.
Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында көптеген ұқсастықтар бар.
Егер сәбилік шақтың
өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері
ретінде анықтауға болатын
Сәбилік шақта балалар заттарды аудара-төңкере құбылтуда немесе суреттерді қарауда зейінін шоғырландырады, көптеген тәжірибе жинақтайды, шимай-шатпақтарынан машинаны немесе үлкен кісіні көре бастайды. Бірақ осының бәрі заттардың олардың қасиеттері мен қатынастарын практикалық іс-әрекеттері, төңіректі жалпы бағдарлаудың нәтижелері, бірақ жаңа бейнелерді жасау немесе оларды есте сақтау, зейін қою емес. Сондықтан сәбилік шақтағы баланың зейіні, есі, қиялы ырықсыз алдын-ала ойланбаған болып табылады. Яғни, бұл бала мектепке дейінгі шақтан соң да осылай болып қала береді. Мектепке дейінгі ақыл – ой дамуының осы жақтарын зерттей отырып, біз белгілі бір сәтке дейін тек сандық өзгерістерді ғана, зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын, материалды есте сақтаудың ұзақтығының арта түсетінін, қиялының болатынын көрсете аламыз.
Мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың бірнәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және содан кейін оны жақсарту, ойынның, суреттің т.б. ой желісін құру сияқты ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады.
Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қайсыбірін пайдаланады. Міне,сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды, солардың арқасында еркін, алдын-ала ойластырылған сипатқа ие болады.Мектепке дейінгі шақтың басында баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен шоғырланады. Жаңа бір нәрсе пайда болса, баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан баланың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.Мектепке дейінгі шақта балалар іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі балалар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа созылады.
Балалар сурет көргенде әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есеге артады да, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда, 6 жасар бала суретті жақсырақ түсінеді және өзіне қызықты жақтарын егжей-тегжейлерін бөліп көрсетеді.
Бірақ мектепке дейінгі шақта зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде. Оны сапалы түрде белгілі заттарға, құбылыстарға бағыттай білуінде, кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде.
Ықтиярлы зейіннің бастамалары баланың жеке басынан тыс жатыр.Бұл ықтиярсыз зейіннің өздігінен ықтиярлы зейіннің пайда болуына әкеліп соқпайтындығын көрсетеді.
Ықтиярлы зейін үлкендердің баланы іс-әрекеттің жаңа түрлеріне тартуының, белгілі бір құралдарының көмегімен оның зейінін бағыттап, ұйымдастыруының арқасында қалыптасады. Баланың зейініне басшылық жасай отырып, үлкендер кейін солардың көмегімен ол өз зейінін өзі басқара алуға болатынын оған қажетті жолдарын үйретеді.
Зейінді нақтылы дара тапсырмаларға байланысты ұйымдастырудың ахуалдық құралдарынан басқа жан-жақты құралы – сөйлеу.
Үлкендер баланың зейінін сөзбен нұсқау беру арқылы ұйымдастырады. Мысалы, мұнараны тұрғызғанда алдымен дөңгелекшелердің ең үлкенін таңдап ал...Міне дұрыс болды. Ал енді үлкені қайсы?,- іздеп көр т.б.
Кейін балалар қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін зейін салуға тиісті заттар мен құбылыстарды сөз арқылы өзі белгілей бастайды.
Мектепке дейінгі шақта өз зейінін ұйымдастыру үшін сөздер пайдалану күрт өседі, яғни айтқанда мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталай алады. Сонымен баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлы зейін қалыптасады.
Мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту, ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту баланың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
Зейінді дамыту мен тәрбиелеуде мынадай жаттығулар қолдануға болады:
Зейінді аудару қабілетін дамыту жаттығулары:
1.Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: үстел, керует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап,шанышқы т.б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек. Бала мұқият тыңдайды да мысалы, жануарды білдіретін сөздерді естігенде, алақанын соғады. Егер бала шатасып кетсе, тапсырманы қайталаңыз.
2. Келіскендей өсімдіктерді
білдіретін сөздерді есіткенде,
3. Бірінші және екінші
тапсырманы біріктіруге болады,
яғни бала жануарды білдіретін
сөзді естігенде алақанын
Осындай және осыған ұқсас жаттығулар зейінділікті, зейіннің бөлінгіштік және аударылу жылдамдығын дамытады да, ал сонымен бірге баланың ой-өрісін кеңейтіп, танымдылық белсенділігін арттырады. Мұндай ойындарды жарыс түрінде балалар тобымен жүргізуге болады.
Зейінді шоғырландыруды дамыту жаттығулары:
1. Сабақты жүргізу үшін 10-15 айырмашылықтары бар екі жұбын, бірнеше бітпеген суреттер немесе қисынсыз мазмұнды суреттер, бірнеше жартылай боялған суреттер дайындау қажет.
2. Бірінші тапсырмада
балаға берілген жұп
3. Екінші тапсырмада балаға бірінен соң бірін бітпеген суреттерді көрсетеді де, не салынбай қалғанын сұрайды немесе қисынсыз мазмұнды суреттерді таңдап алып, сәйкессіздікті табуды сұрайды.
4. Үшінші тапсырмада
бірінші бөлігінің
Барлық үш тапсырма бойынша нәтижелік бағаланады – дұрыс аталған айырмашылықтар саны, аталған жетімсіз бөлшектер және қисынсыздықтар саны, сонымен бірге дұрыс боялған бөлшектер саны.
2.2. Балада түйсіктердің дамуы мен өзара байланысуы
Балада түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның күлақ түтігі суға толы болады да ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елендемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мундайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дүрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп кеңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарык түсіріп түрған затқа бүра бастайды, қозғалмалы затгарға көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады.
Түйсік– адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары.
Түйсік — материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.
Термин 4 түрлі мағынада қолданылады:
1) берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция;
2) белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады;
3) дамудың белгілі
бір шартында, әуестену күйінде,
стимулды жағдайларда пайда
4) алынбаған, тұқым
қуалау арқылы берілетін
Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жүрт бастауы түйсіктердің да- муына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін туйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т. б.) біршама қалыптасып үлгереді.
Түйсіктердің қайсысын болса да калағанымызша жетілдіруге болады. Егер адам алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса, онда түйсіктері ойдағыдай дами түседі. Түйсіктердің адамның іс-әрекетіые байланысты дамып отыратындығын, көптеген мамандықтардың тәжірибелері айқын сипаттайды.
Түйсікті дамытуға арналған ойын-жаттығулар, тапсырмалар
«Көліктер» Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді дамыту.
Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала «көлік» рөлінде болады- ата-ана «көлікті жуушы». «Жуушының» көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде «көлікті» ретке келтіреді: барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.
Бірлесіп сурет салу. Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауларын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын, түйсіктерін дамыту.
Қатысушыларға жұпта бір қаламмен сурет салу ұсынылады, бірақ өзара сөйлесіп, келісім жүргізуге болмайды.
Аяқтап болғаннан кейін
әр жұп өз шығармасы туралы әңгімелейді:
сурет қалай салынды. Қатысушылар
сурет салудың түрлі
Менің және анамның қолы. Мақсаты: Ең алдымен дене және эмоционалды есте сақтауға сүйене отырып, қатысушылардың дене сызбасы туралы түсініктерін нығайту. Сол жұпта дене деңгейіндегі өзара қарым-қатынасқа әсерлену, қайта жасау; ата-аналардың осы тәжірибені сезіну. Бала-ата-ана жұптарына бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады. Психолог тізбекті түрде келесілерді ұсынады:
1. Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»
2. Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.
3. Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.
4. Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру
5. Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.
Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.
2.3. Баланың қабылдауын дамыту
Балалық шақ - бұл баланың айналадағы қоршаған дүниеден алған есерінің үлкен қорын жинау кезеңі. Балаларға, әсіресе мектепке дейінгі, төменгі класс жасында көптеген нәрселердің бәрі жаңа, сондықтан, бәрі де қызық көрінеді. Балалар көрген заттарын қадағалай қарап, қолына ұстауға құштар болып, үлкендердің әңгімесін ықыласпен тыңдағанына қарамастан, айналадағы заттар мен құбылыстардағы көптеген нәрселерді ескермейді. Мұның себебі — бала қабылдауынын, ерекшелігінде.
Тыңдау мен естуді бір нәрсе деуге болмайды. Тәрбиеші балаларға былай дейді: Менің балаларым бала-бақшаға келе жатқанда, жан-жағына қарайды, ал бірақ олар мақсат қоя білмейді, бұған оларды үйрету керек. Олардың келе жатқан жолын пайдаланып, мен оларды осыған үйретуге тырысамын.
Байқағыштықты дамыту үшін балаларды заттар мен құбылыстарды салыстыра білуге тәрбиелеудің маңызы зор. Қабылдаған нәрсемен танысқан соң, бірте-бірте оны түсіндіруге кірісу қажет. Байқағыштың - табиғатңа сая-хатқа шыңқанда, өндіріс орны мен мұражайға барғанда дами түседі. Осының бәрін көріп, жіті қарап, естіп қана қоймай тереңірек сезіну қабілетін тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық таным үрдістерінің дамуы